Абайдың қара сөздері - I сөз

I сөз

Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық — әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!
Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.
Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі — бір тез қартайтатұғын күйік.
Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?
Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен керерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым.
Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.
Әрі қарай

Джек Лондон мен Санжар Сұлтанов



«Burning Daylight» (Күн жарығын өртеу) — Санжар Сұлтановтың алғашқы кинотуындысы. Картинасына Джек Лондонның үш шығармасын негізге алыпты: «Just Meat» (Тек қана ет), «To Kill a Man» (Кісі өлтіру) және «Burning Daylight» (Күн жарығын өртеу).
Әрі қарай

Әлем аруы байқауы

Биылғы әлем аруы байқауына барған Оралдық Жанна Жұмалиева іріктеу сындарынан өтіп, алғашқы ондықтың арасынан орын алыпты.Байқау қорытындысы 6 қараша күні аян болады. Оның финалда киетін койлегі Құралай Нұрқаділованың Жаннаға арнап тіккен құны шамамен 500 000 тенгеге шақ көйлек екен. Жаннаға жеңіс тілейік!
Әрі қарай

Википедиядағы қазақша мақала саны 100 000-нан асты

Алақай!

Әрине, бөрікті аспанға атуға әлі ертерек. Дегенмен, алар асуларды бажайлай отырып, қазіргі жетіп үлгерген жетістігіміз туралы да бөлісуді жөн санадық.
қазақша википедия
2011 жылдың 2-қарашасы, сағат 10.30-да Алматы қаласындағы Қазақстандық Баспасөз Клубында (Самал-2 ықшамауданы, 58 үй, «СӘТТI» бизнесорталағы, 7-қабат) "Қазақша Википедия” жобасына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
Әрі қарай

Ажырасу статистикасы

Статистика агенттігінің мәліметі бойынша 2010 жылы Қазақстанда 144 357 отбасы заңды некеге тұрып, олардың 40 982-сі ажырасқан. Аталмыш мәлімет бойынша Алматы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір жылда некеге тұрған әрбір үшінші ерлі-зайыпты ажырасатын болса, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында бұл көрсеткіш екі есе төмен, онда әрбір алтыншы неке ажырасып жатады екен.
Әрі қарай

«Үйлену оңай, үй болу қиын»

Мені қызықтыратыны өңтүстік өңірінде әйел алу дәстүрі. Дәстүр деуім тым артық болар, бірақ сонда да басқа сөз таппадым.
Негізі, отбасында ұлын үйлендіру жоспары жасалған бастап, сол жоспарды жүзеге асыру мақсатында нақты іс-шаралар жүзеге асырылады:
1. Қыз табу:
а) әрине, жігіттің жүріп жүрген қызы болса жаман емес, олардың жүрулеріне ешкім қарсылық білдірмейді, бірақ үйленуге келгенде, ол қыз жан-жақты талқыға салынады. Біріншіден, шыққан тегі, ата-анасы қандай кісілер, отбасының әлеуметтік жағдайы қалай, қыздың өзінің мінез-құлқы жүріс-тұрысы қалай, қолынан не келеді, келіндікке жарай ма…
Әрі қарай

Азаматымызға араша сұраймыз! (Информбюродан)

Бүгін туыстары тергеу абақтысында жатқан бір топ азамат, осындай өтініштерін айтып, Алматыдағы тергеу изоляторының алдына жиналды. Наразы топ, жақындары жаламен жазықты болды деген пікірде. Тағдырлары түрмеде тоғысқан топтың туыстарында жалғыз талап — тергеу қайтадан әділ жүргізіліп, жазықтылар жазасын алсын деген! Жақындарына жәрдем сұрап келгендердің ішінде — қырғыз журналисі Геннадий Павлюктің өліміне қатысты қамауға алынған азаматтың әйелі де бар. Айтуынша, сот орындарынан араша сұраған азамат, бейсенбіден бері аштық жариялап, аузын жіппен тігіп тастапты…
Әрі қарай