Тағы бір досымды жоғалтқым келмейді

Тағы бір досымды жоғалтқым келмейді. Одан айырылып, жабырқаған сәттерде мұңымды бөлісетін адам табылмай қала ма деп қорқам. Мұндай жағдай бұған дейін болған… Мәселе мынада. менің ер бала жолдастарым көп. Қыздармен бөліскенше сол сырларымды ер баламен бөліскенім әлдеқайда жақсы. Өз ойым, олар ешқашан сенің арқаңа түкірмейді, әрдайым қысылған, қиналған сәтте жаныңнан табылады. Бірақ сол достарымның уақыт өте келе маған деген достық адал сезімдері махаббаттың сезіміне айналуына қапа болам. Сөйтіп олар менің досым емес, маған ғашық адамға айналады… Біртіндеп арамызды суытамын да жоғалып кетемін, себебі олардың сезіміне солай жауап бере алмаймын.
Айтайын дегенім, осы бойжеткен қыз бала мен жігіттің арасындағы достық сезімді қалайша сақтап қалуға болады? сіздердің пікірлеріңіз бен кеңестеріңізді күтем. Себебі тағы бір досымды жоғалтқым келмейді…
Әрі қарай

Мағауин ұрлықшы?

Жә, тақырыпты көріп жерден жеті қоян тапты екен деп ойлап қалмаңыз. Аздап қатысы бар алайда. Астанаға келгелі алғаш рет уикэндте ешқайда шықпай үйде жатып кітап оқыдым. Бары осы. Әуелі Эдгар Поның «Алтын қоңызын» қайтара бір оқып шығуды мақсат еттім. Бұрын да оқыған кітабым ғой. Зырылдатып отырғанмын. Тек, бір тұсқа келгенде аздап күмілжіп қалдым. Осыдан бірнеше жыл бұрын Мағауиннің «Жармағын» оқып шыққан едім. Сол кезде оқиға желісі сондай таныс көрінді. Әңгіменің ортасына жетпей жатып-ақ, соңында екеуі бір адам болатынын сездім. Алайда, неге екенін, қалай оны білгенімді түсіне алмай қойдым. Дежа-вью. Поны оқып отырғанда тура осындай сезімде болым. Себебі, оның Вильям Вильсон әңгімесі «Жармақтан» айнымайды ғой. Жоооқ, «Жармақтың» желісі «Вильям Вильсоннан» алынған екен. Екеуінде де бір адамның екі бейнесі. Сөзбе-сөз көшірілмегені анық. Ал, желісінің, идеяның Подан алынғаны айқын. Бұнымен жазушыны айыптағым келіп отырғаны шамалы. Мен үшін таңқаларлық болғандықтан бөлісе кетуді жөн көрдім. П.С. Сондай-ақ, уикэндімнің арқасында Ронюскэ Мұртазаның шығу тегінен біраз хабардар болдым.

Әрі қарай

қызыл сақа

Қызыл сақа

Ауылымда, мендік рахат бейіште,
Ешкім білмес елден ерек еңісте.
Құлдыраңдап жүретінбіз бала боп,
Бала болып, сәби болып періште.

Сол ауылда кездерімнен ес білген,
Достарыммен асық ойнап өстім мен.
Он кенейге алған қызыл сақаммен,
Жеңілуді білмейтінмін ешкімнен.

Қына бояу қызыл сақам керемет,
Алшысынан тік түсудің шебері ет.
Шиырып кеп атқан кезде дәл тиіп,
Шатқа бөлеп жіберетін не керек!

Жеңілгендер келтірсе де сан күдік,
Бәрін ұтып қайтатынмын паң күліп.
Қызыл сақам қызықтырып қолымда
жүретұғын естен бәрін тандырып.

Мақтанышым сонда менің сақа анық,
Ұтылғанға жүрем түрді қатал ғып.
Кердең бастым бала арманы асыққа
ауылдағы ең бай бала атанып.

Балалық-ай!
Бала көңіл, балаң шақ,
Асық өмір асықтырды жан аңсап.
Ауылым да қалды қырдың астында,
Асық емес қазір қолда қаламсап.

Қазір ойын шын өмірге жалғасты,
Асық күндер ғашық түнмен алмасты.
Қызыл сақа түскен шақта қолымнан,
Қызылшақа өлең жазғам алғашқы.

Қызық күндер көз алдымда зырлапты,
Уақыттарым көп нәрсені ұрлапты.
Қиялымның сағымына айналған,
Ауылдағы сол бір күндер тым тәтті,

… Мына өмір — туындаған көп сұрақ,
Асықтардың ойынындай боп тұрат.
Бәрін бірдей ұтып алғым келеді,
Әттең оған қызыл сақам жоқ бірақ…
Әрі қарай

Проксаны "ұйықтату"

Қыркүйектің 2-сі күні (түнде)еліміздің біраз бокссүйерлері көк жәшікке телмірді. сондай-ақ дәл осындай құбылыс поляк жанкүйерлерінің ішінді де орын алыпты. Себебі, АҚШ-та біздің Геннадий Головкин мен Гжегож Прокса өзара кім мықты екендігін анықтау үстінде еді.WBA бойынша орта салмақтағы чемпиондық атақты тартып алмақ болған Проксаның әрекетінен түк өнбеді. Дей тұрғанмен оны оңай қарсылас деуге де келе қоймас. 4 раундта алған нокдаунынан кейін есін жиып, 5-ші раундта бірақ құлады ғой қасқа бала.
Сөйтіп біздің Гена (жаңалықтардан баяғыда естіп алғандарыңызға сенімім мол) өзінің 24-ші жеңісіне қол жеткізіп,21-ші нокаутын қойын дәптеріне түртіп қойды.

ПыСы: Керектік жігіттер Майқұдыққа келіп тойлаған түні, Генамыз да біздің үйде, біздің подъезде менің служагымның үйінде болыпты. Служагым «Сендердікіне кірейік дедік те, ұялдық » дейді. Ән салып, шулап жатқанымызға қызығыпты негізі.

Әрі қарай

Айт туралы ешкім айтпай ма?

Кеше күн ұзақ жолда болдым да ешкімнің үйіне айттап кіре алмадым шыны керек. «Керекке » де бас сұға алмадым. Қолым сәл босай қалған кезде, ақтарып отырып «Ораза айты» жайында ешкімнің жазбағанын байқағандаймын.
Ораза айттарыңыз қабыл болсын!
Әрі қарай

Бар байлығы әлемнің...

Кенжетайым таңертең апасының қойнында оянса, мені іздеп, менің қойнымнан тұрса, апасын іздеп кететін әдеті бар. Бағана таңертең апасын іздеп кетті, ол арада атасы да келді. Екеуінің ортасында ойнап, кезек-кезек құшақтап, бала да мәз, олар да мәз. Сол арада, апасының есіне әлдене түсіп кетпесі бар ма…
Осыдан тура екі жыл бұрын, маусымның ортасы болатын.
Әрі қарай

Ой түбінде жатқан сөз...

Кейде «Керектегі» жазбалардан гөрі, жазылған пікірлер әлдеқайда қызық. Кей пікірді оқығанда күлесің, кейде жылағың келеді. Кей пікірлер ашу шақыртса, кей пікірлерге «келіспеске шарам жоқ» дегендей бас шайқаудан басқа амалың қалмайды. Бұл жазбада қолым қалт еткенде оқи жөнелуді әдетке айналдырған «Керек инфо» сайтындағы көңілден шыққан кей пікірлерді орналастырдым.

*** *** ***
Қазақша білмейтін, қазақша ойламайтын қазақтарды қазақ деп санамаймын. asaubota
Әрі қарай

Жол көлік оқиғасына тап болсаңыз

Осыдан дәл бір жыл бұрын кішігірім жол көлік оқиғасына тап болдым. Маршруттық автобус жүргізушісі оңға қарай жолақ ауыстырам деп белгі шырағын жақпастан оң жақ жолақта келе жатқан менің көлігіме соғылды. Бірқалыпты бұрылыс болатын, мүмкін көрмей қалған шығар. Осы оқиғадағы жол полициясының қазметкерлерімен әңгімеден бастап, ең ақыры сақтандыру сомасын алғанға дейінгі азды көпті тәжірибеммен бөліскім келіп отыр (өзім сұрақтарыма жауап іздеп интернетті көп ақтарғам). Бірақ ешкімге керек болмай ақ қойсын деп тілеймін әрине.

Сонымен, кеттік!
Әрі қарай