Дарын Мубаров. "По блату"

Айтпады демеңіз, бұл блог жылнамамда болып көрмеген пост (ораза емес) болмақ… Ұзақтығы да, ұлағаттылығы жағынан да. Очм олай, жоқ былай: “Жұлдыздар отбасы” деген жорналдың жетінші саны жетті. Жылтыр бетін жырта жаздап оқыдық. Бастығымыз – бас редактор Қуат қасқа сұхбат беріп тастаса, редакцияның тышқақ тарақанына дейін қуанады емес пе? Еще жұрт жапырып оқитын “Жұлдыздарға” шықса…

Жарайды, сол жорналда жас пен кәріге бірдей таныс Дарын Мубаровтың да сұхбаты басылыпты. Таныстырайын ба, әй бәрің танитын шығарсыңдар. Ол – ақын. Ол – уағызшы. Осымен тоқтайын. Сұхбат жақсы-ақ, бірақ жорналдың қалыбына сыймай, тасып тұрғаны, оны “аяусыз” қысқартып, “армансыз” шолтитқаны көрініп тұр. “Жақсы сұхбат алыпсың” деп жақаурата, “Жұлдыздағы” журналист Марфуға Шапиянмен жазыстым (неде, неде? агентте). Расында, дәп тауыппын. Компьютер бетінде 11 парақ болған… 4-еуі ғана баспаға кетіпті. Мұндай “әділетсіздікке” қарсы тұрушы Кихоттық мінезім ұстап, сұхбаттың толық, семіз нұсқасын сұратып алғам :-) Аяғына дейін оқуға шыдамыңыз жетпесе, ортасына дейін, ортасы болмаса, осы жерге дейін оқыңыз. Жоқ, оқыңызшыыы!!! Себебі, сұхбат, қалай айтсам… в шоколаде. Бұдан кейін “өмірдің мәні не? Мұсылман болу қызықтан түңілу ме?” деген “біртүрлі” сұрақтармен мазаламайтын боласыздар, ат вешаю)))

Толық нұсқасы
Әрі қарай

Түрлі заттардың түрліше қолданысы

«Сым» Көбіне автокөліктерде қолданылады. «Жетіп алғанша шыдаса болды». Бірақ сол көлік сатылғанша не тұрып қалғанша қолданады.

«Газды сусын» Шарапты ашуға қолданылып жүр. Үлкен құдалықтарда сырт айнала төбелеп жатқандарды көріп жүрміз. Штопр тиын тұрады. Құнт жоқ алуға.

«Алтындар» Асемдігің мен байлығыңның мөлшері болған бұл алтын ломбардқа қою мақсатында сатып алынып жүр. Бір мәрте ломбартқа барған алтын сол жерге барғысы келеді де тұрады.
Әрі қарай

Жазаланса, ох, қатал жазаланса...

Тәлібтің, осы бар ғой, "айналып" деген сөзді "айланып" деген адамды:
1. Джамму мен Кашмирде шоғырланған 150 мыңдық әскери контингенттің әрқайсысы ауыздан тебетін болса;
2. Шала-жансар денесін акуласы қойдай шулаған теңізге лақтырса;
3. Акуладан қалған сүйек-саяғы Оймякон шыңырауына түсіп кетсе;
4. Аид патшалығында ит бақтырып қойса.
5. Лібә білмейм, әйтеуір ең сорлы деген бақытсыздыққа ұшырайтын болса!!!
Әрі қарай

"Өйткені бұл өмір!" немесе әмбебап жауаптар

Шешендер сайысы: Өйткені бұл өмір! немесе әмбебап жауаптарПікір білдіргің келіп бара жатыр, бірақ ақылды ештеңе ойға түспей тұр, ал өз ойыңды жазып жіберуге біртүрлі ұяласың, не істеу керек?

Саспа, ондай мәселе туса, талай бұқатірестерде сыналған, төмендегі әмбебап жауаптар саған көмек болып қалуы мүмкін деген ниетпен, әмбебап жауаптар сериясын бастап жіберуді жүн көрдім.
Әрі қарай

Сайлауға барасың ба?

Ақтау қаласынан шығатын Лада.ТВ газетінің интернет-бетінде “Сайлауға барасыз ба? Кімге дауыс бересіз?” атты сауалнама өтуде.

Қарап отырсам, сайлауға қатыспайтындар мен қатыса қалған күннің өзінде өзге емес “Нұр Отанға” дауыс беремін” деушілер қарасы көп-ақ. Оның ішінде менің және әйелімнің де дауысы жүр. Яғни, қалыс қалушыларданбыз. Ал дәлірек ақпаратты суреттен қараңыздар.

Дегенмен, бұл тек lada.kz сайтының өзіндегі ғана сауалнама ақпары. Ал олардың Вконтакте атты әлеуметтік желісіндегі бетшесінде тағы бір сауалнама жариялаған (екінші сурет). Ол жердегі халықтың да басым көпшілігі, яғни 43.7 пайызы “Сайлауға бармаймын” деп жауап берсе, сайлауға барамын деп шешкендердің 26.6 пайызы “Нұр Отанға” бүйректері бұратындықтарын жасырмаған. Айта кету керек, бұл басылымның негізгі контингенті Маңғыстаулықтар немесе мен сияқты өзге облыста, өзге елде гастарбайтерлетіп немесе оқып жүрген маңғыстаулықтар боп табылатындықтан, бұл сауалнама көрсеткіштерін тек қана болмағанмен, көп жағдайда Маңғыстауға тиесілі деп қарастыру керек. Демек, менің шығарып отырған қорытындым, халық не сайлауға сенбейді, не мен сияқты “Бәрібір Нұр-Отанға беремін даусымды, ал Нұр Отан мен бармасам да өзіне тиесілі дауысты алады” деген сенімдегі адамдар деп білемін.
Ал енді төмендегі сауалнама арқылы сіздер жауап беріп көріңіздерші? Сайлауға кім барады? Кім кімге дауыс береді?

Әрі қарай

«Менің атым Қожа» немесе қазіргі балалар образы

«Менің атым… Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады.» деп басталатын Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі бала көз қарасымен бейнеленетін шынайы өмірдің боямасыз суреттері арқылы оқырмандарының жүрегіне жол тапқан ерекше шығарма. Түн жарымына дейін шам жарығымен балғын бала махаббаты Жанарға «кеудесі толы сезімін сүйкектетіп», Абай атасына еліктеп, шабытын шақыра, ғашықтық ғазалдарын жазып, жыр арнамаушы ма еді?! Сол шақтағы ақылды тентек, озат оқушы, «жазушы боламын» деген арманшыл аңғал Қожаның образы езу тартқызып, қалай да сүйсіндірмей қоймайды, әрі сол бейнені бүгінгі балалар бойынан іздеп таба алмай еріксіз бас шайқайсың. Себебі, ол Қожа табиғатты сүйетін, шынайы поэзияны сүйетін.
Әрі қарай

"Тупой оселдар" - экшн жанрындағы драмма(((

негізі алдыңғы посты, позетиффф етіп жаздым, все таки 21 сағат жолға кеткен еңбегім бар ғой деп)))

менің осы бір жаман қасиетім бар, барлық нәрсені розвый очикимен көретін))) той болады дегенді оқып алып, жайлаудағы той, ол қандай болды екен, бірден 300 қазақ үйді көру қандай екен т.б. ойлар келіп, мамка бармайсын деп айтқанына қарамай, таңды ұйықтамай, Саяхатта тура 5.30 Нарынқолға баратын таксистер жанында тұрдым))). міне қызық қасымда құрбым бар. әр қилы сөйлеп тұрған таксиске ойланбастан міне салдық, газель бізден басқада адамдар бар дегендей))) ұзақ жолы бітпейді, түс ауды, әлі жоқ, бір кезде машинамыз парс етіп атылды, сыртқа атып шықтық. Күтіп тұрмыз нені, кімді екенін білмейміз, ай дала, әлгі мурсия деген қарғыс атқан жерде))) қой тірлік етейік деп, мен такси ұстадым))) міне кулминация))) әлгі жарылған машинамыздан такси және қасындағысы бізді жібермейміз деп бассалады))) жоқ кетеміз деп мен бой бермеймін, қарғап атр ))) кетіп барам бәрібір, болмаған соң, сотасына жармасып, қазір/қазір Кегенен сендерді жігіттер күтіп алып андай еттірем* деп(((( ужас қазір ғой күлген смаймен жазып отырмын, ол кезде не до күлкі болдық,(((( мұндай бассыздықты бірінші рет көріп/естіп тұрғаным((( көз алдыма, кегеннің жігіттері елестеп, мен таксиден түсіп атрм, артыма қарап үлгерместен тамағымды біреу орып кетті деп уже елестетіп кеттім)))) құрсын небір оқиғамыз әлі біткен жоқ, үйден қашып кеткен на тя деді ғой деймін құдай, әлі көрерміз алда екен)))
Әрі қарай