Эльвира Ерғалина. Біз қандай телесериал көреміз?

Блог - kaztube: Эльвира Ерғалина. Біз қандай телесериал көреміз?
Блогер Эльвира Ерғалинаның кезекті видеосы шықты.
Бұл жолы Эльвира елімізде көрсетіліп жатқан телесериалдар туралы видео түсірген екен. Бұл видеода отандық сериалдар мен шет елден сатып алынатын сериалдардың айырмашылығы, еліміздің экономикасына тигізер зияны туралы айтады. Шетелдік сериалдардың арқайсысын нешеге сатып алынады, отандық сериалдардың әрбір сериясы нешеге түсіріледі сол туралы айтылады.
Қымбат ақшаға сатып алған шетелдік сериалдардың елімізде тигізіп жатқан зияны қандай, сол туралы да кішігірім зерттеу жүргізеді.
Видеоның астында «Ескерту! Бұл видеода айтылатын отандық сериалдарды түсіруге кеткен сома нақты емес, қателесуіміз де мүмкін» деген ескертпесі де бар. Көріңіздер
Әрі қарай

СОЛ СЕН ШЫҒАРСЫҢ...

Өмір жолында сүрініп сан ақтарылғам,
Сабақ алып ем сенделткен ағаттарымнан.
Қолымды жайып бет бұрып құбыла жаққа,
Бармақтай бақыт сұрағам Жаратқанымнан.
Сол сен шығарсың…

Сендермен өтсе тәп-тәтті шырын күндерім,
Бақыт дегеннің не екенін ұғындым дедім.
Омырауынан бұрқырап Жәннаттың иісі,
Бесік таянып емізер ұлымды менің.
Сол сен шығарсың…

Қылығыменен сейілтер уайымды тұнған,
Еріне адал болуға дәйім ұмтылған.
Келіндік жолда қадірі таудан биік боп,
Ақ алғыс алар ене мен қайынжұртынан.
Сол сен шығарсың…

Кеудеде тұнған, жаралған назыңнан әлгі,
Сағыныш дейтін тербетсе сазым ғаламды.
Таңдайымдағы тілекке Жаратқан берген,
Маңдайымдағы бақыт боп жазылған мәңгі.
Сол сен шығарсың…

Өзің жоқ болсаң жүрегі аласұрған-ды,
Әлемнен таппай дәл сендей жанашыр жанды.
Мойыныма келіп «Әке» деп асылатұғын,
Құлындарымның сүйетін Анасын мәңгі.
Сол мен шығармын!

Жүректен сөзім төгіліп жақұт боп шашыл,
Кедергі емесі, бәрібір, уақыт тоқтасын.
Адалдықтары үлгі боп барша ғаламға,
Қолұстасып кеп ашатын Бақыт қақпасын.
Ол біз екеуміз!
29.12.2013 жыл
Әрі қарай

Екі фильм жайлы ой

Төбелес фильмдерінің шедеврі атағын алып үлгерген Рейдтің жалғасы наурыз айында Алматы кинотетарларында жарыққа шыққаны белгілі. Аузым ашылып қарадым демейін, бірақ фильм бойы жүрегім дүрс-дүрс соғып, эстетикалық тамаша бір ләззат алғанымды жасырмаймын. Өте-мөте сирек сезілетін сезім.
Дәл сол уақытта Нұх пайғамбардың биографиясы дейін ба, аңыздың желісінде түсірілген Даррен Аронофскийдің «Ной» деген туындысын жұрттар ауызының суы құрып мақтап жатты. Оған да барып көрдім, бағым келгеннен емес, құрбымның көңілі үшін ғана.
Енді анализ. Аронофскийдің қазіргі мэйнстримнің интеллектуалды, өзінше тәуелсіз (независимые фильмы) фильмдерін түсіретін Кистофер Нолан сияқты жастардың must see режиссерлерінің тізімінің алдында орналасқан жан. Көпшілігі гений деп бас ұрады, сүйсінеді.
Ал шындығында, бәрі өмірдегідей. Аронофскийдің туындылары жалпақ жұрттың өзін ақылды сезінуіне мүмкіндік беретін «пэлсапашыл», «терең», «ооо операторлық шешімдерін айтсаңшы!!!!» дүние ғана. «Ной» фильмі тобырдың вкусына сай, миллиондап ақша жинайтындығына сенімділікпен түсірілген, режиссердің жаны мен жүрегі емес, бизнесмендік интуициясы мен фильм түсіру тәжірибесі ғана ат салысқан фильм.
Нұқтың өз отбасын құтқаруында залда ине шаншар орын болмаса, Рейдке келген адам саны онға әрең жетті. Басқа кинотетарларда да сондай көрініс орын алғанына күмәнім жоқ (Қазақстанды ғана айтып отырмын). Досымды бұл фильмді көруің керек деп апарып, оның көз жасына себеп болдым. Ия, ол фильмдегі қан мен қатыгездікке қарап, өзін психологиялық және физикалық түде нашар сезінді. Мені кінәлады.
Рейд 2 «Ной» сияқты адамзат проблемаларын қозғайды ма? Жоқ. Себебі ол, бір танысым айтпақшы «тупое мочилово ». Эхх…
Әрі қарай

Ешкінің сүті...

Блог - kozildirik: Ешкінің сүті...
«Емшек сүтін бермесем де ешкі сүтін берген балам...» Халық аузынан

1993 жыл. Тәуелсіздік алған эйфориясы басылып, енді жұрт үкіметтен қалған «тегін дүниені» бөлісуне, тойыс жекешелендіруге енді көз сала бастаған уақыт. Құнсызданған ағаш рубльді Отанымыздың кешегі жүрегі, бүгінгі бауырынан вагонмен тасып шаршаған Ел ағалары өз валютасы туралы ойлана бастады. Ойланып, толғанып дүниеге де әкелді. Атын Теңге деп қойды. Әдемілеп Әл-Фарабидің суретін салып, жақсылап қазақша жазды. «Сенің атың Бір теңге» деп…
Әрі қарай

Енетте (интернет) бейненәрселерді (видео) жақсы сапада қалай жүктеуге болады?

Негізі, Google-да видеоларды жүктеп алудың неше түрлі әдістері бар. Алайда ондай жағдайларға әлі тап болған жоқпын. Қажеттілік туындап жатса, Google әрдайым көмек беруге дайын ғой.

«Асыл арнадан» қызықты видеоларды жүктеген едім. Сөйтсем, жүктелген нұсқасында бейне сапасы нашарлау. Видеодағы жазулары да анық көрінбейді. Жақсы сапада тек онлайн нұсқасында ғана көруге болады екен. Дегенмен, ертең енетке ақысы төленбей, орыстар уақытша өшіре тұрса, notebook-ты ақтарып, қызықты нәрселерді көру керек қой. Ол кино да болуы мүмкін, болмаса шағын видеолар топтамасы.

Google Chrome-нан іздедім жауаптарын… Тапқандай болдым. Бірақ sublimevideo-дан қалай жүктеуге болатынын таба алмадым. Есесіне, маған жақсы сападағы нұсқасы қажет еді. Бұған дейін Google Chrome-да uppod-тан видеоның сілтемесін қалай оп-оңай суырып алуға болатынын қарастырып алған едім. Бұл жолы да сілтемесін солай алғалы жатыр едім, видео uppod-та болмай шықты. Sublimevideo-ға дәл осы uppod-қа қолданған әдісті қолдандым.

www.youtube.com/watch?v=oaixWQhoBew

Қай видеоны жүктегіңіз келеді, соның үстінен бассаңыз, онлайн нұсқада көруге арналған парақшасы шығады. Сонда ашық жерінде мышқының оң жағын басып қалсаңыз, бірдеңе деген нәрселер шығып, сонда «просмотр кода элементаны» басасыз. Сөйтіп, Network басылады, мышқының көмегімен видеоның play-ін басасыз. Сәл төмен түсіріп HD дегенді басып, ол әппақ боп қосылған соң, төмендегі кестеден тағы бір жазулар пайда болады. Сол жерден видеоның атын тауып аласыз, мұқият қарасаңыз, видео сілтемесінде «jaqsi_sapa» деген сөз кездеседі. Ал кестенің бас жағында төменгі сападағы нұсқасының сілтемесі тұр. Әлбетте, сіз жақсы сападағы нұсқасын жүктеу үшін әлгі кестедегі видеоның аты жазылғанның үстінен бассаңыз, оң жақтан headers ашылады. Сонда аштыпыпыдан басталатын сөзді видео форматының аты жазылған жерге дейін белгілеп, көшіріп аласыз да, Chrome-да сілтеме жазатын жерге апарып «бац!» ...enter-ді басып қалсаңыз, жаңадан қап-қара түнек ашылып, видео да қосылады. Содан сақтап аласыз ғой, өпшім.

P.S. Қызылтүп (Youtube) қолдана алмайтын да адамдар бар ғой, бар! Сталиннің сөзімен аяқтасам: Работать надо, а не митинговать. У каждой ошибки есть имя и фамилия.
Әрі қарай

Өмір деген тамаша!

«Жизнь прекрасна» (1997 г.) фильмінің сюжеті ешкімді бейжай қалдырмас. Бұл фильмді алғаш мектепте оқығанымда көрген болатынмын. Кішкентай шағымда бүкіл киноны тек суреті мен басты оқиғасына ғана мән беріп қарағандықтан, қайталап қарап шығу — бір ғанибет.
Фильмнің басты кейіпкері Гуидодан барлығымыз үлгі алсақ деген ойдамын. Әкесі баласын психологиялық стресстан сақтап, аман алып қалу үшін, өмірдің қатаң тауқыметін көрсетпей, концлагерьде қара жұмыстан шаршап, сүрлігіп келсе де, айналаны ойынға айналдырады. Ұлын сұм соғыста көтеріңкі көңілмен жүргізіп, жарқын болашаққа сендіреді. Гуидо — талантты, мейірімді, қолайсыз жағдайларда ақылымен шыға алатын, пысық адам.
Кедей, бірақ өте тапқыр еврей жігіт пен италяндық әулетті отбасынан шыққан қыздың бүлдіршінді болып, бақытты жанұя құрғаны, фашистік Италияның қысылтаяң шағы жайында түсірілген — өте әсерлі фильм. Мың мәрте жалықпай қайталап көруге дайынмын.
Шынымен де, өмір деген тамаша! Қолда барға қанағат етіп, баларымызды күнде құшақтап, сүйейік.
Киностан: Өмір деген тамаша!
Әрі қарай

Шайтаннан хат

Кеше күнделікті ісіңмен айналысып отырғаныңды көрдім. Намаз оқымай, дұға жасамай тағы бір күніңді өткіздің.Тіпті тамақ жеп болып, жатар алдында да шүкір етпей жаттың.

Өте пәс адамсың! Сені мақтан тұтамын. Бірақ сонда да, менімен болғаның үшін бақытты екенімді айта алмаймын. Есіңде ме? Бірге болғанымызға көп жыл болды. Бірақ сені әлі де жақсы көрмеймін. Шынын айтар болсам: сені Аллаһты ұнатпағыным үшін жек көремін. Аллаһ мені жәннәттан қуғаны үшін сені қолданамын. Сені қолданып, Аллаһтың маған жасағандарын қайтарып алғанға жейін қолданамын… сосын жоқ болып кетсең де бәрібір. Білемісің ақымық, Аллаһ сені жақсы көреді, бірақ сен өмірдің бәрін менің қасымда өткіздің. Бұл адалдығың үшін сені марапаттаймын. Өміріңді быт-шыт етемін. Екеуіміздің бас қосқанымыз Аллаһқа ұнамайды. Мен болсам нағыз қожайын екемді Аллаһқа сенің арқаңда көрсетемін. Бірге өткізген жақсы күндерімізді еске алшы, адамдарды жылатқанымызды, олар туралы ғайбат жасағанымызды, жынды-жынды дискотекаларға баратынымыз, есіңде ме, екіжүзділік арқасында үлкен мансапқа жеткенімізді, өтірік айтқандарымызды, арақ-шарап ішкенімізді… мешітке бармайтынбыз… намаздан қашатынбыз… Осылардың бәріне үйреніп қалдың да, олардан бас тартқың келмейді, рас қой? Кел енді ақымақ! Бақи отта бірге лаулап жанайық. Бұл хатты саған қаншалақты мән бергенімді және өміріңнің үлкен бөлімін маған сыйлағаның үшін алғыс айту үшін айтып жазып отырмын. Ақымақ, саған күлкім келеді. Жасағандарың менің көзіме жиіркенішті келеді. Сен осы жолыңнан тайма. Жаңа ұрпаққа алдауды, өтірікті, мешіт орынына дискотекаға жол көрсет. Жастардың қасында сен осылардың бәрін жаса да, олар сенен үлгі алсын. Көп кешікпей олар өзің сияқты болады. Жастар еліктеуіш қой.
Ал, әзірге кетуім керек, бірақ алысқа емес, бірнеше секундта қасыңа қайта ораламын. Аз ғана ақылың болғанда тәуба етіп қалған бірнеше бірнеше жылдық өміріңді Аллаһтың қасында өткізуге тырысар едің?! Біреуге ақыл айту табиғатымда жоқ нәрсе, бірақ сені таныймын. Сен менің қасымнан кетпейсің. Сенің жасыңда бір адамның әлі де күнәлардан арынбай жүргені ақымақтық болса да. Сен мені дұрыс түсін, мен сені әлі де жек көремін, үнемі де солай болмақ. Мені шынымен жақсы көрсең осы хатымды ешкімге айтпа. Бізді өлім қосқанға дейін…
Әрі қарай

Көгерген «Көктем»... көгертпеді...

Сағат тілі зырғыған сайын, жүрегім аузыма тығыла береді.  Әр секунды мен үшін өзіме деген ыза мен өкпені арттыра түседі. Қаншама қысылтаяң сәттерде өзімді алып шығар табандылығым мен жанкештілігім қайда кетті...?
Әрі қарай