«Демалыста Түркияда болдым» атты фотосурет жарысының марапаттау кешінен көріністер

Астана қаласының Юнус Эмре атындағы Түрік мәдениет орталығы тарапынан ұйымдастырылған ТHY және Temtur демеушілігімен жүзеге асырылған «Демалыста Түркияда болдым» атты фотосурет жарысының марапаттау кеші 2012 жылдың 25 қараша күні сағат 14.00-те Қазақстанның ең ірі сауда орталықтарының бірі Хан шатырында бүкіл халыққа есігін ашты.
Қуанышты мерекелік жағдайында жүзеге асырылған марапат кешінде Түркияның табиғи және мәдени байлықтарының және Қазақстан мен Түркия арасындағы туризм саласының жандануына Астана қаласының Юнус Эмре атындағы Түрік мәдениет орталығы тарапынан ұйымдастырылған «Демалыста Түркияда болдым» атты фотосурет жарысының марапатталушы жарыскерлерге әртүрлі сый-марапат берілді.
Астана қаласының Юнус Эмре атындағы Түрік мәдениет орталығының директоры Ибраһим Йылдырым жарысты ұйымдастырудағы мақсаты Түркияда демалыстарын өткізген Қазақстан азаматтарының түсірген фотосуреттерімен Түркияның табиғи және мәдени байлықтарының фотосуреттері арқылы таныту арқылы Қазақстандағы әуесқой фотографшылыққа қолдау көрсету және Қазақстан мен Түркия арасындағы туризм саласының жандануы екенін және осыған ұқсас іс-шаралардың жалғасатынын атап өтті.
Әрі қарай

Қайдан білсін...?

Жылы төсекте ұйықтаған адам,
Жаурағанның мұңын қайдан білсін?
Қарыны тоқ, киімі көк адам,
Аш, жалаңашты мұңын қайдан білсін?

Қолда бар да алтынның,
Жоғалтпай тұрып қайдан білсін?
Жезөкшеге жүгірген жүгермек,
Өз әйелінің қадірін қайдан білсін?

Арғымақтың қадірін,
Лексус мінген қайдан білсін?
Жүз теңгенің қадірін,
Миллиард ұстаған қайдан білсін?

Сайлаушының қадірін,
Сайланып болған қайдан білсін?
Мына халықтың қадірін,
Депутат ағам қайдан білсін?

45 мың теңге айлықтың қадірін,
150 мың айлығы бар бастық қайдан білсін?
Мына өмірдің қадірін,
Өлгендер енді қайдан білсін?

Осылай жазып отырғанымды,
Үйдегі әйелім қайдан білсін?
Интернет жайлаған заманда,
Интернетсіз отырған қайдан білсін?

Не нәрсенің болса да қадірін ұғына білейік. Асып-төкпейік, шашып бітпейік… Былтырғы шашылып жиналмай қалған астықтың қадірін, биылғы қуаңшылықта білетін шығармыз, бұдан былай қамбаға астық симай қалды деп байбалам салуды қойып, астық жинайтын қамымызды жасайық…
Әрі қарай

Өмір..

Менің ойымша адамның өмір сүруінің қай кезеңінде де таңдау тұрады. Мысалы, студенттерге диплом алуды күтіп жүре беру ештеңені ойламай немесе диплом алғанша өз ісін ашуды үйреніп, оқу бітіргенде диплом, счетта миллион, жане шет елге саяхатқа шығуға болады. Жанұялы адамдарға жұмысқа барып-келіп өмірім дұрысталып кетеді ғой деп армандап, балам өскен соң мені асырайды ғой деп үміттеніп жүре беру немесе өміріне өзгеріс енгізіп, баласына да үлкен бағыт беру таңдауы бар. Ал үлкен жастағы адамдарға қарттығының алаңсыз, бақытты қарсы алуына мүмкіндігі мен таңдауы бар. Ал сіз қандай таңдау жасап отырсыз? Адам өмірге бір рет келеді, және әр адам қалағанынша өмір сүру керек деп ойлаймын. Кім қалай ойлайды?
Әрі қарай

Халық айтса...

Салық органының қызметкері алаяқ Әібілазовтан сұрап жатыр:
— Сіз мына вилланы, қымбат көлік пен кемені, ұшақтарды халықтың ақшасына сатып алдыңыз ба?
Әбілазов таңғалып:
— Есің дұрыс па өзіңнің? Халықта қайдан ондай ақша болсын!
Әрі қарай

Үрей мен үміт

Қап-қара жалын тозақтан қорқам тозақтан
Сұп-суық хабар кеп жете ме деп сол жақтан
Шыжылдап майлар, сатырлап сүйек жанғанда
Лағнет айтып айтып бес күндік сынақ жалғанға
Ібілісті қарғап, түзу бір жолдан тайдырған
Азапқа ылайық мазаққа ғана сай қылған
Мың шақты емес миллион жылға айдалып
Қор болар ме екем қып-қызыл шоққа айналып
Адамның ұлы ем дүниеге мынау таралған
Дәрежемді айтсам періштеден артық жаралған
Бүгінде бірақ періште қайда мен қайда
Кім созар қолын мүшкілдеу біздің жағдайға
Бауырларым да, бала-шағам, дос, жекжатым
Шайқаспай беріліп шайтанға әскер боп жатыр
Бәріде дана бәріде көсем шетінен
Дәуірлеп дәурен сүруге мықтап бекінген
Ақырет қамын жасамай жүріп әлекпен
Алланың ұлы мейірімінен дәметкен
Сол оттан қорқам, тозақтан қорқам тозақтан
Көрмейді соны қазақтар біздің көзі аққан
Ағылған солай парақорлардын парады
Маскүнемің әне қолтығына қысқан арағы
Жемқорын анау отырған әрең тыныстап
Зинақорың жүр шоколад, шампан, гүл ұстап
Сопылар кетті Аллаға пірін серік қып
Зіркілдеп зікір салғандарыңнан зеріктік
Дымыңды білмес дүмшелер кетті молда боп
Құдайым оңда, әруағым өзің қолда деп
Сәуегей, балгер, тәуіптер кетті дес бермей
Құранның қатал ескертпелерінен сескенбей
Әр төмпешікті әулие санап асыға
Мәр-мәрдан өріп, кесене салдық басына
Қарасаң қайда ағыл да тегіл ысырап
Ысталды кеуде тәңір кәріне ұшырап
Өнерде жүрген сезімнің сансыз құлдары
Сендерде болдың тақ пенен даңқтың құрбаны
Ақын мен әнші серіліктен ептеп татса дәм
Оралың барда ойна-күл деп қақсаған
Жазушы қайтпек бауыры бүтін басы аман
Кейіпкерлердін тағдырын ойдан жасаған
Сан ғасыр бұрын бақилық болған кісінің
Қиялға еріп саламыз сурет мүсінін
Айтылған ғайбат сөздерге сөзсіз жауап бар
Саулайды тілден тірнектеп жиған сауаптар
Қалады ертен қарқ та қарқ, күлкі қалжының
Тозақта шөлдеп, ішкенді ыстық қанды ірің
Жегенің сонда тікенек тектес ас болса
Ата-анаңмен де алмайсын онда достаса
Шайтанға тозақ, жәннәттән оған үміт жоқ
Солқылдақтарды әкетіп жатыр үгіттеп
Сондықтан түскен төрт кітап, сансыз пайғамбар
Сақтаныңдар деп сайтани сауық сайраннан
Жаратушы өзі жөн сілтеп сені қорғаса
Азғырушыға қашқын келеді алдаса
Ғибадат түгел, құлшылық бүтін болмаса
Ниетім түзу жүрек таза деу далбаса
Раббына құл боп өмір сүргісі келмеген
Түсінбей қойдым тәкәппарсыған елге мен
Көз жұмып барып ел ішкен уды менде ішкем
Әдісі артық нәпсіні сонда жеңбестен
Сәл ерте білсем, сан соғып калмай оңбастан
Сәждеге мандай тигізбеспе едім он жастан
Құрышты судай қайнатқан пештен көп ыстық
Азаптан қорықпай әз-әзілдермен өбістік
Қимастай қызық хараммен жиған мал-мүлік
Сорлатар ма екен төзгісіз отта жандырып
Өртеніп жатып өлейін десем өле алмай
Өкірер ме екем өмірге екі келе алмай
Біз қайбір достар пайғамбар сынды асыл ек
Асығып аққан судаймыз, құмы, тасы көп
Шын мұсылман боп өте алмау сұмдық қасірет
Жәрдем бер Алла, жәнәтті бізге нәсіп ет. Әмин!

авторы СЕРІК ҚАЛИЕВ
Әрі қарай

Сағыныш...

Әке!
Сені бүгін тағы көрдім түсімде
Тұр екенсің қол созымда, қасымда
Қарт емессің, екенсің дәл күшіңде
Әңгіме айтып егістіктің басында

Ал мен болсам масақ ұстап қолыма
Саған қарап отыр екем сүйсініп
Бергеннен соң шал-кемпірдің қолына
Әке болып қарамайсың исініп

Қарғып мініп жетектегі тайыма
Шауып кеттім қырат жақты бетке алып
Жаңағы бір сезім қалып жайына
Кеудемде бір қалғандайын кек қалып
Әрі қарай

Сәттік сыр...

Қазанның күзі, асығам саған,
Жасырам деп сары көрпеңе мұңды.
Қазанның күзі, сағындым сондай,
Ертегі айтатын ерке желіңді.

Өлеңсіз жанған өгей көңілді,
Биыл тағы да басам дегенсің.
Мүсіркемейтін мөлтек мұңымды
Қазанның күзі,
Қашан келесің?

пы.сы: Майлагенттің блогынан алынган оленсымақ
Әрі қарай

Қазақша "Эль-Классико" немесе бұтбол туралы!

Білем, Қазақстан Республикасында футбол бар деп айту қиын, бірақ одан біздің премьер-лигамыз қызық болмай қалған жоқ. Бүкіл қызық енді басталайын деп жатыр, өйткені тізімде көш бастап тұрған командалар өте тығыз орналасқан және одан қалды ФК «Ақтөбе» Еуропа Лигасын соңғы болып аяқтағанына байланысты, өзінің қарсыластарымен салыстырғанда екі кездесуге кем ойнаған екен. Бүгін, яғни 2012-нші жылдың 15-нші қыркүйегінде футболдан Қазақстан премьер-лигасының 22-нші туры өтеді. Жергілікті клубымыз Көкшетаудың «Оқжетпес»-ін қабылдайд. Осы кездесу Астана уақытымен сағат 20:00-де (яғни бізше жетіде) басталады. Енді «Ақтөбе» футбол клубындағы негізгі қақпашыға келсек, өздеріңіз байқап жүрген шығарсыз, Қазақстан құрамасында да Сидельниковтың соңғы уақыттарда жолы болмай жүр. Мүмкін ол Мокинге қарағанда допты өз қақпасына әдемі жіберетін шығар, бірақ қайткенмен де сол баяғы сценарий. Білеміз, Андрей біздің командамызды бұрындары да талай құтқарып келді, мысалға: біздің көршіміз «Тобыл» командасымен болған «Алтын матч»-та пенальти сериясында өзін жақсы жағынан көрсетті. Алайда ол өткен шақ. Бізге қазіргі таңда жақсы қақпашы керек, өйткені "қақпашы — бұл жарты команда" демей ме?! Андрей Сидельниковтың футболдан ел біріншілігі аясында соңғы болған кездесуіндегі, яғни Қазақстан-Ирландия мен Швеция-Қазақстан ойындарына дейінгі қателіктерін мына бейнежазбадан тамашалай аламыз, өйткені осындағы мистейктерді ол Қазақстан құрамасының соңғы екі матчында да қайталад:
(видео «Ақтөбе» футбол клубының fc-aktobe.kz/ ресми сайтынан алынды)
Әрі қарай

Ғалымдардың қызықты зерттеулері

Жаңа инеттен қызық жаңалық тауып алдым. Ғалымдар бәрін қойып, осы шаруаны зерттеуге кірісіпті.

Хакасиде ғалымдар маралдардың жыныстық қатынастары кезіндегі айғайын зерттеуді қолға алды

Ресей мен неміс биоакустика ғалымдары алғаш рет Хакаси тірі табиғатындағы бұғылардың бір «жұмысты» тындыруы уақытындағы айқайын зерттеп, олардың дауысының қаншалықты зор шығатынын жазып алуға көшкен. Осы елдің «Малый Абакан» қорығындағы марал аталықтарының жыныстық қатынастары кезіндегі әрекеттерін бейнекамераға түсіріп, дауыстарын жазып алуға арналған аудиоқабылдағыш орнатпақ. Бұған дейін Хакасиде марал тұрмақ, арыстанның жыныстық қатынасы қаншалықты әсерлі екені тексерілмепті. Енді осы материалдар қорықтың марал туралы мәліметтерін толықтыратын болды деп қуанып жатыр екен сондағы жұмысшылар.


Мұндай зерттеулер, (жаман ойлап қалмаңдар, жыныстық әрекетті зерттеу емес) яғни жануарлардың биоакустикасын тексеру 70-ші жылдары Ресейде жүргізіліпті.
Әрі қарай