ҚАРА-АЛА СЫРМАҚ Жақсылық ҚАЗЫМҰРАТҰЛЫ
Ар ма алқалы керекинфолықтар! Сіздердің алдарыңызға тағы бір жас ақынды әкеп отырмын. Өзін емес, өлеңін көріңіздер. ҚазҰУ-дың мұзбалағы. Көп ғашық болатын жігіт. Соған қарағанда бірдеңе шығады-ау деп ойлаймыз.
Көңілімнен айығар сырғақ-күдік,
Бала күнді толғансам жырлап тұнық.
Анам сонда жүретін тым асығып,
Ою салып, өрнектеп, сырмақ тігіп.
Балалықтың аңсадым құлынды әнін,
Қайда қалдың тым тентек жұлынған үн.
«Келіншек алып берем» — дейтін анам,
«Қайтесің?» — деп сұрасам «мұның бәрін».
Армандаумен өткеріп таңды кілең,
Бір қиял көкірегімде жанды білем.
«Келіншек алу үшін» — деп ойладым,
Өрнекті сырмақ керек алдыменен.
Бәрі де сақталыпты есте берік,
Сырмақтар тігілген соң кестеленіп:
«Көршінің кенже қызын алып бер» — деп,
Қыйғылық салдым бір күн кешке келіп.
Шағым ол ойламайтын тереңдей тым,
Қайғының сезінбеген керең кейпін.
Үйіне барсам ылғи әкесі де,
«Қызымды саған ғана берем» — дейтін
Гүл-балалық құшағын тұрады ашып,
Естуге шат күлкіні құлақ асық.
Әйтеуір жалған-шынын біле алмадым,
Анашым келді бір күн құдаласып.
Қуаныш үн көңілді көтерді асқақ,
Енді бәрін көзіммен өтем жасқап.
Жүрдім сосын сыртынан иемденіп,
Ауылда жігіт те жоқ бөтен-бастақ.
Елітіп жастығымның күй ырғағы
Аңсадым арман жолын қиырдағы.
Тігіліп қанша сырмақ бітсе дағы
Қайтейін көрші қыз да бұйырмады.
Малданып белең берген жырға қылаң,
Кеудемде шертілгенмен сырғалым ән.
«Олжасыз» барғанымда анашым-ау,
Ұялам сол қара-ала сырмағыңнан.
Көңілімнен айығар сырғақ-күдік,
Бала күнді толғансам жырлап тұнық.
Анам сонда жүретін тым асығып,
Ою салып, өрнектеп, сырмақ тігіп.
Балалықтың аңсадым құлынды әнін,
Қайда қалдың тым тентек жұлынған үн.
«Келіншек алып берем» — дейтін анам,
«Қайтесің?» — деп сұрасам «мұның бәрін».
Армандаумен өткеріп таңды кілең,
Бір қиял көкірегімде жанды білем.
«Келіншек алу үшін» — деп ойладым,
Өрнекті сырмақ керек алдыменен.
Бәрі де сақталыпты есте берік,
Сырмақтар тігілген соң кестеленіп:
«Көршінің кенже қызын алып бер» — деп,
Қыйғылық салдым бір күн кешке келіп.
Шағым ол ойламайтын тереңдей тым,
Қайғының сезінбеген керең кейпін.
Үйіне барсам ылғи әкесі де,
«Қызымды саған ғана берем» — дейтін
Гүл-балалық құшағын тұрады ашып,
Естуге шат күлкіні құлақ асық.
Әйтеуір жалған-шынын біле алмадым,
Анашым келді бір күн құдаласып.
Қуаныш үн көңілді көтерді асқақ,
Енді бәрін көзіммен өтем жасқап.
Жүрдім сосын сыртынан иемденіп,
Ауылда жігіт те жоқ бөтен-бастақ.
Елітіп жастығымның күй ырғағы
Аңсадым арман жолын қиырдағы.
Тігіліп қанша сырмақ бітсе дағы
Қайтейін көрші қыз да бұйырмады.
Малданып белең берген жырға қылаң,
Кеудемде шертілгенмен сырғалым ән.
«Олжасыз» барғанымда анашым-ау,
Ұялам сол қара-ала сырмағыңнан.
10 пікір