Астанада фин музыкасының тегін концерті өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада фин музыкасының тегін концерті өтеді

18 маусым сағат 19:00-де Астана қаласы әкімдігінің алаңында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылуына арналып, Финляндияның Оулу қаласынан тарту ретінде «Магия севера» фин музыкасының концерті өтеді.

Оулу мен Астана қаласы екі ортадағы достық келісімге қол қоюдың арқасында 2013 жылдан бері ресми серіктес саналады.

Концертте Финляндия мен Қазақстанның белгілі әртістер мен орындаушылары, оның ішінде халықаралық аренада финдық танымал әнші Вениор (Venior) қатысады.

Вениор (Venior) музыкасы – әртүрлі жанрдан құралады. Кештің көркін әлем бойынша өзінің магиялық шоуымен өнер көрсетіп жүрген финдық сиқыршы-маг Йони Паканен кіргізеді.

Кеште Джастин ауа гитарасы бойынша дүниежүзілік чемпион «Северный гром» Говард өнер көрсетеді. Ол өз шеберлігін Air Guitar World Championship дәлелдеген. «Северный гром өзінің көрінбейтін гитарасында ойнап, өнері арқылы махаббат пен сыйластық ұшқынын таратады.

Кешті ағылшын және фин тілдерінде 1000 шара ұйымдастырған Лаури Саловаара жүргізеді.
Әрі қарай

Smile Astana жобасына Online-дауыс беру жалғасуда

Елордада 17 мамырдан 2 маусым аралығында «Smile Astana» жобасын іске асыру шеңберінде «Күміс күлкі, бақытты бейне» ең үздік фотография немесе эскиз-идея байқауы өтті.

Байқау шарты бойынша фотография Астанада жасалуы керек, ал эскиз-идея Астананың бейнесін, негізгі ғимараттарын көрсетуі тиіс еді. Барлық жұмыстар #ақжарқынастана және #smileastana хэштегтерімен қойылуы міндетті болатын.

Жеңімпаз кез келген адам онлайн дауыс беру арқылы анықталады. Қорытынды 19 маусым сағат 12:00-де шығарылады.

Байқау жеңімпазының үздік фотографиясы мен эскиз-идеясы жарнама конструкцияларында, Астанадағы LED-экрандарда, Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады. Одан кейін жеңімпаздың эскиз-идеясы немесе фотографиясы мерекелік шараларда безендендіруге пайдаланылады және өткізу барысында брендбуктарда қолданылады.

Байқау ұйымдастырушылары қала тұрғындары мен қонақтарын барынша белсенділік танытып, үздіктердің үздігін таңдауда атсалысуға шақырады. Байқау қорытындысын шығаруға бір апта қалды. Әр қалаған адам келесі сілтеме арқылы өтіп, дауыс беріп, жеңімпазды анықтауға үлес қоса алады:

docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfU2WOJur7O6tysjJNNSFTEMh9eYLNrldK7x6TSuM8OVDWP_w/viewform?fbzx=5698064813708069000
Әрі қарай

Меңіне қарап мінезі

Жаныңызда жүрген жандарды тани алмасаңыз, меңіне қарау арқылы сырын ашу оңай. Оның бетіндегі меңдерін айқын біліп алыңыз.
1.«Үшінші көз» маңындағы қал иесінің интуициясы жақсы дамығандығын білдіреді. Бұл кісінің логикалық ой-өрісі керемет.
2.Көзінің сыртқы ұшында қалы бар жандар қызу, кейде қызғаншақ болып кетеді.
3.Құлағында немесе мұрын тұсында қалы бар жандар поэзияға жақын, өлең шығарғанды жаны сүйеді.
4.Иегінде қалы бар адам үлкен, мықты отбасын қалайды. Өзі тыныш, қарапайым өмір сүргенді дұрыс санайды.
5.Көз жанында – көңілі нәзік, сезімге берілгіш.
6.Қасының немесе маңайында меңі бар адамдар – тік мінезді, махаббатқа тұрақсыз.
Әрі қарай

Жоғалған қыз

Елеусіз Мұқамәдиұлы — 1938 жылы туылған. 1982-1986 жылдары «Жоғалған қыз» дилогиясы жарық көрген. «Жоғалған қыз» романы Моңғолияда жұмысшы табының қалыптасу процесін орынды көрсеткен шығарма.Тілі жеңіл оқиғасы қызықты. Романға өзек болған оқиға — Мрңғолия қазақтарының тұңғыш рет астана Ұланбатырға жол тартуы, шоферлікті үйрену жолындағы тынымсыз еңбегі — жұмысшы адамның қалыптасу жайы.
Ең қызықтысы сол — төрт жасында жоғалған Бағиласын іздеген әке сағынышты сарыла шығарма оқиғасының шиеленісуіне түрткі боларлық кездейсоқтықтарға жетелейді. Әкесі мен баласының жиі кездесе беруі сөйте тұра ондаған жылдар бойы бірін-бірі білмеуі оқырмандарды баурап, қызықтыра түседі. Автор сюжетті картиналар жасауға зейін қойып ықшамдылықты мұрат тұтқан.
Шығарма тақырыбының өзгешелігі оның басты кейіпкерлерінің сомдалуына да әсер еткен. Бұл қаламгердің роман жазуда көркемдік идеяны айқындауда тың құбылыстарды таңдауға құлаш ұрғандығының дәлелі. Автордың романға тосын оқиғаны таңдауы қуантады. Көркемдік шиеленістің өзі Бағиласын іздеп сарылған әке — Ертайдың басындығы халімен жақсы шешімін тауып отырған.
Әдеби типтегі кейіпкердің өмірдегі моделін өзгерте құбылта-құлпырта келгенде суреткердің шығармасындағы әр кейіпкердің болмыс-бітіміне бір адамның емес көптеген адамның сыр-сипаты жатады. «Жоғалған қыз» романындағы кейіпкерлердің бойындағы әдеби типке қатысты осы бір қасиеттер айқын көрініс тапқан. Романның өн бойынан әлеуметтік мазмұнды табу қиынға соқпайды. Шығарманың басты идеясы да жұмысшы табының қалыптасуы мен сол кездегі қоғамдық-әлеуметтік жағдайды қамтуға саяды. Сонымен, роман қарапайым еңбек адамдарының шынайы бақытын, жаңа қоғамның қолайлы көріністерін суреттеумен аяқталады.
РЫМҒАЛИ Нұрғали
Әрі қарай

Талдықорғанда «Емханаға тіркел де – МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» жарнамалық акциясы өтті

Алматы облысы: Талдықорғанда  «Емханаға тіркел де – МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» жарнамалық акциясы өтті
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың денсаулығы үшін жоғары жауапкершілікті қамтамасыз етуге, медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігінің артуына, медицинаның дамуы және медицина ұйымдары арасындағы бәсекелестіктің артуына мүмкіндік береді. Дәл осы тақырыпта дәстүрге айналғандай «Емханаға тіркел де – МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» жарнамалық акциясы Талдықорған қаласы, Қаратал өзені жағалауында өтті. Науқанның бір бөлігі ретінде алдағы міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру бойынша ақпараттық-насихаттау жұмыстары жүргізіліп, брошюралар таратылды.

Медициналық қызметкерлердің қатысумен өткен тақырыптық флешмоб көрермендер назарын баурап алды. Қала тұрғындары бұл акцияны қолдап қана қоймай медицина жүйесіндегі өз мәртебесін біліп қайтты.

«Мұндай іс-шаралардың жұмыс уақытынан тыс өтуі, әрі демалып жүріп осындай пайдалы ақпараттарды алу өте ыңғайлы. Себебі іс-шараға келген әр адам ауруханаға бармай жатып, өз мәртебесін анықтау мүмкіндігіне ие болады. Ұйымдастырушыларға, Egov электрондық үкімет порталына алғысым шексіз», — деді акция қатысушысы Сапарова Мөлдір.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

Қазақстан футболдан əлем чемпионы!

Блог - Pokemon: Қазақстан футболдан əлем чемпионы!Жеңіс құтты болсын ағайын! Қазақстан футболдан əлем чемпионы атанды. Бұл жолы жеңісті құрамадағы футболшылар емес, елге өз өнерін паш етіп жүрген əртістеріміз əперді.
Жарыс Ресейде ұйымдастырылып, отандастарымыз финалда Ұлыбританияны 2:1 есебімен тізе бүкітірді. Олар өздерін көрсете білді. Əлем чемпиондығына талас оңай нəрсе емес. Сондықтан өнер майталмандарын құрметтеп, оларға қолдау көрсете білейік. Жастарға салауатты өмір салтын насихатауда да бұл жарыстың септігі тиері анық.
Сіздерді жеңістеріңізбен тағы да құттықтаймын! Алдағы уақытта бұдан да жоғары белестерді бағындыра берейік, əртістеріміздің алтын аяқтары талмасын!
Әрі қарай

Қазанат ипподромының аумағында этноауыл ашылды

Елордалық Қазанат ипподромының аумағында бірегей этноауыл өз құшағын ашты. Қала тұрғындары мен Халықаралық ЭКСПО көрмесінің қонақтары жан-жақты бұқаралық-мәдени іс-шаралады тамашалай алады.
Астана жаңалықтары: Қазанат ипподромының аумағында этноауыл ашылды
Ол ЭКСПО-2017 көрмесіндегі мәдени-туристік бірегей жоба. Кешен келушілерін қазақ халқының салт-дәстүрі, өнері мен бай мәдени мұрасымен таныстырады.

Астана жаңалықтары: Қазанат ипподромының аумағында этноауыл ашылды
Меймандар өткенге саяхат жасап, көшпенділер өркениетімен танысып, батыр, шебер немесе бүркітшінің образына ене алады.

Астана жаңалықтары: Қазанат ипподромының аумағында этноауыл ашылды
Астанадағы этноауыл 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында жұмыс істейді. Осы үш ай ішінде шамамен 700-ге жуық шара өткізу көзделіп отыр.

Астана жаңалықтары: Қазанат ипподромының аумағында этноауыл ашылды
«Қазақ әуендері» АҚ вице президенті Сәкен Шакеевтің мәліметінше, шетелдік қонақтар үшін күнделікті концерттік шаралар өткізу жоспарланған.

Астана жаңалықтары: Қазанат ипподромының аумағында этноауыл ашылды
Мақсаты – ЭКСПО қонақтары мен келушілерін тек нано технологиялармен ғана емес, сонымен бірге қазақ халқының бай тарихы мен зор мәдени мұрасымен кеңінен таныстыру.

Астана жаңалықтары: Қазанат ипподромының аумағында этноауыл ашылды
Импровизацияланған ауыл «Қазанат» ипподромы аумағына 2500 шаршы метр аумаққа тігілген 30 киіз үйден тұрады.

Астана жаңалықтары: Қазанат ипподромының аумағында этноауыл ашылды
Сондай-ақ ойын-сауыққа да арнайы бағдарлама бар. «Сайыс», «Қыз қуу», «Күміс алу, «Алтыбақан» ойындары да өз көрермендерін табады деп күтілуде.
Ауыл аумағында қазақтың ұлттық музыкалық және театр өнері мен атбегілік және ұлттық спорт түрлерінен арнайы бағдарламалары да әзірленді

Астана жаңалықтары: Қазанат ипподромының аумағында этноауыл ашылды
«Дәстүрлі аңшылық түрлері» секторында ұлттық аңшылық өнері таныстырылады. Мергендер мен саятшылар келушілерге бекзада өнердің қыр-сырын таныстрады.

Ұлттық кешеннің тағы бір ерекшелігі қолөнер шеберлері болмақ. Үш ай бойы меймандар ұлттық қолөнер туындыларын тамашалап қана қоймай, олардың дайындалу барысына атсалыса алады.Астана жаңалықтары: Қазанат ипподромының аумағында этноауыл ашылды

Әрі қарай

Оразаны ұйқыда өткізуге болады

Блог - Pokemon: Оразаны ұйқыда өткізуге боладыБлог - Pokemon: Оразаны ұйқыда өткізуге боладыСіз де: «оразаны ұйқыда өткізу дұрыс емес қылық» деген ойда боларсыз? Онда қателесіз! Ораза айында күндіз ұйықтамай сауапты істермен айналысу, құлшылық жасау өте пайдалы. Бірақ есіңізде болсын ораза ұстаған адам ұйықтамау керек деген қағида жоқ. Сізге бұл туралы мынадай жаңсақ сөздер Уатсап желісінен келген болар: «Оразаны ұйықтап өткізген адам сауапты түсінде көреді»-деген. Əрине, мені бұлай айтуға діни білімі жоқ дейтін шығарсыздар? Бірақ бұған islamdini.kz сайты жауапты əлдеқашан беріп қойған:

Сұрақ: Бір молда: «Оразасын ұйқыда өткізетін адам сауап алмайды, алса тек түсінде ғана алар. Оразаның сауабын қиялдай да алмайды» дейді. Мен түнде жұмыс істеймін, күндіз ұйықтаймын, тек намаз уақыттарында тұрып, намаздарымды оқып, қайтадан жатамын. Менің оразаларым босқа кетіп жатыр ма?

Жауап: Жоқ, ораза ұстаған адамның ұйықтауының зияны жоқ. Керісінше ұйықтауы да сауап болады. Түнде жұмыс істемесеңіз де күндіз ұйықтауыңызға болады. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:
«Ораза ұстаған адамның ұйқысы ғибадат.» (Дәйләми)
Ұйықтау жаман амал емес. Өлі сияқты жатқан адам, Аллаһу та’аланың мейірімімен, ұйықтағанда да сауап алады. Ұйқыда күнә жазылмайды, өйткені саналы түрде ешқандай күнә істелмейді. Бір хадис шәрифтің мағынасы:
«Мына үш адамға күнә жазылмайды: Ұйықтап жатқан адамға оянғанға дейін, бала балиғатқа жеткенге дейін және ақыл-есі кем адам жазылғанға дейін.» (Әбу Дауд)
Егер ораза ұстаған адам дәретпен жатқан болса, бөлек сауап алады. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:
«Дәретті болып жатқан адам ұйқыда жатқанда, күндіз саим (ораза ұстаған), түнде қаим (түнде оянып ғибадат ететін адам) сияқты сауапқа қауышады.» (Дәйләми)
Жатарда, қайырлы істерді жасай алу үшін тынығып алуға, намазға тұруға, оянғаннан кейін жақсы амалдар істеуге ниет ету керек! Осылай ниет еткен адамның ұйқысы ғибадат болады. Ғалымдар мұны біліп, осылай ниет ететін болғандықтан, сүйікті пайғамбарымыз «Ғалымдардың ұйқысы ғибадат» деген. Кімде-кім «түнде ғибадат етемін» деген ниетпен жатып ұйықтаса, бірақ ояна алмай қалса, осы ниетінің себебімен сауап алады. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:
«Ғибадатқа ниет етіп жатқан адам ояна алмай ұйықтап қалса, ниетінің себебімен оған түнді ғибадатпен өткізгендей сауап жазылады, ұйқысы да өзіне берілген садақа болады.» (Нәсаи, Ибн Мажа)
Ораза ұстаған адам ояу кезде намаз оқи алмай, жақсы амалдар істей алмайтын болса, ғайбат айтып немесе күнә болған істерді жасайтын болса, ол адам үшін ұйықтағаны жақсырақ болады. Ұйықтау арқылы күнәлардан құтылған болады. «Оразаны ұйқыда өткізген адам оразаның сауабын қиялдай да алмайды» деп айту бекер сөз.
"Ұзақ және ыстық күндерде ораза ұстау, қысқа әрі суық күндерде ораза ұстаудан және кедергілер арасында қиыншылықпен ораза ұстаудың сауабы көбірек" деп өзін қиындықтарға соғу қате болады. Қиындықтар табиғи болып келу керек, өз қолымызбен өзімізді қиыншылыққа түсіруіміз сауап болмайды.
Әрі қарай

Бизнеске əркімнің-ақ бар таласы

Бүгінде барлық адам жеке кəсіптің иесі болып, қомақты табыс көзін тапқысы келері анық. Мұндай ой бəлкім сізде де болар? Жалпы бизнесте табысты болудың өзіндік қағидалары мен сырлары бар. Ол туралы төменде айтып өтеміз.
Бизнестің екі түрі болады: сауда жəне қызмет көрсету. Біз қазақылыққа салып көбіне сауда түрін таңдап жатамыз, жəне оған етіміз үйреніп кеткен. Базарларда я болмаса интернет дүкендерде саудалаймыз. Ал қызмет көрсету дегеніміз көбіне сайт құру арқылы жүзеге асады. Онда сіз тұтынушыға өзіңіздің қызметтеріңізді ұсына отырып үстінен пайда көресіз. Мысалы: турфирмалар, ақылы бағдарламалар, құрылыс компаниялары қызмет көрсету түріне жатады. Жарайды бұл жайлы түсініп аларыңыз анық. Ал бизнестегі табыстың сыры, ең маңыздысы жаңашылдық пен тұтынушылардың керегін өзгелерден бұрын түсініп оны өндіре білу. Ал саудадағы ептілігіңіз ары қарай жұмыс жасауыңызға керек. Жаңашылдық дегеніміз өзгеде жоқ нəрсені жасай білу. Сіз бұл арқылы бəсекелес ешкімге болмайсыз, əрі клиент таңдауы сізде болады.

Бизнестің қыр-сырлары өте көп. Оларды өзіңіздің IQ түйсігіңіз жоғары болса лезде үйренесіз, қарапайым адамдарға Роберт Кийосакидың «Богатый папа, бедный папа» атты кітабын оқуға кеңес беремін. Кітап желісінде екі əке баласына біреуі жақсы жұмысқа орналасуды үйретсе, бірі жақсы жұмыс орнын құруды үйретеді, тағысын тағы.

Ал сіз бизнесті қай салада бастағыңыз келеді, жəне немен айналысқанды қалар едіңіз?Блог - Pokemon: Бизнеске əркімнің-ақ бар таласы
Әрі қарай