Атыс-шабыс

Алматыда жарты жыл дегенде реально мас жігіт қасыма келіп — Братан темекің барма? деген. Үндеместен темекі бердім. Сөйлеуге әлі келмедіма, қолымен ымдаған кезде қалтамнан зажигалкамда алып темекісін тұтатып бергенмін. Онан соң «Каменка қай жақта?» деп сұрады. Мына жақта деп оң тарапты көрсеттім. «Аа рахмет бырат», деді де наоборот Сайн көшесі жаққа кетті. Бұл оқиғаға дейін, жарты жыл Алматыда жүріп мас адамды шынымен көрмедім.
Ал мына жерде не только бухают, тут еще и стреляют!

Тоқсаныншылар қайтып келе жатыр. Қарсы алыңыз.
Әрі қарай

Қазақ тілі жайлы кішкене ойым

Сәлемім сіздерге «Керек инфо»! Тіл туралы жазғым келді.Қазақ тілі жайлы.Жалпы, адамзаттың тілін әр түрлі тұрғыда қарастыруға болады.Мысалы, «тауар» есебінде.Егер тауар сөреде тұра берсе, не болады?Әрине, сақталу мерзімі өтіп кетеді, пайдалануға жарамай қалады.
Сол сияқты,"Қазақ тілін" тауар ретінде қарастырсақ, тіліміз сұранысқа ие ме?Қаншалықты сұранысқа ие?Қандай салаларда аз қолданылады? Неге ол салада қазақ тілі дұрыс дамымай жатыр?
Сіздің ойыңыз қандай?
Әрі қарай

Жол көлік оқиғасына тап болсаңыз (жалғасы)

Жалғасы. Басы мында.

Сақтандырушы компанияға бармастан бұрын осыған қатысты заңнамамен танысып алған едім. Соным іске асты. Мысалы, көлікке тиген зиянды бағалау үшін бағалау фирмасын жалдау керек. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті міндетті сақтандыру туралы» ҚР заңына сәйкес, кінәлі тараптың сақтандырушысы зардап шегуші тарапқа бағалау компанияларының тізімін ұсынуы керек, соның ішінен зардап шегуші өзі қалаған фирманы таңдайды. Ал біздің жағдайда СК (сақтандыру компаниясы дегенім, артық ештеңе ойлап қалмаңыздар) өкілі біз тек бір компаниямен жұмыс істейміз, әрдайым осылай деді. Бағалаушы компанияның таңдалуы өте маңызды нәрсе, себебі әмпей-жәмпейлес компания болса, зардап көлемін кішірейтіп жазып береді, сөйтіп СКдан аз қаржы кетеді. Мен әдейілеп қағазға басып апарған жоғарыдағы заңды көрсетіп, өз құқығымды пайдаланғым келетінін айттым. СК өкілінің түсі өзгеріп сала берді, өз қалауыңызша кез келгенін таңдаңыз деген жауап берді. Арызымды жаздым да, кете бардым.
Әрі қарай

Big Som

«Дома Дома» сөзімен белгілі Big Som ды рэптен азым аз хабары бар адам біледі. Жаңа клипін тауып алдым. Бөліскім келіп осында салып отырмын. Қайбір жылдары жерлесім (Big Som) Ресейдің рэп-конкурстан барлық орысты шаң жұттырып бірінші орын алып келген еді.
Әрі қарай

Конкурсқа бірге қатынасайық, БҰТтан кетпейік

Білім гранттары талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтар, тіл бөлімдері және оқу нысандары бойынша мамандықтар кезектілігіне сай білім грантын беру туралы куәлікті берумен қоса бірыңғай ұлттық немесе кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша сертификаттар баллдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі.

Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер 23 – 31 шілде кезеңінде қабылданады.
Әрі қарай

Прометей - бөтен әлемнен ізделген туыстық



Прометей деген кім және не?
Аттас фильм туралы жазбас бұрын, атауына назар аударайық. Грек мифологиясында Прометей деген титан болғанын айта кету керек. Ол адамдарды құдайлардың қаһарынан қорғаушы болған. Аңызға сәйкес Прометей адамдарды топырақ пен судан жаратты.

Сондай-ақ, фильмдегі саяхатшылардың ғарыш кемесі «Прометей» деп аталады. Осы арқылы фильм атауында бірнеше түрлі мән-мағына жатқанын байқауға болады.
Әрі қарай

Ақтөбе 143-те!!!

Иә, қалаға шамамен бір жарым ғасыр. 28-нші мамыр — Ақтөбе қаласының туған күні! Әрине, қаламыз жас жағынан ел ордамыз — Астанадан үлкен болғанымен, Қазақстанның бірқатар қалаларынан әлдеқайда кіші. Осыған орай, қала орталығында мерекелік іс шаралар мен концерттер ұйымдастырылд. «Шашуымды қабыл ал, ару қалам!» атты концерт Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы саябақта өтті. Аталмыш бағдарлама сағат 21:00-де басталд. Жергілікті әншілер Ақтөбе қаласы туралы өздерінің танымал әндерін орындад, бишілер өздерінің өнерлерімен таң қалдырд, онымен қоса, аспанға шамдар ұшырылд. Нәтижесінде Әбілқайыр хан даңғылында көлік кептелісі пайда болд, ал полиция қызметкерлері болса, жалпы тәртіптің және жол ережесінің сақталуын қадағалад.


Әрі қарай

Голды Hollywood эффектілерімен тойлау

Гол салу немесе жеңіске жету кезінде әрбір ойыншының жан дүниесінде, сөзбен айтып жеткізе алмайтын сезімдер тулайды. Сондай қуанышты сәттердің hollywood стильіндегі өңдеуден өткен топтамасы
Әрі қарай