«Жаңбырды сүйем дейсің, бірақ қолшатыр ұстайсың,
Күнді сүйемін дейсің, сәулесінен қашып, көлеңке іздейсің,
Желді жақсы көремін дейсің, бірақ үрген кезде терезені жабасың,
Міне, сондықтан сен мені „сүйемін“ деген кезде, мен қорқамын». -Боб Марли-
"Ә л е м н і ң ж а р ы ғ ы ы ы ы ы ы ы ы ы ы ы ы ы ы ы н" деп басталатын әнді/жалғыз айтқан қызық еместін/ дуэт, трио, квартет, айлық алғанда көбіне хормен айтқан да кездер артта қалды. Бірақ ән талғамымды маңыздырақ етіп жазайын дедім. Әркімнің де сүйіп тыңдайтын әндері болады. Аудандық «Жас Қанат» байқауының 2-орын иегері болсам да кезінде, менің талғамымның басқаларға ұнамайтын да тұстары болса керек. Қабыл алыңыздар, Жамағат!
Жігіттер тобы жаңа амплуада. Алматының метросында жұрт суретке түсуді жақсы көреді деуші еді, енді бейнеге де түсуді жақсы көретін болып тұр ғой.
Соңғы күндері қырғыз әншісі Ілияс Әбдіразақтың осы бір әнін күніне он қайтара тыңдап жүрмін. Қазақ тілінде қырғыздың әндері нәзігірек болады ма білмеймін, бірақ, әсіресе, осы «Самал» тобының орындауында қатты ұнайды.
Кезінде радиоға телефон соғып, ән айтып, Бейбіт Қорғанның ән жинақ кассетасын жеңіп алғаным бар. Ол кезде радиодан әндер беріліп жатқанда магнитофонмен кассетаға жазып алатынбыз ))))) Барлық әндері дерлік хит болған әншінің «Соқ-соқ» әнін тыңдап көріңіздер
Ерболаттың соңғы айтып жүрген әндері ұнамай жүр, бірақ бұрынырақ шыққан бұл әні керемет.
Жақында Әли Оқапов «БЕШ» атты бейнеклипімен жұртты шулатқан болатын. Сол бейнеклип ғаламторды жайлап кеткен соң, оның шығармашылығына қызығу танытып, қазақ тіліндегі бейнеклиптерімен таныстым. Барлығы тым жақсы, соның ішінде, әсіресе ұнағаны, «Алға» бейнеклипі. Әуені ырғақты, биі жақсы қойылған, сөзінің де мәні бар дер едім.
Ринго тобының «Толғау» бейнеклипінің шыққанына біраз болды, бірақ қараған сайын, қарай бергім келеді.
Ғалымжан Молданазардың "Қазақ жұрты" әні жуырда жарыққа шықты. Ғалымжан әдеттегідей ерекше.