Мен сенің өміріңнің жалғасымын...

Керекте былтыр TERISKEY -дің анасының туған күніне арнап жазған постын оқып қатты толқығанмын. Енді өзім де ағымнан жарылып сондай жазба жазғым келіп отыр.
Алла қаласа, жақын күндері менің асқар таудай әкем асқаралы алпыс жасқа келеді.  Мен әкемнен 3 есе кішімін, яки ол кісінің 40 жасында көрген жалғыз қызымын. Неге екені белгісіз, анамнан гөрі әкеме қатты жақынмын. Кішкене күнімде әкем мені «ақ» дегенде аузымнан түстің, сосын шешең емізгеннен басқа уақытта қасымнан тастамай жүрдім» деп алдайтын. Бала көңіл соған да сенді.
Тағы бір нәрсе, мен өзі өмірге үлкен күреспен келген баламын, ағам екеуміздің арамыз – 1 жас 2 ай. Анам ағамды (37 жасында) кесір тілігімен дүниеге әкелгесін дәрігерлер оған мені дүниеге әкелуге запрет қойыпты. Айтатын уәждері: ішіңнің операциядан қалған жарасы жазылмаған, ертең ішің жарылып кетуі мүмкін, бір балаға да шүкірлік қыл. Шыбын жан тәтті ғой, анам көөөөп ойланады, әкеме қараса, ол көзі жәудіреп, үндемейді, мені аман алып қалғысы келген ғой. Көрер жарығым бар екен, анам жасанды түсікке екі мәрте барғанда, дәрігер оны қайта-қайта қайтарып жіберіпті. Сөйтіп, әупірімдеп жүріп қақаған қыстың ортасында айғайлап мен кеппін мына өмірге.  Сонда әкем еңкілдеп жылапты, оның алдында 5 жыл күткен ағамда өйтіп осалдық танытпаған адам ғой. Әкемнің маған деген құрметі перзентханадан басталыпты, сол кезде аупартком дей ме, очм, кәттә бір жердің қызметкерінің су жаңа ақ «Волгасымен» алып шыққан екен.
4 жасар кезімде мен сары аурумен ауырып, әкем екеуміз ауруханаға жаттық. «Папоооу, қандай өлең айтамыш?» деп, бүкіл палатаны басыма көтеріп ән айтатынмын. Бір күні медбике маған укол саларда тамырымды таба алмай, мені шырылдатып жылатты. Әкем бүкіл дәрігерлерді аяғынан тік тұрғызғаны есімде.
Бір қызығы, үйде мені ешкім Розатай деп атамайды, бұл тек никнэйм күйінде қалды. Әкемнің маған қойған есімдерінің ұзын саны жүзге жетіп жығылады, оларды жұртқа айтуға ұяламын. Сәпсім біртүрлі аттар! Шамамен былай: әкем мені Роза, сосын Роз, кейде Ро, тіпті Р деп те атауы мүмкін. И то, бұлар — «приличныйлау» түрі.
Бірде VKM -нің мамасының блогындағы жазбаларды оқып, ол кісіге қатты риза болғаным бар. Қос қызын үйірмелерге жетектеп апарып, оларды тәрбиелеуде үлкен еңбек сіңірген жанға рыспек! Менің әкем де маған дәл солай қызмет етті. Бес балабақшаға бардым. Домбыраға апарды, оны қақпадым, ағам тартады бірақ. Даниядан келген мұғалімдердің курсына тықпалады. Бес жыл бойы би үйірмесіне тасыды. Мектеп жасында автомектепке оқытты, механикалық көлікті жүргізуді үйретті. «Әзір қажеттілік жоқ қой» деп жүргенімде, «шетелге шығатын төлқұжат, жүргізуші куәлігін ал» деп қоймай қойды. Ақыры, бәрін де 18 жасымда алып алдым. Ал, әкемнің ең басты көмегі – менен кішкентай кезімде-ақ «Кім боласың?» деп сұрап, сол мамандыққа бейімдегені. Ең алғашқы 1 шумақтық шедевр  өлеңдерім аудандық газетте жарық көрді. Жасырмаймын, ол өлеңсымақтар «по блату», әкемнің күшімен жарияланды. Сондағысы — мені талпынту, әрі қарай жазып кетуіме себін тигізу  Біздің үйде қазір «Балдырған», «Ақ желкен», «Ұлан», «Айгөлек», «Мөлдір бұлақ» дегендер подшивкасымен тізіліп тұр. Ана журналға сурет салып, мына газетке өзімше мақала жазып, шимайлай беремін. Әкем (ол кезде пошта саласында істеді) ерінбей, соларды конвертке салып, мекен-жайын жазып, тиісті орындарға жолдайды. Ал, кеп күтеміз, «менің жазғаным қашан шығады?» деп қақылдаймын. Бірақ, әкемнің Алматымен «по блату» байланыстары жоқ қой! Шүкір, хаттарым бірінен соң бірі жарияланып, өз тұсымда республикалық басылымдардың белсенді оқырманы болдым, қысқасы, әкемнің өлшеусіз еңбегінің арқасында «жұлдыз» болдым. 6-класта «Қазақстан» арнасындағы Нәзира Бердалы жүргізетін «Алтын қақпа» деген ойында бір қатысушыға сұрағым қойылып, көк галстук таққан суретім экранға шықты, шіркін-ай. Ол бірақ, менің сұрағымның жауабын тауып қойды, жата кеп ашуландым. Әкем болса, «Қызым, Қазақстаннан қанша адам хат жазады, сенікін эфирге жібергенінің өзі — жеңіс» деп жұбатты. 9-класта «Айгөлек» Алматыға, жас тілшілер фестиваліне шақырды. Сол кезде анам ренжімес, жазғышбек болғаныма әкемнің сіңірген еңбегі көптеу ғой деп, Алматыға әкемді ертіп кеттім. 11-класта ҚазҰУ-дың «Журналист болғың келе ме?» байқауының қорытындысына, Алматыға тағы шақырылдым. Бұл жолы әкем екі қалтамды ақшаға толтырып , тілеуімді тілеп, салып жіберді пойызға.
Жалпы, әкем мені бетімнен қақпай өсірді, «жеке пікірің болсын, жасық болма, ешкімнен жасқанба!» дейтін. Олай деуіне себеп бар, өзі — жасынан жетімдіктің әрі жалғыздықтың қиындығын қатар көріп өскен жан. Тв-ден жетім балаларды көрсе бітті, көңілі босайды. Жаным сол, сағынып кеттім ғой өзін…
Енді менің жанымды қинап жазылатын жолдар: мен 10-сыныпта жүргенде, әкем инсульт алды. (Осы нәрсені негізі айтқым да келмеп еді). Біз үшін бұл ауыр соққы болды. Ақ папам жансақтау бөлмесінде 12 күн жатқан кезінде түн баласы көз ілмей шығатынмын. Мен ұйықтап кеткенде, әкеме бірдеңе боп қалатындай көрінетін.  Әр таңды қорқынышты хабар естуден үрейленіп атыратын азапты түндер… Мен әкемді көруге алты күн қатарынан бардым, дәрігерлер анамды кіргізді, мені кіргізбей қойды. Уәждері – науқас өзіне ең ыстық адамын көрсе, толқып, ана жаққа жүріп кетуі де мүмкін…
… Анам айтты: «Әкең есін жия сала Ырррроз, Ыррроз ғайда? — деді. Мені елеген де жоқ» деп. Мұны естіп алып, жансақтау бөлімінің алдындағы терезеге сүйеніп ап, ал кеп жыла! Сол күндері маған әкем енді тұрмайтындай, жүрмейтіндей көрінді ме, сабақтан да, газет-журналдан да безініп кеттім. Алматы, ҚазҰУ деген армандар әдіра қалған кездер де болды. Несін айтасыз, сол тұста ең мүсәпір күй менде ғана болғандай көрінді…
Қазір Аллаға мың шүкір, денсаулық түзелді, екеуміз қатты дайындалған оқуға өзі ертіп әкеп, тапсыртқызды. Ортақ армандарымыз орындалып келеді, мен болсам, есейіп келем Әкем қазір асқар таудай боп арамызда отыр. Мен оны мүмкіндігімше өз жетістіктеріммен қуантқым келеді, соған тырысып бағып жүрмін...
Ойлар шашыраңқы шықты, көбәріп жазсам, кеЧірім! ӘКЕЛЕР АМАН БОЛСЫН!
(жасырып қайтем, пернетақтаға тырс-тырс тамып жатыр моншақтар...)
Бөлісу:

121 пікір

aza
Посттың жақсы шыққаны сенің шеберлігіңнен деп ойламаймын! Тек қана, мама, папа туралы жазылғандардың бәрі таза жүректен шығатын болған соң ғана жүрекке жақын…
Rozatai
сенің тек мені сынауға ғана шамаң жетеді
aza
Қумаш а))) Сын деген мұндай болмайды. Бұл пікір ғана, бауырым)
Aizhantabyn
Жылатты, Розатай!!! Әкем дегенде менің де жүрегім ерекше соғады. Орны бөлек қашан да. Мына жазбаң қатты тебірентті, толқытты. Әкелер аман болсын! АЛЛАның берген ең үлкен сыйы да әкемнің болғаны деп ойлаймын. Папины дочки)))))))))))))))))
Daniar-Alan
ооо көріндіңіз ауу әйтеуір
Aizhantabyn
онсыз ақ көрініп жүрмін ғой. Үлкендер әңгімесі ғана в топе екен, содан «мне тут ловить нечего» деп тыныыыыш отырғаным ғой.
Zhan
Жоқ, шынымен көрінбей кеттің.
19852407
жазғы сыблырлық ))
Aizhantabyn
жоқ, мен үшін әлі жаз басталмады)))
Rozatai
әмин! Айжанка, сізге де папаңыздың қатты ықпал ететінін бұрыннан байқайтынмын. Жиі айтасыз блогта
Aizhantabyn
әкемнің қызымын)))) тірі төрт баласының ішінде мені ылғи бір төбе деп ерекшелейді) Қанаттыға қақтырмады, тұмсықтыға шоқтырмады.
qisyq
Математика туралы күшті өлеңің бар еді ғой))))))))))))))))))))))))
Мадис
Rozatai
 Мыналар ғой:
Ұстазын, сағынған, бала.
Құрметті апай, мен сізді, канеколда. сағындым, сіз біретте. Екі теке. Бөрте лақ. Ешкі. Қозы. Жаңылтпаш тағы, тағы тапсырмалар, беріпедіңізғой. Апаймен бәрінде оқып, шықтым, өйдә мен, зыңқыттым. Апай, тіпті артынна дейін, оқып. Шыққаншығармын.Ал, жақсы апайкелесі кездескенше, сауболайық ал қошболыңдар.пака (осы тұсқа жаман-жаман арбиған қолдың суреті салынған, бұл менің «қошбол!» дегеніме үстеме белгі болса керек).

(Артына 2- 1999жыл деп жазыпты әкем, шамасы бұл менің 7жасқа тошно толған кезімде жазылған, себебі ақпан айы…)

Ана тіл
Ана тілім ана тілім.

Сені, қолға, алып, мен.

Өлеңдермен, тақпақтармен.

Таныстырдың сен мені.

Әренова.Р.

Қазақ тіл
Қазақ тілім қазақ тілім.

Сенде жақсысың -46-47 жаттығуды бересің

Матиматика
Матиматикам, матиматикам

Сенде менен қалма.

Ерікпесем(?) сендердіңде есептеріңді жазыптыстаймынғой.
19852407
 Бәсе, бәсе, өлеңді өлтіріп жазған екенсің кшкентайыңнан-ақ, молодец, Розатай
VKM
Розззз, күшті. Қалай сен жыламайсың, мен оқып жылавотрмын. Папаң аман-сау жүрсін, сенің балдарыңды сүйсін!
Rozatai
 әмин, Малика! Кімдім жылата алмай отырсың, Азаматты ма?
aza
Ол мені жылатпайды… Алла сақтасын!
aza
иә, бұл қыздарға бастап бер, әйтеуір) Ой бір, кетеді дейсің, қай қайдағыны қозғап)
Rozatai
егер, менде құзірет болса, менің посттарымды сен оқи алмайтындай функцияны басар едім
aza
Админ мырза! Қауіптен, сенің тағыңа қазірден талас жүріп жатыр)))
Өз блогыңызда жазатын нәрселерді қоғамдық орындарда жарияламасаңшы)
Adiletshu
Айтақ-айтақ, үрит-үрит, фышьт-фышьт, жиһад-жиһад@Satibaldi
Rozatai
ваще не в тему, Әділетшу, ренжімеш
Rozatai
млиннн, бүйректен сирақ шығармай, тақырыптан ауып, айдалаға лақпай отыршы тыныш! Жігітке ретімен сөйлеу жарасады, задында
meirzhan
не в тақырып кеттің
Rozatai
бұл кімге?
meirzhan
пікірдегі стрелканы бас, Роазатай
asemjan85
Роза, каламыннан шурайлы шыгармалар тогилсин! Акеннин аскаралы алпыс жасы кутты болсын!!! Менде акесинин еркеси едим. Жигитти келин сиякты акеме алып кашам деп журуши едим. Акем сол бакытты кунимди коре алмаганы озегиме окиниш, козиме жас толтырып, конилимди бир босатып алдым.Рахмет саган!
Gulistan
Роза, әкеңнің асқаралы алпысы құтты болсын!
Мен де толқып кеттім ғой.Әр жанұя — бір тарих! Осы постыңнан сені жақын тани түскендеймін.
Ата- анаң аман болып, сенің алар асуларыңа куә болсын.
Daniar-Alan
біз туралы да қыздарымыз осылай әңгіме айтып отырса арман жоқ шығар шіркін…
Rozatai
Арманыңыз орындалсын! Осылай айту үшін де көп еңбек сіңіру керек  Әйтпесе, "Әкем ішетін, әкем мені ұратын, әкем менің арман-тілектерімді орындамады" дейтін қыздардың талайын көріп жүрміз
Daniar-Alan
"Әкем ішетін, әкем мені ұратын, әкем менің арман-тілектерімді орындамады" дейтін қыздардың талайын көріп жүрміз

ішпимін енД…
-Janasil кешке «пибі ішеміз» деп келіп тұрма тағы да.
Rozatai
ішкенде андай ішу ғой менің айтып отырғаным
Daniar-Alan
Janasil сол анандайдың анадайы. араласпау керек енД. satibaldi -ыыыыыыыыы қайдасеңңңңңң баурееееммммм…
Abilakim
Әкелер мен аналар аман болсын!
Жазба керемет әсер етті
Zhan
Толқыдым, әкеңнің арманы жоқ екен сендей қыз тәрбиелеген. Папаң ауырмасын, сенің әлі талай жеңістеріңді көрсін!
bazuka
Ойлап шашыраңқы шықты, көбәріп жазсам, кеЧірім! ӘКЕЛЕР АМАН БОЛСЫН!
Әке туралы екі-үш сөйлем жазу мүмкін емес. Әкеңізге ұзақ ғұмыр тілеймін! Пайғамбар жасына келеді екен құтты болсын!
alisha
Ақ папаң ғұмырлы болсын, Розатай!

Мен де папамның қызымын. Сондықтан да сенің жазбаңды оқып, тостағанымды сулап алдым. Неге екені белгісіз, өзім әйелзаты бола тұра, көп жағдайда ер азаматтардың «жағына» шығып кетемін. Әсіресе, ақсақалдарды көргенде… маған бәрі сондай қорғансыз, аянышты көрінеді. Ал әжелер «пысық» келетін сияқты. Мұның бәрі әрине папама деген ерекше махаббатыммен түсіндірілсе керек.

Қысқасы, жазбаңнан "өзімді" таныдым.
Erkekyz
Мен де жылайын жылайын деп қалдым. Өте әсерлі, тамаша пост!
Төрт ұлдан кейін қыз болып туылсам да, ұлдарына берген махаббатын маған кішкентай кезімде че то бермеді мамам да, папам да)))). Өте қатал режимде тәрбиеледі.
Бірақ өсе келе өмірі бермеген мейірімін төкті, қазір бетімнен еш қақпайды, әр-бір сөзімді заңдай көреді. Ақыл сұрайды екеуі де))). Егіліп жылағанымда папам «мен барда сені еш жылатпаймын, тірі екенмін жылайтын болмайсың» дегенде, одан сайын жылағаным есімде.
Ех, енді уже жьлядым.
Ата-анаң ауырмай-сырқамай, қызықтарыңа батып жүре берсін!
Aya
Роз, мадес))Жақсы қызсың
Мама, папаң ғұмырлы болсын деймін. Папашыңа тартқан бойшаң екенсің ғо)
Rozatai
папамның бойы бұрын 185 см болған, сырықтай ұзын, келісті жігіт болған ғой
Zilola
Әкесінің қыздары боратып жазып жатыр екен, мен де әкемнің қызымын.
Алдың күні таңертең үйге келіп, содан кеше кешке ғана әкемнің қасына отырып иығына басымды қойып отырсам, үйдегілер әкеңе қолың енді жетті ме деп күледі. Әрине, әкем жиендерден артылмай жатыр, бәрі жамырап жабысып алады әкеме. Ал мен бөтенсіп шетте қалып қойып жүрмін.
Бала күнімде, арқамнан қағып отыратын, онысы мені еркелеткені екен. Сосын кішкентайымда тамақтан көп ауыратынмын, кешке міндетті түрде көк шай демдеп беретін. Үйге келгелі тағы ауырып қалып едім, көк шай демдеп ішу керек деп жүр. Сол кісі ғана мені түсінеді, еркелетеді, қасына ертіп жүреді, қызым деп мақтанады.
Rozatai
менің де папам сондай, ауырып тұрмын десем болды, дәрігердің алдынан бір-ақ шығады мені жетектеп
Zilola
Розкантай, әкелеріміз аман болсын, сол кісілердің барында бізге ештеңе керек емес!
AKA
Кідәй жүрек!  Әкеге деген шексіз махаббатты әдемі жеткізіпсің. Құтты болсын мерейтой, ата-анаң аман болсын. Әлі талай жеңістеріңмен қуантасың деп сенемін.
Ereke
aza Розаға жазыпсын, сенің шеберлігің емес деп. Олай емес, Қағаз бетіне шеберліксіз жүректен шыққан өз ойыңды түсіру оңай емес.
Роза жарайсың! Керемет жазылған!
Aigolek
Акеннин омирин жалгайтын сен емессин. Сенин аган. Сен баска биреудин акесинин омирин жалгауга комекшисин.
Rozatai
Айгөлек, мен танымал әннің өлең жолдарынан үзіндіні тақырып қып алғанмын. Қыз не, ұл не, бәрі де бала емес пе? Менің әкем бізді бөле жарған емес, кішкене күнімде менің көңілімді қалдырмас үшін «Розам да ертең келіншек әкеп береді» дейтін.
meirzhan
респект әкеңе
Rozatai
қызды бала деп санамауға бола ма екен? Әрине, атұстар сәбидің орны бөлек, ол — мұрагер, ол — шаңырақтың иесі. Бірақ, енді қыз балаларды шетқақпайлау деген сұмдық қой. Өзім ондай тәрбиеде өскен жоқпын, кей тұста мінезім ұлдың мінезі сияқты боп кетеді. Әкемнің тәрбиесі
mercedes
Розам да ертең келіншек әкеп беред

mirasasem
Сіздің пікіріңізбен келіспеймін! Қыз да ата-ананың жүрегін жарып шыққан перзенті. Тұрмысқа шықса әке-анасының өрісі кеңейеді, жиендер өмірді жалғастырады.
Aigolek
Сенин балаларын сонда сенин кайнатаннын омирин жалгастырып жур ма сонда? Менин пикириммен келисуге миндетти емессин. Сосын жазатындарынды минустамай жазындар.
mirasasem
Бірінші сөйлеміңізге түсінбедім?
meirzhan
Сізді ер деп ойлап қалған ғой
mirasasem
Солай болса керек
Rozatai
Сосын жазатындарынды минустамай жазындар.
Бұл бұйрық па?
Rozatai
Айгөлек, ол қыз баланың да ата-ананың өрісін кеңейтетінін айтып отыр ғой. Балалары естественно қайын жұртының санын көбейтіп, солардың тегін алады.
Aigolek
Мен оны еркек екен деп калдм. Онча танымагандыктан. Не десен де омирин жалгастыру деген менин тусинигимде урпагынын жалгасуы. Оны кыз бала жузеге асырмайды. Такырыпты неудачно алгансын. Мен де акемнин ерке кызымын. Мени де акем улдарынан артык кореди, ерекше силайды, курметтейди, еркелетеди. Оны мени омиринин жалгасы деп емес кыз деген конак, жат журттык екенин билгендиктен солай жасайды. Ал акесинин сондай курметин Ох мен акемнин омирин жалгастырушысымын деп кабылдау жете тусинбегендиктен калыптасады.
Rozatai
түһ, Айгөлек, қоймай қойдыңыз ғой. Сіздікі дұрыс дедік қой. Осы постты жазып отырғанда Гүлнұр Оразымбетованың орындауындағы "Әке туралы жырды" тыңдап отырдым. Соның әсерімен жаздым.
Marationok
Қырғын болған екен. Әкелер аман болсын, негізі әке махаббаты қатты болады. Әкеңді қуанта бер, мақтансын. Амандық тілеймін.

Сәбит Мұқановтың сөздері есіме түсіп кетті…
-қанша балаларың бар?
-бір ұлым бар
-өй, сенде баларың көп қой
-олар қыз
Aizhantabyn
Кім-кім, бірақ Розатай әкесінің жалғасы. Аузынан түсіп қалғандай аумайды екен. Көрген жұрт, естіген ел, туған-туыс Розатайды көрсе, өзінің бауырын, ағасын көргендей болады ғой. Міндетті түрде тура мағынасында ұрпағын жалғастырмаса да, мінезімен, келбетімен, тәрбиесімен көп адамға «осы қыз біздің ағайдың аузынан түсіп қалған-ау» деп тамсанады. Ақылгөйсімей, дым жақсы жазбаны былғамай отырыңыз. Минус вам!
alisha
Оны мени омиринин жалгасы деп емес кыз деген конак, жат журттык екенин билгендиктен солай жасайды.

Тым әсірелеп жіберген сияқтысыз. Бәлкім, өзіңіз жар құшып, сәби сүйгенде түсіне жатарсыз. Бірақ, перзентке деген махаббат сіз атап көрсеткен пендеуи пайымдардан әлдеқайда биік нәрсе… бұл — табиғи инстинкт…
mirasasem
Такырыпты неудачно алгансын.
Өзіңіз әке туралы пост жазғанда, удачно тақырып қоярсыз.
ErNur
Ия әкелер аман болсын барлық! Қуанышыңа ортақпын қарындасым. Әкеңе денсаулық тілеймін, 100 жасасын! Менің әкемде қыздарын ерекше көреді. Үш апамды (әпкемді) үш тал гүлім дейді.
19852407
Марқұм жездемнің "Үш торғайым бар еді, бәреуі ұшып кетті" деп қызы күйеуге кеткенде қызып алып жылағаны есіме түсіп кетті)))
Ол кезде жездемді келеке етіп күлгенбіз…
Rozatai
менің әкем жолдастарының қыздары ұзатылып бара жатқан кезде ебіл-дебіл болып жылайды екен.  Мамам «Сенің әкең сондай көңілшек, жанында тұруға ұялам сондай» кезде деп бұлқан-талқан боп келеді. Представляю, ертең бұйырса мен ұядан ұшқанда не болатынын…
19852407
Менің әкем жылар ма екен, айта алмаймын. Жыласа да көп көзіне көрсетпейтін болар. Сыртына көп шығара бермей, бәрін ішіне сақтайтын кісі. Жүрегіне ауыр соққы болатын шығар. Кейде мамама қалжыңдаймын, "әкені өзім бағам, алып кетем, сен балаңмен қаласың" деп.
VKM
Маған бұрын сіңлім папама, ал мен мамама жақынырақ сияқты болып тұратын .Қателесіппін. Мен үйде, мамамның бақылауында болғасын, ол менің өміріме көп араласпайды екен. Астанаға келгеннен бері, папамның мені қатты жақсы көріп, мені көп ойлайтынын, уайымдайтынын түсіндім.Күніне 3-4 рет звондап,қалімді сұрайды.Осы жолы да кетерде, менің қолым тимейді, жүргізушім апарып тастайды деп,қоштасып кетіп еді, шыдамады ғой дим, бірге келді.Құлыншағым,құлыншағым деп маңдайымнан иіскей берді… туй, сағындым
Rozatai
Алыстағасын түсінеді екенсің бәрін, мен қыста алғашқы еңбек демалысына барғанымды, папам деген балаша қуанып жүрді. «Мен ұйықтап жатсам да, әңгімеңді айтып, жанымды отыршы. Бұрынғыдай мешайт боласың демеймін» дейтін
19852407
Rozataі, жазбаңды ашып оқығаныма өкінген жоқпын.
Өйткені, 100% өзім мен әкемді көргендеймін жазбаңнан…
Көңіл босап, көз жасын сығып-сығып алдым)))
Мен де әкемнің қызымын, қатты жақсы көремін,
ол кісінің алдындағы парызым мен қарызым өтелер ме екен?!..
Асқар таудай әкелер аман жүрсінші!
Туй, көңіл шіркінді қой, жұмыс жайына қалды…
Rozatai
бүгін мен біразыңыздың тушьтарыңыздың ағып, макияждарыңыздың бүлінуіне себепші болдым ғой деймін, сорри
19852407
в точку)))
Жұмыстан шығысымен әдемі боп бір жерге барам ба деп едім, әдірем қалды ))) Салфетка да тауысылды)))
Daniar-Alan
Көңіл босап, көз жасын сығып-сығып алдым)))

иығы үлкен бойдақ жігіттер көп негізі керекте
19852407
Список в студию!
Бойжеткен қыздар көзайым болсын
Daniar-Alan
satipaldi да Муза шешеймен ажырасып бойдақ жатқан жайы бар…
Rozatai
ашып оқығаныңызға өкінетін кездеріңіз жиі бола ма?
19852407
Кейде болып қалады
Kipshakkyzy
"Әкесіне ұқсаған қыз бақытты болады" дейді ғой. Әкеңнің аузынан түсіп қалыпсың Розкабай! Пост өте әсерлі жазылған.Менің де әкем есіме түсіп, көңілім босап қалды. Ата-анаң аман болсын! Осылай жетістіктеріңмен қуанта бер.
mercedes
Түр-әлпетің ашық-жарқын әдемі қыз екенсің
Aikona
Розатай, бір жылатып алдың ғой . Ата — анаң аман болсын!
ademi_alem
Жүректен шыққан жазба жүрекке жетті, Розатай!
Алпысты алқымдаған әкеңізге ұл — қызының қызығын көріп, немерелі-шөберелі болуды жазсын! Сіздер аман болсаңыздар, бақытты болсаңыздар ата — ананың үміті ақталғаны болар. Өзіңіздей әдемі, ақылды, мейірімді ерекше жанды өмірге әкелген ата -анаңызға үлкееен рахмет! )))
Rozatai
маған «сен» деп айта бер, Зарина! Өзім де «сіз» дегенді онша айта алмаймын
Armanjan
әкелер аман болсын, папаңның Роз, Ро, Р-ы боп жүре бер солай, ата-анаң сенің бақытты күндеріңді көріп, қуанышқа бөлене берсін!
FaraOn1
Қайрат Нұртастың Әкелер туралы әні ұнайды.
Анашымды отырғызып жаныңа,
Той берейін салып алақаныма.
Ей адамдар шүкіршілік етіңдер,
Бұл өмірде әкелерің барына.

сосын

Әке жұмақ, ана жұмақ қақпасы,
Олар жаққа бұрсаңдаршы ат басын.
Бір күндері жұмақ іздеп барғанда,
қапа болып қақпа ашылмай жатпасын.

ӘКЕЛЕР АМАН БОЛСЫН!!!

менің алдымдағы екі ағам, және мен әкемнің долы мінезін көп көрдік, сол баяғы арақтың кесірінен ше. Сау әкемді қатты жақсы көрдім, ішіп келсе жаныма жат бөтен бір мас адам боп қалатын. ішіп келіп қойған концерттерінің кейбірі әлі көз алдымда. сіріңкенің талындай ғана болса да анамның шыдамдылығы мен төзімділігі зор болды.
Бірақ оның бәрі хаппи ендімен!!! қазір соңғы 4-5 жылдан бері әкем ауылдың молдасы, аллаға шүкір.
Менің інім ертең сіз сияқты әкесіне бір пост арнап отыратын шығар. ))) өйткені қазір ауылда сол ғана қалды, и әкем оны қатты тәрбиелеп жүр.!
Rozatai
ондай-ондай кемшіліктер барлық әкелерде болады, оны кешіруге болады. Әкеңіз аман болсын!
Khorlan
Tamasha zhazylgan… Papamdy sagyndym goooooi dep men de kosylyp zhylamasam bolmaidy!))) kyzdardyn kobisi papalarynyn «altyndary», «koshakandary», «Roz», «R»-lary goi  akeler aman bolsyn! Ozinizdin akeniz zhuz zhasasyn, nemere-shoberelerdin takpaktaryn zhurnaldarga zhiberetin bolsyn))))
Gastarbaiter
Әке болу үлкен сынақ. Мен әкеме өгіздей боп жүз келі тартып жүріп ье еркелеуші едім.
Кино көріп отырғанда атандығым ұстам алдына жата қалам, шашымды сипап, Әскөлөгім деп басымды иіскейтін.
Өзінің жүрегі ауырып жүрсе де, менің ауырғанымды уайымдап, дәрігерге маған білдірмей тапсырып жатыр...Әпкеммен бала кезде қырылып қалсам, таяқты мен жейтінмін.
Ол ұрды ғой десем, дұрыс, тағы ұрад деп ұрсатын.
Кейін әпкемнен білдім, жеке шақырып алып, Рошка, Асқарға тым қатты болмасайшы, бауырың ғой, деп айтады екен.
Марқұмның жатқан жері жайлы болсын.
dark_nazgul
Мен де әкемнің мойнына мініп жүретін едім, апам ұрсатын «аяғың салбырап жерге тиіп келеді ғой» деп. Бірақ, кейін өсе келе әкем тым қатал болып кетті. Біздің әулетте өзі қыз аз, сондықтан қыз бала тәрбиесі таңсық болды да, әкем, әйтеуір қатал ұстау керек екен деп, тым шектен шығып кетіп жататын.
Rozatai
«Папа, түйе болшы, түйе болшы» дейтінім есіме түсіп отыр арқасынан түспей
Rozatai
Әке туралы ұже үшінші жақта сөйлеген қандай қиын
Жатқан жері жайлы болсын!
Gastarbaiter
Өткен шақта дегің келген болар? Өзім әке болғалы бірінші жақта да сөйлеп жүрмін.
Rozatai
иә, өткен шақта. жалпы, ойымды ұқсаңыз болды ғо
GulL
мені «ақ» дегенде аузымнан түстің,

маған да солай айтатын еді, әлң күнге дейін еркелеймін немерелерімен қосылып ))Күшті жазылған
Rozatai
осы сөзді барлық шалдар, әкелер айтады ғой деймін
alisha
Біздің тентек қазір сол «аҺ» дегенде папасының аузынан түскеніне сенеді

— Мамаң ше?, -дегендерге: «Мамам құсықты жуды», -дейд
GulL
ия солай ғой, баяғыда тек менің әкем айтатын шығар деп ойлаушы едім
Aigolek
А маган карнымды кесип алганбыз деп аппендициттын шрамын корсететин. Мен соган сенгеним соншалык еркектинбала тумайтынын билген кезде шок болгам ))).
Rozatai
«Папа, сен мені неге алдадың тудым деп? Мені мамам туыпты ғой» дегем ес білген кезде. Шамамен 4-5 жасымда
Gastarbaiter
Папамның жас кезінде пышақталғаннан қалған шрамы болатын, сол жерден шыққаныма сенетінмін
Rozatai
Қазіргі балалар сенбейтін шығар ондайға. Әлде сене ме, білмейді екенмін
Xansha
Розатай, сәлем!!! 1-курста оқып жүргеніңде танысқан едік қой...))) Мен өзім ол кезде әлі студентпін… Қызық, уақыт деген зу ете қалды. Мен мектеп кезінде, 1-курста осындай жерлерде көп отыратын едім, одан кейін уақыт тапшы болып кетті. Сенің жазғандарыңды анда-санда қазнетті сағынып кетіп, не қызық бар екен деп шарлағанда жиі кездестіремін. Уақыт өткен сайын сол «балмұздақ» кезіңдегі амбицияларың шарықтап, өрлеп келе жатқан сияқты. Шабытың сарқылмасын.
Ардақты әкешің туралы оқып менің де көңілім босап кетті… Менің де папам жақында инсульт алып, ауруханадан кеше ғана шықты. Қиын… Ардақтыларымыздың көңіліне кірбің түсірмейік. Аман болсын жақындарымыз… Розатай, Әкеңнің үмітін ақтасаң өмірінің сарқылмас байлығы, я жалғасы сен боласың. Алла жар болсын!
Rozatai
Сәлем, Ханша! Тілегіңе рахмет, әмин! (қателеспесем, сен ҚарМУ-ды бітірген қызсың ғой? )
Инсульт алған деген, оййййй, Құдай сақтасын одан(((( Папаң тезірек жазылып кетсін, менің әкем басында мүлде жүре алмай, денесінің оң жақ бөлігі жансызданып қалған еді. Қазір Аллаға шүкір, жақсарып кетті. Аурудың жайын баққан біледі, ол кісіні ашуландырмай, көңілін алдауға тырысыңыздар. Инсульт болған адам кішкентай баламен тең. Денсаулыққа ештеңе жетпейді
kyzyksyndar
Құдай жаным-ау Розкабай, рахмет саған үлкен...Әкеңнің асқар таудай 60 жасы қүтты болсын! Барімізді жылатып та, балалық шаққа бір апарып күлдіріп те алдың.
Бізге өмір силаған анамыз бен акемізді әрқашан ардақтап,құрметтеп жүрейік!
Rozatai
Розкабай дейді?
Сен Сая емессің бе осы? Неге мынадай никте тығылып жүрсің?
kyzyksyndar
жоқ, жоқ мен сені танымаймын, тек жазғаның тебірентті.Әлбетте Розалар-Розалья, Роз, Розочка, Розатай, Розкабай демейді ма.Менікі сол ізбенғой
Rozatai
да лан, ақталма енді
Rozatai
Осыдан тура бір жыл бұрын жазыппын  1881 рет қаралыпты
mercedes
Еһ… Мен әкемнің үмітін ақтамай жүрген сияқтымын.((
Arys_arlany
Әке деген өмірдегі орны бөлек тұлға ғой, маған әкем де, атам да ыстық, әсіресе атам қатты бауырына басып еді, әттең қазір жұмыста отырып қарап қалдым, ол кісілерге деген сағынышымды басып алар едім әйтпегенде, тамаша, сөз жоқ жазба екен, жаза түс осындай тақырыпта! (жұмыста жылауға болмайды бір жаман жері)