Ливия және Каддафи туралы шындық



Мына 7 минуттық видеоны қарап көріңдер. Ливиядағы жағдайды шынайы суреттеген сияқты.
Бөлісу:

18 пікір

Erbol
Видеода айтылған нәрселерге сенем. Егер Каддафи басқа мемлекетке қашып кетсе, сенбеуге болар еді. Ол нағыз полковник екендігін көрсетіп, соңына дейін тұрды. Қолынан қаруы түспей өлді. Өз ұстанымына беріктігін танытты. Иманды болсын үлкен саясаттың құрбаны.
Qojeke
Қой на, сену қиын. Жағдайы жақсы болса, халықтың көбі адаса қояр ма екен?

P.S. Лібәә, мен Хабар каналына сеніп, жер жаннаты Қазақстан деп жүр едім. Мынадай соң сенбей қалдым. Ренжіме, Хабар.
Qojeke
Біздің де атамыз өлгенде осылай көсетеді. Тірі кезінде пайғамбарға теңегендер бар. Ал адам өлгенде оны құрметтеу арта түсетінін ескерсек, ойлай беріңдер не боларын.
VKM
Мен сенемін.Егер оның қарсыластары болса, мына құсап ашықтан-ашық жүрмес еді ғой.Сосын Америкаға мұнай керек болса, неше түрлі нәрсені, жоқ нәрсені бар қылып қояды
a63a1
Мосондықтардың құйтырқы қадамдырының бірі.
sakenspb
типичный социалист және комунист. социалистік мемлекет құрған. тегін электроэнергия; тегін пәтер; ондайдың шет жағасын көргенбіз. каддафидің де соңы сол кездегі бірінші секретарьлардікіндей болып бітті. роликті де жасаған комунисттер. солардың лозунгтары кілең
Janasil
Жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің көлемі – 14 192$;
Отбасының әрбір мүшесіне мемлекет дотация ретінде жылына 1000$ төлейді;

Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы — 730$;
Медбикенің жалақасы — 1000 $;

Әр жаңа туылған сәбидің шотына 7000$ аударылады;
Жаңадан тұрмыс тұрған отбасыларға пәтер алу үшін 64 000$ сыйға беріледі;

Бизнес ашуға бірреттік көмек ретінде 20 000$ беріледі;
Үлкен көлемдегі салықтар мен алымдарға тыйым салынған;

Білім алу мен медициналық көмек тегін;
Шетелде білім алу мен іс-тәжірибеден өту мемлекет есебінен жүзеге асырылады;

Көпбалалы отбасыларға арналған негізгі азық-түлікті арзан бағамен сататын дүкендер желісі бар;
Мерзімі өтіп кеткен тауар сатқандарға үлкен айыппұл салынады және оны арнайы полиция жасақтары ұстайды;

Дәріханалардың жартысы дәрілерді тегін таратады;
Дәрілерді қолдан жасаушыларға (подделка) — өлім жазасы;

Пәтерақы (квартплата) – жоқ;
Халықтан электр энергиясына деген төлем мүлдем алынбайды;

Ішімдікті сату мен қолдануға тыйым салынған;
Автокөлік пен пәтер алуға несиелер — пайызсыз;

Риэлторлық қызметке тыйым салынған;

Автокөлік алсаңыз, 50%-ын мемлекет төлейді, ал әскери тұлғаларға 65%-ын төлейді;
Бензин судан да арзан, бар болғаны 0,14 $;

Сонда Қаддафи билігіне халық не үшін қарсы шықты? Демократия мен сөз бостандығы үшін бе?

деп жақсылықтар жазып үлгеріпті.
bazuka
олардың ақша құндылығы қандай? әлде ақпарат ақш долларымен алынды ма?
Gastarbaiter
АҚШ-тың ми айналдыру саясаты өте мықты.
Қазіргі Ресейдің түрін қараңдар сенбесеңдер. Саясаткерлері «Славься Русь»-деп жүр, ал халқы Америкаға тайып тұруды алғашқы мақсаты санайды. Бүкіл телевидение, МТВ, Дискавери кішкентай орыстардың, (тек ғана орыс емес, бүкіл әлемнің) миына кімнің қожайын екенін ерекше мейірімділікпен құйып отыр.
АҚШ- кез-келген мемлекетті төбесінен бастап емес, тамырынан бастап, яғни қара халық санасынан бастап жұтады.
Солай тиімді де.
KILYZAMAN
АҚШ- кез-келген мемлекетті төбесінен бастап емес, тамырынан бастап, яғни қара халық санасынан бастап жұтады.
Солай тиімді де.
Басы онсыз да шіруге даяр балықты(не миы бар дейсің) құйрығынан бастап игеруді әбден меңгеріп алған пәлелелерің…
qisyq
құйрығынан бастап игеруді
ужс…
KILYZAMAN
Қисеке балықтың қабыршақтарын құйрығынан бастап тазалуда да үлкен пәлсапа бар сияқты… Тазалау-игеру-тамаққа қолдану ;-)
KILYZAMAN
«Тоңып секіргендерден — тойып секіргендер жаман» — дегенді бір жерден естіген сияқты едім!
nurjanbay
кабелный телевиденеде бір канал бар. пастаянны ливидағы соғыс туралы прямой эфирде көрсетіп жатады. сол каналдан оның алдыңғы бір передачаларынан каддафиге қарсы соғысып жатқандарды көрсетіп еді. қолдарында автоматтары бар, ауыздарында темекісі бар, ағылшын тіліндегі рэпті бақыртып тыңдап қолдарын ербеңдетіп, бастарып қисаңдатып билеп машинамен кетіп бара жатқан нақұрыстарды көріп едім.

кеше ағылшынша жазылған «каддафи киллед» деген жазуларды көріп қалып едім.
Altygradus
тіпті жарайт ақысыз медицина мен ақысыз білім алу болды дегенмен де деңгейі керім емес шығар десе де, ішкі бензин бағасы 14 цент деген көрсеткіш меніңше, медбике мың доллар жалақы алып бензин 14 цент болса.
Сосын халықтың 83% оқу мен жазуды біледі деген өте үлкен көрсеткіш. Ана Египет Тунистер ондай көрсеткішпен мақтана алмайтын шығар.
Ал сыртқы қарызы жоқ болғаны мен үшін жаңалық болды. Ол біз ғой, бас басымызға 6мың$ дан сыртқы қарыз бар еді осыдан екі жыл бұрын, қазір ол көрсеткіш екі есе өскен шығар.
yerbol89
Мына видеода таза неге? қалай? екендігі көрсетілген!
Nurgisa
АПнің өзі дайындаған сияқты. Дегенмен, гипотезаларының басым көбімен келісуге болады. Және бұл басым көбіне мәлім шындық. Кухняда пыш-пыш айтылғанымен, ресми мінберде айтыла бермейтін тезистер. Доктрина мен стратегияң мықты болса, жалтақтап не керек. Таларсың да жерсің.