Азаматымызға араша сұраймыз! (Информбюродан)
Бүгін туыстары тергеу абақтысында жатқан бір топ азамат, осындай өтініштерін айтып, Алматыдағы тергеу изоляторының алдына жиналды. Наразы топ, жақындары жаламен жазықты болды деген пікірде. Тағдырлары түрмеде тоғысқан топтың туыстарында жалғыз талап — тергеу қайтадан әділ жүргізіліп, жазықтылар жазасын алсын деген! Жақындарына жәрдем сұрап келгендердің ішінде — қырғыз журналисі Геннадий Павлюктің өліміне қатысты қамауға алынған азаматтың әйелі де бар. Айтуынша, сот орындарынан араша сұраған азамат, бейсенбіден бері аштық жариялап, аузын жіппен тігіп тастапты…
— Олар заңсыз отыр, еш айыбы болмаса да, әділдік қайда?
«Әділетсіз сот үкімі күшін жойсын!» Алматыдағы Сейфуллин көшесінің бойында орналасқан тергеу абақтысының алдына таң азанмен жиналған топтың талабы осы. Бірінің ұлы, енді бірінің жары, екіншісінің бауыры қамауда жатқан жұрттың жыры да ортақ — жақынымыз жазықсыз жүгенделді, жаланың құрбаны болды дейді.
ВИКТОРИЯ ВЛАСОВА, АЙЫПТАЛУШЫ АЛЕКСЕЙДІҢ ӘЙЕЛІ:
— Бір жыл жеті ай қамауда отыр күйеуім. Бірақ оны қамауға алатындай бірде-бір дәлелді дәйек жоқ. Қаржы полициясының қызметкерлері, егер біз оны бостандыққа шығарсақ, ертең біздің үстімізден шағымданады, сонша уақыт отырғаннан кейін, міндетті түрде ол бостандықтан айырылуы керек дейді. Бұл не деген масқара?!
ЛЮДМИЛА ВИХЧАРЕВА:
-Менің ұлымды қамауға алғанда, тіпті қылмыстық іс те қозғалмаған. Біздің шағымданбаған жеріміз жоқ, әділдікті енді кімнен күтерімізді білмейміз?!
АЙГҮЛ ӘУБӘКІРОВА, АЙЫПТАЛУШЫ РУСЛАН СЫДЫҚОВТЫҢ АНАСЫ:
-Сіздің балаңыз мынадай кінәлі деген адам жоқ. Денсаулығы ол жоқ. Екі рет санбөлімде жатты.
Бұл баласы — атақты «Харгос ісімен» қамауға алынғандардың бірі. Алайда, небәрі үш ай жұмыс істеп, жеті айға абақтыға айдалатындай, жалғызымның жазығы жоқ, — дейді ашынған анасы.
— Еш айыбы болмаса да, апталар бойы ұстау, қаржы полициясына түсініктеме беру қиын ба, соншама?
ИРИНА ДРОЗДОВА, АЙЫПТАЛУШЫ КРИСТИНАНЫҢ АНАСЫ:
Ол курьер болып жұмыс істеген, еш жерде қолтаңбасы жоқ.
ТАТЬЯНА ГОРДЕЙЩУК:
— Ал, менің бауырымды жоғалып кеткен адамды өлтірген деп айыптап отыр. Тіпті, марқұм болған адамның туыстарымен табылған мәйіттің ДНК, суреті де сәйкес келмейді. Отырғызу керек болды, отырғызды.
Ал, бұл кісі Гунай Оразалина. Қырғыз журналисі Геннадий Павлюктің өліміне қатысты қамауға алынған азаматтың жары.
ГУНАЙ ОРАЗАЛИНА, ШАЛҚАР ОРАЗАЛИННІҢ ӘЙЕЛІ:
— Алдымен күйеуімді адам өлтірді деді, дәлелденбеді, бұл бап алынды. Артынан бопсалады деп айыптады, дәйекті далелдің жоқтығынан ол бап та алынды. Бірақ, адам ұрлауға қатысқаны үшін деп айыптап, 11 жылға бас бостандығынан айыру туралы сот шешім шығарды. Біз келіспейміз! Шалқар әділетсіз сот үкіміне наразылығын бейсенбі күні аштық жариялап, бастап кетті.
ШАЛҚАР ОРАЗАЛИН, СОТТАЛУШЫ:
— Өзімнің кінәсіз екенімді қалай дәлелдеймін? Өзімді кәрі шешемнің, балаларымның алдында қалай ақтап аламын!!! Менің басқа амалым жоқ, сондықтан аштық жариялаймын, тіпті өлуге де дайынмын…
Аштық жарияламас бұрын, мәлімдеме жасап алған азамат, артынша, өз аузын өзі жіппен тігіп тастады. Ол наразылық акциясына алаңдар жан табылмаса, әрі өзін журналистермен кездестірмесе, өз-өзіне қол жұмсайтынын жеткізді.
-Камераны тарт, мен жұмыс істеп тұрмын.
Азаматтарына араша сұрап, абақтының алдына жиналған жұрттың мұңын бізден өзге осы жігіт қана тыңдады. Өзін, абақтының алды түгілі, тұтастай Сейфуллин даңғылын қадағалайтынын айтып, қаһарына мінген жігіттің мазасын, әсіресе біздін камерамыз алған сияқты…
— Ей, тарт дедім ғой.
Дегенмен, сот пен түрме табалдырығын қатар тоздырып жүрген жұрттың соңғы үміті әлі сөнген жоқ. Олар азаматтарына араша сұрап, елбасына хат жазыпты. Жағымды жауап күтіп жүр.

1 пікір