"Өлілер мекенінен" репортаж

  • Кеше, сенбі күні бүкіләлемдік «The Human Body Exhibition» атты көрмеге барып қайттым. Көрмедегі экспонаттар адамның дене мүшелерін бүтін-бөлшектей, ішкі ағза мүшелерін қаз-қалпында сақтап көпшілікке көрсетуге ұсынылған. Аталған көрме 2005 жылдың 20 тамызында Тампта, нақтырақ айтсақ, АҚШ-тың Флорида штатында ашылған. 1999 жылы ашылған Body Worlds көрмесіне ұқсағанымен, оған ешқандай байланысы жоқ. Көрме адамның бүтіндей қаңқасынан, кептіріліп, сүрленіп сақталған бұлшықеттерінен, адамның ішкі ағзалары мен белсенді ағза мүшелері (мысалы, жүрек, бүйрек, бауыр, өкпе, адамның жыныс мүшелері, тамыр), ұрықтың бес апталығынан бастап төр айлық даму сатысына дейін көрсеткен қызықты әрі құнды экспонаттар бар. Бұл көрменің ерекшелігі сол – көрмедегі экпонаттар дүниеден өкен марқұм болған адамдардың шын денесі.
  • Бұл көрме осыған дейін әлемнің Айдахо-Фолс, Майами, Виннипег, Дублин, Амстердам, Роттердам, Атланта, Шривпорт, Вена, Мадрид, Буэнос-Айрес, Монреаль, Сан-Хосе (Коста-Рика), Квебек, Ниагара-Фолс (Онтарио), Богота, Кордова, Барселона, Шривпорте, Цинциннати, Сантьяго-де-Чили, Сан-Паулу, Брэнсон, Прага, Братислава, София, Загреб, Будапешт, Белград, Лиссабон, Атлантик-Сити, Питтсбурга, Сан-Диего, Лас-Вегасе, Нью-Йорке, Тулса, Форт Лодердейл, Хартфорд, Сан-Антонио, Вашингтон, Омаха, Гонолулу, Индианаполис, Финикс, Сакраменто, Тусон, Кливленде, Сиэтле, Альбукерк, Колумбия, Детройт, Гринсборо, Дарем, Лексингтон, Кентукки штатында, Рига, Варшава, Пуэрто-Рико, Брисбен, Любляна, Остена Яффы және Бойсте, Хайфе, сонымен қатар Хьюстон, Тегусигальпа, Сан-Сальвадор (Сальвадор), Лондон, Бухарест, Краков, Гданьск және т.б жерлерде өткен. Дәл қазіргі уақытта көрменің көрсетілімі Түркияның Измир қаласына жүріп жатыр.
  • Көрмедегі экспонаттар әр бөлмеде сатылай мына ретпен басталады: бұлшықеттер, жүйке тамырлары, қантамырлары, ас қорыту, кеңірдек, тыныс алу жолдары, несеп айдау, зәр шығару мүшелері, ұрықтың даму сатысы мен өңделген мәйіт денесі, адамның белсенді ішкі ағзаларын көруге болады. Жалпы саны жиырмаға жуық мәйіт денесі қойылған. Оның барлығы шынайы адам денесі. Экспонаттар «Полимерлі сақтау» әдісімен сақтаулы. Сондықтан бұзылып, ыдырап кетпейді. Бұл көрменің ұйымдастырушы Premier Exhibitions Incorporated корпорациясы. Аталған компания марқұмдардың ет жақындары мен туыстары шағымданып, мүрдені қайтарып алмас үшін Қытай үкіметі тарапынан өлі мүрделер жайында ешқандай мәлімет алмаған. Бұл экспонаттар Қытайдың Дальянь университетінде жасырын түрде дайындалған екен. Қытай үкіметі аталған компанияға әрбір бес жылға жалға беріп отыр.
  • Өлі мәйттерден әр түрлі көріністі көре аласыз: атлет, футболист, баскетболшы, жыныстық қатынасқа түсіп жатқан жыныс өкілдері, темекі шегіп тұрған, көздеп тұрған мерген қаңқа мүрделер.
  • Көрмені бейжәй көру мүмкін емес. Әрине, кептірілген ми мен қақ айрылып тілінген жүректі көрсең. Шындығында, адам жүрегі — біздің көріп, бейнелеп жүрген жүрегімізге ұқсамайды екен. Ал оның қақ бөліп екіге айырған түрін көргенде, біз білетін жүректі таныдым. Сүйекті қойш, бұлшық ет пен кәдімгі көзге көрінбейтін қан тамырларын сақтап қойғанына қарап қайран қалдым. Адамнан айла артылған ба...
  • Көрмедегі экспонаттарды түсіруге тыйым салынғандықтан, құрғақ қасық ауыз жыртпасын деп, төменде интернеттен алып, көрменің суреттерін салып отырмын.
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Әрі қарай

Әлемдік сипаттағы алғашқы қазақ дауылы "Масаң Нұрберген" метеорология тарихына енді

Менде бір керемет сюжет бар...: Әлемдік сипаттағы алғашқы қазақ дауылы Масаң Нұрберген метеорология тарихына енді
Өткен аптада еліміздің батыс аймағын, Ресейдің Астрахань облысын, Әзірбайжан және Иран жағалауларын әурелеңге түсірген сұрапыл дауылға «Масаң Нұрберген» аты берілді. Синоптиктер дауылдың жылдамдығы сағатына 14.5 шақырымға дейін жетіп, Каспий теңізінде биіктігі 1-1.3 метрлік толқындар көтеріледі деп болжап отыр. Атырау қорқыныш құрсауында. Облыстың төтенше жағдайлар қызметі тас-түйін дайындалып жатыр. Тамадалар тойларын, балықшылар арақтарын, облыс орталығына қатынайтын таксистер рейстерін шұғыл түрде тоқтатуға мәжбүр. Автокөліктер мен жаяу жүргіншілерге арналған көпірлер де уақытша жабылуы мүмкін. Бүгін облыстың танымал синоптигі Ақсел Көшімхан шұғыл жиналысын өткізіп, табиғаттың төтенше мінезіне қарсы дайындық шараларының барысын пысықтады.

Ақсел Көшімхан:
— Алдымен баршаңызды осындай сұрапыл дауылға қазақша ат беріліп, әлем метеорологиясы тарихына енуімізбен құттықтағым келіп отыр. Әлемде мұндай оқиғаларға атты кім, қалай берілетінін білмейміз. Дегенмен біз осылай атауды жөн көрдік. Дауылдың мінезі дәл сондай еді, масаң кісінің мінезіне ұқсайтын. Дауыл бір көтеріліп, бір түсіп, бір кетіп қалып, қайтып келіп, арасында жаңбырмен «жылап» та алды. Басқаша атауымыз мүмкін емес еді. Жалпы желді, дауылды аймақпыз ғой. Болашақта да бірнеше қазақша дауыл аты шығады деген ойдамыз. Қазірден демеушілік қаражаты аударылып, ұсынылған аттар бар. Мысалы «Серпінді Серікқали», «Сықи Қаршыға», "Әйгерім", «Жылауық Нұржамал», «Мәди» сияқты аттар біздің орталыққа келген өтініштердің бір қатары. Әлбетте ұсынушылардан демеушілік жарна алынады. Дауылға дайындық туралы айтар болсақ, жалпы үй құлататындай қатты дауыл емес. Сонда да төбесі дұрыс жабылмаған үйлердің шипры ұшуы мүмкін, малқоралардың да құлауы ықтимал. Байқас болайық ағайын!
Әрі қарай

Жүйеәкімдеріңіз ренжітеді ме?

Оқуға кетер алдында, ректораттың шешіміне сәйкес, жұмысқа қажетсіз сайттарды жауып тастаған едім. Қажетсіз сайттарға кіру әрекеті жасалған кезде, сайттың не үшін жабылғаны, және жұмысқа тіке не жанама түрде қажет болатын болса ресурстың толық адресін көрсетіп, қызметтік хат жазу керектігі жазылған болатын. Әрине кім фейсбук, мой мир керек еді деп жаза қоймасы анық, дегенмен агент пен скайпқа рұқсат бердік. Ал БАҚ.кз сайтының қазақстандық БАҚ бөлімінің телеарналар беті жабылды. Түсініп отырған боларсыңдар, трафик көп кетеді. Ал мекеме мемлекеттік болғасын нағыз жұмыс түске таман басталады (ерте сегіз жарымда келгенмен) да, кешке жай бітеді. тоғыз, ондарда. Кешке жіберіп алған телесериалдарының қазасын түске дейін өтейтін хатшы қыздар жетіп артылады.
Сонымен бүгін сырқатыма байланысты үййде отыр едім. Оны мұны шұқып, мал агентім, шырылдай қалғаны. Сол стандартты "Қал қалай, сабақ қалай" деп басталған диалогтың астары бірдеңе сұрау екенін түсінетін шығарсыздар. Сөйтсек бір жұмыстасымыз түсте ерігіп отырса керек, дым ермек жоқ екен. Әңгіменің төркіні «мой мир ашып берші»-ге тірелді. Әрине ашып бере салуға болады еш қиын емес, бірақ мен дәл осы уақытта ол мекемеде жұмыста жоқ едім. Ал ол кісі болса, ара тұра қашықтан қолдау көрсетіп тұратынымды біледі. Сонымен бөтен мекеменің ісіне араласқан ұят болады деген сылтау айтып шығарып салғаным үшін, мықты ренжіп қалды. Тіпті бар ренішін агент арқылы төкті. Түскі үзіліс біткенше назын оқумен болдым, сосын отырып ойллаймын осындай болмайтын дүниеге ренжуге болады ма?
Әрі қарай

Өтелмеген парыз

Блог - Kipshakkyzy: Өтелмеген парыз
Өткенде осындағы Гүлнәр деген қазақ әпкеміз қыздардың басын үйіне қосып бастаңғы жасаған болатын. Шақырылған қонақтың ішінде түрік абла бар. Жанына егде тартқан қарт әжейді де ерте келіпті. Әңгіме арасында білгенімдей, қарт әжені балалары тастап кеткен. Жалғыз өзі пәтер жалдап тұрады. Немере, шөберелері де бар. Бірақ, ешқайсысы ат ізін салмайды екен. Жасы сексен жетіден асса да әлі тың, бақуатты. Құдай қуат берсін. Жағдайын білген соң, қыздар болып бір күні үйіне барып тазалық жасап, азық-түлік апарып көмек беріп қайтайық деген болатынбыз.
Бүгін сол Гүлнәр әпкеміздің ұйытқы болуымен әжейдің үйіне барып, құрбан айт мерекесімен құттықтап, дастархан әзірлеп дәмді тағам дайындап, әжейдің көңілін аулап қайттық. Үйінде барғанда бір ер кісі жүр екен. Сұрағанымызда, ұлы екенін айтты. Бұгін әйелімен ренжісіп қалған соң, таңғы асын анасынан ішейін деп келіпті. Дайындап беретін өзінің балалары ше дегенімізде, балалары ұйықтап жатқан көрінеді.
Құдайдың көзі түзу болса, туған шешесіне қарайласпаған адам, ертең балаларынан қайыр күтеді деп ойламаймын. Біз апарған тағамнан баласына да бөлек салып беріп, нанның жұмсағын, шәйдің ыстығын беріп сонда да, байғұс ана елпелектеп баласына құрақ ұшып жүр. Ананың көңілі балада, баланың көңілі…
Әрі қарай

Алдамшы суреттер - иллюзия

Оптикалық иллюзия — көріп тұрған затқа шын мәнінде дәл өзіндей емес, алдамшы көрініс ретінде әсер қалдырады, яғни басқаша айтқанда көрудің оптикалық алдауы. «Иллюзия» — латын тілінде "қате", "қателесу" деген мағынаны білдіреді. Иллюзияның себеп-салдары неден туындайтыны туралы көптеген ғалымдар айналысқан. Кейбір суреттерге ғылыми түсініктеме берілсе, кейбірінің жауабы әлі күнге табылмаған. Бәзбір иллюзиялар «көзіңізді ашытып жас келтіріп, басыңызды ауыртуы мүмкін, тіпті кеңістікке „лағып“ кетуіңіз де мүмкін» деп ескертеді
Менде бір керемет сюжет бар...: Алдамшы суреттер - иллюзия
Әрі қарай

#4 күн - Адамзаттың бәрі - асыл

Бақытқа бастар 100 күн: #4 күн - Адамзаттың бәрі - асыл
Бақытқа бастар 100 күн: #4 күн - Адамзаттың бәрі - асыл

Ауыр, артық ойлар адамның еңсесін де, денесін де басып тастайтын сияқты. Таңда бетім ісіп, умаждалып оянатын әдетім 3-4 күннен бері азайып барады. Жеңіл қимылдаймын. Шынымен, арқама көрінбейтін қанат біткен сияқты  Күлмеңіздер, сау күйімде жазып отырмын
Әрі қарай

Ажал аузындағы махаббат

Ғибратты әңгімелер: Ажал аузындағы махаббат

Бір жұп ғашықтар болыпты. Жігіт әлсіз, жасқаншақтау болса керек. Қашан да қиындыққа жолықса алдымен қалыңдығын сынап көруге мәжбүрлейтін болса керек. Ал бойжеткен осы үшін назаланатын.

Күндердің күнінде теңізге саяхаттай шыққан қос ғашықтың қайығы дауылға жолығып, аударылыпты. Әзер дегенде қайықтың сынық ағашын ұстап аман қалған олар амалсыз әлдеқайдан келер көмекті күтумен болыпты. Батыл, қайсар бойжеткен жігітін сынап көрмекке «сен қорқасың ба?» деп сұрайды. Көзінде үрей тұнған жігіт жалма-жан қалтасына үнемі салып жүретін пышағын алып «егер әлдеқайдан қатер төнер болса, алдымен сені қорғаймын» депті сеніммен. Дәл осындай қатерлі сәтте мынадай батыл шешімге риза болған бойжеткен іштей риза болыпты.

Көп өтпей үлкен жүк кемесі бұларды байқап құтқаруға келе жатады. Қуанышы қойнына сыймаған қос ғашық дәл сол сәтте өздеріне таяп келе жатқан жыртқыш акуланы да көреді. Қорқыныштан қалқыма ағаштан ұстап қалған күйі мелшиып қалған жігітке бойжеткен «Тез, ана кемеге бар күшімізбен малтайық. Мүмкін аман қалармыз, тездет!» деп айқай салыпты. Бірақ, жігіт қызды бар пәрменімен итеріп жіберіп, өзі бөлек жүзіп кетіпті. Бұған аңырып қалған қыз сол сәтте қатты күйзеледі. Төніп келе жатқан ажалға амалының жоқтығын біліп іштей қайғырады. Бақытына орай әлгі жыртқыш оның қасынан келсе де, оған бұрылмастан жігіт малтап кеткен жаққа қарай өте шығыпты. Бейшара жігіт әп-сәтте акуланың азуына ілінеді. Жан-таласып жатқан сәтінде бар дауысымен «Мен сені сүйемін!» деп айқайлапты.

Аман қалған бойжеткен есін жиғанда кемешілердің «Қорқақ» жігітіне аза білдіріп жатқанын көреді. Кеме капитаны қыздың жанына келіп, оны жұбата «Бикеш, осы өмірімде көрген ең ержүрек азамат сіздің жігітіңіз! Оның өлімі үшін қайғырамыз, сабыр етіңіз!» дейді. «Жоқ! Ол барып тұрған қоянжүрек! Мен ештеңеге қайғырмаймын» дейді қыз жасын сүртіп. Кеме бастығы бойжеткеннің бұл қылығына түсінбей «Қалайша оны кіналап тұрсыз. Мен бәрін де бақылап тұрдым. Мен оның сізді кеме жаққа қарай итеріп жіберген соң өз білегін тілгенін көрдім. Ал акуланың қанға деген сезімталдығы өте күшті. Егер ол бұлай істемегенде сіздің аман қалуыңыз мүмкін емес еді» дейді сабырлықпен.

Мейлі қаншама әлжуаз, қорқақ болса да шынайы сүйіспеншілікке толы жүрек өмірдің ең бір қатерлі сәттерінде өз махаббаты үшін құрбандық беруден бас тартпайды.

дереккөз

суретке сілтеме
Әрі қарай

Спасск Құрлық әскерінің оқу-жаттығу орталығынан 10 сурет

Өткен аптада жолым түсіп, ҚР Қорғаныс министрлігінің шақыртуымен Қарағандының Спасск кентіндегі құрлық әскерінің мамандарын даярлау орталығындаболдым. Бір топ журналисті оқу-жаттығу жұмыстарының қалай жүргізіп жатқанымен таныстырды. Келісімшарт негізінде қызмет етіп жүрген жігіттермен сөйлестік. Сол күні орталыққа вице-министр де келген. Онымен де сөйлесудің орайы туды.

Өзімде фотик жоқ болғандықтан Қарағандыға шығар алдында Ерболдың камерасын сұрап алған едім. Бұрын мұндай камерамен түсіріп көрмеген соң, біраз жаттығып көрейін дедім. Қазір өзіме қандай камера алсам деп ойлап жүрмін. Оқу-жаттығу орталығынан түсірген кейбір суреттерімді ұсынып отырмын.

Суреттер сөйлейді: Спасск Құрлық әскерінің оқу-жаттығу орталығынан 10 сурет
Әрі қарай

Wordpress-пен жасалған танымал сайттар

Wordpress — ақпараттық сайттар жасауға қолайлы CMS екені белгілі. Ал осы жүйе арқылы қандай танымал сайттар жасалды екен?

Алдымен әлемдік танымал БАҚ өкілдерін қарап көрейік:
Британияның үздік басылымдарының бірі Metro
Wordpress-пен жасалған танымал сайттар
metro.co.uk

Әрі қарай

Дүкс-дүкс музыкадан шаршағандарға ұсынарым.. рэгги!

Мен ұсынатын үш ән!: Дүкс-дүкс музыкадан шаршағандарға ұсынарым.. рэгги!
«Жаңбырды сүйем дейсің, бірақ қолшатыр ұстайсың,
Күнді сүйемін дейсің, сәулесінен қашып, көлеңке іздейсің,
Желді жақсы көремін дейсің, бірақ үрген кезде терезені жабасың,
Міне, сондықтан сен мені „сүйемін“ деген кезде, мен қорқамын». -Боб Марли-
Әрі қарай