Ғибратты әңгіме

Екі дос шөл далада жолаушылап келе жатады. Бір кезде сөзден сөз шығып, екеуі тартысып қалады. Біреуі ашуға қатты булығып, екіншісін қойып қалады. Досының ұрғаны жанына қатты батады, бірақ ләм-мим демей құмға былай деп жазып қояды: «Бүгін мені жан досым ұрды!»

Екеуі көкорай шалғын жерге келгенше тоқтамай жүріп отырады. Суды сол жерден ішерміз деп келісіп алады. Бір кезде досынан таяқ жеген батпаққа аяғы кіріп шыға алмай қиналады. Тіпті тұншығуға айналып, демі тарыла бастағанда, досы кұтқарып қалады. Батпақтан кұтылғаннан кейін, тастың үстіне ойып тұрып: «Бүгін мені жан досым, өлім аузынан құтқарып қалды», — деп жазады.

Оның бұл жазуына таңырқаған жолдасы:

– Ұрған кезімде құмға жаздың, ал енді не үшін тасқа жазып жатырсың? — деп сұрайды. Сонда досы:

– Біреу бізге жамандық жасаса, оны құмға жазғанымыз дұрыс, кешірім самалы оны өшіріп кетсін. Ал біреу жақсылық жасаса, оны тасқа ойып жазайық, оны ешқандай жел өшіре алмасын!..

http://www.ummet.kz сайтынан алынды
Әрі қарай

Терезе

Ол теледидардағы ауа райына да, интернет беттеріндегі болжамдарға да онша мән бермейтін. Қай уақытта тұрса да көзін тырнап аша салысымен терезеге қарайтын. Дұрысы терезеден далаға. Адамдар шолақ жең киімен жүрсе бұлда солай киініп, күрте киіп жүрсе сәйкесінше бұл да солай киінетін.
Кеше түні бойы бір сайтта әлдебіреулермен пікірталастырды. Не бұл оларды түсіне алмады, немесе аналар шынымен сөз ұқпайтын жандар. Бірнеше мәрте кофе ішіп, бірнеше мәрте оттығын қолына алып, мұрнынан будақ-будақ түтіндер шығарды.
Бүгін ұйқысы қанбай оянды. Екі сағаттан сәл аса ұйықтаған болар шамасы. Бүгін бір мекеме жұмысқа аламыз деген, солармен алдын-ала әңгіме-дүкен құруға барады. Ояна салысымен терезеге қарады. Ешқандай жан баласы көзіне ілінбеді. Көздері құйрығымен кері қарай, дәлірек айтсақ, құйрығымен алға қарай ұшып бара жатқан торғайларға түсті. «Далада жел қатты екен» деген оймен қалыңырақ киініп алды. Автобуста қалың киіммен отырған бұған жұрттар қайта-қайта мойындарын бұрып қарай берді.
Көп шегіп қойған тәрізді…
Әрі қарай

Халық ерлігі

Ұлы Отан соғысында ерлік көрсетіп орден, медаль алған жауынгерлердің марапатталуына байланысты құжаттардың базасы көрсетілген сайт ашылыпты, егер атаңыз, бабаңыз сол соғыста ерлік көрсетсе, осы жерден іздеп көріңіз, мүмкін табылып қалар…
Әрі қарай

K-1 Rising 2012: Бадр Хари мен Андерсон "Брэддок" Силва

Кеше осы жарысты түнгі 4-ке дейін лайвстрим арқылы көрген едім. Жұмыс істеп отырғандықтан, бәрін көруге мүмкіндік болмады. Басты-басты дегендерінен көз жазбауға тырыстым. Сол кездесулердің видеосы шыққан екен, сендер де тамашалай отырыңдар

Бадр Хари мен Андерсон «Брэддок» Силва

Әрі қарай

«Қараңғы көлеңкелердің» жақсысы мен жаманы



Тим Бёртон мен Джонни Депп тандемі қолға алған жобаның ә деп басталғаннан-ақ елдің есін алмаса да, есінде қалып қоятын бір қасиеті бар. Оу бір кездері шыққан «Эдвард Қайшы-қолдардан» бастап, бертіндегі «Қалыңдық мүрдесі» мен «Ғажайыптар әлеміндегі Алисаға» дейін өзге мамандарда жоқ ерекше стильдің, айрықша киноның мысалы ретінде қарастырылады. 10 мамырдан бастап қазақстандық прокатта көрсетіле бастайтын «Қараңғы көлеңкелер» бұл екеудің сегізінші ортақ жобасы екен.
Әрі қарай

Әлия Нұршайықованың атасы жайлы естелігі

Жеңіс күні тақырыбын қозғай келе, назарларыңызды «Екпіндегі» мына материалға салғым келіп отыр.


«Менің атам — Әзілхан Нұршайықов» дейді журналист Әлия. Иә, расында қазақ әдебиетіне «Аңыз бен ақиқат», «Махаббат қызық мол жылдар» сияқты сүбелі туындыларды алып келген Әзілхан Нұршайықовтың немересі болғанын қалай мақтанышпен айтпайсың…
Әрі қарай

К-т және Д-т

Білә осы "қарыз" деген нәрседен құтылмай-ақ қойдым. Ойлап отырған боларсыздар мен қарыз екен деп. Маған қарыз. Есенқыли 24 мың қарыз, картадан ұтылған. Алдыңғы ойында мен қарыз едім әйелінен сұратып жіберіпті сукі. Білә картанікі картада қайтады емес пе. Үй ішінен ұят болды. Енді өзі қарыз кезде қашып жүр. Ақтан берді 150 мың қарыз. Былтыр пластик есік-терезесіне клиент тауып бергем. Білә сұрай берсең де ұят екен. Қашан бересің деп збандасам қауын егіп далада жүрм, "Құріл & CO" аудармай жатыр, аударса берем ғой дит. Осындан бір-екі жыл алдын Әуесбайдың Полаты 5-6 мың қарыз еді. Брәтішкіні сұратып жібергем. Барса үйінде екен. Брәтішкі осындай осындай деп айтса, үйіңде арба бар ма деп сұрапты. Оны қайтпексің десе, арбаң болса сүйретіп ап кел, үйдегі телебізірімді салып жіберем, қарызды сомен жабам депті сукі. Күйіп кеттім шешесс. Бұндай да әжуа болат кен деп. Күн болса ысып кетті. Жақында ғана өзімнің прасентке алған қарызымды жабам деген тиынымды Ләмбө білә мілітсаға түсіп прабамды алдырып қойдым соған тиын тебен берш деген соң бере салдым сукі, өзіме де обал жоқ. Ақкөңіл к… тің соры. Байым деген Адам белсібетпен жұмысқа күніне 90 км жүріп барып келетін адамға кіре алмаймыз ау…
Әрі қарай

Титаникке 100 жыл

Ти­таник (RMS Titanic) — 20-шы ғасырдың басында салынған алып кеме. Британ кеме соғу компаниясы «White Star Line»-ның «Олимпик» класындағы үш кеменің екіншісі. Өзінің алғашқы сапарында 1912 жылы 15 сәуірде Атлант мұхитында айсбергке соғылып, 2 сағат 40 минуттың ішінде кеме су түбіне кетеді. Бортта болған 2,223 жолаушының, тек 711 адам аман қалған болатын. Биыл 15-сәуірде сұмдық апаттың тулғанына 100 (жүз) жыл толады. 8 -наурыз Англияның оңтүстік кеме жайында «Балморал» атты кемемен 20 неше мемлекеттен келген 1309 жолаушылар Титаниктің жүз жылдың алдында, жүріп өткен жолымен жүру үшін, жолға шықты.



Суреттермен қоса толық мазмұнын көрем десеңіз осыны басыңыз
Әрі қарай

уақыт

Әр нәрсені өз уақытында түсіну әрбір адамға беріле бермейді екен… Меніңше, әр өмір кезеңін тиімді пайдаланған, уақытын құр әшейін бос нәрсеге емес, пайдалыға жұмсаған адам ғана лидер бола алады… алайда, ең басты мақсат лидер болу емес, маңыздысы өткен өміріңе өкінбеу!
Мектепте оқып жүргенде сабақтан қашып, сол мектепті бітіріп құтылғанша асығушы едік!)) Қазір сол алтын ұяны қайтадан аңсаймыз..Қолда бар алтынның қадірі жоқ деген рас екен! Дәл қазіргі қолымызда бар алтын ол — уақыт! Қадірлей білген жөн!
Әрі қарай