Құлақтан кетпейтін әндер

Мұндай әндердің ұнауы шарт емес, бірақ бір тыңдап алғаннан кейін біраз уақыт бойы сол ән ойыңнан кетпей, басыңда ойнап тұратын кездері болатын шығар, иә?

Мұндай әндер бойынша жасаған рейтингімнің ең жоғарғы позициясында мына ән тұр. Таразда бір таксиге мінгенде естіген едім. Құлағымда бір аптадай ойнады ғой деймін

Әрі қарай

Еркеш Ериков-Анажан

Админнің ұсынысын ертерек қабылдай берсек болатын шығар. Қарағандылық жас әнші Еркебұлан (Еркеш) Еріковтың орындауындағы «Анажан» әні.
Мәтіні-Таубай Сақтағанұлынікі
Әні-Ахмедияр Есмұхановтікі

kiwi.kz/watch/hw4v1e11eepz/
Әрі қарай

What is Love? (бас шайқаушылар)

«Роксберидегі түн» — Джон Фортенберридің комедиясы (1998 ж.). Осы скетчтерде Уилл Феррелл мен Крис Кэттен классикалық костюм киіп алып, қыздармен танысу үшін түнгі клубтарды аралайды. Олардың басты міндеті бүкіл скетч бойы «Haddaway» тобының «What is love» деген әндегі ритмге сай бастарын шайқап жүру. Және ағайындының арасына кейде тағы бір бауыры келіп қосылады. Ал сол бауырдың ролін арнайы шақырылған жұлдыздар ойнайды. Кезінде сол рольде Том Хэнкс, Мартин Шорт, Джим Керри, Алек Болдуин және Сильвестр Сталлоне болған. Және осы актерлердің арасынан, менің ойымша, Джим Керридікі сәтті шыққан.

Классикалық трио:


Әрі қарай

Ән тыңдайық

Нұржан Керменбаевты өзім сүйіп тыңдаймын. Сіздерге де ұсынамын.



"Әке арманы" жаңа ән емес, бірақ Нұржанның орындауында ерекше.



Ал бұл ән біраз уақыт қалтафонымның қоңырауында тұрған, кейде әнді ұзағырақ тыңдау үшін жауап бермей, күтіп тұратынмын.

Әрі қарай