Менің жастық шағымның әндері)))

Нұрлан Өнербаевтың орындауындағы Кеңес Дүйсекеевтің "Қарағым-ай" әні. Бұл ән мен тоғыз оқып жүргенде шықты-ау деймін. Сәке Қалымов айтты, бірақ Нұрлан Өнербаевтың орындауында маған көбірек ұнайтын.



Нұрлан Өнербаевтың орындауындағы Мұрат Құсайыновтың «Сұлулық» әні. Жақсы көрем осы әнді. Автор өзі де орындайды, бірақ таба алмадым.



Тағы да Нұрлан Өнербаев. «Мен сені сағыныппын». Авторын білмейм. Бірақ осы әнді естісем, жүрегім елжіреп, көзіме жас үйіріліп, қыз күнім есіме түсіп кетеді)))

Әрі қарай

Үздік саундтректер.

Менің быкусыммен:

Мен үшін ең үздік OST, тек қана мен үшін емес көпшілік үшін үздік саундтрек -Celine Dion — My Heart Will Go балладасы. Бұл Селин Дионның ең танымал әні. Бүл ән «ең үздік ән» ретінде «Оскар» және «Алтын глобус» сияқты беделді сыйлықтарға ие болған ән. Сонымен қатар бұл ән Селин Дионға бірден екі «Грэмми» сыйлаған.
Әрі қарай

Мен ұсынатын қазақша әндер.

Мен де қазақша әндерден сүйікті үш әнімді ұсынайын. Маған қазақша әндерден тек ескі немесе халық әндері ұнайды. Қазіргі заманауи әндерге «фанатеть» етпейді екенмін. Әйтеуір көпшілікпен ілесіп МузАрт, Жігіттер және т.б. әншілердің әндерін еститінім болмаса, қалғандарын тыңдамаймын, сол үшінде болар қазақ әншілерін(жастарын) жақсы тани бермеймін.
Әрі қарай