Үздік саундтректер.

Менің быкусыммен:

Мен үшін ең үздік OST, тек қана мен үшін емес көпшілік үшін үздік саундтрек -Celine Dion — My Heart Will Go балладасы. Бұл Селин Дионның ең танымал әні. Бүл ән «ең үздік ән» ретінде «Оскар» және «Алтын глобус» сияқты беделді сыйлықтарға ие болған ән. Сонымен қатар бұл ән Селин Дионға бірден екі «Грэмми» сыйлаған.


Келесі, менің ең сүйікті фильмім «Сладкий ноябрь»дің саундтрегі — Enya-Only time. Осы киноны көргенде алғаш рет кино үшін жылағанмын. Түнімен ұйқыдан айырылып, киноны ойлаумен болдым, қатты әсерлендім шамасы. Сол фильмнен кейін әнші Енияны, актриса Шарлиз Теронды жақсы көріп кеттім, ал Киану Ривзге әңгіме жоқ. Әннің өзі керемет! Одан бөлек Енияның орындауыдағы «Властелин колец»тің «May it be» саундтрегін де айтпай кетпеске болмайды. Жалпы Ениянң барлық әндерін тыңдауға кеңес беремін!

Үшіншісі әйгілі мультик Шректің саундтрекгі — «Rufus Wainright-Hallelujah» әні. Жанның рахаты ғой, тыңдай бергім келеді, тыйдай бергім)).


Бұлардан басқа:
Леона Льюс -I see you (Аватар фильмінен саундтрек)
Мэнди Мур- Only hope (Спеши любить фильмінен саундтрек) ұнайды. Есіме түссе тізімді толықтыра жатармын.
bk
Бөлісу:

63 пікір

meirzhan
Саундтректі бірнеше рет естігеніммен «Тәтті қарашаны» көрмеппін. Сірә музыкасы кинодан ертерек шыққан болуы керек.
Erkekyz
Фильм 2001 жылы шыққан ғой. Ән осыған арналып жазылған болу керек :).
meirzhan
Сол жыл есімде :) Кинотеатрда екі кино қатар жүрді: осы кино мен «мысық вс. иттер» деген. Жас шамасына орай екіншісіне таңдау түскен еді :)
Aramza
Қалғандарын қайдам, мен үшін Титан и К ның саундтрегі ғажап.
Aramza
ал Шректің саундтрегі Ях-ты мадақтап жатқандықтан жек көремін
Ottegin
Еврей музыканты Леонард Коэннің «Алилуясын» кім айтпады дейсің каверверсияларын тимберлейктен бастап шерил кроуға дейін айтқан, бұл әнді Шрекпен ғана байланыстырандарға таң қалам)))
Иудаизм құдайы Яхвеге арналған мадақ-панегирик
Ottegin
«Я слышал – был на свете звук:
Давид им умилил Господень слух;
Но музыка тебя не столь волнует…
Похоже… и, в-четвертых, пятых;
Отбросить мелкое, и жить лишь главным:
Король рукой нетвердой пишет „Аллилуйя“!
Аллилуйя, Аллилуйя, Аллилуйя, Аллилуйя!!!»
© Коэн
Erkekyz
Шректе бірінші рет естідім осы өлеңді, қатты жақсы көріп қалдым. Ол кезде ағылшыншам шолақ етін, түсінбедім, тек Аллилуяны түсінетінмін. Кейін инеттен іздеп, әртүрлі әншінің орындауында бар екенін көрдім, мағынасын да білдім, бірақ бұл өлең мен үшін Шректің өлеңі болып қала береді және саундтрек туралы сөз қозғалса еске алғашқы түсетіндерден :)).
meirzhan
Меломаннан бұрын киноманмын десей :)
Erkekyz
Кәрістермен ауырғанға дейін киношница болдым рас.))
Aigolek
ал мен джефф баклидын орындауындагысын гана мойындаймын
TERISKEY
Не ғо, «спеши любиттің» тағы бір саундтрегі бар еді ғой, маған сонысы ұнап ед. Сосын Уитни Хюстонның «Телохранитель»-дегі саундтрегі қатты ұнайд.
Zilola
Спеши любитьтегі «Жыла» деген ән бе?
TERISKEY
иә иә! Күштіііі ғо! Әлде кей жайлармен ассосациясы бар ма, ощым сол әнді тыңдасам ойға қалам:)
asaubota
Erkekyz
Ия ия бұл да бар, 8 миля.
omarbirat
Мықты өлең
Gastarbaiter
Базар жоқ мағынасы қуатты:) Тренировкада мықты рух беред.
John
«Гладиатор» Ханс Циммер & Лиза Джерард — How we are free ost Gladiator
omarbirat
Фильмнің өзі мықты деп айта алмасам да, мына саундтрек ұнайды :)
Zere
Бұрынғы Кеңес заманындағы фильмдердің саундтректері мықты болатын.
Zilola
Иә, мысалы маған 1982 жылы жарық көрген «Не могу сказать прощай» фильміндегі «Не смоют любовь ни ссоры, ни версты. Продумана, выверена, проверена» деген ән қатты ұнайды. Сосын сол кинода дискотекада қоятын барлық әндері ұнайды. Әсіресе Минаевтың киімі :))
qisyq
ужс…
Zilola
басқалар да бар ғой, мысалы «Мой нежный ласковый зверь» фильміндегі вальс, «Жалғызбастыларға жатақхана беріледі» фильміндегі гитарашы қыздың әні. Сосын үнемі «Түсінемін ғой» деп айта беретіні естен кетпейді
Zilola
«Жестокий романс» фильміндегі Михалковтың орындауындағы «Мохнатый шмель», «В бой идут одни старики» фильміндегі «Смуглянканы» да айтып өту керек.
ken

мынау қалай?
Gastarbaiter
БГ деген әрқашан да БГ ғой, Кендюбей))))
Erkekyz
Сол кездердегі әндерге аса мән бермеппін, есіме түскені «Песня про медведей» «Кавказская пленница»дағы. Күшті өлең. :)
Erlan
Менің атым Қожа фильмінде, оқушылар сынып болып қой қырқуға Газиктің астауына мініп кетіп бара жатырған айтатын патриоттық өлеңі жақсы
TERISKEY
«Туған жер аялааа, ұлдарыңды, Туған жер аяла қыздарыңдыыыы» деген бе? Күшт ол да!
omarbirat
«Mustafa Hakkında Herşey» (Мұстафа жайлы барлық нәрсе) фильмінің саундтректері ұнайды. Екеуін де Mor ve Ötesi тобы айтады.

Hayat:

Bir derdim var:
Erkekyz
Менде видео ашылмады.
omarbirat
Тыңдаймын десеңіз:
Mor ve Ötesi — Hayat


Mor ve Ötesi — Bir Derdim Var
asaubota
осы топты мүлдем тыңдай алмадым, менікі емес екен. Duman-нан кейін ештеңе тыңдау мүмкін емес :)
aizhan
үшеуі де менің талғамыма сай келеді екен!қосарым — «Отпуск по обмену» фильміндегі John Powell-дің саундтрегі, «Прости за любовь» итальян фильміндегі Zero Assoluto тобының әндері:))
Erkekyz
Рахмет, іздеп тыңдап көрейін. Ол фильмді екі рет пе көргем, бірақ музыкасы есімде қалмапты. Сосын жақында «Zookeeper» деген фильмде бір романтикалық әуен естіп қалдым, бірақ таба алмадым(((.
omarbirat
Мына саундтректі ұмытып қара басайын депті:
Dinara
Көкжалдар мекеніндегі домбыраның дауысын да ұмытпаңыз ;)
omarbirat
Иә, осы да бар, айтпақшы.
satvaldo
2000-дардың ортасында Гёкхан мырза түрік делигацисымен Түркістанға келгенде біздің жақ әуендетіп домбырамен қарсалған екен. со кезде домбыраның мотивін «тігіп» кеттім деп «беяз-шоуда» мойындағаны бар еді.
omarbirat
Бәсе, домбыраға қатты ұқсайды. Саздың дыбысы бұндай емес әйтпесе.
satvaldo
сосын олар Әзірбайжан мен Орталық Азия, сонан соң парсы шығанағы елдерінің көретінің біліп, солардың ұнататын нәрселерін «тықпалау» арқылы көрермен жинаймыз деп ПАНА-фильмдік бір жігіттің айта кеткені де бар еді со шоуда.
Dinara
өткенде бір жерде жазған Aşk Tesadüfleri Sever атты фильмнің саундтректері:


omarbirat
Фильм ұнады. Басында комедия шығар деп ойлап едім, қателесіппін. Шебнем Ферахтың әні жынды енді.
Dinara
Көріп шықтыңыз ба? Қуаныштымын ұнағанына :) Сол Шебнемнің әні ерекше әсерлендіріп жіберді фильмнің соңын, біз әбден жылап, фильм біткен соң залдан шыға алмай біраз отырған едік…
omarbirat
Әйеліме көрсетем деп ойлап едім, өзім де қосылып көріп шықтым. Фильм біткен соң «ташфырын» еркектер түсінбейтін сұрақтар басталды дейсің :))
asaubota
жарайды, мен қарамай-ақ қояйын :)
Dinara
қарасаң өкінбейсің ;)
түсінбейтін сұрақтардан қорқып жатсың ба? :)
omarbirat
Жоқ, көре бер. Просто, әйеліңнің мінезінде Мелтеммен ұқсастықтар болса, жалғыз отырып қарауға кеңес берем :)
Dinara
Жолын тауып жауап бере алдыңыз деп ойлаймын :) Сіздерге үйде біркадынбіреркек шоуын көруді тавсие едиорум, күшті сол :))))
omarbirat
«Чожуклар дуймасын» аман болсын. Маған сол да жетеді :)))
asaubota
осы кино туралы осында айтылғаны есімде еді және менің қарамаймын дегенім. енді іөзеп тауып алып отырмын осы постты.

білмеймін неге бұл фильмді түсіріп алғанымды біраздан флешкамда жүр еді, жаңа түскі үзілісте жартысын қарап тастадым. қатты ұнады, жалғасын кешке қараймын. әйеліммен бірге қарағым келіп кетті, орысшасын іздеп табуым керек енді. біздің өмірімізде ұқсас жағдайлар бар екен…
Dinara
көрдің ба?  Симона да қараймын деп жүрген еді өткенде
Erkekyz
Әндер жақсы екен. Бұл фильмнің аудармасы жоқ шығар, ия?
omarbirat
Ресейлік торрент-трекерлерде орысша аудармасы бар.
bazuka
Любовь любит случайности осылай іздесен бірден табасын, онлайн қарауға болады.
bazuka
бұл фильм қатты ұнады, соңы тек көңілді жабырқатып тастағаны болмаса.
Dinara
орысшасы бар екенін білмеппін, жақсы екен.
иә, соңын басқаша бітіргенде ғой деп біразға дейін жабырқап жүрдім мен де.
asaubota
түсіріп алам десеңдер мына жерден

онлайн қарау үшін film4ik.ru/3342-lyubov-lyubit-sluchaynosti.html