Оңтүстік өңірінің тұрғынымын. Жылдың өзге мезгіліндегі «таңертенгі сағат 10»- қазір кәдімгідей «обед». Әрине, бұл уақытта үйдің бар тірліктерін бітіріп, үйге кіріп кетеміз. Күннің аптап ыстығы ми қайнайтындай.
Теледидардың арналарына саяxат жасап отырып, "Қазақстанның бірінші арнасы"-нан «бір бағдарлама» тамашаладым. «Бір бағдарлама»- деп бүркемелеген себебімді мына түсіріп алған фотосуретке қарап түсінерсіздер. Өз басым «журналистика» саласынан xабарым болып, өздігімнен репортаж жасап жүргендіктен, жеке пікірімді жеткізбекке ызам келіп мақала етіп жазуға бел будым.
Жақсы тақырып — жарты мақала. Өте орынды айтылған. Бірақ, осы тіркесті ұран етіп алғанба дерсің. Эфирге шыққанның барлығы телеарна меншігі емес екенін жақсы білем. Дегенмен осы арнадан дүйім жұртқа беріліп жатқан бағдарламаға зер салмайды ма екен?! «Рейтинг»-таразы секілді екі жақты дүние меніңше. Уақытша көп көрсеткішке жеткен рейтинг арнаның өзге тұсына залалын тигізбейді ма?
«Мәссаған», Айта берсін", «Пендеміз ғой», «Шәй ішейік» сынды бағдарлама «атауларын» көріп таңданысымды жасыра алмаймын. Эфирге шығу мақсаты мен идеясы әрқилы болғанымен атаулары «ауылдың салпыетек келіндерінің» сөзіндей. Иә, бүгінде телеарна тамашалайтын ауыл тұрғындары. Десекте, қоғам тәрбиелеп отырған «көгілдір арна» мәдениетін мұншалықты төмендетуге болады ма?
Мен көрген бағдарлама логотипінде «Все мы люди» деп жазылып тұр. Тікелей аудармасы «Бәріміз адамбыз» ал бағдарлама атауы «Пендеміз ғой» екен. Алғашында орысша бағларлама екен дедім. Бағдарлама жүргізушісі өзін қазақ тілінде таныстырды. Ток шоу қонақтары да қазақтар. Міне, қызық!
Әдемі сөз, жарқын дауыспен тақырыпты айта кетіп кейіпкерімізге сөз береміз деді. Бұл сөздер «stand up » форматында кетті. Үлкен кадр-студия түгелімен көрсетілді. Студия дәл осы арнадан эфирге шығатын «Ашығын айтқанда» бағдарламасына тиесілі. Кейіпкер бетперде таққан бойжеткен, ал екі жағындағы орындықтарда қонақтар. Осыдан ой түйдім, не мен ортасынан жалғастырып жатырмын, не мына бағдарлама форматы басқа. Өзге бағдарламаларда тақырыпты түсіндіретін сюжет беріледі. Бұл-тақырыпты түсініп, әңгіменің әрмен қарай қалай өрбитінінен xабардар етеді. Бұл бағдарламада сюжет соңына таяғанда берілді. Мейлін, солай-ақ болсын. Әрмен қарай басты кейіпкерді таныстыру, тағдырлары ұқсас кейіпкерлер таныстырылып олардың «кейіпкер» болуға негіз болған тақырып талқыланады. Арнайы осы «проблемаға» қатысы бар мамандар шақырылады. Барлығы мәселенің түйінін шешуге кіріседі. Ток шоу бағдарламалар концепциясы осылай болса керек-ті.
Бұл бағдарламада қонақтардың арнайы түсін-түстеп таныстыру мүлдем жоқ. Кейіпкер жайын айтқаннан кейін қолын көтергеннің барлығы сөйлеуге құқылы. Бірінің сөзі аяқсыз қалып, жүргізуші екінші бір қонаққа сөз береді. Және олар сөйлегенде жаңағы мен айтқан таныстыру экранның астында орыс тілінде жазылып тұр.
-------Аты-жөні-----
(қонақтың мамандығы мен негізгі пікірі).
Бәрі оңай, ток шоу осылай «шикі», «шала» күйінде эфирге шыға салады екен.
Жүргізуші жіберген өрескел қателіктер мен студиядағы «у-шу»- ды айтпағанда атауы орысша, өзі қазақша ал негізі «шоу-деген елді елең еткізер ұрыс»-деп жүйесіз бағдарлама шығару ма?! Келген қонақтар тұшымды ой-пікір айтты, десекте, ол кісілер түсініксіз, монтажсыз бағдарлама эфирге шығады деп келмеген болар?..
Алпауыт телеарнадан мұндай күтпедім…
Қарапайым қазақ отбасы ел қатарлы өмір сүреді. Бір күні бұл шаңыраққа ауылдан отағасының жақын досының қызы келеді. Бұл отбасының үлкен ұлы ауыл қызына қамқорлық танытса, ортаншысы оған ғашық болады. Ал кенже ұлы қызды үйінен кетіруді ойлайды.
Ауылдық тәрбие көріп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындап өскен қыз қазақы болмысты ұмытуға шақ қалған қала тұрғындарының өміріне өзгеріс әкеледі.
«Дәулет» ұлттық теннис орталығында екінші Халықаралық жауынгерлік өнер фестивалі өтеді. Шара барысында Қазақстан, Ресей, Қытай, Италия, Филиппин және Жапония мемлекеттерінің үздік жекпе-жек өкілдері бір аренада өз өнерлерін ортаға салады.
Фестиваль бағдарламасы бойынша көрермендер назарына 11 дисциплинадан көрнекі ұрыстар көрсетеді, соның ішінде джиу-джитсу, киокушинкай-кан каратэ, қоян-қолтық ұрыс, сумо, таэквандо, муай-тай (тайс боксы), вин-чун, қазақ күресі, бразилиялық джиу-джитсу, шаолинь-цюань, пекити-тирсия кали.
Биыл шараға аралас стильдегі кәсіпқой спортшы Хабиб Нурмагомедов, кәсіпқой ресейлік тайбоксер және кикбоксёр, тай боксынан Ресейдің Еңбек сіңірген спорт шебері Артем Левин сынды әйгілі тұлғалар қатысады. Өткен жылғы фестивальге қатысқан актер, кәсіпқой спортшы, жауынгерлік жекпе-жек бойынша әскери нұсқаушы Сергея Бадюк спорт сүйер қауым үшін тосын сый болмақ. Маңызды спорттық шарадан қазақстандық спортшылар да тыс қалмайды.
Сонымен қатар, 29 маусымда екінші Халықаралық жауынгерлік өнер фестивалінің қатысушылары Астана қаласының спорт мектептерінің шәкірттеріне арналған шеберлік дәрістерін өткізеді. Олар тай боксының ерекшеліктері мен артықшылықтарын іс жүзінде көрсетіп, жаңа бастап отырған спортшыларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап береді.
Астанада Оқушылар сарайында жыл сайынғы IV «Аялаған Астана – 2016» республикалық конкурсы басталады, оған Қазақстанның өңірлерінен кастингтен өткен 7-13 жастағы 12 талантты бала қатысады. Конкурс 2 шілдеде сағат 13:00 «Қазақстан» телеарнасында тікелей эфирде өтеді. Жобаның бас продюсері Лина Арифулина бастаған қазылар алқасы балалар шығармашылығына өз бағасын беретін болады. Сонымен қатар, ұнаған қатысушыға оның тиісті номері бойынша СМС арқылы дауыс беруге болады.
Айта кетейік, балалар музыкалық ұжымның сүйемелдеуімен жанды дауыспен ән айтады.
Қатысушылар Астанаға келді және Қазақстан мен Ресейдің үздік педагогтарымен дайындалуда. Конкурсқа қатысушылардың бос уақыттары жоқ. Олар қаланың көрікті жерлерін аралап, «балапан» телеарнасының түрлі балаларға арналған шараларына қатысады.
«Аялаған Астана – 2016» конкурсының гран-при иегері белгілі «Артек» лагерінде өтетін «Балалар Жаңа толқыны — 2016» халықаралық байқауына қатысуға жолдама алады.
Аталған жобаны ұйымдастырушылар – Астана қаласының әкімдігі, «АРС» компаниясы (Ресей), «Қазақстан» РТРК және «Нұр Отан» партиясы.