Ең пайдалы көкөніс. Асқабақ таңдаудың қыр-сырын, пайдалы қасиеттерін біле жүріңіз



Күз бен қыста Сіз білуге тиісті кеңестер топтамасы. Бес минутыңызды бөліп асқабақ таңдау, оның пайдасы туралы бейнесюжетке назар салыңыз. Ең пайдалы көкөніс — асқабақты жиі тұтынатын кезең басталды.
Әрі қарай

ҰБТ мектеп емтиханын қайталауы қажет пе?

Білім және ғылым министрлігі ұлттық біріңай тестілеу және мектеп бітіру емтихандары жөнінде орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатын өткізді. Мұнда ҰБТ мен мектеп бітіру емтихандарының тапсырылу реті, тәртібі туралы айтылды. Жаңа ережелер оқушылардың психологиялық-моральдық дайындығы, оңтайлығы мен практикалық тұрғыда тиімділігі тұрғысында ұнады. Дегенмен, байқап отырсақ, мектеп бітіру емтиханы мен ҰБТ емтихандарының арасында қайталанатын пәндер бар.
Түлектер келесә пәндер бойынша мектеп бітіру емтиханын тапсырады:
1) Қазақ тілі мен әдебиеті ( эссе жазу);
2) Алгебра жəне анализ бастамалары (жазбаша емтихан);
3) Қазақстан тарихы (ауызша емтихан)
4) Орыс тілі (тест)
5) Таңдау пәнінен емтихан
Емтихан тапсыру барысы қатаң қадағаланады, сұрақтарын ұлттық біріңғай тестілеу орталығы дайындайды.
Ал ЖОО түсу үшін ҰБТ тапсырады. Бұл тестілеу ЖОО өткізіледі және келесі пәндерді қамтиды:
1) Оқу сауаттылығы
2) Математикалық сауттылық
3) Қазақстан тарихы
Таңдаған мамандығына байланысты қосымша екі таңдау пәні бар. Қазақ тілі мен әдебиетінен жазбаша эссе тақырыптары өзгеруі мүмкін. Әдетте мектепте "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл", «Елін сүйген, елі сүйген елбасы», «Туған тілім — тұнығым», «Тәуелсіздік — тұғырым» деген сияқты. Ал университетте «Мен бұл мамандықты неліктен таңдадым», «Астана әлем назарында», «ЭКСПО- ел мерейі» деген сияқты тақырыптар ұсынылады. Ал Қазақстан тарихы бойынша сұрақтар өзгертілмейді. «Айрмасы болмаса, артық төлеп не керек?» дегеней, бір сабақ бойынша емтиханды екі рет өткізу қажеттілігі бар ма? Кейін абитуриенттен студентке айнаса, бірінші курста бір семестр бойы Қазақстан тарихын қайта тереңдетіп оқып, мемлекеттік емтихан тапсырады. Қазақстан тарихын жадынан кетпейтіндей етіп емтихан алу қажет болса, сол жерден есе алуға болады. Ал оған дейін түлектердің миын босқа ашытпай, таңдаған кәсібіне бет бұруға, бейімдеуге мүмкіндік берген жөн болар еді.
Әрі қарай

«Жастар жолдардағы қауіпсіздік үшін» акциясы

2016 жылдың 14 қарашасы күні Бұқар – Жырау даңғылы Каскад алаңында Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, «Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» КММ және Қарағанды облысының ІІД жол полициясы басқармасымен бірлесе отырып «Жастар жолдардағы қауіпсіздік үшін» акциясын өткізді.
Блог - ZhastarTynysy: «Жастар жолдардағы қауіпсіздік үшін» акциясы
Акцияның мақсаты: Қараңғы уақыттарда көшеде және жолда жүргенде жаяу жүргіншілер киімдерінде жарық қайтарғыш элементтерді қолдануды насихаттау.
Блог - ZhastarTynysy: «Жастар жолдардағы қауіпсіздік үшін» акциясы

Акцияның міндеті:

* жол-көлік апатының зардаптарын азайту, сонымен қатар, балалардың жол-көліп апатынан алатын жарақаттарының деңгейін азайту.

* жолдағы жаяу жүргіншілердің жүру мәдениетін арттыру.
Блог - ZhastarTynysy: «Жастар жолдардағы қауіпсіздік үшін» акциясы
Блог - ZhastarTynysy: «Жастар жолдардағы қауіпсіздік үшін» акциясы
Блог - ZhastarTynysy: «Жастар жолдардағы қауіпсіздік үшін» акциясы
Блог - ZhastarTynysy: «Жастар жолдардағы қауіпсіздік үшін» акциясы

«ҚАЙНАР» ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫНА ҚАТЫСЫҢЫЗ...

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ «ҚАЙНАР» ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ «ҚАЙНАР» ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫН ТАҒАЙЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ ЕРЕЖЕ

Қарағанды облысы аумағында жастар ортасында танымалдылыққа ие болған жемісті ғылыми, шығармашылық, кәсіби және қоғамдық жұмысы үшін облыстың 14 жастан 29 жасқа дейінгі жас азаматтарына берілетін Қарағанды облысы әкімі сыйлығының лауреаттарын іріктеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қарағанды облысы әкімінің аталған сыйлығының (бұдан әрі – Сыйлық) лауреаттарын іріктеу бойынша жұмысты жүргізу үшін құрылды.
Сыйлық байқау негізінде тағайындалады.
Комиссия құрамы Қарағанды облысының әкімінің орынбасарымен бекітіледі.
Қажет жағдайда Комиссия бөлек сұрақтар бойынша кеңесшілерді, сарапшыларды тартуға құқылы.
Сыйлыққа үміткерлерді ұсынуды Қарағанды облысының жергілікті және басқа мемлекеттік органдары, шығармашылық және кәсіби одақтары, ұйымдар мен мекемелері, жастар қоғамдық бірлестіктері жүзеге асырады.
«Жастар саясатының дамуына қосқан үлесі үшін», «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін үздік жасөспірімдер үйі», «Үздік жастармен жұмыс жасау орталығы» номинацияларынан басқа, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары сыйлықтың лауреаттары болып саналады.
Комиссияның жұмысшы органы «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ (бұдан әрі – Жұмысшы орган) болып табылады.
Сыйлық салтанатты түрде тапсырылады, марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің25 жылдығына орайластырылады.
Жұмысшы орган оған жүктелген міндеттерге сәйкес:
1) үміткерлердің байқау құжаттарын қабылдайды және сыйлық алуға ұсынылғандардың жұмысын алдын ала қарайды, оларды ұсыну тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;
2) үміткерлерді іріктейді, байқауға қатысуға рұқсат беру туралы ұсыныстар енгізеді, байқауға жіберілген жұмыстарды авторларын, оларды ұсынған ұйымдарды көрсете отырып баспасөз беттеріне жариялайды;
3) байқауға жіберілген үміткерлердің жұмысын ашық және ауқымды талқылау жұмысын ұйымдастырады;
4) сыйлықты тағайындау туралы шешім қабылдайды;
5) сыйлық лауреаттарының дипломдарын дайындайды;
Комиссияны облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасары ретінде төраға басқарады. Комиссияның төрағасы жоқ кезде оның міндеттерін «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ басшысы ретінде Комиссия төрағасының орынбасары атқарады.
Комиссияның төрағасы:
1) Комиссияның жұмысын басқарады;
2) Комиссияның құзыреттілігі аясында басқа да өкілеттілікті атқарады.
Комиссияның хатшысы:
1) Комиссия отырысының күн тәртібін жасақтайды;
2) Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді;
3) Комиссия мүшелеріне отырыстың күн тәртібі, өтетін орны мен уақыты туралы хабарлайды;
4) Комиссия мүшелеріне берілген құжаттарды ұсынады;
5) Комиссия отырысының хаттамасын рәсімдейді.
Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес:
1. Сыйлыққа үміткерлердің материалдары мен құжаттарын зерттеп іріктейді.
2. Облыс әкіміне Сыйлықты тағайындау туралы ұсыныс енгізеді.
Комиссия лауреаттарды іріктеудің келесі критерийлерін басшылыққа алады:
1) «Жылдың жас көшбасшысы» — оқудағы, қоғамдық жұмыстағы, мәдениеттегі, спорттағы жетістіктер, әлеуметтік маңызы бар және кең ауқымды саяси іс-шараларға қатысу, табысты жүзеге асырылған жобалар, оларды өткізу нәтижесінде қол жеткізген әлеуметтік әсер, жұмысының бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі – БАҚ) жариялануы, ұйымдастырушылық, көшбасшылық қасиеттер;
2) «Отан қорғаушы» — әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдарының өкілдері, кәсіпқойлық үшін мадақтамалар мен марапаттар; ел қауіпсіздігін қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың жүргізілуіне белсене қатысу; нәтижесі адам өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға әкелген жеке бас жетістіктері, қайғылы салдарды алдын алу, қылмыс жасауды болдырмау бойынша әрекет қылу және т.б.;
3) «Үздік жас мәдениет қызметкері»- мәдениет саласын дамытуға үлес қосқан, өнер, туризм, музыка, әдебиет саласының қызметкерлері (суретшілер, дизайнерлер, фотографтар, музыканттар, актерлар, қолөнер шеберлері, экскурсоводтар, әдебиетшілер, т. б.) шығармашылық конкурстарға қатысатын, (дипломдары, наградалары, шығармашылық жобалары, жұмыстары) болуы қажет;
4) «Жылдың жас жұмыскері» — өнеркәсіп саласының жұмыскері (слесарь, машинист, механизатор, дәнекерлеуші, қырнаушы, қақтаушы, кенші, металлург және т.б.), өз қызмет саласының дамуына үлес қосу, белсенді азаматтық ұстанымы, қоғамдық пайдалы қызмет;
5) «Жылдың жас ұстазы» — білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен оқытушылары, мектептен тыс ұйымдардың педагогтары, балабақша тәрбиешілері, әдістемелік құралдар авторлары және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосқан азаматтар;
6) «Жастар саясатының дамуына қосқан үлесі үшін» — мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, ЖОО және арнайы орта оқу орындарының өкілдері, білім, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері.
7) «Жылдың жас ғалымы» — ғылыми қызметкерлер, жоғары оқу орындарының ғылыми-педагогикалық жұмысшылары, өнеркәсіп пен ғылыми ұйымдардың мамандары, ғылыми дәреженің бар болуы (аспиранттар мен докторанттар), ғылыми саладағы мемлекеттік саясаттың жүргізілуіне белсенді қатысу, қоғамдық өмірдің түрлі салалары бойынша ғылыми жобаларды енгізу мен жүзеге асыру, Қазақстан ғылымына қосқан айрықша үлес, ғылым саласындағы жеке бас жетістіктері, меншікті ғылыми-зерттеу жұмысы, ғылыми конференцияларға, зерттемелерге, грант байқауларына қатысу; басылымдардың болуы: монографиялар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар, мақалалар, тезистер, ғылыми мекемелердегі жұмыс тәжірибесі;
8) «Жылдың жас медицина қызметкері» — әдістемелік әзірлемелері, публикациялары, наградалары бар (алғыс хаттар, мақтау қағаздары) жас медицина қызметкері, әртүрлі деңгейдегі конкурстық іс-шаралардың қатысушылары мен жүлдегерлері.
9) «Ауыл шаруашылығының немесе агроөнеркәсіптік кешенінің ең үздік жас маманы»- ауылдық жерде жұмыс істейтін, ауыл шаруашылығында, мал шаруашылығында, өсімдік шаруашылығында жаңа технологиялар енгізген, ауылдың қоғамдық өміріне белсенді қатысатын және ауылдастардың беделі мен құрметіне ие жас мамандар;
10) «Үздік жас мемлекеттік қызметші»- кәсіби жетістіктері, белсенді азаматтық ұстанымы бар, инновациялық жұмыс әдістерін қолданатын мемлекеттік қызметкер,
11) «Шын жүректен» — қайырымдылық шараларымен айналысатын, сондай ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмектесіп жүрген жас азаматтар.
12) «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін үздік жасөспірімдер үйі» — балалар үйінің түлектерінтабысты әлеуметтік бейімдеп, тұлғаны жан-жақты, үйлесімді дамытып, кейіннен қоғамға біріктіріп, құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ететін жағдай туғызатын жасөспірімдер үйі;
13) «Үздік жастармен жұмыс жасау орталығы» — жұмыс тәжірибесі табысты жастармен жұмыс жасау орталығы, жастарға көрсетілетін әрекетті қызметтер, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы жасампаз амалдарды жасақтау мен белсенді қатысу, жастарға атаулы және консультативтік көмек көрсету, қызметі БАҚ-та жариялау.
Сыйлық алғаннан кейін үш жылдың ішінде ұқсас номинация бойынша қайта Сыйлық тағайындауға жол берілмейді.
Сыйлық алуға ұсынылғандар мен байқау жұмыстарын Комиссия екi кезеңде қарайды. Бірінші кезеңдеКомиссия әрбір номинация бойынша сыйлық алуға 3 үміткерді іріктейді, екінші кезеңде солардың ішінен Комиссия әрбір номинация бойыншаСыйлық тағайындауға бір-бір үміткерді анықтайды.
Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы көпшіліктің дауысым қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары бөлінген жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия хатшысы Комиссияның мүшесі болып табылмайды және шешім қабылдау кезінде дауыс беру құқығына ие емес.
Комиссия шешімдері оның құрамының кемiнде 2/3 мүшесі қатысса заңды деп есептеледi.
Комиссия мүшесінің Сыйлық алуға өз үміткерлігін ұсынуға құқығы жоқ.
Байқау өтінімін рәсімдеуге қойылатын талаптар:
1) Байқауға қатысуға өтінім сайысқа қатысатын әлеуетті үміткерлердің осы Тәртібі көрсетілген талаптар мен шарттарға келісім білдіру түрі болып табылады.
2) Байқауға қатысуға ниет білдірген үміткердің Байқауға қатысуға жолдаған өтінімдері бірінші басшының қолы және мөрімен расталған хатпен бірге қабылданады (заңды тұлғалар үшін).
3) Осы Тәртіпте көрсетілген талаптарға сай емес өтінімдер байқауға қатысуға қабылданбайды және тіркелмейді.
4) Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар:
 түйіндеме;
 мемлекеттік органдар және/немесе мекемелердің, қазақстандық және/немесе халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-құрылымдардың, өзге де ұйымдардың үміткердің атына жазылған ұсынысхаттары;
 7 фотосурет: 1 стандартты, құжаттар үшін (3х4), 3-«жұмыс үстінде», 2-«бос уақытта»; фотосуреттер басылған және электронды түрде тапсырылуы тиіс, JPEG форматта, кемінде 3000*2000 пиксельде рұқсат етілген; («Жылдың әлеуметтік жобасы» номинациясы үшін талап етілмейді);
 мемлекеттік немесе орыс тілінде «Мен (біз) неге «Қайнар» сыйлығына лайықтымын (-мыз)» тақырыбында эссе. Көлемі 1 беттен аспауы керек, MS Word мәтіндік редакторында, қаріп — Times New Roman, кегль 14, аралық 1,5.
 жетістіктерін растайтын құжаттар (мақтау қағаздарының, дипломдардың, сертификаттардың, лицензиялардың, патенттердің, бейне-фото материалдар көшірмесі CD, DVD түрлі-түсті форматында, баспа, телевизиялық және электронды БАҚ-тардағы мақалалар (мақалалардың кесінділері, газет, журналдардағы мақалалар (немесе олардың көшірмелері), электронды БАҚ-қа сілтеме).
Байқауға қатысу туралы өтінімдер 2016 жылғы 25 қараша сағат 18.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қарағанды қаласы, Құрылысшылар даңғылы 4, 204 кабинет. Толық ақпаратты Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығынан білуге болады: 8(7212) 40-21-33.
Қарағанды облысы әкімінің "Қайнар" жастар сыйлығы 2016 жылдың 8 желтоқсаны күні табысталатын болады.

«Ұлы Даланың Мәңгілік Ел тұжырымдамасы» (фото)

Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қарағанды банк колледжінің студенттерімен «Қазақстан Республикасының Ұлттық идеологиясы — Мәңгілік Ел» атты тақырыпта кездесу өткізілді.
Блог - ZhastarTynysy: «Ұлы Даланың Мәңгілік Ел тұжырымдамасы» (фото)
Кездесуге акедемик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Бейсенбекова Нұрсахан Ахметқызы және Қарағанды Мемлекеттік университеті тарих факультетінің оқытушысы, доцент, тарих ғылымдарының кандидаты Кентбек Салават Қамшыбайұлы арнайы шақырылып, студенттерге «Ұлы Даланың Мәңгілік Ел тұжырымдамасы» тақырыбында дәріс оқыды.
Блог - ZhastarTynysy: «Ұлы Даланың Мәңгілік Ел тұжырымдамасы» (фото)
Блог - ZhastarTynysy: «Ұлы Даланың Мәңгілік Ел тұжырымдамасы» (фото)
Блог - ZhastarTynysy: «Ұлы Даланың Мәңгілік Ел тұжырымдамасы» (фото)

Бір апталық "ПОЗИТИВ"

Адамның көңілі, ішкі дүниесі кейде сыр беруі мүмкін. Сол кезде көмекке достарымыз келеді. Бұл — заңдылық. Аптаның ауыр күндерінен, күнде бір істен жалыққан кезде, жай ғана балалық істеу керек екен. Иә, иә, оған бүгін көзім жетті. Қарағандыда тоқтаусыз жапалақтап қар жауып тұр. Ал, алты қыз болса, бір шатырдың астында тұрады. Балконға (қызық болсын, қылтимаға) бір шығамыз, екі шығамыз, шыдамай әп-сәтте киініп, далаға бірақ зыттық.Блог - DinaAbdigalieva: Бір апталық ПОЗИТИВ
Күн суық деп ойламаймыз. Көңіліміз не қалады соны дүкеннен ерінбей сатып алдық. Сол кезде, дәл үйдің алдында жабысқақ қарды ұстадық та қалдық. Бітті, атыс-матыс басталды. Үсті-басымыз су-су. Ұйықтап жатқан көршілердің терезелері жанып, жүздерінен күлкі ұялады. Енді… «мыналарға не жоқ », — деп күлген шығар, сірә. :J Бірақ… табиғаттың сұлулығына тоя алмай, әрең үйге кірдік.
Блог - DinaAbdigalieva: Бір апталық ПОЗИТИВ
Р. S.: Ғалымдардың айтуынша, балалар бір күнде 400 рет жымиып, 150 рет күледі екен. Ал, ересектер ше? Есейген кезде 24 сағаттың ішінде орташа 15 рет жымиып, 6 рет шынайы күледі. Сол себепті қалжырау, шаршау деген қиындықпен тап болады. Қажиды. Мысалы, жай ғана қармен атысып ойнаудың өзі, үлкен күш береді. Біріншіден, жігер жинасақ, екіншіден бір аптаға жететін позитив сыйлады. Ешқашан күлкілі боламын деп ойламаңыздар, жүрек қалауымен тек алға ұмтылу керек. Қайта, осындай тәтті күндердің барына шүкіршілік. :j:j:j

Астанада ASTEX Astana Smart City форумы өтеді

30 қарашада Оқушылар сарайында ASTEX Astana Smart City 2016 форумы өтеді. Оған Қазақстаннан, алыс және жақын шет мемлекеттерден 400-ге жуық адам қатысады, деп хабарлайды Astana Innovatiоns АҚ.

Форум шеңберінде өткізу жоспарланған көрмеде адамның өмір сүруі үшін жайлы жағдайлар жасауға бағытталған жоғары технологиялық жобалар ұсынылады. Инновациялық қоғамдастықтың көшбасшылары, Smart City стандарттау, энергетика, ІТ, «жасыл технологиялар» салаларындағы белгілі қазақстандық және шетелдік сарапшылар, ғылыми және жобалаушы ұйымдардың өкілдері тәжірибелерімен бөліседі.

Панельдік пікірталас шеңберінде «Смарт ситиге» цифрлау; «ақылды» қалалардың экономиканың дамуына әсері; электрондық үкіметті дамыту мәселелері; «ақылды» қалалардың цифрлық трансформация және инновациялық шешімдері; Smart education «Bilimal»; жақын келешекте Астана қаласы үшін инновациялық шешімдер қаралатын болады.
Әрі қарай