Астанада санитарлық тазалау жұмыстарын күн сайын жүзге тарта мердігерлік ұйым жүргізеді

Айталық, Байқоңыр ауданындағы тазалау жұмыстарына 16 учаскелік мердігерлік ұйым, 288 жол жұмысшысы және 79 бірлік мамандандырылған техника тартылады. 


Байқоңыр ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 қазан мен 14 қараша аралығында 1059 текше метр құм-тұз қоспасы себіліп, қардың 5541 текше метрі қала сыртына шығарылды. Өткен тәулікте полигонға жеткізілген қар көлемі 393 текше метрді құрайды.


Ал Есіл ауданын тазалау жұмыстарын 23 мердігерлік ұйым жүзеге асырады.


Күн сайын қардан тазарту жұмыстарына 725 адам, мамандандырылған техниканың 246 бірлігі жұмылдырылады.


4-14 қараша аралығында аудан аумағынан 17655 текше метр қар сыртқа шығарылып, 893 текше метр құм-тұз қоспасы себілді.


Алматы ауданындағы санитарлық тазалау жұмыстарына 26 мердігерлік ұйым, 575 жол жұмысшысы және мамандандырылған техниканың 174 бірлігі тартылды.


13 қазаннан 14 қарашаға дейін құм мен тұз аралас  қоспаның 1715 текше метрі себіліп, 13 586 текше метр қар сыртқа шығарылды. Өткен тәулікте қар полигонына 2057 текше метр қар шығарылды.


Сарыарқа ауданында санитарлық-тазалау жұмыстарын 33 мердігерлік ұйым жүзеге асырады. 


14 қарашадағы жағдай бойынша аумақтарды тазалауға 500 жол жұмысшысы және 74 бірлік мамандандырылған техника шықты.


13 қазан мен 14 қараша аралығында 1331 текше метр құм-тұз қоспасы пайдаланылды. Қар полигонына 6624 текше метр қар шығарылды.

Полиция IMEI кодты меншік иесінің ЖСН нөмірімен байланыстыру не үшін қажет екенін түсіндірді

Ұялы телефондарды ұрлау және сату қазір өте оңай. Жыл басынан бері елордада ұрланған мүлікті сатқаны үшін 28 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.


Бұл қылмыстың таралуына қарсы тұрудың жалғыз жолы – Франция, АҚШ, Англия, Австралия және Нидерланды сияқты елдердің тәжірибесіне сүйену. Ол – IMEI кодты меншік иесінің ЖСН нөмірімен байланыстыру. Бізде бұл әдіс 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі.


«Ұялы телефондар әртүрлі құқық бұзушылықтарға себепші. Ұрлықтан бастап террористік шабуыл кезінде ұялы телефондардың қолданылатыны баршаға белгілі», – деп хабарлады полиция департаментінің бастығы Марат Қожаев тұрғындармен кездесуде. Сондай-ақ, департамент басшысы азаматтарды өз телефондарын тіркеуге шақырды.


2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркелмеген құрылғылар желіден ажыратылатынын еске саламыз.

Астанада бір жақты қозғалысқа арналған жаңа жол бөліктері пайда болады

Алдағы күндері елордада бір жақты қозғалысқа арналған жаңа жол учаскелері пайда болады. Өзгерістер қаланың оң жақ жағалауындағы екі көшенің бойында енгізілетін болады. Осылайша, бір жақты қозғалыс Бұқарбай батыр көшесінің Жеңіс даңғылынан Әзербайжан Мәмбетов көшесіне дейінгі аралығында және Желтоқсан көшесінің Кенесары көшесінен Бұқарбай батыр көшесіне дейінгі аралығында енгізілмек. Өзгерістер 2018 жылдың 15 қарашасында, яғни бейсенбі күні күшіне енеді.


Аталмыш өзгерістер – қаладағы жол қозғалысын оңтайландыру жұмыстарының бір бөлігі. Өзгеріс жол желісіне түсетін жүктемені азайту мақсатында енгізіліп отыр.


Белгіленген учаскелерге бір жақты қозғалысты енгізу автокөлік ағындарының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ете отырып, қарсы ағынмен шиеленісу нүктелерін азайтудың арқасында жол-көлік оқиғаларының санын азайтады деп күтілуде.


Аталған учаскелерде қарама-қарсы бағытта келе жатқан көліктердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары жиі орын алғанын айта кету қажет.


Бұдан бөлек, аталған шаралар бұл көшелердің көлік ағындарын өткізу қабілетін арттырады. Жүргізілген талдау жұмыстырына сәйкес, осыдан біршама уақыт бұрын бір жақты қозғалыс енгізілген көше учаскелеріндегі өткізу қабілеті орта есеппен 30% -ға артқан.


Сонымен қатар, бір жақты қозғалысқа арналған жаңа учаскелерді енгізу бір жақты қозғалыс желісін қалыптастыра отырып, бұған дейін енгізілген бір жақты қозғалыс учаскелерінің тиімділігін арттырады. Сонидай-ақ, ол №1 мектеп-лицейге жақын жолдарда көлік қозғалысы жүктемесін төмендетуге септігін тигізбек.


Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 27 қазанында тұрғындардың қатысуымен бір жақты қозғалысты енгізуге қатысты мәселе қаралған қоғамдық тыңдаулар өткен болатын. Бас қосуда Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының, Сарыарқа ауданы әкімшілігінің, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының және «Астана ЛРТ» ЖШС өкілдері тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, аудан тұрғындарының пікірлері тыңдалып, барлық ұсыныстары ескерілді.


Инватакси қызметі бірінші кезекте мүмкіндігі шектеулі жұмыс істейтін және оқитын адамдарға ұсынылады

Астанада ерекше күтімдегі адамдардың жайлы қозғалысы мен қалалық ортаның қолжетімді болу мәселесін шешу мақсатында «Инватакси» қызметі ұйымдастырылды.

«ДЦП диагнозы бар көптеген балалар үшін, тірек-қимыл қозғалысы бұзылған ересек, аяқ-қолы жоқ адамдар мен көзі нашар көретіндер үшін қызметтің бұл түрі тұйық шеңберден шығудың жақсы құралына айналды», — делінген хабарламада.

Инватакси қызметі жұмыс істейтін және оқитын мүгедектерге кестеге сәйкес ұсынылады. Анықтама телефондары: 48-19-66, 46-86-57, 37-05-59, 55-69-63, 55-68-47.

Қыз қонақ

Əр қыз өз үйіне қонақ. Əйтсе де, ата-атанамыз үшін біздер қаншаға келсек те баламыз. Жігіт туралы сөз қозғауға ұяласың анаңның алдында. Ал, үйленетінің туралы айтып көр енді.

Өз басымда жасым жиырмаға келгенше туыстарым жігітті қайтесің оқуыңды оқы, мамандық алып ал, үйленуге ерте дейтін еді, жасым жиырмадан асқалы қашан тойға барамыз, біреуің барма өзі дейтін болыпты. Есейгенімді көшедегі кішкентай балалар «саламатсызба» деп амандасқанда сездім деген бар еді, мен «қашан той» дегенді естігенде сезіндім.

Көпнесе ойламауға тырысамын, ойлап кетсең қорқынышты. Қайда? Қашан? Кімге?-деген сан сауал маза бермей кетеді. Жаныңда жүрген құрбыларың өмірлік теңдерін тауып ұяларынан ұшқандарын көргендегі сезім туралы мүлде айтпаяқ қояйын. Бір қыз тұрмысқа шықса, қырық қыз түс көреді деген сол болса керек.

Өмірлік жар таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Өзіңе керек жанды табу, жан-дүниеңді түсінетін жолдас жолықтыру өте қиын. Кейде өз келісімімен тұрмысқа шығып кетіп жатқан қыздардан сұрайтынмын, қалай «иə» деп айттыңдар, ол сенің адамың екенін қалай білдіңдер деп. Сонда қыздар:

— Ол басқаларынан ерекше сезім болады. Ол адам кетсе мүмкіндік жоқ екенін сезінесің. Бұл сенің адамың, сенің жолың екенін түсінесің дейтін.

Тағы бірде тəтем айтқан керемет ақыл бар еді:

— Ортақ əңгімең таусылмайтын адамды таңда ,- деген.

Шынында ортақ қызығушылықтарың болып, əңгімең таусылмайтын, əзілің жарасып сарқылмайтын адаммен тұрған бақыт болар.

Бірақ ақылдың да естісі бар есері бар екенін ұмытпағанымыз жөн. Сұлуын таңда, машинасы бар жүріп алсаңшы, бағат мынау сені, өлтірмейді мына бала пысық қой, мамасы жақсы адам, мінезі жақсы екен т.б көп ақыл естідім. Бірақ бір – біріңе лайықтысың деген сөзді əлі естімедім. Мүмкін ондай адам таппағанда болармын. Мүмкін енді кездестірермін, мүмкін кездестіріп бірақ байқамай жүргенде болармын. Бұйырғаны ғой. Ең бастысы ерте ме кеш пе барлығымыз босаға аттап, келін боларымыз анық. Əр қыз өз үйіне қонақ.

Вакцина – денсаулық кепілі

Қазақстан республикада мемлекеттік тіркеуден өткен және ДДҰ-ның стандарттарына сәйкес келетін сертификаттары бар тәжірибе жүзінде тексерілген вакциналарды пайдаланады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтауды қорғау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  


Вакцина салынған кейінгі кезеңде асқыну байқалмайды, ал кейде бөлек егілгендерінде туындайтын реакция аурудың өзіне қарағанда жеңіл өткеріледі. 


Ведомствоның ақпараты бойынша, Астанада бүгінгі таңда қызылша, қызамық, сіреспе, полиомиелит, туляремия, құтыру, 16 жылдан бері дифтерия жағдайлары тіркелмеген. Көкжөтел мен эпидемиялық паротит тек сирек жағдайда ғана тіркеледі.


Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары иммунопрофилактикалық мәселенің алдын алу үшін балаларына екпе алудан бас тарту өзекті мәселеге айналған. Азаматтар екпеден көбіне діни сенімі мен жеке көзқарасына байланысты бас тартады. Қазір көптеген жас аналар өз балаларына екпе егуден оп оңай бас тартып жатыр.


 «Осыған байланысты аналарға балаларыңызды екпесіз қалдырып, тәуекелге бармаңыздар, оларға дені сау және бақытты балалық шақ мүмкіндігін сыйлаңыздар дегіміз келеді. Сондай-ақ біз балаларына өз еркімен келіп вакцина салдырып жатқан аналарға алғыс айтқымыз келеді. Олар баласының болашағына үлес қосып, қауіпті эпидемиялық жұқпалы аурулардың алдын алуда. Бүгінгі таңда иммунизацияға қарсы балама жоқ. Балаларымыздың денсаулығы – ұлт денсаулығының кепілі», — делінген хабарламада.


Әлихан Байменов «Bilimmen bólis» жобасы аясында дәріс оқыды

Astana Mall сауда орталығының коворкинг орталығында «Мемлекеттік білім берудің өңірлік хабы» басқармасының төрағасы Әлихан Байменов «Bilimmen bólis» жобасы аясында дәріс оқыды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Дәрісті Астана қаласының Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы ұйымдастырды.

«Біздің басқарма «Bilimmen bólis» жобасын жүзеге асыруда. Біз оны қала тұрғындары арасында өткіземіз. Лекторлар ретінде біз қоғам қайраткерлерін, танымал адамдарды, «Болашақ» түлектерін өз білімімен және тәжірибесімен бөлісуге шақырамыз. Барлық қызығушылық тудыратын тақырыптар бойынша дәрістер тегін өткізіледі. Бүгінгі дәріс беруші — Әлихан Байменов. Дәрістің тақырыбы «Мемлекеттік басқару: үздік тәжірибелер, сынақтар», — дейді Астананың Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы ономастика бөлімінің бас маманы Айгерім Жұманғалиева.

Естеріңізге сала кетейік, дәріс осымен үшінші мәрте өткізіліп отыр. Бұдан бұрын Саясат Нұрбек Астана қаласының білім беру және жұмыспен қамту жүйесі туралы, Шыңғыс Мұқан мемлекеттік даму туралы әңгімелеген болатын.

Өткен жеті күнде елордаға 11 мың тоннадан астам көмір келіп түсті

2-9 қараша аралығында елордаға 164 вагон, яғни 11 359 тонна көмір келіп түсті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астанаға жеткізілген көмірдің 72 вагоны немесе 4969 тоннасы – «Шұбаркөл», 32 вагон немесе 2216 тоннасы – «Қаражыра», 33 вагон немесе 2284 тоннасы – «Майкөбе» көмірі, 27 вагон немесе 1890 тоннасы «Кузнецкий» маркалы көмір. «Шұбаркөл» маркалы көмірдің тоннасы – 13 600 теңгеден, «Қаражыра» тоннасы – 13 500 теңгеден, «Майкөбе» тоннасы – 12 500 теңгеден, «Богатырь комир» тоннасы – 9000 теңгеден, «Кузнецкий» тоннасы – 12 250 теңгеден сатылуда. Астанада отын сатумен айналысатын 8 компания бар. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы сатушылармен бағаны көтермеу жөніндегі меморандумға қол қойған болатын. Астана әкімдігі күн сайын нарықтағы көмірге қатысты жағдайға мониторинг жүргізіп, үнемі бақылауында ұстап отыр. «iKomek» қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының базасында тұрғындар үшін арнайы жедел желі жұмыс істейді.

Өткен тәулікте қаладан 14 мың текше метрден астам қар шығарылды

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды Астананың iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығына тәулік бойы жолдауға болады, деп хбаралайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Өткен тәулікте көшелерді тазалау жұмыстарына мамандандырылған техниканың 432 бірлігі жұмылдырылды. Қаланы қардан тазартуға 293 жол жұмыскері шықты. 10 қарашада жолдарға құм-тұз аралас қоспаның 248 текше метрі шашылды. «Астана Тазалық» ЖШС 6197 текше метр, мердігер ұйымдар 7532 текше метр, «Зеленстрой» АҚ 1170 текше метр қарды қаланың сыртына шығарды. 10 қарашада шығарылған қардың жалпы көлемі 14 899 текше метрді құрайды.


Астана әкімдігі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша Астананың iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салады.


iKomek орталығына сондай-ақ, келесі әдістер бойынша хабарласуға болады.


Telegram-дағы: https://t.me/astanaikomek109_bot чат-боты


Әкімдіктің astana.gov.kz сайты


Әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды #astana109 хештегімен белгілеу:


  1. Facebook www.facebook.com/astana109/
  2. Instagram www.instagram.com/astana109/
  3. Telegram-канал t.me/astana109112

Қазығұрт тауына шаңғы базасы керек пе?

Осыдан 8 ай бұрын, яғни екі мың да он сегізінші жылдың 21 наурыз күні "Қазығұрт-Кемеқалған" туристік тарихи-мәдени кешенінің қазығы қағылып, іргетасына облыс әкімі Ж.Түймебаев бастаған топтын капсула салу рәсімі өтті. Сол рәсім мен туристік кешен туралы БАҚ өкілдері жан-жақты ақпарат таратып жатты.

Кешен іргетасына облыс әкімі капсула салуда
Фотосурет мына жердікі lenta.inform.kz/ru/oko-kazygurt-tauynda-iri-turistik-keshennin-kazygy-kagyldy_a3192958

Қош дедік. Туристік кешен салу — жақсы идея. Турис тартудың тамаша әдісі.

Сонымен, туристік кешен үшін Қазығұрт ауданынан 4 га, қалған 16 га-сын Төле би ауданы жер бөлетін болады. Бөлді. Кешеннің негізгі нысаны — 3 қабатты кеме Қазығұрт тауының батыс өркешінде орналасатын болды. Теңіз деңгейінен 1768 м.биікте. Аңызда айтылатын Нұһ пайғамбардың кемесі қалды дейтін нүкте ғой. Оған баратын аяқжолдан бастап қанатты жолдар тартылу, көру алаңқайларын салу жоспарланды. Атшабарлар (ипподром) мен этноауылдар салу жобаланды. Бұл идеяларды мақұлдауға болады. Туристер үшін қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері мен спорт түрлерін көрсетуге ыңғайлы орын. Құптайық. Одан басқа тау айналасындағы жер-жерде аквапарктер орналастыру мен тау басынан төмен құлдилайтын тау шаңғысының трассаларын салу жоспарланыпты. Аквапарктерді қоя берейікші, Қазығұрт тауынан бастау алатын өзендердің жобада көрсетілген мөлшерде су тауып бере алмауы белгілі болса да мақұл дейік. Шаңғы базалары мен жолақтары не үшін керек? Ақыл жетпейтін нәрсе осы.

"Қазығұрт-Кемеқалған" кешеніндегі тау шаңғысы мен шаңғы жолдары жобасы
Фотосуретке сілтеме тағы да сол www.inform.kz/kz/oko-kazygurt-tauynda-iri-turistik-keshennin-kazygy-kagyldy_a3192958

Саралап көрейік.

«Қазығұрт-Кемеқалған» туристік тарихи-мәдени кешені жобасы орналасатын аумақ ең жақын елді мекен — Қазығұрт ауданының Қ.Әбдалиев ауыл округіне қарасты Атбұлақ ауылынан оңтүстікке қарай 4,5 шақырымда орналасқан. Бұл жер Қазығұрт тауының оңтүстік батыс сілемі. Жоба орналасатын учаскеге жақын Қазығұрт тауының ең биік нүктесі теңіз деңгейінен 1768 метр. Ал, Жобаның шаңғы базасы орналастырылатын аумағы шамамен теңіз деңгейінен 1200 метрден 1600 метр биіктік аралығы болады. Салыстырмалы түрде Жоба орналасатын аймаққа жақын Атбұлақ ауылының интернет ресурстарда көрсетілетін қысқы мезгілдегі жауын-шашын түсу мөлшерін қарайтын болсақ, 2018 жылдың ең суық айы – қаңтар айының өзінде Цельсий бағанымен орташа алғанда күндіз +5, түнде -1 болған. Бұл – Қазығұрт тауының баурайында шаңғы жолағы үшін қажетті қар мөлшерін сақтауға жеткіліксіз. Қардың ерімей жату мерзімі ұзақ емес. Шаңғы базасын салуға қолайсыз, өзін-өзі ақтауы қиын жоба.
Атбұлақ ауылының ауа райы күнделігі
Атбұлақ ауылының 2018ж. қаңтар айындағы ауа райының күнделігіне сілтеме www.gismeteo.ru/diary/57447/2018/1/

Артық қаржы мен уақытты не үшін жұмсауымыз керек? Шаңғысыз Қазығұрттың туристік келбеті қалыптаспай қала ма?