Астанада ASTRA көлік карталарын сатуға арналған арнайы кассалар ашылды

Астанада қалалық автобустарда ASTRA Plat электронды жолақы төлеу жүйесін енгізу жалғасуда.

Бүгінгі күні жүйеге №№101, 102, 103, 105 төрт express-бағыты және №№3, 6, 8, 10, 12, 20, 21, 23, 29, 32, 40, 61 он бір қалалық бағыт қосылды. ASTRA көлік карталары жұмыс істейтін барлық автобустардың есіктерінде арнайы ерекшелік стикерлері бар.

Елорда тұрғындары мен қонақтары көлік карталарын аялдама пунктерінің қасында және қаланың сауда орталықтарында орнатылған RTVM автоматтарынан сатып алып, толтыра алады. Сондай-ақ, жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін бұл қызметтер қаланың арнайы кассаларында қолжетімді.

Еске салсақ, ASTRA көлік карталарының үш түрі бар: толтырылатын, мектеп және жеңілдікті. Жолақы төлеудің үйреншікті әдістері — ақшалай есеп айырысу және жол жүру билеттері күшінде қалады.

Карталарды мына мекен-жайлар бойынша орналасқан кассалардан сатып алуға болады:

Кассалар / Мекен-жайы / Жұмыс кестесі

№2 касса
Абылай хан даңғ., 57/1 («Астана LRT» ЖШС КДО)
09.00 — 19.00

№ 3 касса
Петров к-сі, 24 («Евразия» СҮ)
10.00 — 20.00

№ 4 касса
Тілендиев даңғ., 15 («Рахмет» СҮ)
10.00 — 20.00

№ 5 касса
Гете к-сі, 5 (Сапаржай Астана)
08.00 — 19.00

№ 7 касса
Бөгенбай батыр даңғ., 68 («Әлем» СҮ)
10.00 — 20.00

№ 8 касса
Қабанбай батыр даңғ., 5 (Астаналық цирк)
10.00 — 20.00

№ 11 касса
Жеңіс даңғ., 47 («Жеңіс» СҮ)
10.00 — 20.00
Әрі қарай

15-16 қараша Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 25 жылдық мерейтойын атап өтеді

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының 25 ЖЫЛДЫҒЫНА арналған МЕРЕЙТОЙ кеші өтеді

2016 жылдың 15-16 қараша күндері Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында Астана қалалық Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының 25 ЖЫЛДЫҚ мерейтойы өтеді. Мерейтой барысында еліміздің Тәуелсіздігімен төлқұрдас театрдың тереңде жатқан тарихын жасаған абыздары: театрдың негізін қалаушы, режиссер Жақып Омарұлы, Қазақстанның халық артисі, режиссер Қадыр Жетпісбаев, Халық қаһарманы, режиссер Әзірбайжан Мәмбетов шығармашылықтарына арналған «Қ.Қуанышбаев театрына – 25 жыл» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Театрдың бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстыру мақсатында белгілі журналист, өнертану магистрі, театртанушы Сәуле Әбединованың авторлығымен «ТЕАТРҒА ТАҒЗЫМ» атты кітаптың тұсаукесері өтеді. 15 қараша күні сағат 17.00 Мерейтойлық салтанатты кешке театрдың артистер қауымы арнайы төселген қызыл кілемнен өтеді. Таңғажайып театр әлемін суреттейтін ҚАЛЛЕКИЛІКТЕРДІҢ 25 ЖЫЛДЫҚ мерейтойы салтанатты думанға толы болмақ.
Блог - AstanaKaztheatre: 15-16 қараша Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 25 жылдық мерейтойын атап өтеді

Блог - AstanaKaztheatre: 15-16 қараша Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 25 жылдық мерейтойын атап өтеді
Әрі қарай

Елордада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концерт өтеді

11 қарашада сағат 19.00-де «Астана» концерт залында (Конгресс-холл) ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Әнім сенсің, Туған Ел!» концерті өтеді.

Мерекелік концерттік бағдарламаны Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрі орындайды. Көркемдік жетекші және бас дирижеры – ҚР еңбек сіңірегн қайраткері, профессор Айтқали Жайымов. Дирижер – Мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов.

Бұл кеште қалалық филармонияның ең үздік дауыстары Сіздерді ләззатқа бөлейді. Аңызға айналған қазақстандық композиторлар Түркештің, Ғ.Құрманалиевтің, М.Қанапияновтың, Т.Базарбаевтың, Б. Тілеухановтың, Т. Ізтайдың, Н. Тілендиевтің, К.Күмісбековтың, А. Жайымовтың және жас композиторлар Арман Жайым мен Нұрлан Бекеновтың әндерін классикалық, эстрадалық және халықтық вокал бөлімінің орындаушылары шырқайды.

Қалалық филармония әртістері концерттік бағдарламада тыңдармандарға «Салем саған, Туған Ел», «Дархан Дала», «Туған жер», «Атамекен», «Ұлы дала» және т.б. көптеген осы сынды шығармаларын ұсынады.
Әрі қарай

Қалалық мәслихат депутаттары Астана көшелерінің жаңа атауларын мақұлдады

Елордада Орынбор көшесінің атауын Мәңгілік ел деп өзгерту және атаулары қайталанатын көшелерді жаңаша атау мәселесі көтерілді. Кезектен тыс 11-ші сессия барысында қалалық мәслихат депутаттары ономастикалық комиссия ұсынған жаңа көше атауларын мақұлдап, бұл мәселеге нүкте қойды.

«Алматы» ауданында Хусейн бен Талал көшесі пайда болады, оның жобалық атауы 23-17 болған, Кенен Әзірбаев (бұрынғы 23-31 көше), және А19 деп аталған көшеге Темірбек Жүргеновтың есімі берілді. Ал бұрынғы Хусейн бен Талал көшесі енді Ұлы Дала даңғылы деп аталады. Иван Панфилов атындағы көше Сәкен Жүнісов көшесі деп өзгертілді, ал Бейімбет Майлин және жобалық атауы А193 көшесі біріктірілетін болды. Еңбекшілер көшесі №36 көшемен біріктіріліп, Әлихан Бөкейханов даңғылы деп аталады. Ал «Сарыарқа» ауданындағы осы аттас көшеге Әзербайжан Мәмбетовтың есімі берілді. «Есіл» ауданында жобалық атаулары ғана болған 10 көшеге жаңа атаулар берілді. Солардың бірі Е10 көшесі Орынбор көшесі деп аталады. Одан басқа, сол жағалауда Нияз би, Нұрпейіс Байғанин, Сұлтанбек Қожанов, Қайым Мұхамедханов, Никола Тесла, Рабиға Есімжанова, Саттар Ерубаев, Ханшайым Сүйінбике және Бұқар жырау есімдерімен аталатын көшелер пайда болды. Әділет органдарында тіркелген соң он күн өткен соң бұл шешім күшіне енеді. Демек, елорда тұрғындары мен қонақтары қалада адаспас үшін көшелердің жаңа атауларын біліп алу қажет.
Әрі қарай

Ұнаттым мен

Сол бір кеште көргенімде өзіңді,
Мөлдіреген қою қара көзіңді.
Ұнаттым мен сол бір әсем күлкіңді.
Ұнаттым мен әзіліңді бір түрлі.

Сүп-сүйкімді сымбатты едің сен неткен,
Баурап алдың неге мені неліктен?!
Жүрегімді алып кеттің өзіңмен,
Неге сені ұмыта алмай жүрмін мен?!
Әрі қарай

ҰБТ-ның жаңа форматы - «Алтын белгі» иегерлері өз білімін бөлек емтиxанмен дәлелдейді

Білім және ғылым: ҰБТ-ның жаңа форматы - «Алтын белгі» иегерлері өз білімін бөлек емтиxанмен дәлелдейді

Білім және ғылым министрлігі ұлттық бірыңғай тестілеуді екіге бөлді. Енді, мектепті бітіру емтиxаны оқушының орта білімді тәмамдағанын дәлелдесе, ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысымен мектеп түлектеріне мемлекеттік гранттар тағайындалады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Білім және ғылым саласында бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубековтің айтуынша, ұлттық бірыңғай тестілеу енгізілген соңғы 13 жылдың ішінде оған оқушылардың барлығы бірдей қатысқан жоқ. Мәселен, соңғы тестілеуге мектеп оқушыларының 70 пайызы қатысты.

Енді, жаңа форматқа сәйкес, «Алтын белгі» тағайындауды мектептердің өздері жүргізеді. Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде аталған атақты растау қажет емес. Тестілеу тек грант иегерлерін ғана анықтап, жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігін береді.

«Сонымен, 2017 жылы түлектер үшін қорытынды аттестациялау өздері оқыған мектепте өткізіледі, яғни келесі жылдың 1-10 маусым аралығында өткізу жоспарланып отыр. Ал ұлттық бірыңғай тестілеу, яғни жоғары оқу орнына түсу емтиxаны 20-шы маусым мен 1-ші шілде аралығында республика бойынша 165 тестілеу бекеттерінде өткізіледі», — деп атап көрсетті Н.Оршубеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында.
Әрі қарай

Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

«Жастар» сарайының ғимаратында биылғы жылдың ең соңғы бос орындар жәрмеңкесі өтті. Жұмыссыз азаматтарға 60-тан аса жұмыс беруші бос орындар ұсынды. Жұмыс іздеушілер түрлі салаларда мыңға жуық қызмет түрін таңдауға мүмкіндік алды.

Астана тұрғыны Сайрангүл Рахметова бос орындар жәрмеңкесіне алғаш рет келіп отыр.

«Жәрмеңке жақсы ұйымдастырылған, ұйымдастырушылар бұл іске жауапты қарағаны көрініп тұр, жұмыс берушілер де, жастар да көп. Жәрмеңке барлық санаттағы азаматтарға есептелген, жас бойынша шектеу жоқ. Менің мамандығым — экономист, мемлекеттік мекемелерде, акционерлік қоғамдарда, денсаулық сақтау, білім министрліктерінің жанында еңбек еттім. Адамдар осы жерде жұмыс таба алады, өйткені бос орындар көп, таңдауға мүмкіндік бар», — дейді Сайрангүл Рахметова.

Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы жыл бойы жүйелі негізде бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізіп келді.

«Біз биыл 11 бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткіздік, бұл соңғы, 12-ші жәрмеңке. 11 жәрмеңкенің қорытындысы бойынша 400-ден аса адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, тағы ондаған адам әңгімелесуден өтуде. Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі — өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жұмыс берушілер де, жұмыс іздеушілер үшін де ыңғайлы алаң», — деп атап көрсетті Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омар.

Жыл басынан бері Жұмыспен қамту орталығына 12 мыңнан аса адам жүгінген. Биыл Астанада 16 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды.
Әрі қарай