"Алдар Көсе" туралы ертегілер

2011 жылы Алматы қалалық Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша «Azia animation» компаниясы «Алдар көсе туралы ертегілер» атты анимациялық топтаманы жарыққа шығарды. Онда 85 мультфильм, 50 ертегі, «Бізді қоршаған әлем атты» суретті аудио-cөздік қамтылған. Жоба продюсері – Игорь Краус пен авторы – Артур Краус. Мақсат қазақ тілін бүлдіршіндерге мультфильмдер мен ертегілер арқылы үйрету.
Әрине, мультфильмдердің барлығы керемет деп айту артық. Онда бала санасына жат сөздер де көп кездеседі. Мәселен, байдың бажылдақ әйелінің аузынан шыққан әрбір былапыт сөзді балалар бірден қағып алады. Мәселен, «қақпас, есуас неме, жынды» секілді тым дөрекі сөздер құлаққа түрпідей тиеді екен. Дегенмен Алматы қалалық Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бұл қадамы қуантарлық әрі құптарлық іс. Ендігі төрелік – патша көңілді оқырман сізде. Біз Алматы қалалық Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы Мамай Ахеттің арнайы рұхсатымен аталған топтаманы көпшілік оқырман назарына ұсынып отырмыз.


“Мінбер-Ақпарат”
Әрі қарай

Гүлге бүйрегі бұрмайтындар үшін

Әңгіме бөлме гүлдері жайында болмақ. Арамызда гүлге деген «сезімі» оянбай жүрген жандар болса, сол тізімнен жақында ғана босап шыққан біреудің төмендегі кеңесіне құлақ көз салыңыз.
Әрі қарай

Ана тілі

Апптырды - зынданға!
… Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде.
Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Бүгінгі қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды. Ана сүті сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған ұлттық қасиет тана сүтімен кірмейді. Тілі мен дінінен айырылған ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлденең көк аттының қолжаулығына айналады. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған емес.
Әрі қарай

Отан оттан да ыстық!

Отан – асыл ұғым. Отан оттан да ыстық. Ол отбасынан басталып, тұтас бір мемлекетті жұмылдырып тұрған ұлы күш. Еліміздің әрбір азаматы «Отан» деген ұғымның оттан да ыстық қасиетіне бас иіп, оған адал қызмет етуге борышты. Осы жолда қайтпас қайсарлық пен айнымас шыдамдылық таныта білетін, ары мен намысын жоғары қоятын ұрпақ тәрбиелеу абыройлы іс болмақ. Жарқын болашақ, Отансүйгіштік, ұлтжандылық секілді асыл сезімнің өміршең екенін көрсетті.Ел қорғау – абыройлы іс. Азаттықты аңсаған ата-бабаларымыз талай шайқас, қан майданның тезінен өтіп, ұрпағына ұлан байтақ жерді аманат етті. Жас ұрпаққа ғасырлар бойы ата-бабаларымыз қорғаған Атамекенді көздің қарашығындай сақтау өсиет етілген.
Әрі қарай

Мой брат Азаматтт..( ІІІ-бөлім)


Бірде магазинге кіріп кеткен. Сәлден соң шықты. Қолында пакеті бар. Пакет прозрачный. Пакет ішінде анау-мынау заттарымен бірге «Олвэйс» анық көрініп тұр. Анау… естеріңізде ма… қанаттарымен ше?!!! Әлі үйленбеген кезі. Не үшін керек деп ойланып тұрдым да ақыры сұрауға бел будым. Сөйтсем жазда кроссовки іші тез терлиді ғой жазда. Әйелдер ғана и то айына бір рет қана пайдаланатын зат осындайда таптырмайтын құрал екен. Қанаттарын қайырып, айналдырып ұлтарақ астына салып қойса аяқ терлемиді екен. Ой күлгенімді айй…
«Біреудің үйіне кірген кезде носкиіңе жабысып шығып тұрса не істейсің?,-десем,-Түспейді,-деп қояд.
… Эххх сол кездер айййййййй…
Әрі қарай

2011 жылғы Қазақстандағы ең көп жалақы алатын маман иелері

Бұл жерде: Атқаратын қызметі, ұсынылған табыс (USD)АҚШ долларымен және қызмет атқару саласы бойынша қарастырылған. Ендеше байқап көрейік.

Құрылыс холдингісінің коммерциялық директоры айына 20000 у.е алса.
Мұнай-газ саласының экономика эксперті айына 16800 алса.
Мұнай-газ саласына қызмет көрсету фирмасының салық эсперті 14400 алады екен.
Қойма комплексіне қарасты логистикалық компанияның директоры 13500 алса.
Халықаралық коммерциялық емес банктің қоғаммен байланыс директоры 10500 долларды қалтаға басады.
Әрі қарай

1 миллиард жылдық пароль, епті

Казлайфтың бір сілтемесі арқылы өтіп құпия сөзімнің қаншалықты қауіпсіз екенін білмек болғанмын. Сөйтсем, менікін 1 миллиард жылда бұзуы мүмкін екен.

Өзіңіздікін тексеріп көргіңіз келсе

Епті, тура осылай болса менің құпия сөзімді Қарасақал қайдан біліп жүр? Әлде, 1 миллиард жылға сәйкес келіп қалды ма?
Очм, мені Қазлайф алдап соқты
Әрі қарай