Морис Равель, "Болеро"
Жозе́ф Мори́с Раве́ль (фр. Joseph Maurice Ravel, 07. 03. 1875 — 28. 12. 1937) — француз импрессионист-композиторы, дирижер, ХХ ғасыр музыкасына жаңалық енгізген реформаторлардың бірі.
Болеро — бастапқыда балет қойылымы үшін ойластырылған, оркестрге арналған шығарма. 1928 жылы жазылып, алғаш рет 1928 жылдың 22 қарашасында Париждегі «Гранд-Операда», Ида Рубинштейннің шығармашылық кешінде орындалды. Болероның тыңдаушыға әсері «өзгеріссіз, сандаған рет қайталанатын ырғақтық фигураның аясында екі тақырып көп рет келтіріліп, эмоциялық кернеудің шарықтау шегіне жеткенге дейін жаңа аспаптар қосыла беруінде".
Мен бұл шығарманы осыдан көп жыл бұрын, «Болеро» атты көркем фильмнен естідім. Содан бері ғашықпын. Фильмге де, музыкаға да. Фильмнен алған әсерімді айтып жеткізу мүмкін емес. Тек эмоция ғана, көкірек кернеген сезімдер.
Тыңдап көріңдерші.
Фильмнің соңында Морис Бежар Болеро билейді. Ол бишінің прототипі — Рудольф Нуриев.

Фильмді артынан көргенім дұрыс болыпты — ол жерде басқа ертегі басталады екен. Рахмет!