Жыл санау

Халықтық жыл санау есебінде 12 жыл аты бар болса, олар туралы деректер VIII ғасырдағы “Күлтегін” ескерткіштері мен ХІ ғасырда өмір сүрген Махмұт Қашқаридың еңбектерінде кездеседі.

goroskopҚазақша жыл санау мен жыл қайыру кестесі бойынша жылдар бірінен соң бірі былай аталады: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. Жыл басы қазақтарда тышқаннан және Наурыз айының 22-сінен басталып, ол он екі жыл бір айналғанда мүшел жасты құрайды. Алайда, адамның алғашқы мүшелі – 13 жас. Біз енді әр жылдың қысқаша анықтамасына тоқталсақ.
Әрі қарай

Астанада Халықаралық КВН күніне арналған арнайы жоба өтті

Кеше Жастар сарайында Халықаралық КВН күніне арналған арнайы жоба өтті. Aldeken екеуіміз барып келдік. Алдекенге рахмет, ВИП билет алып қойыпты. Жюрилердің артында, 2-қатарда отырдық.

Жарысқа жас командалар қатысты, сондықтан ба Алдекен алдын ала ескертті қызық ойын болмайтын сияқты деп. Бірақ, маған ойын ұнады. Әр команданың қызық жерлері болды еске алатын.
Әрі қарай

Үкіметтік емес ұйымдар «Мемлекеттік тіл туралы» заңның жобасын мемелекетке ұсынбақ

Алдында осы жазбаны оқып қалып ем.

Алмытыда үкіметтік емес «Алаш үні», «Ұлт тағдыры», «Аллажар-қолдау», «Мемлекеттік тіл» қоғамдық бірлестігі өздері дайындаған «Мемлекеттік тіл туралы» заңның жобасымен таныстырып оны халық талқылауына ұсынды. Бұл талқылау бір ай көлемінде жүретін болады. Халықтың талқылауынан кейін бұл заң жобасы мемлекеттің қарауына тапсырылмақ.

Осы топтарға жетекшілік етіп жүрген жазушы, медицина және педагогика ғылымдарының докторы, профессоры Совет-Хан Ғаббасов: «тіл тәуелсіздігі болмай ұлт, халықтың тәуелсіздігі болуы мүмкін емес, осыған қарағандай қазақстан тәуелсіздігінде сезіне алмай отыр. Енді мемлекеттік тілді сыйламайтын халықтарды тәртіпке шақыру керек деп есептеймін. Егер осы заңымызды сәтті қабылдайтын болса сайлау заңы, жер заңы мен дін заңында дайындап ұсынбақпыз».

Осы топтардың тағы бір жетекшісі Дос Көшім өздері ұсынған заң жобасындағы ұстанымдарды қысқаша таныстырып өтті:

1. Негізі ұстанымның бірі- қос тілді қатар қолдануға мүмкіндік беретін ешқандай заңдық негіз жасамауға тырыстық

2. Қазақ тілді азаматтардың осы уақытқа шейін айтылған, қозғалаған мәселелерді заңдық тұрғыдан шешуге мүмкіндік беретін тарауларды енгіздік.

3. Орыс тілін басқа тілдерден ерекшелендірмеу және қазақ тілімен қатар қоймайтындай жағдай туғыздық. Себебі мемлекеттік тіл-мемлекеттік тіл, басқа тіл жоқ. Этностық топтардың бәрінің тілдерінің деңгейі бірдей олардың ешқайсысына ерекше жағдай жасалмайды.

4. Қазақ тілі міндетті басқа тіл қажеттілігіне қарай ұстанымға заңды негіздеме жасадық. Басқа да тіл өкілдері өз дәрежесінде дамытуға мүмкіншілік беріледі.

5. Мемлекеттік тілді міндеттеуді ашық заңға енгіздік.

6. Шетел заңдарымен салыстыра отырып қазақ елінің мемлекеттік тілі азаматтардың құқығы мен еркіндігін шектемеудің халықаралық заңдарда бар баптарын енгізуге тырыстық. Халықаралық тәжірибе шеңберінен шықпадық.

7. Заң заңдық мәдениеттік тұрғыдан берілді.

Бүгінгі жиынның мақсаты осы заңды халыққа жеткізіп, халықтың қолдауына ие болып мемлекеттің қарауына ұсыну, халықтың көз қарасын білу.

Сіздер қалай ойлайсыздар?
Әрі қарай

Басыңды қатырма!

Бір профессор сабағына келген студенттерге қолына су ішетін кесесін алып:
— Мынаның салмағы қанша деп ойлайсыздар?, — депті.
Студенттер:
— 100 грамм
Келесісі:
— 500 грамм
Тағы біреуі:
— 223 грамм,- деген екен.
Профессор:
— Ал мен оны осылай 5 минут қолымда ұстап тұрсам не болады?
Студенттер:
— Қолыңыз аздап тала бастағаны болмаса, аса жаман ештеңке бола қоймас.
Профессор:
— Ал, бір сағат көтеріп ұстап тұрсам?
Студенттер:
— Қолыңыз жансызданып, қан айналымы өзгереді. Содан соң біразға дейін қолыңызды сезбей қалуыңыз мүмкін.
Профессор:
— Бір тәулік ұстап тұрсам?
Студенттер:
— Онда сіздің ауруханаға түсуіңіз ғажап емес. Себебі, қолыңыздың хәлі мүлдем нашарлайтыны хақ.
Профессор:
— Негізі бұл кесенің салмағын өзім де білмеймін. Бірақ, ол аса маңызды емес. Бастысы, қандайда бір мәселе туындағанда сіздер онған 5 минут ойлансаңыз ол еш кері әсерін тигізбес. Егер миларыңызды ол проблемаға 1 сағат қатырсаңыз, ол сол күнгі алға қойған біраз жоспарларыңызға кері әсерін тигізеді. Ал, осы мәселеге бір күн бойы бас қатырсаңыз қаншама уақытыңызды сарп етіп, көп мақсаттарыңызға деген ынта-ықыласыңызды жояды.
Әрі қарай

Ең қысқа мухахала


Осы жамағаттас муахахалаларды көріп, жоқтан тиын жасауға да болады екен демеске тазигім қалмады. Уикидің муахаба бетінде Қаддафидің туған қаласы Сирттың маңында деп жатыр :)

Викибілім: Википедиядағы қазақша мақала саны 100 000-нан асты
satibaldi: Жақында ҚазУыкыпэдыяның жазбалары — 16 млн. болад!!!
Әрі қарай

Ұлыңызды әскерге жібересіз бе?

Қазіргі кезде "өлім оқиғасы" әскерде жиі орын алып барады. Соның салдарынан бір отбасы жалғызынан, бірі тұңғышынан, енді бірі кенжесінен айырылуда.Темірдей тәртібі бар "мекен"-ге қаншалықты көңіліңіз толады? Сіз болашақ ата-ана ретінде (немесе ата-анасыз), не айтар едіңіз?
Әрі қарай

Абайдың қара сөздері - I сөз

I сөз

Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық — әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!
Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.
Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі — бір тез қартайтатұғын күйік.
Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?
Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен керерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым.
Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.
Әрі қарай

ҚАРА-АЛА СЫРМАҚ Жақсылық ҚАЗЫМҰРАТҰЛЫ

Ар ма алқалы керекинфолықтар! Сіздердің алдарыңызға тағы бір жас ақынды әкеп отырмын. Өзін емес, өлеңін көріңіздер. ҚазҰУ-дың мұзбалағы. Көп ғашық болатын жігіт. Соған қарағанда бірдеңе шығады-ау деп ойлаймыз.
Әрі қарай