Алматы облысының оқушылары "Туған елге тағзым" жобасына қатыспақ

Алматы облысының  оқушылары Туған елге тағзым жобасына қатыспақ
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде Назарбаев Зияткерлік мектебінің директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары Гүлназ Жетпісбайқызы мен Ақтөбе, Атырау қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары Қайыржан Жанель мен Көңілқош Бек баспасөз мәслихатын өткізді. Онда дарынды оқушыларға арналған «Туған елге тағзым» жобасы жайлы айтылды.

«Туған елге тағзым» жобасы Назарбаев Зияткерлік мектептерде 2012 жылдан бастау алған. Жоба оқушылардың патриоттық сезімін тәрбиелеуге арналған. Басты ерекшеліктердің бірі — Назарбаев Зияткерлік мектептептерінің оқушыларын Қазақстанның барлық жерлерін аралатып, сол елді-мекеннің тарихын, флора мен фаунасын, мұражайларын, археологиялық қазба жұмыстарын, индустриалды обьектілен таныстыруға бағытталғаны айтылды.

«Бұл жобада әр Зияткерлік мектептен 7-10 сынып аралығындағы оқушылар білім, спорт, өнер салаларында жеткен жетістіктері үшін іріктеліп алынады. Экспедициядан кейін оқушылар өмірлік тәжірибесін арттырып, зертеген қаланың, ауданның тарихын біледі. Жоба аяқталған соң, оқушылардың жазған күнделіктері мен ғылыми жобалары толықтай зерттеліп, мектеп кітапханасында сақталмақ. Оны мұғалімдер, кіші сыныптардағы оқушылар оқи алады» — деді Назарбаев Зияткерлік мектебінің директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары Гульназ Жетпісбайқызы.

Экспедиция жыл сайын алма-кезек екі бағытта өтеді: ғылыми және танымдылық. Жалпы осы 5 жыл көлемінде Талдықорған қаласының 159 оқушысы Көкшетау, Ақтөбе, Атырау, Семей, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Шымкент қалаларына барып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп қайтқан. Биыл Назарбаев Зияткерлік мектептері бойынша 240 оқушы, 40 жауапты қызметкер бекітілгені жайлы айтылды.
Аталмыш жоба 10-19 маусым аралығында өтеді.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

Ауызашар берудің пайдалары қандай?

Блог - Pokemon: Ауызашар берудің пайдалары қандай?
Рамазан айы келісімен көбіміз ауызашар беруге асығамыз. Бұған байланысты кейбіреулер оразаны міндетті түрде беру керек пе, жағдайым келмей жатса ше, дастарханның ағыл-тегіл болуы міндетті ме деген сынды сұрақтар қойып жатады.

Ауызашар беру – сауапты іс. Зәйд ибн Халид әл-Жуһайнидің (р.а.) риуаяты бойынша Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді», – деген. (Тирмизи, Саум, 82; Ибн Мажә, Сиям, 40).

Тағы бір хадисінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Егер кімде-кім Рамазан айында адал табысымен ауызашар берсе, періштелер Рамазан айының соңына дейін оған дұға жасайды», – деген. Сонда риуаят етуші: Уа, Расулалла! Ауызашарға ештеңе таппаса не істейді? – деді. – «Бір тілім нан берсін» – деді. – «Ол да болмаса ше?» – «Онда қара су берсін» – деді (әт-Тарғиб уәт Тархиб, 2/431.)

Ораза тұтқан кісіге бір құрма немесе бір кесе сүт берген адам да ауызашар бергендей сауапқа ие болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):«Кімде-кім Рамазанда ораза тұтқан кісіге ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Ораза тұтқан кісінің сауабына тең сауап бұған да беріледі« дегенде, сахабалардың біреуі бір адамға да ауызашар беретін мүмкіндігі жоқтығын айтты. Оларға жауап ретінде: «Бір құрмамен ауызашар берген адамға да, тек сумен ғана ауыз аштырған адамға да, аздаған сүт берген адамға да бұл сауап жазылады«, – деп жауап береді (Бәйһақи).

Тағы бір хадисте: «Ауыз бекіткендер тамақ жеп отырған уақытта тойғанға дейін ауызашар берген адамға игілік тілеп тұрады» делінген.

Міне, бұл хадистерден байқағанымыздай, ауызашарда дастарханның ас та төк болуы міндетті емес, әркім жағдайына қарай берсе болады. Ең бастысы – Алланың разылығын табу ниеті болса болғаны.
Әрі қарай

Астанада ЭКСПО базасында халықаралық «жасыл» технологиялар орталығы құрылады

Астана жаңалықтары: Астанада ЭКСПО базасында халықаралық «жасыл» технологиялар орталығы құрылады

Бұл жайында Х Астана экономикалық форумы аясында өткізіліп жатқан «Болашақтың энергиясы және әлемдік энергия жүйесіндегі Қазақстанның рөлі» атты панельдік сессия барысында белгілі болды.

Сессия жұмысына мұнай-газ трансұлттық корпорацияларының, халықаралық ұйымдар, зерттеу орталықтары, ҮЕҰ, ұлттық компаниялар мен Қазақстанның мемлекеттік орган басшылары қатысты.

— Қазақстан 2050 жылға дейін «жасыл» экономикаға көшу концепциясын қабылдаған Орталық Азия елдері арасындағы тұңғыш мемлекет. Концепцияның негізгі бағыттарының бірі – 2020 жылға қарай ІЖӨ энергия шығынын 25% дейін азайту және елдегі энергия теңгеріміне 2020 жылға қарай үлесі 3% құрайтын баламалы, жаңғыртылатын энергия көздерін көптеп тарту, — деді Қазақстан Республикасының энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Министр ЭКСПО-2017 базасында энергетика секторындағы трансформация, «жасыл» бизнеске көшу, «жасыл» технологияларға икемделу және трансферт, аталған саланың қаржысын дамыту мәселелерін шешуге бағытталған халықаралық «жасыл» технологиялар орталығы құрылатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ, маңызды шара барысында Қазақстандағы «Шелл» концерннің төрағасы Дункан Фон Берген және БҰҰ Даму Бағдарламасы энергетика кластерінің басшысы М. Алерс баяндама жасады.

Сессия барысында дәстүрлі энергия көздерінің әлеуеті бағытындағы мәселелер қозғалды. Спикерлер Қазақстанның ғаламдық энергетикадағы рөліне баса назар аударып, «жасыл» энергетика саласын дамыту тетіктері мен Қазақстан энергетикасының болашақ Картасын (futuremap) талқылады. Сессия қорытындысы бойынша Қазақстанның энергетика саласы алдында тұрған негізгі міндеттер айқындалып, стратегиялық шешімдердің сұлбасы дайындалды.

Болашақтың энергиясы — ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесінің негізгі тақырыбы.

Естеріңізге салайық, кеше, 15-маусым күні «Болашақтың «ақылды» әрі тұрақты қалалары» атты арнайы сессия барысында Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев пен БҰҰ даму бағдарламасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Маңызды құжат аясында қолайлы жағдайлар жасауға арналған бірлескен жобаларды құру көзделген. Нақтырақ айтсақ, энергия үнемдейтін іс-шараларды енгізу, «ақылды қала» технологиясы, басқару саласындағы инновациялар арқылы қала шаруашылығын орнықты дамытуға көшуді қамтамасыз ету.

Елордада15-16 маусым күндері «Жаңа энергия – жаңа экономика» тақырыбында Х Астана экономикалық форумы өтуде. Биыл форум алаңында 100 елдің 4 395 өкілінің қатысуымен 40 панельді сессия өтіп жатыр. Олардың арасында әлемдік экономикалық қауымдастықтардың танымал қайраткерлері, қазіргі және бұрынғы мемлекет басшылары, Нобель сыйлығының лауреаттары және ғалымдар мен бизнесмендер бар.
Әрі қарай

Халық саны бойынша көшбасшылардың бірі – Шымкент – онлайнда сирек қатысады.

“Робот Займер” сервисінің аналитикалық орталығының зерттеуіне сүйенсек, Шымкенттіктер Қазақстанның басқа қалаларының тұрғындарына қарағанда, Интернетте қарызды 4 есе сирек алады екен.
Онлайн-кредит берудегі белсенділіктің төмендігіне қарай бетбұрысты сарапшылар ОҚО-да, тұтас алғанда, Шымкентте де, жеке алғанда, шағын қарыз берумен айналысатын оффлайн кеңселердің желісі көбірек дамығанымен түсіндіреді. Еңбекақыға дейін берілетін қарыздардың нарығы бойынша бүтіндей алғанда оффлайн қарыз берудің үлесі мұнда едәуір жоғары — 6,5%, ал онлайндікі, керісінше, — ең төмен (0,3%).
Бұл ретте ең белсенді онлайн қарыз алушылар Алматыда (25,98%), Астанада (15,47%) және Қарағанды облысында (8,77%) тұрады. Бұл жайт инфрақұрылымның өте жоғары дамуымен (банкоматтардың, Wi-Fi мен 4G-интернеттің болуымен) және мегаполис тұрғындарының әлеуметтік-тұтынушылық белсенділік дәрежесінің жоғарылығымен байланысты.
Батыс өңір тұрғындарының онлайн кредит алудағы белсенділігі төмендеу – мұнда интернетте қарыз алушылар ел бойынша орташа алғанда (16,7%), екі есе сирек (8,62%) кездеседі. Мамандар бұл жайтты өңірде ірі қалалардың жоқтығымен және Қазақстан бойынша халық тығыздығының ең төмендігімен байланыстырады. Нәтижесінде – қаржылық онлайн-сервистердің әлеуетті пайдаланушылары арасында ақпарат алмасу дәрежесі төмен болуда және геолокациялық жарнамалық интернет-науқандар өткізуге аз көңіл бөлінуде.
«Онлайн қарыздар нарығы қаржылық инклюзияға және халық проблемасының шешілуіне ықпал етеді. Нәтижесінде, ол қарқынмен өсуде. Біз қарыз алушылар саны бойынша мегаполистер мен халқы тығыз облыстардың тұрғындарының көш бастап тұрғанын көріп отырмыз, бірақ өсім уақыт өте келе қазір онлайн кредит беру үлесі едәуір төмен өңірлерде де орын алады деп пайымдауға негіз баршылық», — деп атап өтті Индира Кенесарықызы, «Робот Займер» ЖШС бас директоры.

«Алтын белгі» иегерлеріне арналған салтанатты кеш

Алматы облысы: «Алтын белгі» иегерлеріне арналған салтанатты кеш
Бүгін облыс әкімі А.Ғ.Баталов жыл сайынғы дәстүр бойынша Талдықорған қаласындағы «Жастар» саябағында облыстың жалпы орта білім беретін мектептерінің «Алтын белгі» белгісінің 590 иегерлерін құттықтап, олардың әрқайсысына төс белгіні өз қолымен табыстады.

«Алтын белгі» иегерлерін құттықтаған Амандық Баталов бүгінгі түлектердің әлемге Тәуелсіз Қазақстан деп танылған мемлекетте туып-өсу, ел дамуымен бірге білім алу бақыты бұйырған ұрпақ екендіктерін, сонымен қатар, жаңалыққа жаны құмар, әлем өркениетіне жақын, озық ойлы жастар ретінде үлкен міндеттер жүктелетінін атап өтті.

— Бүгінгі күні өскелең ұрпақтың терең білім мен тәлімді тәрбие алуына өңірімізде қолайлы жағдайлар жасалған. Білім – таусылмас қазына, баға жетпес байлық. Ардақты ұстаздардан алған сапалы білімдеріңіз бен саналы тәрбиелеріңіздің арқасында, ел сенімін ақтап, қасиетті Отанымыздың нағыз патриоттары болатындарыңызға сенемін. Алдағы алар асуларыңыз биік, мұраттарыңыз асыл болсын! Сапарларыңыз сәтті болсын! – дей келе, А. Баталов түлектерді марапаттау рәсіміне көшті. Үздіктердің кеудесіне «Алтын белгі» тағып, гүл шоқтары мен планшеттер сыйға тартты.
Кешке арнайы шақырылған «Алау» тобының әншілері өнер көрсетіп, «Білім шарлары» ұшырылды. Салтанатты кеш концерттік бағдарламамен қорытындыланды.
Әрі қарай

ЭКСПО кезінде сол жағалаудан үш мың теңгеге пәтерді қалай жалға алуға болады?

Астана жаңалықтары: ЭКСПО кезінде сол жағалаудан үш мың теңгеге пәтерді қалай жалға алуға болады?

Астаналық кәсіпкерлер ЭКСПО-ның өтуі қарсаңында 56 хостел ашқан болатын. Қазір енді олардың саны – 92. Барлығы 4 мың қонақты қабылдай алады. Елорда әкімдігінің медиа орталық тілшілері Астананың сол жақ жағалауында, ЭКСПО-қалашыққа жақын жерде тұрақтау үшін қалтаңыздың қалың болуы міндетті емес екеніне көз жеткізді.

Елорданың көптеген хостелдері 5 адамнан 20 адамға дейін тұра алатын номерлер ұсынады. Олардың құны тәулігіне 3 мыңнан 5 мың теңге аралығында. Екі орынды номер ұсынатын хостелдер де бар, алайда олардың бағасы жоғары: 7 мыңнан 10 мың теңгеге дейін тәулігіне.

Шағын қонақ үйлер тұрақтаушыларға жаман қызмет ұсынбайды. «Триумф Астана» ТК-дегі «Турист» хостелінде бір орынның бағасы тәулігіне 3,5 мың теңге.

-Біздің хостелде төсек жабдықтары, ыдыс-аяқ беріледі. Бұл жерде келушілер жайлылығы үшін душ, кір жуу машинасы, телевизор, компьютер барлық қажетті заттар қарастырылған. Сонымен қатар бұл жерде орынды алдын ала брондай аласыз.Төлегені жөнінде түбіртек беріледі, бұл ісспармен келгендер үшін өте маңызды, — дейді «Турист» хостелінің әкімшісі Сабыр Көркембаев.

Номерлерді жынысына қарай біріктіреді: бір қабатта бөлмелер ер азаматтар үшін, келесі қабатта әйелдерге арналады. Кешеннің хостел орналасқан бірінші қабатында бассейн, фитнес-зал, асхана, дүкен бар. Кейбір тұрақтаушылар бұл жерде біраз уақыт тұрады. Ай сайынғы төлем 40 мың теңгені құрайды.

-Бұл хостел мені орналасуымен қызықтырады. жұмысыма 5 минутта жетемін. Уақытым мен күш-қуатымды үнемдеймін, — дейді Виталий Руденко.

Іші айнадай таза. Күн сайын хостел жуылып, тазаланады.

-Бізде шетелдік клиенттердің пікірлері бар. Олар Еуропаныың барлық мемлекеттерінде болған, алайда Қазақстанның сервис деңгейі қатты ұнаған. Барлығы таза, ыңғайлы деп риза боп кетеді, — дейді С.Көркембаев.

Әр қабатта құнды құжаттар мен заттарды сақтауға арналған сейфтер бар.

Сол жақ жағалаудағы жаңа хостелдердің тағы бір артықшылығы – Елорданың көрікті жерлеріне жақын орналасуы. ЭКСПО көрмесі мен әуежайға тез жетуге де мүмкіндік мол.

40 келушіге лайықталған нағыз жайлы үйге «Тhе roomshostel» арқылы қол жеткізуге болады. Жалпыға арналған қонақжай орнында теледидаркөруге немесе ноутбукпен жұмыс істеуге болады. Қонақтарды Лайла атты мысық «қарсыалады». Басқа хостелдермен салыстырғанда мұнда бірнеше жуыну кабиналары мендәретханалар қарастырылған. Яғни, қонақтар кезек күтіп тұрмайды.

-Біз мұнда Елорда қонақүйлерінен арзан бағада қолайлыжағдай жасаймыз. Тұрақтайтын қонақтар үшін: электр құрылғылары бар ашық асхана, кір жуатын машина, Wi-Fi қарастырылған. Мұның бәрі қонақүйлерден едәуір төменбағада ұсынылады — тәулігіне 4 мың теңге. Сондай-ақ, таңертеңгі, түскі, кешкіастарды да жеке төлем бойынша әзірлеп береміз. Дастарханға экологиялық тазакөкөністер: қызанақ, қырыққабат, асқабақ сынды өнім түрлері қойылады, — дейлі хостелиесі Гүлжан Кенжеғалиева.

«АстанаКонвеншн Бюро» ЖШС-нде қаладағы барлық хостелдер туралы ақпарат бар: орналасқанжері, орынның бағасы, көрсетілетін қызметтер және т.б. Қажет болған жағдайда«Конвеншн Бюро» мамандары тұратын жерді тауып бере алады. Туристер Астана әкімдігінің брондау бөліміне 8-775-116-71-74, 8-777-772-05-06 және 8(7172) 27-78-15, 8(7172) 27-78-21 және қалалық нөмірлері бойынша, сондай-ақ, сall-орталықтың 8-800-080-38-38 нөміріне хабарласып мәлімет ала алады.

«Турист»хостеліне ана мен бала ғылыми орталығының жанында орналасқандықтан басқа өңірлерден ем алуға балаларымен отбасылар жиі келеді. Мұндай санаттағы қонақтарға хостелде тұрақтауға жеңілдіктер қарастырылған. Шағын қонақүйге топтасып келетінқонақтар үшін де жеңілдіктер бар.

-Біз кез-келген жолмен ақша табудыкөздемейміз. Басты мақсатымыз – келушілердің тағы қайтып бізге келулері үшін барынша сапалы қызмет көрсету, — дейді хостел әкімшісі.
Әрі қарай

Атырау, Алматы, Ақтөбе облыстары 3 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін әкеле жатыр

Астана жаңалықтары: Атырау, Алматы, Ақтөбе облыстары 3 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін әкеле жатыр

Алдағы демалыс күндері, 17-18 маусым, «Қазақстан» спорт сарайының тұрақ алаңында (Қ.Мұңайтпасов, 7) кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Бұл жолы үш мыңнан астам көкөніс, ет, сүт балық, шұжық өнімдері, сұйық май және өзге де көптеген тауарларды Алматы, Атырау, Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер елорда тұрғындарына арзан бағамен саудалайды.

Жәрмеңкеге 151 отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші қатысады.

Қала тұрғындары мен қонақтарына үшоблыстың шығармашылық өнерпаздары концерттік бағдарламаларын ұсынады.
Әрі қарай

"Ой-Зерек" радиобағдарламасының 2-айналым, 2017 жылғы 10 маусымдағы эфирінде қойылған сұрақтар

Қазақ радиосындағы «Ой-Зерек» танымдық-интеллектуал ойынының 10-шығарылымына «Брейнсторм» командасы қатысып, 2-айналымды бастады. Есеп 6:5.
Интеллектуалдық ойындар: Ой-Зерек радиобағдарламасының 2-айналым, 2017 жылғы 10 маусымдағы эфирінде қойылған сұрақтар
1. Танымал футбол клубының атын латын тілінен аударғанда жастық деген мағынаны білдіреді. Алайда команданың лақап аты да, ойыншылардың орташа жасы да, танымал капитаны да бұл атауға сәйкес келмейді. Бұл қай клуб?

2. Балапан көлі — 1965 жылы Қазақстанда пайда болған жасанды көл. Оның екінші атауы түбірі грек тілінен шыққан сөзден тұрады. Оны атаңыз.

3. Бір күні испан королі Филипп ІІ адмиралынан “Елдегі ең жақсы порттар қайсылары?” деп сұрапты. Адмирал “Маусым, шілде және Карфаген” деп жауап береді. Адмиралдың жауабын түсіндіріңіздер.

4. Әлбетте, көп адам ұнатпайтын тірлікті бұл танымал шығармашылық адамы да жақтырмаған. «Ыдыс жуып жатқан кезде, кісі өлтіру туралы ой келеді, біреулерді өлтіріп тастағым келеді» дейді. Ол кім?

5. Стенфорд Университетінің түлегі Деннис Хван — қазіргі кезде танымал дизайнер-суретші. Оның шығармаларын миллиондаған қолданушы көрді. Хванның жұмыс орнын атаңыз.

6. «Мифтерді жоюшылар» телебағдарламасының бір шығарылымына он Х сатып алынды. Бірақ тек екеуі ғана пайдаланылды. Автомобиль радиаторындағы тесікті бітеу үшін және түтін шығаратын құбырдың қалай қызатынын көрсету үшін. Қазақ фольклоры Х-ті біртүрлі үй-жайға теңейді. Хті атаңыз.

7. Вашингтондағы тыңшылық музейіндегі бір экспонат “Өлім сүйісі” деп аталады. 4,5 мм калибрлік, бір рет қана атылатын бұл құрал қандай зат түрінде жасалған?

8. Х — 3 сөзден түрады. Әзілге сенсек, Ресейдің таңғалдырар өнер түрлері көрсететін тв-шоуының сәтсіз нөмірлері бөлек DVD-дискте «Х» деген атпен шығады екен. muslim.kz сайты «Х шариғатқа қайшы ма?» атты мақаласында мүфтияттың абыройлы адамдар үшін Х шариғатқа қарсы іс емес деп үкім айтады. Десе де, жақында Аустралия – Сауд Арабиясы матчында арабтар Х жасаудан бас тартты. Х-ті біреуі сан есім боп табылатын 3 сөзбен атаңыз.

9. Юрий Никулин бір естелігінде Новосибирск әуежайының қону алаңында жарық жүйесі істемей қалғандықтан ұшақтың қонуы мәселе болғандығын айтады. Кейін ұшаққа әуеден көрінетіндей жарық көзі ерекше шешім арқылы табылып, аман-есен қонады. Мәселе шешуге көмектескен адамдар әуежай маңында қандай қызмет атқаратын еді?

10. 1921 жылы Францияда Бо есімді химик Габриель атты дизайнер әрі әнші арудан тәжірибе жасауға тапсырыс алады. Бірнеше тәжірибе сәтсіз жасалады. Химиктің маманданған бағыты немесе арудың кім екенін тапсаңыздар, нешінші тәжірибе сәтті болғанын таба аласыз. Нешінші екен?

11. ЭКСПОда павильон ашатын елдердің бірі Дания әлемдегі бір энергия түрінің өндірісі бойынша алдыңғы қатарда. Кішкентай ел болса да бұл салада көшбасшы Дания энергияның қай түрін өндіру бойынша Астанада шеберлік сыныптарын көрсетіп бере алады деп ойлайсыз?

Ойынның аудиожазбасы — мына жерде.
Әрі қарай

Экспо тарихын білеміз бе?

Блог - nurbolkarataev: Экспо тарихын білеміз бе?
1851-ші жылы 1 мамырдан бастау алатын Бүкіл Әлемдік Көрме Альберт ханзаданың бастамасымен Лондон қаласындағы Гайд-паркте «Барлық халықтардың өңдірістік жұмыстарының ұлы көрмесі» деген атаумен өткен еді. Көрменің басты назар аударарлық ғимараты, Джозеф Пакстонның сәулеттік жобасымен тұрғызылған Хрусталь сарайы болды. Бір өкініштісі бұл тарихи ғимарат 1936-шы жылы өртеніп кеткен.

Ең алғашқы Әлемдік Көрмені 20 аптаның ішінде 6 миллионнан астам адам тамашаласа, сол кездегі Лондонның халқы 3 миллион ғана еді.

Көрмеде бу қозғалтқыштары, стерео-фотосуреттер, америкалық Чарльз Гудиер ойлап тапқан ысытылған резеңке (Goodyear), қойылтылған сүт, консервіленген азық түлік, мүгедектерге арналған протездер, шыны көздер, стоматологиялық креслолар, «веналық» деп аталатын орындықтар және басқа да заттар қойылған!

Көрмеден шамамен 186 000 фунт стерлинг пайда түсті. Бұдан түскен пайда әйгілі Виктория және Альберт тағы да басқа бірнеше музейінің құрылысына жұмсалған.
Әрі қарай