Армандарға оралу
Барлығымыз бала кезде армандадық. “Өскенде кім боласың?” десе әрқашан жауабымыз дайын. Арман демейміз, дәл солай болатынына кәміл сенетін едік.
Кейін өсе келе бәрі бос қиял екендігін мойындадық. Мектеп қабырғасында, жоғарғы сыныпта өзге арман, мақсаттар пайда болды. Бұл мақсаттарымызда отансүйгіштік сезім басым, “ертең еліме қызмет етем” деп ойламаған оқушы жоқ шығар.
Өкініштісі, студенттік шақта, оқу бітіргенде бұл мақсаттардың быт-шыты шығады. 4 жыл біреулерге ойын-күлкімен, екіншілерге қосымша жұмыс істеумен өтеді. Бас алмай оқығанмен елімізде ЖОО-ң жағдайы мәз емес. Бітірген соң, жұмыс таппағандар не ауылына қайтады, не уақытша өзге жұмыстарға орналасады. Немесе магистрға түседі
Әйтеуір, әркім бұйырған жағына барып, жаңа өмірге аяқ басады. Бұл кезде тек ақша табуды ойлайтынымызды жасырмайық. Себебі, ақша жетіспейді. Үй керек, үйлену керек. Болашағыңа алаңдайсың. Сондықтан, өзге ойларды ысырып қойып, ұнасын-ұнамасын таңнан кешке дейін барың салып жұмыс істейсің. Бұл жағдай әрбір жігіттің басынан өтті десем артық болмайтын шығар.
Күндердің күні түбі шамалы реттеледі ғой бәрі. Тәжірибе жинақтайсың, әр нәрсеге өзіндік ұстанымың пайда болады. Өзіңе деген сенімің нығая түседі. Міне, осы кезде(әлбетте, оған дейін де) мектепте қалып кеткен армандарға оралу керек.
Бүгінде елге қызмет етуді қалай түсінесің?
Бұрын өз-өзіңе қандай уәде берген едің?
Бұрынғы мақсаттарыңның қайсысын бүгінгі таңда жүзеге асыра алар едің?
Өзің жасамасаң да неге келесі буынға көрсетпеске?
Бұл замандастарыма жай ғана еске салу болған. “Ер ел үшін туады, ел үшін өледі” дейді. Қазір ең керемет кезең. Еліміз аман, жұртымыз тыныш. Ізденген адамға мүмкіндік, еңбек еткенге кәсіп көп. Десекте, дүние алма кезек, ертең не күтіп тұрғаны белгісіз. Еліміздің жарқын болашағы үшін қолымыздан келгенін жасаудан аянып қалмайық! Істеріңізге сәттілік. Елге қызмет етейік!
http://erekeenu.wordpress.com/
Әрі қарай
Кейін өсе келе бәрі бос қиял екендігін мойындадық. Мектеп қабырғасында, жоғарғы сыныпта өзге арман, мақсаттар пайда болды. Бұл мақсаттарымызда отансүйгіштік сезім басым, “ертең еліме қызмет етем” деп ойламаған оқушы жоқ шығар.
Өкініштісі, студенттік шақта, оқу бітіргенде бұл мақсаттардың быт-шыты шығады. 4 жыл біреулерге ойын-күлкімен, екіншілерге қосымша жұмыс істеумен өтеді. Бас алмай оқығанмен елімізде ЖОО-ң жағдайы мәз емес. Бітірген соң, жұмыс таппағандар не ауылына қайтады, не уақытша өзге жұмыстарға орналасады. Немесе магистрға түседі
Күндердің күні түбі шамалы реттеледі ғой бәрі. Тәжірибе жинақтайсың, әр нәрсеге өзіндік ұстанымың пайда болады. Өзіңе деген сенімің нығая түседі. Міне, осы кезде(әлбетте, оған дейін де) мектепте қалып кеткен армандарға оралу керек.
Бүгінде елге қызмет етуді қалай түсінесің?
Бұрын өз-өзіңе қандай уәде берген едің?
Бұрынғы мақсаттарыңның қайсысын бүгінгі таңда жүзеге асыра алар едің?
Өзің жасамасаң да неге келесі буынға көрсетпеске?
Бұл замандастарыма жай ғана еске салу болған. “Ер ел үшін туады, ел үшін өледі” дейді. Қазір ең керемет кезең. Еліміз аман, жұртымыз тыныш. Ізденген адамға мүмкіндік, еңбек еткенге кәсіп көп. Десекте, дүние алма кезек, ертең не күтіп тұрғаны белгісіз. Еліміздің жарқын болашағы үшін қолымыздан келгенін жасаудан аянып қалмайық! Істеріңізге сәттілік. Елге қызмет етейік!
http://erekeenu.wordpress.com/


2-ші курсты сырттай жалғастырдым… Арасына бір жыл үзіліс салып. Бұл уақыт арасында нендей тірліктермен айналысқанымды тағы бір жазармын… Алайда, осы арадағы бір жыл өмірге бейімделуге әбден-ақ үйретті. Сырттай деген оқу, оқу ма?!.. Жылына 40-күн барып қайтатынбыз. Әлгі бір ертегілердей 40-күн ойын болатын
Кезекті менің бұл тақырыбым осы сайтқа жазуға жарай ма әлде минус болама білмеймін. Бірақ кімнен сұрарымды білмедім. Нағыз жарамай жатса өшіре салармын. Бүгін мен интернетте отырып бір бағдарлама көрдім. Ол адам өмірін құтқарған батырлар туралы. Соңында рак ауруына ұшыраған кішкентай қызды көрсетті. Оның сыныптастары барлық жағынан қолдау көрсетіп, көмектеседі екен. Көріп, бір жылап алдым. Содан соң ойға қалдым, біздің елде де сондай көмекке зәру адамдар көп қой. Ауруларды санамағанда жетімдер, соның ішінде қазақтар қаншама. Бізде, шүкір, бәрі бар. Тіпті, қымбат сотка мен қымбат киім кимесем де мен өз күшіммен қалағаныма жете аламын. Ал кейбіреулердің оған шамасы жоқ. Бақытты отбасыда өмір сүргеннен артық қандай бақыт бар! Жетімдерге көмектесу — бала күнімнен ойымда бар еді.Тіпті, 3 жыл бұрын мектеп кезінде «алматы ақшамына» осы ойымды жеткізіп, мақаламды жариялаған болатынмын. Сонда мен бай адам болғым келеді, себебі мен сонда ғана жетімдерге көмектесе аламын дегем. Қазір де солай ойлаймын. Сонымен әңгіменің нақтысы, мен ешқашан жетімдер үйінде болмадым. Ойлап отырмын, осы жаңа жылда ең болмағанда бір балалар үйіне кішкене де болса да сыйлық жасасақ не болар екен? Мен әрине үлкен суммадағы қаражатпен көмектесе алмаймын. Бірақ қалай көмектесуге болады? Кім қалай ойлайды? Әлде босқа әуре болмау керек пе көп қаражат болмаса? Көп түкірсе көл болмай ма? Пікірлеріңізді жазуларыңызды сұраймын. 
«Ата салтың – халықтық қалпың» дегендей, өз жұртының қадір – қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетпен, оған мейлінше құрметпен қарау – ұлтымызға, елдігімізге сын.