«Титандардың қаһары»? Жоқ, естімеппін



«Грек мифтері мен аңыздары» дейтін қалың кітапты әлі күнге жата-жастана оқимын. Әлі есімде, алтыншы әлде бесінші сынып, түні бойы Трояға болысқан Гефест пен Аресті ойлап, уайымдап шыққанмын. Қысқасы, жартылай жалаңаш грек құдайлары мен қаһармандары туралы кез келген дүние көңілімді өзіне тез аудартып ала алады. Күні кеше қазақстандық прокатқа жол тартқан «Титандардың қаһары» да назардан тыс қалмады.
Әрі қарай

"Дәмсіз" асқабақ

satibaldi , жаңа аватарың жараспайды. Түсі де жаман, қып-қызыл, формасы да неестественно доп-домалақ, вопшым, дәмсіз, тойыс, талғамсыз.
Ешқандай эмоциялық, экспрессиялық та арқалап тұрған жүгі жоқ. Анау аватарың Асқабақ еді, ал мынау асқабақтың суреті ғана.
Шешіп тасташы.
Әрі қарай

Құрметті көгілдірлер!

Алқаш тіркелген кезде сайтымыз — қызыл шәлі оранған әлде бала, әлде ергежейлінің көк фондағы аватарын беретінін барлығымыз да білеміз. Көп қолданушылар оны өзінің міскініне немесе басқа да табиғатымды ашады-ау деген суретке ауыстырып қояды.
Бірақ соңғы кездері жаңадан тіркелушілер көбейді. Олар аватар алуға болатынын білмейтін болса
Әрі қарай

Отандық аватар жасаушылар үкіметтен қолдау күтуде

Нұрислам Муслимов 21 жаста, жас дизайнер. Ағасының фотостудиясында жұмыс істейді. Бос уақытында аватар жасаумен айналысады.


— Нұрислам, жасаған аватарларыңыз қай тақырыптарда?
— Біз жолдас жігіттермен көбінесе азалы күндерге арналған авалар, ру аттары және қазақша ою, бүркіт суреті, Қазақстан туы бар авалар жасаймыз.

— Қиын ба аватар жасау?
— Әрине оңай емес. Үлкен тәжірибе және талант керек.

— Соңғы жасаған шығармаларыңыз қандай?
— Атырау, Тараз, Жаңаөзен қалаларының аттары жазылған қара ленталы аваларды мен жасадым.

— Қандай мәселелер, қиындықтар бар?
— Біз бұл туындыларды тегін жасап жүрміз. Үкіметтен материалдық қолдау күтеміз. Қанша дегенмен Қазағымыз үшін істелініп жатқан тірлік қой. Моймирде ашқан сообществомыз бар. Алла разы болсын, бүгінге дейін 2 адам қолдау көрсетті. Біреуі біз көрсеткен номерге 175 единица, ал екіншісі 57 единица лақтырған. Ал көп адамдар тегін алады да рахмет айтпайды.
Әрі қарай

Үздік саундтректер.

Менің быкусыммен:

Мен үшін ең үздік OST, тек қана мен үшін емес көпшілік үшін үздік саундтрек -Celine Dion — My Heart Will Go балладасы. Бұл Селин Дионның ең танымал әні. Бүл ән «ең үздік ән» ретінде «Оскар» және «Алтын глобус» сияқты беделді сыйлықтарға ие болған ән. Сонымен қатар бұл ән Селин Дионға бірден екі «Грэмми» сыйлаған.
Әрі қарай

Аватар: Аанг туралы аңыз.

Аватар: Аанг туралы аңыз.

Бұл мультсериалды ініммен бірге мультарнаны қарап отырып, көріп қалдым. Көргенім сол-ақ екен, бул мультфильм мені өзіне баурап алды. Бір күні 2х2 арнасыннан үш күн қатарынан «Аватар»ды береді дегеннен (жақсы мультфильмдер беретін екен деп қалмаңыздар) тірліктің бәрін ысырып, жайғасып үш күн бойы осы мультфильмді қарап шықтым. Алған әсерімді жеткізе алсамшы. Керемет! Негізі былай қарасаң аниме жанрында сияқты, ал мульт Америкада жасалған. Сол үшін аниме деп атай алмай отырмын. Әлде жасап шығарылғаны маңызды емес пе?
Әрі қарай

Атыраудағы кездесулер

Соңғы айда Атыраудағы кездесулер саны біразға жетті, ішінде ресми, бейресми түрлері, сайтқа жария болған не жігіттермен жай пибі ішкен деген жариясыз кездесулер көп.

Соңғы Мақпал келіп кеткеннен соң осы қауымдастықты ашып отырмыз.
Кезекті кездесу 17 тамыз күні, Мақпалдың қайтар шағында болады деген болжам бар.
Қатайып қалған дата емес, оған дейін біреу-міреу келіп не ұсыныс тастап жатса шыға береміз.
Әрі қарай