Гүлге бүйрегі бұрмайтындар үшін









Иә, мен сондаймын


1. Vermont өнімі – ол минимум 5 жылға дейін өмір сүретін (Қазақстанда 4-8 жыл дейді, асыра мақтаған түрлері ме?)
Төмендегі менің таңдауым, яғни алғашқы махаббатым


Сапа сөз болған жерде, бағаны да айта кеткен жөн шығар. Қымбаттау, есесіне, сіз жыл сайын гүлге ақша шашпайсыз


Қыздар, үйлену тойына арналған букеттері де бар!

КерекИнфо: егер толығырақ танысам десеңіз, мына үлкен үйге барып, әр бөлмесін қарап шығуға рұқсат. Оған қоса, басқа да қалаларда пәтерлері бар (Твиттер, Вконтакте, Фэйсбук)
Реалда қауышқыңыз келсе, Астана қаласы, Тұран,24 «Сарыарқа»СО, 1-қабат және Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы 59/2, ТРЦ «City Mall».
2. Драцена Сандера ( үй бамбугі). Бұл гүл таңсық емес болар. Бірақ, мені қуантатыны — топырақ салып, өсінді шықса келесі ыдысқа ауыстырып әуреге салмауы. Бар қорегі – «бір жұтым су». Бірақ, басқа да көмектерге зәру болмасына кепіл бере алмаймын. «Сары ауру»-ға ұшырағандарын көргем, сол себепті дер кезінде емдеп отырыңыздар!
Бәз біреулердің сөзіне сенсек, бақыт әкелетін, өзіндік қасиеті бар гүл.
3. Егер «жоқ, менің гүлдерге аллергиям бар не өсіре алмаймын» десеңіз, онда үйіңіздің интерьеріне өз үлесін қоса алатын жасанды гүлдерге жүгініңіз.
Бұларды кездестіру тым қиынға соғады деп ойламаймын, кез келген сауда үйінен табу мүмкіндігіңіз жоғары.
P.S. Өз тәжірибеммен бөлісіп отырмын, қажет болса керегіңізге жаратарсыз. Жеңгетайлық жасап жатсам, ренжімеңіздер, жақсы ниетпен ғана

Сүгіреттерді бәрі ұйқыға кеткенде, әркімнен ұрлап алдым.

ал, тақырыпқа айтар ештеңем жоқ. гүлдерді ұнатпаймын
баптапкөре аласың дейді.Досыңның айтқанын естен шығарма!
Аз ғана түзету — екінші тұрған бамбук емес, драцена
Жасанды гүлдерді аса құптамаймын. Олардың материалы көбіне тығыз болып келетіндіктен, шаңды көп жинайды.
Жасанды гүлдер соңғы үміт үшін жазылған ғой
Үйдегіге Amway-дың Loc(көпфункционалды)-ынан кішкене қосып, суды алдын-ала 1 күн бұрын дайындап аламыз. Содан бері, сарғайғанын көргенім жоқ.