«SALEM, MOBILE» СЕНІМЕН БІРГЕ!

«Қазпочта» АҚ трансформациялау, бизнес-үрдістерді оңтайландыру, автоматтандыру, инновацияларды енгізу, жаңа пошталық және қаржылық өнімдер мен қызметтерді нарыққа енгізу арқылы ауылдық бөлімшелердің қамтылуын арттыру бағытында ауқымды жұмыс жасап келе жатқаны белгілі.
Осындай жұмыс барысындағы өзгерістер мен жүргізіліп жатқан реформалардың тиімділігін ендігі жерде компанияның ауылдық жердегі тұтынушылары да қолдана алатын болады. Оның нақты дәлелі — «Salem, Mobile» жобасының Ақмола облысы, Шортанды ауданындағы іске қосылуы.
Бұл жобаның іске қосылу барысын реті-ретімен баяндасақ.
Блог - aikarakoz: «SALEM, MOBILE» СЕНІМЕН БІРГЕ!
Блог - aikarakoz: «SALEM, MOBILE» СЕНІМЕН БІРГЕ!
22 маусым күні «Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин, Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Елена Бахмутова және бір топ журналист Шортандыдағы «Salem, Mobile» жобасының іске қосылу шарасына қатысты.

Блог - aikarakoz: «SALEM, MOBILE» СЕНІМЕН БІРГЕ!

Шортандыдағы «Salem, Mobile» жобасы «Барвиха» дүкенінде іске қосылды.

Блог - aikarakoz: «SALEM, MOBILE» СЕНІМЕН БІРГЕ!

«Барвиха» дүкенінің тұтынушысы мен сатушысы. «Salem, Mobile» жобасы дәл осындай ауыл тұрғындарына ең қажеті әрі оңай жүйе.

Блог - aikarakoz: «SALEM, MOBILE» СЕНІМЕН БІРГЕ!

Шортанды ауданындағы «Барвиха» дүкеніне орнатылған «Salem, Mobile» құрылғылары.

Блог - aikarakoz: «SALEM, MOBILE» СЕНІМЕН БІРГЕ!

«Salem, Mobile» – деген не? Ол – бүгінде әрбір адамның ажырамас бір бөлшегіне айналған түрлі моделдегі ұялы телефон арқылы кез келген қаржылық оперцияларды ауылдан шықпай-ақ, жүзеге асыруға болатын озық технология. Ақша алу үшін банкомат іздеп сабылудың керегі жоқ. «Salem, Mobile» қызметін тұтыну үшін Сіз төлем картасын Post.kz сайтына тіркейсіз. Бұл тіркеуді интернет болған жағдайда үйде, кеңседе немесе Қазпошта бөлімшелерінде жүзеге асыра аласыз. Сөйтіп, тауар алу үшін USSD-командасы (қысқа хабарламалар жіберу қызметі) арқылы *499# нөміріне дүкеннің реттік саны бойынша хабарлама жібересіз, сол сәтте төлемнің жүзеге асқаны туралы хабарлама келеді. «Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин ең қарапайым ұялы телефон арқылы «Salem, Mobile» қызметін қолдануға болатынын айтып тұр.

Блог - aikarakoz: «SALEM, MOBILE» СЕНІМЕН БІРГЕ!

«Барвиха» дүкеніне орнатылған «Salem, Mobile» құрылғысымен қалай жұмыс істеу керектігін «Қазпочта» қызметкерлері егжей-тегжейлі түсіндіріп тұр.

Блог - aikarakoz: «SALEM, MOBILE» СЕНІМЕН БІРГЕ!

Ауыл тұрғындары өз ауылындағы «Қазпочта» бөлімшесіне барып немесе интернет болған жағдайда үйден, кеңседен төлем картасын Post.kz сайтына тіркейсіз. Сөйтіп, тауар алу үшін USSD-командасы (қысқа хабарламалар жіберу қызметі) арқылы *499# нөміріне дүкеннің реттік саны бойынша хабарлама жібересіз, сол сәтте төлемнің жүзеге асқаны туралы хабарлама келеді. «Salem, Mobile» төлем қызметіне қосылған соң, оны пайдалана беруіне болады. Мысалы, Ауыл тұрғыны дүкенге келеді. 80 теңгеге нан алғысы келсе, телефоны арқылы 80 теңгені дүкеннің шотына (əр дүкеннің өз реттік нөмірі арқылы) аударады. Осылайша, қажет тауарыңызды алып, кете бересіз.

Блог - aikarakoz: «SALEM, MOBILE» СЕНІМЕН БІРГЕ!

«Salem, Mobile» қызметі уақытыңызды, ақшаңызды үнемдеуге таптырмайтын дүние. Егер қолыңызда дайын ақша жүрсе, оны жаратып жіберуіңіз мүмкін. Ал, «Salem, Mobile» ақшаңыздың қажетсіз дүниелерге шашылып кетпеуіне мүмкіндік береді.

Блог - aikarakoz: «SALEM, MOBILE» СЕНІМЕН БІРГЕ!

«Salem, Mobile» қызметінің алғашқы қолданушысы – Татьяна Зизяк, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Шортанды ауданындағы мүшесі.

Блог - aikarakoz: «SALEM, MOBILE» СЕНІМЕН БІРГЕ!

«Қазпочтаның» ауылға ұсынып отырған қызмет түрлері «Salem, Mobile» жобасымен ғана шектелмейді. Ендігі әрбір бөлімшеден жіберген/келген сәлемдемені өзіңіз келіп, терминал арқылы төлеп жасап, суырмаларда тұрған сәлемдемелер ішінен өзіңіздікін алып кетуіңізге болады. Бұрынғыдай кезекке тұру, күту, сәлемдемені қаптап, орап, оған алаң болмайсыз. Сәлемдемелер супермаркеті – электронды кезек. Сәлемдемелер супермаркеті бұл – Қазақстан бойынша сәлемдеме алу/жіберу, өзіне-өзі қызмет көрсету орталығы.
Блог - aikarakoz: «SALEM, MOBILE» СЕНІМЕН БІРГЕ!
Блог - aikarakoz: «SALEM, MOBILE» СЕНІМЕН БІРГЕ!

Сәлемдемелер компанияның арнайы қораптарына салынып, жөнелтіледі. Сондықтан, жіберуші бұрынғыдай сәлемдемесін өз орап, әуреге түспейді. Бұл – сәлемдеменің қауіпсіздігінің кепілі.

Блог - aikarakoz: «SALEM, MOBILE» СЕНІМЕН БІРГЕ!

«Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин жаңадан қосылып жатқан сәлемдеме жіберу/алу жүйесінің тиімділігін, қолданылуын түсіндіріп тұр. Ал, министр Дәурен Абаев компанияның жаңа қызметтерін көзімен көріп, қолы мен ұстады.

Блог - aikarakoz: «SALEM, MOBILE» СЕНІМЕН БІРГЕ!

«Қазпочта» ұсынып отырған тағы бір қызметі — postmarket.kz сауда алаңы. Сіз бұл қызмет тегін тіркеліп, есептік-кассалық қызмет, теміржол билеттерін сату/алу, тауарларды жеткізу және тағы басқа қызмет түрлерін пайдалан аласыз.

Блог - aikarakoz: «SALEM, MOBILE» СЕНІМЕН БІРГЕ!
Ауыл тұрғындары үшін бұл қызметтің тиімділігі зор. Себебі, Сіз ет, сүт, бақша өнімдеріңізді ауылдан шықпай, қала тұрғындарына саудалай аласыз. Яғни, жол шығыны, тасымал тағы басқа қиындықтардан құтқарады.
Блог - aikarakoz: «SALEM, MOBILE» СЕНІМЕН БІРГЕ!
Блог - aikarakoz: «SALEM, MOBILE» СЕНІМЕН БІРГЕ!

«Қазпочта» АҚ ауылдық жерлерде жүзеге асырып жатқан жаңа, ыңғайлы әрі тиімді, қолжетімді жобалары министр Дәурен Абаев өз көзімен көріп, журналистерге жобаның қарапайымдылығы мен қолжетімділігін жан-жақты түсіндіріп берді. Министр 2020 жылға дейін ауылдардың 80 пайызы осы жобалармен қамтылатынын айтты.
Әрі қарай

Сені ұмытқан күні

Қарсы тұрып, дес берместен бәріне,
Сені ғана шарқ ұрып мен іздегем.
Санамда жүр, жанарымда әлі де
Сағынышқа оратылған күзгі өлең…

Қорқам кейде діріл демнен, от лептен,
Сағынышқа тұншықтырған боз мұңнан.
Кием-дағы сағыныштан сал шекпен,
Сені ұмытқан күні мен де көз жұмам.

Сөз таппаймын саған, күнім, теңеуге,
Көңілімнің күйін өзің шертесің.
Сені ойламай кірпік қақсам егерде,
Оянбауым мүмкін менің ертесін.

Сені есімнен шығарған күн аңдамай,
Мына әлемнен құрып кете жаздадым.
Екі өлеңнін бірін саған арнамай,
Оңбайды екен, өнбейді екен жазғаным.

Ойламаса жүрек сені дір еткен,
Қара түн де, аппақ Ай да «қарғайды».
Сәби-өлең көкірегімнен шыр етпей,
Санам тоз-тоз, көз нұрым да сарғайды.

Әз ғаламда сені ғана аңсатар,
Көк жолында бар ғұмырым бір сызық.
Сені ұмытқан күні бітіп жыр-сапар,
Сені ұмытқан күні тәмам тіршілік…
Әрі қарай

Мені бақыт аспанына көтердің

Бөлек менде сен дегенде шығар жан,
Жалт еткенде тайып беріп қылаң ой.
Әр демімді ішке жұтып шығарған
Сәттерімде сені ойлап тұрам ғой!

Сенің сыңар аққу құсың мен деп біл,
Сені іздеп шарқ ұратын тараптан.
Тәңсәріде шырқау көктен мен деп біл,
Жанып-күйіп, өліп-өшіп баратқан.

Шырқалып боп көкіректің қанша әні,
Жанарымды суалдырып жылап боп.
Терезеңнің алдындағы таңсәрі
Сөніп бара жаттым түнгі шырақ боп.

Құйқылжыта ән салатын бағыңда,
Бұлбұлыңмын жаңылмайтын ырғақтан.
Сары гүлді аралайтын сағына,
Ол мен едім көбелек боп зыр қаққан.

Кейде күліп, кейде дегбір қашты да,
Күн түлетті, түн сөндірді неше үміт?!
Сенің жұмсақ табаныңның астына
Көк майса боп жатқан менмін төселіп.

Жырым — Жайық, Есіл менің өлеңім,
Өзің барда бекер қайғы, шекер мұң!
Шексіз, шетсіз қуанышқа бөледің,
Мені бақыт аспанына көтердің!

Керім желдей кербездене өбейін,
Алыс па екен құшағыңды сезер күн?!
Шерге толып көкірегім, көмейім,
Сені ойлап шөліркедім, кезердім.

Мен болайын жанарыңның ішінде,
Көрші мені, мені ғана байқашы!
Енсем етті тағы, тағы түсіңе,
Кірпіктерің кеткенінде айқасып!

Ақсұлу Сүттібай
Әрі қарай

Сені аямай құшақтағым келеді!

Әкетпесе мені ертіп жыр−әлем,
Сенің әлі шырағың боп тұрар ем!
Күнің болып, күншығыстан
шығар ем,
Дегеніңді екі етпей қылар ем.

Ақ сүтіңді еміп сенің мына мен,
Қойыныңнан шыққан шұбар
жылан ем!
Әуеніңе төңкерілмей, тыңдамай,
Өлең жазып кеткеніме кінәлі ем!

Делқұлымын, емеспін мен сірә, сау,
Неткен ұят сенен кешірім сұрамау?!
Ауыл жақтан үйірілген қап-қара
Қошқыл бұлттар менің күнәм
шығар-ау!

Жарық көріп, сені алғаш танығам,
Жақсы көрем, баяғыдай сағынам.
Жүрмін қазір, жетім бұлбұл секілді
Қалыс қалған, аласталған бағынан.

Мені әкеткен ақын күннің өлеңі,
Жүрегіме жырдың гүлін егеді.
Бірақ та мен үйге барған кезімде,
Сені аямай құшақтағым келеді!

Кешірші мені!
Әрі қарай

Зуқа батырдың 150 жылдығы

Блог - KabidenKuanyshbayuly: Зуқа батырдың 150 жылдығыҚР қарлу кұштерінің Әскери-тарихи музейіне қойылған Зуқа батырдың көрмесі несімен ерекшеленеді.
Бүгінде 11 мемлекетте аталып өтіп жатқан Зуқа батырдың 150 жылдығы ұлан-асыр тойға ұласып отыр. Азаттық арқасында, еркіндік үшін ерегіскен батырларымыздың рухы Тәуелсіз елдің көгінде қалықтады бүгін.
Астана төрінде орналасқан ҚР қарулы күштерінің Әскери-тарихи мұражайы төрінде Тәуелсіздік арманы және Зуқа батыр«атты xалықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтумен бірге Зуқа батыр Сәбитұлының көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Әрине Зуқа батырдың Азаттық үшін арпалысқан ерлігін ғалымдарымыз зерттеп, зерделеп бүгінгі жаңа тарихтың келбетін қалыптастырып келеді. Ал, менің айтқым келіп отырғаны Зуқа батырдың көрмесі туралы.
Зуқа батырдың 1904-1906 жылдар аралығында қажыға барғаны туралы бірі білсе бірі біле бермес, Парсы, араб, орыс, түрік тілдерінде жетік Батыр Түркияға барғанда кедендік бақылау кезінде түсіп қалған фотосы бар екен. Сол фотоны Гималай асып, қытайдан жансауғалап кеткен батыр ұррпақтары Түркия жеріне жеткенде тауып алған деседі. Қытаймен атысып жүргенде киген батыр бөркі де көрмеге қойылған.
Бүгінде Қытай иелігіне өткен қазақ жері Көктоғайдағы Зуқа батыр кесенесінің суретінде көре аламыз. Мазарда 53 адамның мүрдесі жатыр дейді көрме туралы түсінктеме берген туыстары. Себебі сол тұста батырдың қанатының астына кірген халықты жау аямаған екен. Бұл мазарда тіпті бесігімен көмілген балар да бар екен.
Бұдан бөлек батыр туралы жазылған кітаптардың да тұсауы кесіліп көрмеге қоса қойылды»
Әрі қарай

Ержүрек- ер.

#БекжанӨмірСүр #ТаразПолиция #BekzhanZhivi #БекжанЖиви

Таразда атыс кезінде жарақат алған полицейге жеті сағатқа созылған ота жасалды, алайда ол әлі де ауыр жағдайда жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі № 1 қалалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Ербол Ордабековке сілтеме жасап.
«Кеше шамамен сағат 18.00-де бізге оқ тиген жарақатымен екі адам түсті. Олардың бірі полиция қызметкері. Екеуіне де ота жасалды. Қазіргі уақытта олар жансақтау бөлімінде жатыр. Полицейдің жағдайы ауыр», — деді Ербол Ордабеков. Ауруханадағылардың айтуынша, полицейге мойны мен кеудесіне екі оқ тиген.

Ендігі ол полицей кім? Есімі — Бекжан Мамырұлы Тленчиев. Вк Әлеуметтік желісінде да жеке парақшасынан суретін алдым. Тыныш заманда қасқойдың кесірінен мүгедек болып қалу қаупі бар.

Құрметті Қазақстандықтар! Осы постқа респост жасап, Бекжанның жанұясына көмек берейік. Ер азамат, xалық тыныштығын қорғау кезінде ауыр xалде. Бекжан Мамырұлын «Халық қаһарманы» мемлекеттік наградаға ұсынуын сұраймын.
Рамазан айында дұға етейік, мұсылман бауырлар!

Ел тыныштығын сақтайтын полицейлерді қолдау көрсетейік.Блог - IslambekDastan: Ержүрек- ер.
Әрі қарай