Ақтөбе 143-те!!!

Иә, қалаға шамамен бір жарым ғасыр. 28-нші мамыр — Ақтөбе қаласының туған күні! Әрине, қаламыз жас жағынан ел ордамыз — Астанадан үлкен болғанымен, Қазақстанның бірқатар қалаларынан әлдеқайда кіші. Осыған орай, қала орталығында мерекелік іс шаралар мен концерттер ұйымдастырылд. «Шашуымды қабыл ал, ару қалам!» атты концерт Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы саябақта өтті. Аталмыш бағдарлама сағат 21:00-де басталд. Жергілікті әншілер Ақтөбе қаласы туралы өздерінің танымал әндерін орындад, бишілер өздерінің өнерлерімен таң қалдырд, онымен қоса, аспанға шамдар ұшырылд. Нәтижесінде Әбілқайыр хан даңғылында көлік кептелісі пайда болд, ал полиция қызметкерлері болса, жалпы тәртіптің және жол ережесінің сақталуын қадағалад.




Ақтөбе қаласының негізі 1869 жылы 28 мамырда қаланд, Қазақстан Республикасының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы болып табылады. Ақтөбе қаласының әкімшілік аумағы 2,3 мың шаршы километрді құрайд. Оған қала аумағындағы бес селолық округ (Благодар, Қарғалы, Қурайлы, Новый, Сазды) кіред.
Ақтөбе қаласы биіктігі 250-400 метр болатын Орал үстіртінің оңтүстік бөлігіндегі Орал өзенінің сол жақ құйылысы – Електің сол жақ жағалауында орналасқан. Қала солтүстік-батыс жағында Ақтөбе облысының Мәртөк ауданымен, солтүстік – шығыста Қарғалы ауданымен, шығысында Хромтау ауданымен, оңтүстігінде және оңтүстік – батысында Алға ауданымен шекараласад.
Қала 1869 жылы негізі қаланған Ақтөбе (Ақ Төбе) бекінісінің орнында пайда болд. Негізі қаланған соң алғашқы үш онжылдық бойы Ақтөбенің шаруашылық өмірі қазақтардың көшпелі мал шаруашылығымен тығыз байланысты болды. Сонымен қатар оның айналасына халық қоныстана бастады. Құнарлы топырағы мен керемет орналасқан жері Ресей империясының түпкір-түпкірінен біртіндеп келімсектерді өзіне тартты.Бекініс құрылысының алғашқы бас жоспары 1874 жылы әзірленд. Елді мекен мынадай өзіндік шағын аудандарға бөлінед: Құрмыш, Татар слободасы, Отарвановка. Алғашқы көшелер Гарнизонный, Крепостный, Оренбургский, Елек, Георгиевский деп аталды. 1891 жылы Ақтөбе гарнизон бекінісі Торғай облысының Ақтөбе қаласына айналд. ХХ ғасырдың бас кезінде Ақтөбе арқылы Орынбор-Ташкент темір жолы өтті. Ол қала экономикасының дамуына жаңа серпін берд.
1932 жылы 10 наурызда Ақтөбе Ақтөбе облысының орталығы болд. 60 — жылдардың ортасынан бастап шағын тұрғын аудандар мен массивтер құрылысы басталд. 1977 жылы Ақтөбе Батыс-Қазақстан темір жолы орталығына айналд. Ал 1999 жылы 11 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша «Актюба-Актюбинск» қаласы «Ақтөбе» деп атала бастад. Бұл «Ақ төбе» деген ұғымды білдіреді. Яғни, Алматы – «Эппл Сити» болса, Ақтөбе – «Уайт Хилл».)

З.Ы. Өркендей бер, құтты мекен — Ақтөбе және өткен туған күніңмен!!!
Бөлісу:

10 пікір

asaubota
125 жасынан бері тойланып келеді. есімде ең алғашқысында Дима Маликов келіп еді, стадионда болды концерті.
MickThatsMyNick
Дима Мәлік енді 145 не 150 жылдығында келетін шығар.)
araika
«Ы» әрпінен кризис па, қалай?
MickThatsMyNick
жоқ бұл «Ы» әрпіне жасаған операциям ғо.)
asaubota
Қуаныңдар ақтөбеліктер! 14 желтоқсаннан бастап Ақтөбе-Астана-Ақтөбе маршрутында жаңа пойыз жүретін болды. Комфортты Тальго пойызымен енді екі ортаға 16 сағат шамасында баруға болады. Билет құны 12003,00 теңге. Барлығы 15 вагон және 1 ресторан мен 1 кафетерий вагон да бар. Хромтаумен өтпейді, босқа нетпеңдер

АКТОБЕ-АСТАНА 19:44 — 12:40

АСТАНА-АКТОБЕ 21:55 — 14:20

(уақыт Астана уақытымен көрсетілген)
MickThatsMyNick
Астананың жартысы енді ақтөбеліктер болатын болды ғо
bizbike
12003,00 теңге? қымбат қой мынауың! Қазақстан темір жолы құтырады, керім люкс сияқты вагондары. Купеге монитор іліп қояды, онысы істемейді
MickThatsMyNick
ал, 145 жыл құтты болсын.)
Tamila
Құтты болсын, 145 жасың АҚТӨБЕМ!!!
SaZhaM
Иәәә, бүгін той… Тойдың соңы біздің жігіттердің батыстық дербидегі жеңісімен аяқталса, нұр үстіне нұр болар еді!