Өкініш (Кеш оянған махаббат)

Әр кеште терезенің алдына тұрып табиғаттың күнді ұясына қалай батырарын тамашалап, қызара батқан әр кешті әлдене керметке теңеп, Жаратушының құдіретіне тамсанып тұрамын. Каланың түні қоюлана түсіп, бірте-бірте жарықсыз қалған бұрыштар қойынындағының барлығын өзгелерден жасырғандай қараңғылана түседі. Көшелер көркем жарықтармен көмкеріліп әдемілікке бет ала бастайды. Жанып-өшкен жарықтар, ағылған көліктер, асыққан адамдар, осының барлығы әлемдері тіршіліктің тоқтамас тынысы екенін дәлелдеп тұрады.Осы бір көріністер әр кеште қайталанып жатса да, сол әр кеште құдды бір қонағымдай, өз үйімнің босағасынан аттап келе жатқан сияқты қарсы аламын-ау. Осы бір бірер сағатта өткенімды саралап, жауапсыз қалған сұрақтарыма жауап табуға тырысамын. Жауап тапсам да қанағаттана алмаймын. Барлық сұрақтардың жауабын өзіме ұнамды етіп алғым келеді, бірақ айналам да, өмір заңдылығы да, табиғат та менімкен келіспейтін сияқты. Ауыр бір күрсінемен, өкінемін!
Биылғы сабағымды ойдағыдай аяқтап, демалуға, сағынып қалған бауырларымның қасында болып, ата-анама еркелеп жатуға ауылға келдім. Шіркін, ауылымның ауасы-ай! Ерекшесің ғой. Бала күнімде мән бермеуші едім, қазір қомағайлана жұтамын. Алматы әсем қала. Ойын-сауығы, көшелері, жарық шамдары бейне бір адам қолымен жасалған жұмақ дерсің, алайда туған жердің, ауылдың бір қасиесі сол ауыға тартып тұратын бір тылсым күш тағы бар. Тау-тасы, өзені, жасыл желегі… Ештеңеге айырбастай алмайсың. Осы бір кереметтерге тамсанып, құмарым қанбай, сағынышым басылмай жүрген кез. Осы бір керемет кездердің шырқын бұзған оқиға әлі күнге дейін ойымды сан-саққасандалтып жібереді. Өкінішімнің де себебі осы еді.
Қазанға ет салынып, сорпасы қайнап, иісі мұрын жарардай болып жатыр. Кешқұрым қонақтар келеді деп абыр-сабыр болып жатқан едік. Қыз баласы дегенім болмаса, кейбір жұмысқа онша қырым жоқ. Қанша дегеніме жеңгем тындырып жүр барлық жұмысты. Жеңгем пысық жан еді. Қолынан келмейтіні жоқ, анша-мұнша кісіні өзі күтіп шығарып салып жүре беретін еді. Тіл байлығы да аспандағыны арбап, жердегіні жалмауға жететін. Келбеті келіспей қалғаны болмаса… Сондықтан болар үлкендер жағы «пұшық-пысық келін» дейтін. Өзі де намыстанбай, арсыздана бір күліп қойып жүре беретін. Сол «пұшық» жеңгемнің қасында барып кел-шауып келіне жарап жүре бердім. Бір кезде жеңгем – Ботакөз, сен дүкеннен кеспе алып келмесең болмас, қамыр жайып үлгермейтін сияқтымыз – деді. Көздерім «ботаның» көздеріндей мөлдіреп тұратын болған соң жеңгем мені солай атайтын, негізі есімім басқа еді. Жалпы қонақ күтудің байыбына бара бермеген соң айтқанына көне бересің. Сүйретпемді аяққа іле салып көшенің басына беттеп кете бардым. Негізі дүкен біздің үйден едәуір қашықтау еді. Үйден шыға қалта телефонымды алып «сүйіктіме» телефон соқтым. Жалпы тұтқаны алуы қиын еді, бұл жолы да солай бірнеше гуілден соң барып бірақ алды. Айтар сылтауы көп, «қол тимей жатыр еді», «телефоным қуатта тұр еді», «көлігімде қалып кетіпті», «дыбыссыз болып қалыпты» деген сияқты. Сондықтан ол туралы сұрақ қоюды қойғанмын. Бірден хал сұрасып әдемі сөздермен сағынышымызды сипаттауға кірісіп кеттік. Бірде күліп, бірде еркелеп дүкенге де тез жетіп қалдым. Дүкеннен шыққан соң қайта хабарласатынымды айтып тұтқаны қойдым. Дүкен алдындағы қымбат көлік көзіме бірден басылды. Әдетте бұндай қымбат көліктер біздің жатқан сирек көрінетін. Қысқа ойланып аса мән бермедім. Дүкен ішіне кірсем 3-4 жас бала жөн сұрасып тұр екен. Шамасы көлік осылардан болды-ау деп тағы қысқа ойландым. Сатушы әпке мені көре салып, — Нұрсұлу, мына жігіттер сендерді үйлеріңді іздеп жүр екен, жақсы болды ғой келгенің, қалай түсіндірерімді білмей тұр едім – деп күлімдеп қоя салды. Бұндайды күтпеген соң ба таңырқап қалдым, не айтарымды білмей үнсіз келісе салғандай болдым. Ішімде бірақ сұрақ туындап жатыр. «Кім екен бұлар, әлгі қонақ па? Жоқ оларды анамның құрбылары деп еді ғой. Сонда кім?» Ойым кімге теңерін білмей жатқанда, — сіз кімі боласыз Гүлім апайдың – деген сұрағы бөліп жіберді. Есеңгіреп барып – қызымын – дедім. Олар да артық сұрақ қойған жоқ. Іздегенін тапқанда бірінен соң бірі сыртқа шығып кетті. Кеспемді алып мен де арттарынан шықтым. Сыртта көліктің жанында топырлап тұр екен. Мені көріп, — жүріңіз біз сіздің үйді іздеп келіп едік, сіздің үйге баратын едік, бізбен жетіп қалыңыз» — деді бір орта бойлы жігіт. Ойымда ештеңе жоқ көліктің арт жағына отыра кеттім. Ойлаған олжалары оңай түсті білемін, рөлде отырған жігіт ештеңе сұрамастан көлікті орынынан жұлқи қозғалды. Алғашында көшенің басымен шамалы жүрген соң кері бұрылып жалдамдығын арттыра түсті. Бірде ойыма «алып қашу» түсті. Жалтақтап жан-жағыма қарадым. Алдын ала біліп алған жоспар ғой, міз бақпайды ешқайсысы. Тек алдындағы жігіт түрінде өзгеріс бар ма дегендей орынынан теріс айналып маған бажырайа қарады. Қалғандары да маған тесіле түсті. Тілім енді келгендей – Сіздер қайда барасыздар, менің үйім ол жақта емес.-дедім. Сол жағымдағы жігіт мысқылдай, — енді сол жақта болады – деді. Ойым орынды екен. Содан соң ғана оң жағымдағы жігіт, — Нұрсұлу, мен сізді алып-қашып барамын, осылай болғанына айып етпеңіз. Сіз маған ұнайсыз, есімім Сәбит – деді ешқандай сыр білдірмесен. Не айтарымды білмей, есеңгіреп барамын. Айналап тұманданып кеткен сияқты, айтылған сөзге жауап таба алмаймын, қалай айтсам орынды болады деп отырмын. Бір ғұмыр кеткендей, бірақ қас-қағым сәт. Бәлкім ойын шығар дегендей, айналама, Сәбитке бір қарап қоямын. Жоқ олай емес сияқты. Есім енді кіре бастады, мен ол жігітті бұрын соңды көрген емеспін, мені қайдан таниды… Кенет айқайлап жібердім. – Естерің дұрыс па, сендер кімсіңдер? Алып қашқаны несі? Өле алмай жүрсіңдер ме…
Бұл кездер есімде толық қалмапты, тек жылаймын, ышқынамын, жалынамын, айқайлаймын… Бірақ оған кім көнсін, Көрші ауылдың бір үйіне осылай келдік. Келе сала орамал алып жүгіріп жатыр, шашуларын шашым, енді бірі құдды өз аяғыммен келгендей маңдайымнан сүюге тырысып жатыр. Ышқынып, ұрысып, итеріп, жан-жағымды жайпап келемін. Басқалар үшін қуаныш, бәрі келінді көргісі келеп жатыр, ал мен үшін қайғы… Қайда келдім мен, апарып тастаңдар деп зар илеп жатырмын. Естіп жатқан ешкім жоқ. Басу айтып жатыр. Осылай бірнеше уақыт өтті… Жылай-жылай әлсіреп қалыппын. Жаймен ғана ыңылдап жалынып отырмын. –Жіберіңдерші – деп қоямын. Мен шаршасам да басқалар тың секілді. Айналамда әлі басу айтып жыбырлап жүр. Бір кезде әлгі өзін Сәбит деп таныстырған жігіт есіктен кіріп келді. Келді де, ымдап барлығын сырқа шығарып жіберді. Ішінен есікті іліп алып, қасым келіп отырды. Ойым бір жағына қарай қараланып барады. Үстімен тарпа бас салатын секілді, үрке қараймын. Аянышты жанарыма көзін бір қадап, — Нұрсұлу, сенің осылай отырғаныңа бірнеше сағат болды. Үй-ішіңізге хабар бердік, әне-міне келіп қалар қуғыншылар да. Бірақ бір шешімге келмес бұрын айтарым бар – деді жеңіл күрсініп. Сөйлегеннен пайда жоқ, сөйлеуге шамам да жоқ, үнсіз отырмын. Сәл үнсіздіктен соң сөзін жалғастырды. – Нұрсұлу, білемін, күтпедіңіз бұндайды, есеңгіреп отырсыз, бірақ ойланыңыз, бұл түс емес, расында мен сізді алып қаштым. Ия, сіз мен танымайсыз, мен де сізді көрген емеспін, тек суреттен болмаса. Мен сіздің анаңызбен бір жерде жұмыс істеймін, жақында келгенмін. Есімім – Сәбит. Мен сізді танымасам да, анаңызды жақсы танимын, ол кісіні мен әйел адам ретінде қатты бағалаймын, сыйлаймын, мойындаймын. Қазақта «Анасына қарап қызын ал» дейді, сондықтан осы байламға келдім. Анасы сондай, қызы да сондай деп ойлаймын. Мен де жаман адам емес сияқтымын – деді ол сәл жымиып, — әйтеуір ел сыйлап жүр. Анаңыз да білетін шығар, жұмыста да ортама сыйлымын. Тек осылай істемеуім керек еді, бірақ аяқ асты осылай болды. Мен сіздің алдыңызда кінәлімін, осылай істегенім үшін. Бірақ бәрібір соңғы нүктесін қоятын өзіңізсіз. Мен сізді осында зорлап алып қала алмаймын, бірақ қалсаңыз уәде беремін, Аллам аман қылса мен сізді қор қылмаймын, ешқашан өкіндірмеймін. Айтарым осы ғана, қалғанын өзіңіз біліңіз – деді әңгімесін аяқтаған болып. – Менің сүйгенім бар –дедім одан әрі сөйлеуге шамам келмей. Шамалы үнсіз отырып, — Меніңше қыз баласы сүю үшін жаралмаған, сүйікті болу үшін жаралған, білесіз бе...- дей беріп еді, ышқынып барып – ол да мені сүйеді — деп сөзін бөліп жібердім. Біз ұзақ үнсіз отырып қалдық. Сол үнсіз кезде ол маған аса жаман жігіт емес сияқты көрінді. Сыпайы, зілі жоқ, салмақты, сабырлы, ойындағысын айтады, ойланып айтады. Шамасы жұмысында оны сол үшін де сыйлайтын шығар… Осылай ол туралы жақсы ойланып келе жатып, кенеттен, – егер анамды сыйласаныз маған неге бұлай еттіңіз, мен сол сен сыйлағын әйелдің әлпештеген қызымын ғой – деп ойсыз сұрақ қойдым. Осыны күткендей ол да бірден, — сіз де анаңызға ұқсайды екенсіз – деді. Ол тағы да сөйлеуге тырысып еді, мен тағы да, — жоқ, мен анама ұқсамағанмын – дедім сөзін бөліп. Шамалы үнсіздіктен соң ол орынынан тұрып, — Өкінішті – деді да есікті сыртынан жауып шығып кетті. Одан кейін бөлмеген ешкім кірген жоқ. Шамалы уақыттан соң ағам мен жеңгем қуып келді. Сәбиттің сөзінен соң ба, арада онша дау болған жоқ. Жеңгем өз қалауымды сұрап, келіспеген соң мені үйге алып кетті. Әлі есімде кетіп бара жатқанда барлығына бір қарап шықтым. Бағанағы ойын-сауық пен көңіл-күй жоқ ешкімде Сәбит те терезеден сыртқа қарап ой үстінде тұр. Анасы мен әкесі анадай жерде үнсіз жерге қарап отыр. Мен үшін қуаныш, өзгелер үшін қайғы…
Болған оқиғаны көп ұзамай ұмытып кеттім. Сауықты күндеріме қайта оралып ештеңе болмағандай өмір сүре бердім. Анам кейін Сәбит турады бәрін айтып берді. Расында жаман бала емес екен, шынында жұмысындағыларға сыйлы екен. Кішіпейіл, мәдениетті, жұмысына ықтияты, керек десеңіз жұмысындағы біраз қыздың арманы да болып үлгеріпті. Жеңгеммен жасты екен. Бақуатты да тұрады екен, әлгі қымбат көлік өзінікі екен, таза еңбегімен алған. Жалпы анам ол жігітке қарсы болмапты, жеңгеме «келісіп отырсы қалсын» деп айтып жіберген екен. Кейінірек ол турады да анам айтып жүрді. Мен отырмаған соң басқы өзімен қатар қызды алыпты. Келіншегі жеңгеммен қатар оқыған қыз екен. Сосын жұмыстан шығып кәсіпкерлікпен айналысып кетіпті. Анамның сол жігіт туралы айқанынан аздаған өкініш байқайтынмын. Бірақ анамның осы айтқандары мені еш қызықтармайтын. Не үшін қызықтыруы керек бірақ?
Уақыты келіп қалаға оқуыма қайттым. Бірақ болған оқиғаны сүйіктіме айтпаған едім. Алдында айтып жеткізе алмайтын сағынышы сол екен, тіпті қалаға келген соң бір апта бойы тұтқасын көтермей қойды. Бір аптадан соң бірақ кездестік. Сол кезде барып мен оған басымнан өткенді түгел айтып бердім. Алғашында үндемеген еді. Кейінірек осы туралы айтып қоймай қойды. Сылтауы болды сол оқиға, қит етсе сол оқиғаны алға тартатын болды. Біртүрлі күмәнді сұрақтар қояды. Менімен айырылысып кету үшін істейтін сияқты. Расында ұзаққа бармадық, ақыры жөнімізбен кеттік. Кейінірек бір құрбымнан естідім, мен жазғы демалыста жүргенде «сүйіктім» деп жүрген азаматым бір қызды «бүлдіріп (жүкті етіп)» қойыпты. Сол қызға үйленуге тура келген соң менімен айырылысудың осындай қырын ойлап тауыпты. Әрине, «ұшайын деп тұрған бүркітті, артынан түртіп үркітті» болған екен.
Осы өмірімдегі шым-шытырақтан соң оқудан басқа ештеңеге алаңдамай кеттім. Оқуымды аман-есен бітіріп, қаланда жұмыс табылмаған соң ауылға келдім. Анамның қасына жұмысқа орналасып сол жерде тәжірбие жинақтадым. Кейде сол жерден Сәбитті көріп қалатында болып жүруші едім. Шынымды айтсам көріп қалғым келетін. Оның қазір қандай болғанын көргім келетін. Онымен сөйлесіп қалғым келетін. Оның сол кездегі сабырлы жүзі көз алдымнан кетпейтін. Кейде, «мен осы соны сағынып жүрген жоқпын ба?» деген ой келетін. Сосын «қайдағы сағыныш, оны танымайсың да ғой» дейтінмен өімді алдап. Бірақ, шынында сағынатын сияқтымын.
Бір күні жұмыстан кеш шығып қалдық. Анам екеуіміз қолтықтасып үйге асығып келеміз. Жұмыс негізі аудан орталығында еді. Шамамен екі сағаттық жер, сондықтан жол-жөнекей көлік ұстап қайтатынбыз. Артымызға жалтақтап қоямыз, көліктің де ыңғайы білінбейтін сияқты. Дала қараңғылынып барады. Анам екеуіміз бір-бірімізге қарап қоямыз. Біраз жүргеннен соң барып артымыздан жарық түсті, анық көліктің жарығы. Анама, — мына көлікті қалай да тоқтатып алуымыз керек, болмаса бүгін үйге жете алмаймыз» — дедім. Анам да үнсіз келісті. Көлік жақындаған тұста екі қолымды бірдей көтеріп көлбеңдеп алдына жүгіріп шықтам. Жетер-жетпес ол да кілт тоқтады. Қуанып барып есігін ашып жалынышты түрмен, – бізді жеткізіп тастайсыз ба? – дедім ентігімді бас алмай. Өзіме таңырқай қараған жігітті енді таныдым, о Аллам бұл Сәбит қой. Маған солай көрінді ма, әлде расында солай ма, бұл жолы Сәбитті басқаша көрдім. Сұңғақ бойлы, қыр мұрынды, қара торы келген, жүзі сұлуланып кеткен. Баяғыда мен көрген Сәбит емес, басқа. Айтып жеткізу қиын тілмен…
Ол бізді жеткізіп тастады. Үйге жеткенше анам екеуі әңгімелесіп өткенді қозғап келді. Ол мені алып қашқаны үшін анамнан ұялыңқырап келетін сияқты. Үздік-үздік маған қарап қояды арқы айнадан. Ал мен...., мен одан көз алмай келемін. Айтуы бойынша қазір егіз ұлдары бар екен, сол біздің ауылға жұбайын алып кетуге келе жатыр екен. Жұбайы төркіндетіп қыдырып кеткен екен. Бақытты екені байқалды. Отбасын айтқан сайын көздері жанып тұрады. Оны аңғару қиын емес еді. Отбасын айтқан кезде ішімнен бір шамалы қызғаныш сезіп қаламын. Бірақ сыртқа еш білдірмедім…
Сол кездесу маған қатты әсер етті. Ия, мен Сәбитті ұнатып қалған сияқтымын. Сияқты емес, шынымен солай. Бір көрсем деген арманым осыған жетелеген екен ғой деген ой келеді басыма. Кейде, бұл мүмкін емес сияқты көрінеді. Бірақ осылай болып жатыр ғой. Не ойларымды білмеймін, ойым астаң-кестең болып кетті. Ешкімге ашылып айта алмаймын, ішімнен тұншығып барамын. Таң қаламын өз-өзіме. Мүмкін емес, мүмкін емес бұлай болуы…
Кейін тағы көрдім Сәбитті. Біздің жұмысқа бір жұмыстармен келген екен. Екеуіміз бұл жолы көп сөйлесіп қалдық. Өткенді айтып күлісіп алдық. Бетіне қарап сыр бермегенімен ішімнен өкініш өтреп барады. Арамыз алшақ тұрғанымен құшақтап алғым келіп барады. Бірақ кедергі көп, өткеніме орала алмасымды білемін. Ғашықтық деген осы екен ғой деймін ішімнен. Оны кінәлаймын баріне, бәлкім алып қашпай жай танысуға тырысқанда бұлай болмас па еді?! Енді міне осы екінші рет көргеннен соң оны тағы да көре бергім келеді.Қасында тұрып сағынамын Оған барлығын айтып салғым келеді. Бірақ жалған намыс жібермейді. Сағынамын оны, сүйемін оны, ғашықпын оған… Бірақ бұл жолы да өзгеріссіз тарастық.
Көп уақыт өтпей тәжірбиемді шыңдап қалаға қайта оралдым. Алматы мені баяғыдай қарсы алмаған сияқты. Ғашық жан жат секілді оған. Бәлкім ұмытармын, басқаны жолықтырармын деймін, бірақ керісінше ауылға кетіп қалғым келеді, барсам Сәбитпен бақытты болып кететін сияқтымын, сағынамын, көрсем деймін, тым болмаса түсіме енсе деймін. О тоба, бұл не деген сезім еді?! Өкінемін, өкінемін...қатты өкінемін. Оған жар болмағаным үшін емес, оны қайта көргенім үшін өкінемін, ғашық болғаным үшін өкінемін…
Екі көзім жасқа толып тереземның арғы жағындағы Алматыға, табиғатқа, түнгі көшеге сыр айтып тұрмын. Көңілсіз түн гі Алматы менің мұңыма жылап тұрған секілді. Әлем жылап тұрған секілді…
Әрі қарай

Жиһадшы жүз елу қазақ кім екенін білесіздер ме?

Суреттер сөйлейді: Жиһадшы жүз елу қазақ кім екенін білесіздер ме?Қайырлы күн, керекинфолықтар. «Сириядағы жиһадшы 150 қазақ» әлеуметтік желіні тіксінттідеп азаттық сайтына көптен бері шулап жатқан Сириядағы жиһадшы қазақтардың видеосы жайлы материал шыққанын көрген боларсыздар. Және азаттықтағылар енді осы қазақтардың бір дерегін іздеп жатыр. Сондықтан бір білсе сіздер біліп қалар деп көмек сұрап отырмын. Танитынтарыңыз болса айта отырыңыздаршы. Не жекеге хабарлассаңыздар болады. Сөйлеу мәнеріне қарап Ақтөбеліктер ме деп ойлап қоямын.
Әрі қарай

Сірне

7.09.2013 күн — көптен айтылып жүрген сірнеге де шықтық-ау әйтеуір. Күн райы да жақсы болды, аспан бұлттанып, көлеңке болды. Ақшұқыр ауылына, теңіз жағасына барып (барып-келуіміздің өзі де есте қаларлықтай болды), қазан-ошақтарымызды даярлап, сірне жасап, оны жеп болғаннан кейін, бір жеңілдеп қалдым))) Әйтпесе, сол сірне мойныма бір жүк болып еді, кім барады, не апарамыз, қайда барамыз деген сұрақтармен, уайым болып жүр еді… Ақсындарға көп рахмет, Қызаннан қозының етін алдырып, нағыз сірне болды)) Сол сірнеге келген Аяған, Самат, Нұрхат, Айымгүл, Абылай бәріне рахмет, бір күнде ұйымдасып, бәрін реттеп, жайластырғандарына))) Негізінен сірнеге біраз адамдарды шақырып едік, жұмыс бабымен келе алмады бәрі де… Қаланың адамдары қызылсырап, көптен жас ет жемеген шығар, дәмін алсын деген ниет қой біздікі)) Сірне өте дәмді болды… Нұрхат күйші күй тартып, Аяған өлең оқыды, Абылай фотоға түсірді, Ақсындар екеуі… Мына сурет сол қазаннан жаңа түскен сірне)))
Блог - kydyrbai: Сірне

Қазанға қозының құйрық майы салынады. Оның үстіне сол жас қозының еттері ретпен салынады. Қабыртқа сүйектер сындырса да, сындырмаса да өз еркі,өйткені жас малдың сүйегі өзі жұмсақ.Қазанды қызуы күшті шоққа қоямыз, не болмаса жалыны аз отқа қойсақ та болады. Ал көкөністер тек жай ғана сәндәе үшін, дәмдірек болу үшін ғана. Қосқымыз келді,қостық. Ал сендер қоспай-ақ қойың)))


сірнеге шыққандағы тағы суреттер))
құрт, балқаймақ
Блог - kydyrbai: Сірне
күй де тартылды, ән де айтылды))
Блог - kydyrbai: Сірне

басқа да суреттерді жүктей алмадым))
Әрі қарай

Демеушіміз Болашақ!

Ал, бәрімен қырылып болып, жаңа пост жазуға кірістім. Бұл жерде де түтіп жейтіндер табылатынына зрением жетед. Бәлкім олай болмас. Айтайын дегенім бұл емес. Айтайын дегенім — Демеушіміз Болашақ!

Бұларың кім тағы, дейтіндер аяғына дейін оқып шығыңдар. Жазу үшін ғана жазылған пост, құсық — дейтін жандар бірден жаба салыңыздар өтініш (Бастан өткен)

Ал кеттік. «Демеушіміз Болашақ» деген, қазіргі таңда Жайдарманның, (ескі адамдарға түсінікті болсын) КВНның туын желбіретіп жүрген топтың бірі. Көрген болсаңыздар команда құрамында 3 қыз, 1 жігіт ойнайды.
Блог - nurbolkhan_: Демеушіміз Болашақ!
Әрі қарай

Эйнштейннен сұрақ 2 (дурыс жауабы 2 сағаттан кейін)

Жасын нешеде? деген сұраққа бүлдіршін бала: кешенін алды күні (2 кун бұрын) жасым 8-де болды. Ал, келер жылы 11 жасқа толамын депті… Қайткенде де ол бала дұрысын айтып тұр!
Сұрақ: баланын туылған күні қай күн?!..
Әрі қарай

Pinterest - жаңа тренд

Pinterest — жақында ашылған жаңа әлеуметтік желі. Қазір өте тез дамып, қолданушылар саны тез өсіп келе жатыр. Соңғы деректер бойынша қазір әлеуметтік желілер арасында 3-ші орында тұр екен.

Pinterest-тің басты ерекшелігі — суреттер. Яғни, бұл жерде жәй пост емес сурет-пост жариялайсыз. Твиттердің суретті түрі деуге болады.
Әрі қарай

Ғаламтордағы таныстық

Жұмбақ қыз
Махаббат деп түндерде көз ілмеген,
Кейде оған қас болған жан-тәнімен.
Бір жұмбақ қыз желіден пайда болды,
Неге екенін Бір Құдайым өзі білген?..

Жүйрік екен өлеңге де, сөзге де,
Сұхбаттастық сауал тастап әр неге.
Жазады екен ойын да өте жылдам,
Пулеметтен оқ жауғандай дәл бейне.

Жаc болса да көрсеткен суретінде,
Махаббаттан дәм татыпты өте ерте.
Өзім емес, мені сүйген жар іздеймін,
Деп қойыпты қарындасым өз сөзінде.

Үлгеріпті ғашық болып талай жанға,
Ұқсамайды мына қызың басқаларға.
Тіптен жап-жас ағайына көзі түсіп,
Жыр жазыпты дес бермес ақындарға.

Ойлап едім сол ғой деп нақ сүйері,
Көрген кезде өлеңдерін тордан желі.
Бірақ кейін қарындас жұмбағы көп,
Басқаны да қимай жүрмін, сүйем деді.

Қарындасым өзі де бір қызық екен,
Өз қатарын менсінбейді құрдас деген.
Жастар емес сүйгендері өңкей егде,
Түсінбедім қарындастың о несі екен?..

Ойлайды екен білмес деп жас қадірін,
Сондықтан да таңдапты ол жасы кәрін.
Бірақ олар ай қарап та, жұлдыз санап,
Жүрмегендер боп шығыпты, айтса бәрін.

Бәрі де оның отбасылы-жанұялы,
Бірінде үш қыз, бірінде оның екі ұлы.
Бар екенін білгенде қарындастың,
Самаурындай қайнапты зығырданы.

Содан мүмкін менімен байланысқан?
Дос болсақ деп жазылды манитордан.
Жарайды деп жауапты басып қалып,
Бастап кеттік сұхбатты отырмастан.

Осылайша бастап алған таныстығым,
Жалғасуда одан сайын таппай тыным.
Әйтеуір ғашық болып сорлап қалмай,
Тұрғанымда қойсам ба бәрін мұның?

Бірақ несін қорқамын қарындастан,
Мұңдас болып жүрейік құдай қосқан.
Арасында хат жазысып, сыр бөліссек,
Еш сөкеттік бола қоймас онда тұраған?
* * *
Қорықпаймын өмірің де,өліміңнен,
Бірақ қорқам, бір азап қой сүю деген.
Сондықтан да шошыма қарындасым,
Жабыспайды тас кенеше біздің Тәкен.

Айта бергін сырыңды бүгіп қалмай,
Менде ағымнан жарылам, көкте Құдай!
Екеумізді сырлассыншы деп Жаратқан,
Таныстырып қойды бәлкім дәл осылай?
28.11.2011ж.
Тақпақтау туралы емес осы ғаламтордағы таныстық туралы ойларыңды ортаға сала жүріңдер.Адам аласы ішінде, небір жезтырнақтар да, басында жылы жылы сөйлейтін алтынсақадағы апамыз сияқтылар да бұл өмірде жеткілікті.
Әрі қарай

Алматылық блогерлерге ХАБАРЛАНДЫРУ!

BlogCamp: Алматылық блогерлерге ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті Алматы қаласынан Блог құрылтайға баратын халайық!

Ертең сағат 19,00-де Алматы-2 вокзалында билет алу үшін жиналамыз.

21-ші наурыз күні: шамамен поездтың жүру уақыты мен билет бағасы төмендегідей:

1) Алматы 2-Астана 9-шы поезд, жүру 21-і сағат 10,41, Астанаға келу 22-сі сағат 07,10. Бағасы 4539 теңге.
2) Алматы2-Астана 15-ші поезд, жүру 21-і сағат 14,30, Астанаға келу 22-сі сағат 11,33. Бағасы 4539 теңге.
3) Алматы2-Астана, 43-ші поезд, жүру 21-і сағат 18,39 ч, Астанаға келу 15,35. Бағасы 4539 теңге.
4) Сонымен қатар «Испанец» бар кешкі, ол 10 000 тг тұрады.

24-ші наурыз күні: Ал Астана қаласынан Алматыға қайтуға арналған билет құны шамамен:

1) Астана-Алматы2 4-ші поезд, Астанадан жүру сағат 13,30, Алматыға келу 25-і сағат 08,35. Бағасы 4964 теңге.
2) Астана-Алматы2 10-шы поезд, Астанадан жүру сағат 21,05, Алматыға келу 25-і сағат 17,04. Бағасы 4539 теңге.

Ертең поездбен барамын деушілердің барлығының толық жиналуын сұраймыз. Билетті ерте алмасақ уақыт жақындағанда қалмай қалуы мүмкін екендігін ескеріңіздер!

Пы.Сы.: Өздеріңізбен жеке куәлігіңізді алуды ұмытпаңыз.
Әрі қарай

Астанадағылар, жұма күні коньки тебуге барамыз!

Жаңартылған
«Бүркіттің ұсынысымен осы жұма күні коньки тебуге баратын болдық...»
Көпшіліктің шешімімен Ice-club`қа барамыз.

Орналасқан жері: «Еуразия-2» СО.
Қашан барамыз?
Күні: 20 қаңтар 2012
Уақыт: 18.30
Бағасы: Кіру: 1000 тг
Шығу: тегін
Коньки: 500тг./1сағ.
Залог: 1000 тг. (шығарда залогыңызды қайтарып береді)
Сосын сол Ice Club`тың өзінде шай ішуге болады.
(Катокқа баруды хоббиге айналдырғыңыз келсе, «Мега Спорттан» 6 490 тг-ге коньки сатып алуыңызға болады.)

Не үшін жиналамыз?
Жай, бір-бірімізді жақынырақ танып, уақытымызды жақсы өткізу үшін. Өткенде келмей/келе алмаған блогшыларды реалда көреміз. Ал БлогҚұрылтайды ұйымдастыру мәселелері жөнінде келесі аптада кездесеміз.
Өткендегі кездесуге келе алмағандарды осы кездесуде күтеміз.
Естігендер, естімегендерге айта жүріңіз!

Сурет мекені
Әрі қарай