Ғашықтық қандай керемет!

Блог - naizagai1: Ғашықтық қандай керемет!
Сағыныш емес мұң беріп
Сабырым бізді сынайды.
Сезімге сеніп жүрмелік,
Тағдырлар қарсы сыңайлы…

Өкпелеп қалып жүрмеші?
Өзіңе тағар мінім жоқ,
Ғашықтығымның жүлдесі-
Ғарышта тұрар күнім боп!

Төбеден қысып тағдыр да,
Жұмыстар басты желкеден.
Күн түгіл нөсер жаңбырда
Жақындап барсам өртенем…

Заманмен арпаласардай
Менде жоқ ондай күш, білем.
Сәулеңнен жүрмін қаша алмай,
Күндейін қандай ыстық ең?!

Қараусыз қалған қолдардан
Өлеңнен басқа не келед?
Махаббат бізге болды арман,-
Ғашықтық қандай керемет!
Әрі қарай

Сүй!

Блог - naizagai1: Сүй!
Сүйіктім, сүй! Сүйе бер таң атқанша!
Сен сүйе бер, өзге одан сақтанса!
ЕШНӘРСЕНІ ЕЛЕМЕ Сен! Сүй көзден жас аққанша!

Ол сүймесін, мейлі, оны Сен сүйе бер!
Қабыспай-ақ қойсын, тіпті, шиелер!
Сендегі бұл махаббатқа күллі әлем кеп сүйенер!

Сен сүйе бер! Іркілме де жалықпа!
Сүйе алмаса, алып адам алып па?
Сезімдері сарқылған бұл сүюді үйрет халыққа!

Сен сүйе бер! Сен сүюге тиіссің!
Сан жолдар кеп бір-бірімен түйіссін!
Адамдарға айт: Сыңар тауып, бір-бірімен сүйіссін!
Әрі қарай

Ой

Блог - naizagai1: Ой
Өмір деген уақытта да емес, сынақта да емес, басқасында да емес. Өмір адамның жадында екен.
… Ол ұялып, алақанымен аузын басып күліп отыр…
Жадымдағы сұлу қыздың бейнесі — менің өмірім.
Әрі қарай

Сұрақ-жауап

Блог - naizagai1: Сұрақ-жауап

Не керегің бар деп ойлаймын?
Өзіңсіз бірақ жоқ бақыт.
Бақыт деген не деп ойлаймын?
Басым кей кезде көп қатып.
Ойланар несі бар екен?!
Сенде ғой бақыт көп дара!
Түсінбей несі бар екен?
Сүйем ғой Сені тек қана!
Өкінішімнің себебі
Сөздерім жетім қап қойды-ау…
Жалғыз жүретін жандарға
Жетім деп кімдер ат қойды-ау?
Ақтарсам бәрін ішімнің
Ренжітіп тағы алармын,
Сағынсам Сені, түсіндім,
Фотоңнан ғана табармын…
Білемін, өмір сабылыс,
Тірлігі бітпес қашан да…
Ал менде бітпес сағыныш.
Махаббатым-ау, бас алға!
Әрі қарай

Отандық әлеуметтік желі

Ассалау мағалайкұм барша қазақ жұрті! ең әуелі осы сайтаға оқырмандарға және осы сайыты дұнйге әкелген сайыт жауаптысына алғсым шексыз!
Бұл сайтқа тіркелгеніме бір сағатай ғана болды жалпы бұл сайыт керемет екен Бұрін Айтабер сайытына көп кіретінмін бірақ Айтабер сайты картейды ме жаңалықтар азайды! Мұнда келіп бой жазып қалдым мобелды нұсқа өте жәйлі екен жалғасыт оқрмандарң көбейып сайтың тіптіде кемелдене тұсуін тілеійым, енді сіздермен көптен бері қуаншым болып келегн отандық әлеуметтік желі йағыный отандық facebook пен бөлскелі отырмын! Қазақ тілін бірге дамытайық келыңыз көрыңыз kazset ты отандық нарықа шығарайық !www.kazset.kz сайыт әліде өңделу ұстінде кей қателіктерге бола отандық әлеуметтік желіден жйренбейыз қазыр әрең 1000ға тайап қалдың сіздердың де келулерыңыз ды кұтемыз… Бірлікте атанысқа келіп қазақша орта жартайық қазақттар !