АҚША тарихы...

Блог - abzalsariyev: АҚША тарихы...Ақша дегеніміз (экономика ғылымының тілімен айтқанда) – тауарлар мен қызметтердің құнына эквивалент, төлемпаздылығы максималды, айрықшаланған тауар.

Әрі қарай

Атам туралы естелік

Блог - Arys_arlany: Атам туралы естелікБылтыр жазда еңбек демалысқа шыққан уақытымда жазылған. Ауылға барған соң аздап сырқаттанып жатып қалғаным бар. Сол уақытта біраз кітаптарды ақтарып едім. Жаныма жақын болған біреуінен қысқа естелік.
Қолыма ілінген кітаптің бірі Қайыржан қажы Макиннің «Біз қазақпыз» атты еңбегі болды. Кітаптің алғашқы беттерін ашып оқи бастағаннан-ақ бұрыннан естіп, көріп жүрген дүниелерді неге қайталап сала берген, осыны да кітап деп жазып отырма деген ойға қалған едім. Бірақ, кітаптың атауы «Біз қазақпыз» деп өзіне тартты да тұрды.
Әдептілік турасындағы, әдеп-ғұрпымыздан сыр шертетін тұсына келгенде қызыға түскендеймін. «Қазақтың ата-әжені сыйлау» атты тақырыбына келгенде, тіпті көз жасыма ерік бердім.
«Атаның «Айналайын», «садағаң болайын» деген сөздері оның ұрпағы үшін жанын да аямай, құрбандық болуға даяр екендігін көрсетеді».
Ауылыма көңілімді тартып тұратын елестің бірі Атамның «Айналайын Арыштаным деп» оты сөне бастаған жанарындағы туындаған ерекше нұрмен қарауы, қос бетімнен кезекпен сүйіп, ал мен өз кезегімде жарқыраған маңдайынан иіскеп тұратын сәттер еді. Төсекте ұйықтап немесе газет-журнал оқып отырған сәтінде кіріп келіп «Ассаламауғалейкум» деп айғайлай сәлем беріп, селк еткізуші едім. Қос қолымды ұсынып амандасқанда, әлі қайтқан қолдарымен өзіне тартып сүймекші болғанда, талай мәрте бетімді тосып, еңкейіп едім ау. Осылайша Ата мен бала махаббаты Арыс ауданының шалғай бір ауылында өрбуші еді.
«Ет жүрегі елжіреп, ұрпағының амандығы мен жақсылығын бақыт санайтын атаны ардақтап, оның алдынан қия өтпей, айтқанын орындау, атаға қашан да қамқорлық жасау, қиындықтан қымсынбай қызмет көрсету – сенің адамгершілік парызың».
Қазір адамгершілік қағидалар туралы сыни пікірлер көп айтылады. Енді оны жолға салудың түрлы жолдарын ұсынамыз деп, бұрынғы жаттанды сөз тіркестерын будақтады. (Тәрбие, мектеп, ұстаз, ата-ана) Менің ойымша адамгершілік, жанашырлық қасиетті бірінші өзіңнің бойыңнан көрсетіп, үлгі көрсету керек. Өзге түгілі өз бауырларымның жанашырлық қасиетін туындата алмағаным менің үлкен кемшілігім деп ойлаймын. Жаңа жылдан кейінгі кезекті жұмыс апталығы соңындағы демалыс күндерін пайдаланып, ауылға бардым. Амандық-саулықтан кейін, Атамның жүзінен абыржулықты байқадым. Өздігінен зорға тұрып, кіріп-шығып жүрген атамның кешкісін мәсісін шешіп қарасам, сұмдық болып жатыр екен. Сонда барып білдім. Үйдегі үлкен ағамның соншалықты безбүйрек болғаны ма? деген сұрау жаныма батты. Дереу жылы су даярлап, аяғын жамға салып, әбден күстенген аяқ саусақтарын жібітіп, тырнағын алып, тазалап жуып, жылы орап төсек орнына жатқыздым. Ертесіне үйдегі моншаны жағып, шашын алып, сақалын бастырып, шомылдырып, киімдіріп едім, нарттай бозарып, сүйкімді қарияға айналып шыға келді. Түріне қарап күліп алып едім. (Сақалын бастырам деп, ортадан сәл ауытқытып алып, соны теңестірем деп жүріп «ақ сақалын» кішірейтіп қойыппын.) Сонда атам тұрып: «Айналайын, кішкентайыңда арқама салып баққанымды қайтардың-ау» деген еді.
Осыдан шамалы уақыт өткеннен кейін атам ұзақ ауырмастан дүниеден өтті. Атамының разылығын ал деп, қанша айтқаныммен де ағамнан түк шығара алмадым. Соңғы мәрте 22 наурыз (2013ж) мерекесіне орай берілген демалысты пайдаланып барып едім ауылға. Онда да «блогкэмп» деп, атамның қасында ұзақ аялдай алмадым. Адамгершілік парыздан гөрі перзенттік парыз жоғары деп есептеймін. Әскерге кеткенде ақ батасымен шығарып салған атамды бір жыл уайымдағаным (қайта көрем бе, көрмеймін бе деп) да әлі есімде. Алдымнан шыға келгенде, ыстық жас ытқылап кетіп еді ол кезде де. «Балапан қанат қағып, ұядан ұшты деген осы» деп қаладан сағындыра келгенімде айтып отыратын, қайтсін қарт көңіл ең жақын немересін сағынад та.
Пысы: Зымырап өтіп жатқан уақыт. Атаммен енді мәңгілікке қош айтысқанымды мойындағандаймын. Жайың жәннәтта болсын Аташым.
Әрі қарай

Сәнімгүл Бердалиевнамен өткен үшінші түн

Жайма шуақ көктем кезі үйде ішім пысып істерге іс таппай отырғанмын. Бір жаққа шығып келсембе деп ойладым бірақ қалтамда көк тиын жоқ қайда шығам? Не істейм? Не істесем болады деген ойлардың жетегінде отырған тыныштығымды телефонымның шақыру іуені бұзды. Қарасам экрандағы жазу «Сәнімгүл Бердалиевна».

Біраз күттіріп барып көтердім. Ар жағындағы дауыс жарқын шығады. Амандық сұрасқаннан кейін кешкісін не істейтінімді сұрады, мен әрине бос екенімді айттым. Бірдеңені жүрегім сезгендей алабұртып отырмын. Онда бүгін кешке осындай уақытта кел деп бір әдірісті берді жарайт дедімде тағы ойға кеттім қалтамда ақшам жоқ қалай барам деген сияқты. Сөйтіп отырғанымда әлгі мекен жайға ойша көз жүгіртсем мен тұратын үйден 6 остановка жерде ғана екен.

Айтылған уақытта барсам әлгі мекен жай Саунаның мекенжайы. Емааа неужели ол мені саунаға шақырады деп ойладым бірақ мекен жай бойынша дұрыс. Солай саунаның алдында аңырап тұрғанымда бір такси тоқтадыда ішінен өзім күткен адам шыға келдіде жүр деп мені сүйрелеген күйі саунаға алып кірді. Жеке кабинкаға алып барды. Шамасы кабинка сниматьтеткен деп ойладым.

Кірген соң менде үн жоқ. Тұрмын. Ал, ол болса нестеп тұрсың шешініп кірсеңші деді. Кірдім, олда кірді. Бірден парилкаға барып жайғастық. Мен өзімше мынадай вип кабинканы жалдағанша неге үйге шақыра салмағасыз дедім. Ол болса бұл саунаның администраторы бір магистрантым. Қорықпа сауна түнімен біздікі деп қоят. Енді бәрі түсінікті болды.

Отырып кенеттен әңгіме бастады: Білесіңбе Ерханжан мен осы уақытқа дейін ешбір еркекпен болып көрмедім және болмайтында шығармын деп ойлағам бірақ сен кезіктіңде бәрін өзгерттің сенің осы маған бал ләззәттің не екенін сездірген шустрыйлығыңды енді түсініп риза болып жүрмін. Өткенде екінші жолы келмегеніңде мені күштеп көндірмегеніңде секстің не екенін сезінбеуімде мүмкін еді себебі бірінші жолы тек қатты ауырсыну мен жиіркеніш сезімін ғана сезіндім деді. Ал екінші жолы шынай рахаттанғандай болып қалдым бірақ соңғы әрекетің жаныма қатты батты. Ал бүгін сенің ыстық құшағыңды аңсап осында әдейі шақырдым деді. Бұл кезде мен оның жанына отырып құшақтап алып лыпысының бір жақ шетінен саусағымды кіргізіп шошақайын айналдырып оотырғам. Не керек сонымен біріншісін парилканың ішінде бастап аяқтап тастадық. Мен шыққан бойда бассейнге қойып кеттіп ол болса сәкінің үстіне барып құлады.

Біраз уақыт өтті менде бассейннен шығып қасына барып жатқам. Орнымыздан тұрып бассейнге бірге түсіп кеттік. Бассейн болғандада белден келетін бассейнғой. Аз мұз түскеннен кейін судың ішінде тұрып алып бір-бірімізді аймалап қоздыруға кірістік. Қатты қозып кеткеніміз соншалықты бассейннен шықпастан айналысып кетіппіз. Екіншісін бассейнде бітірдік.

Үшінші әрекетімізді ғана кәдімгі демалатын бөлмеде бастадық осыған дейін ол порно видеолар қараған болу керек мені жатқызып қойып өзі үстіме секіргісі келіп еді оған тәжірибесі жоққой мүшемді сындыра жаздады. Сол демалатын бөлмедегі керуетке оны неше түрлі позаларға қойып істей бердім. Істейміз демаламыз, істейміз демаламыз. Сөйтіп түн жарымына жетіп кезекті істесуміз жүріп жатқанда ол оқыс қимыл жасай алмай демін ішіне тартқан күйі тартылдыда қалды, не болғанын түсінбей мен атып тұрдым үстінен менің тұруымда сол еді оның әлгі жерінен өлшемі бір қарыс болатындай қоймалжың зат екі-үш рет атқалақтап кетті. Сөйтсем бұ л оргазм екен. Әйел адамның оргазмін тұңғыш көруім сол еді. Бұл түні олда менде риза болысып үйге қайттық. Қайтарда арсыздықпен таксиге ақша сұрап алудыда ұмытқан жоқпын.
Әрі қарай

Көктем күнделігі (жалғасы)

Блог - nurbergen_makym: Көктем күнделігі (жалғасы)

(Басы)

Оныншы көктем
Алматыға шынымен ғашықпын! Өткен жаз отбасымызбен «Алма-Арасанда» демалдық. Содан әлі айыға алмай жүрмін. «Жазды қалай өткіздің» деген шығармада біраз көсілдім. «Күз» бен «қыс» тақырыптарындағы шығармаларға да Алматыны кірістіргенім есімде. Енді, «Көктем» туралы жазыңдар дегенде, мұғалімім «Алматыны қоспай-ақ қой» деді. Алматыны қоспағанда Атыраудың көктемі туралы не жазасың? Көктемде маса шығады, балшық болады, ол кепсе, шаң көтеріледі деп пе?! Құралайдың кезіндегі жаңбырды жазуға болатын шығар, сосын. Әжемнен амалдарды үйрене бастадым, «әлхам» мен «құлқуалланы» жаттап жүрмін. Бір күнде жаттап алуға болады ғой, бірақ, жазда сатып алған «Dendy» ойнаудан қол босамай жүр.

Он бірінші көктем
Бастауышпен қоштастық. Биыл да жазда Алматыға барамын ба деген асқақ арман болған. Папымдар олай болмайтынын айтты. Сосын, жергілікті «Құлыншақ» газетінің жас тілшісі ретінде Астананы көрем бе деген үміт болды. Алайда, «Жас Астана – жас жеткіншектер көзімен» халықаралық фестиваліне де бара алмайтын болдым. Жасым кіші деді. Жазда бөлеммен бірге жергілікті «Тұлпар» лагеріне баратын болдық. Көңіл-күй жоқ…

Он екінші көктемім
Бесінші сыныптан бастап, математикадан тереңдетілген гимназия сыныбы болдық, Құдай ұрғанда. Үшінші тоқсан да үшке шығатын сияқтымын орыс тілі мен математикадан. Есесіне, қазақ тілі мен қазақ әдебиетінен үлгерімім жөнделіп келеді. Үйдегі кітаптардың ішінде де қызық шығармалар бар екеніне көз жеткізе бастадым. «Sega» ойнаудан да қызығырақ па деп қаламын кейде…

Он үшінші көктем
Бұл көктемде жақын адамыңды жоғалтудың не екенін сездім. Әкемді меңдеген дерт – Ауғандағы соғыстың салдары – «Бехтерев ауруы» деп жүргеніміздің, ғылыми тілде «анкилозирдеуші спондилоартрит» – неден туындайтыны белгісіз һәм жазылмайтын ауру – екенін кейін білдім. Дәрігерлер жиырма жеті жасында оған бұл диагнозды қойғанда, «әрі кетсе, он жылдай ғұмырыңыз қалды» деген екен. Қысқасы, бұл көктем осындай көңілсіздеу болды…

Он төртінші көктем
Осы көктемнің де көңілсіздеу болатын түрі бар. Жұма сайын әжем үйретіп кеткен «құлқуалланы» әкеме қосып, әжеме де бағыштайтын болдым. Кітап оқу сиреді, далаға шығып, соңымнан шешем іздеп шыққанша үйге қайтпайтын әдет пайда болды. Темекі тартып ұсталып қалатыным да осы көктем-ау деймін. Әлде, келесі көктем бе екен?! Осы екі көктем бір-біріне қатты ұқсас.

Он бесінші көктем
Өткен қыста кітапхананың үздік жас оқырмандарының бірі ретінде Алматыдағы әлдебір жиынға барып қайтқанымның айтып тауыса алмай жүрген қызығы болмаса, бұл көктемде де сол – тірліктің негізгі штрихы темекі тартуға, былтыр жазда үйренген арақ ішу мен шөп шегу қосылды… Осы тоқсан информатикадан «үш» шығатын болар. Өткен тоқсан әупірімдеп төртке шыққам. Мұғалімім ренжулі: мектепішілік пәндік олимпиададан қалалыққа жолдама алып, оған бармай қалып едім. Бірақ, айтарлықтай проблема туғызып жүрген жоқ, ол мен үшін: орыс тілі мен алгебраның қасына қоса салармын. Проблема: гитарамды сындырып алдым. Енді, біздің үйде Высоцкийге, Визборға, Табылдыға қосылып ешкім ән айтпайды. Көшеде – Петлюра мен Цой.

Он алтыншы көктем
Биыл көктемде Махамбеттің 200 жылдығына арналған сыйлықтың иегері болдым. Не сыйлық екеніне сол кезде мән бермеп ем, қазір де есіме түсіре алар емеспін. Есімдегісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мектепішілік олимпиададан қалалыққа жолдама алып, қайтадан ұйықтап қалуға мүмкіндік берген, қалалық Абай оқуларынан бірінші орын алғызған «Махамбет туралы толғауымның» ақысы ретінде, дипломға қосып, былғары портфель мен жиырма бес мың теңге ақша берді, орталық стадиондағы түлектердің қоштасу кешінде, облыс әкімінің өзі. Ия, Әбішке ме, Иран-Ғайыпқа ма, әйтеуір, біреуге еліктеп, осындай шұбалаңқылап, басын аяғына жазып, аяғын басында келтіріп жұмбақтағансып баяндау секілді қыршаңқы жазу стилі пайда болды, осы көктемнің аяғында. Бұдан, өздеріңіз түсініп отырғандай, мен осы көктемде «бірдеңелер» жаза бастадым… Әлгі ақшаға бірден барып, мамама телефон алып бердім. Осылайша, тоғызыншы классты тәмамдағаным туралы куәлігімдегі үш «үшті» жуып шайғандай болдым. Қуанышты жаңалық бір бұл емес: мамам, биыл Алматыға барамыз деді.

Он жетінші көктем
Бұл көктемде сыныптың балалары былтырғыдай емес, жайдарылау сияқты. Өйткені, алда, емтихан да, аты белгілі болса да, заты беймәлім – тестілеу де жоқ. Орыс тілі мен информатикадан жағдайды реттедік, сынып жетекшім де геометриядағы үлгеріміме бола, алгебрадағы бағаларымды көтеріңкіреп қоятын сияқты. Бірақ, бәрібір, бақылаулар баяғыша, «екі мен үш». Ол – маңызды емес. Маңыздысы – мен шын ғашық болып қалған сияқтымын. Білмеймін, бұрынғылар бала махаббат болған шығар, әлде басқа ма, әйтеуір, бұл жолғы күй мүлдем бөлек. Бұрын қалай байқамай келгем, оның әдемілігін, ақылдылығын… Жоқ, оны тартымды қылатын бұл қырлары емес… Неше жыл бір сыныпта оқып келеміз… Әскери комиссариат тексеруінен соң, «кім боласың?» деген сұраққа ақыры жауап тапқандаймын. Алматыдағы әскери оқу орындарының біріне түсіп көремін.

Он сегізінші көктемім
Әскери болмайтын болдым. Өткен жазда бір қолайсыздау оқиға орын алып, әскери өмірге жол жабылды. Алматыға, мамам мен папам оқыған КазГУге құжат тапсыратын шығармын. Тестілеуден соң көреміз, енді… Былтыр көктемде оянған махаббат, сол жылдың күзінен аспады. Биыл мектеп бітіреміз: ата-аналар жиналысы сайын, «балаларыңа репититор жалдаңдар! Тесттен құлап қалмасын» дейді мұғалімдер. «Сонда он бір жыл бойы, мектеп не үйретті?!» деп мамам екеуміз бір-бірімізден сұрап қойдық. Репититор жалдамайтын болдық. Оның ақысына гитара аламын. Бірақ, «дені дұрыс ән» үйрену керек, мама үшін.

(жалғасы бар)
Әрі қарай

Жалғас Ертай - мемдерге жаңа кейіпкер

Блог - Ispek92: Жалғас Ертай - мемдерге жаңа кейіпкер

Қарағанды қаласында IV-ші блогқұрылтайдың дүркіреп өткені көпшілігіңізге белгілі. Бұл құрылтай жайлы айтылып жатыр, жазылып жатыр, мақтап жатыр, даттап жатыр, әлі де бүл үрдістің жалғасатыны белгілі. Менің айтпағым сол құрылтайдан мемдерге кейіпкер табылып отырғаны жайлы Бұл кейіпкеріміз Қазнеттің серісі — e_zhalgas болып отыр.
Әрі қарай

92-лер VS 81-лер (Футбол battle)

Жазатын дым жоқ ©

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 92-лер VS 81-лер (Футбол battle)

Осы жылдың жазында Бразилия елінде өтетін футболдан әлем чемпионаты жақындап келеді, талай футбол сүйер қауымның дегбірін тауыса күттірген футбол мерекесіне де аз қалды. Мундиальға баратын 32 құрама жайлы да талай сөз еткеніміз рас, әлі де талай айтылады. Алайда менің айтпағым басқа еді.
Әрі қарай

Бір қолымен әлемді тербеткендер

Блог - MERmukhanov: Бір қолымен әлемді тербеткендер
Аруларға аша алсам жыр қақпаны —
Толқиды сезімімнің бұрқақтары.
Мүмкін емес сіз жайлы сыр тоқтауы,
Хауа Ананың аяулы ұрпақтары!

Бала кезден ең үздік көркем ісім —
Мен түсінгем орныңды еркек үшін.
Мен ұға бастағанмын қадіріңді,
Тыңдап жүріп әжемнің ертегісін.

Әйел сыйлау сор емес саналы ұлға,
Анадан туылған бар адамың да…
Пайғамбар сүннетімен білемін мен,
Жұмақ кілті — анамның табанында…

Махаббат – ешбір тоқтау қылмаған із,
Ол жайлы ауылда әлі тұнған аңыз:
Мен туарда анамды әкем сүйген,
Әкемізді бақытты қылды анамыз.

Әкемізді бақытты қылды анамыз,
Сол сезімнен туыпты бұл балаңыз.
Бір аруды сүйгеннен туған ұл ем,
Өзімнің де сүйгенім — бір ғана қыз…

Маңызың санамнан еш кетер емес,
Бұл қалай тілектерге жетелемес?
Нұр көктемді сіздің төл мерекеңіз
Бастауы да, негізі, бекер емес!

Бұйырыпты бір мейрам түсіп (ол шын),
Сол мейрамда бір жылдың күші болсын!
Үш жүз алпыс бес күннің бір күнінде,
Үш жүз алпыс бес бақыт құсы қонсын!

Бұл қазақ – жаулық сыйлар ел еді дөп, —
Мен сөйлейін қазақтың өрені боп:
Сізге бақыт тілеймін шын баянды,
Бізге бақыт сіз барда керегі жоқ!

Сіздерсіздер – бақытты селдеткендер,
Біздің үмітімізді өрлеткендер!
Бір қолымен бесікті тербеткенде,
Бір қолымен әлемді тербеткендер!
Әрі қарай

Ауыл туралы

Блог - Arys_arlany: Ауыл туралы
Кеше кешкісін пейізбүкте бір фблас әріптесімнің постын оқып қалып өткен күндер естеліктері көз алдымнан бір сырғып шығып еді. Дәл қазіргі уақыт ауылда ұсақ малдардың (қой, ешкі) төлдеу басталатын уақыты. Мектеп кезінде үйде малды жайғау, қора тазалау үйдегі інім екеуміздің мойнымызда. Сабақтан келе сала арғы бетке, малдың өрісіне жүгіресің, қой туып қалматы ма екен деп. Туса қозысын алдыңғы екі аяғынан салбыратып ұстап алып, үйге тартасың. Кейде қойлар қозы туған жеріне қарай жүгіреді, ол кезде қозының «мәәә-мәәә» дейсің, қой жүгіріп келеді. Кейбірі түнде туып жатады, оны уақытында бақыламасаң суыққа қатып қалуы мүмкін. Әсіресе ешкінің лақтары өте әлжуаз болып туылады. Түнде төлдесе тезірек үйге апарып қоясың. Суықта аяқ алмақ түгілі маңырауға шамасы келмеген лақты алып, картон каропкаға салып, үйдегі пештің қасына қоясың. Үстін жартылай жабасың. Азанда «мәәәәәә» дегенде будилникке олай оянбайтын шығарсың. Сол лақтар бір аптадан кейін секеңдеп тез жетіліп кетуші еді. Ауылда жақсы ғой, артық проблема жоқ. Мал жайғастыру, аттың жабуын жабасың, сиырға пая саласың, қойдың жылы қораға қамап, арасында туып қалады ау деген «күдіктілерін» бір шолып, жылы үйде аяғыңды пешке төсеп жатасың. Ол кезде интернет түгілі, компьютердің тапшы кезі. Кешке үйдегі бар қызығымыз інім екеуміз кешкі асты ішер-ішпес сега ойнауға кірісеміз. «Балалық бал дәурен ай» дегендерді сол бала кезімізде түсінбеуші едік, осыны көріп-біліп сағыныштан айтады екен ау.

Ауылда қой кезек болып тұрады. Сабақ күндері жарты, демалыс күндері бір күн қой бағасың. Қой кезек бір жағынан рахат еді, бір кітапты қолтықтап алып, итіңді ертіп қойдың артынан жүресің. Айналаң тып-тыныш. Өзіңмен іштей тілдесесің. Ой қорытасың. Кітапты оқып отырып неше түрлі қиялдарға берілесің. Бір сөзбен айтқанда космостан қайтасың. Бала кездің қиялы да ұшқыр болады екен ау. Өскенде анау болам, мынау болам деп.

Өткенде ой шыңдау тапсырмасына орай суретке қарап шығарма жазу тапсырылған болатын. Есіме балалық шақтың естелігі қайта-қайта орала берді, сол шығарманы өне бойы ауылға сағынышпен жазып толтырған болармын. Сонда ауылдағы бір уақиға есіме түсіп еді. Қысқы каникулға шыққан кезіміз. Малдың күтімі тағы қолымызда. Азанда әкем қора жақтан дауыстап шақырып, сиырды айда деп тапсырды. Қорада қара тай болатын. Көк жеп, құтырып қалған. Соған мініп айда деді әкем. Басында жүрексініп тұрғанмен, тоқымын салып, жүгендедім. Әкем тізгеннен тартып тұрды, әуп етіп жайдақ мініп алдым. Сиырды алдыма салып көшеде келе жатып, екі бүйірінен нұқып қалып ем, ытқып шаба жөнелді. Сиырлар да жөңкіле қашты. Көшемен шауып келе жатып оқыс бұрылыста тай орнынан бұрылып қалды, мен бұрылған орынан ұшып түстім. Тайдан бірінші рет құлағаным солай есте қалыпты. Үйге жаяу келсем, әкем мазақтап "қопал екенсің ғой" деді. Содан бері қанша уақыт өтті, қанша сынақтарды өткеріппіз. Әкемнің сол сөзінің өзі балаға қандай тәрбие десей, «балам мығым бол дегені» еді ол. Балалық бал дәуреннің бірі сол екен да.

Блог - Arys_arlany: Ауыл туралы
Әрі қарай