Әннің де естісі бар
Жақында Әли Оқапов «БЕШ» атты бейнеклипімен жұртты шулатқан болатын. Сол бейнеклип ғаламторды жайлап кеткен соң, оның шығармашылығына қызығу танытып, қазақ тіліндегі бейнеклиптерімен таныстым. Барлығы тым жақсы, соның ішінде, әсіресе ұнағаны, «Алға» бейнеклипі. Әуені ырғақты, биі жақсы қойылған, сөзінің де мәні бар дер едім.
Ринго тобының «Толғау» бейнеклипінің шыққанына біраз болды, бірақ қараған сайын, қарай бергім келеді.
Ғалымжан Молданазардың "Қазақ жұрты" әні жуырда жарыққа шықты. Ғалымжан әдеттегідей ерекше.
Ринго тобының «Толғау» бейнеклипінің шыққанына біраз болды, бірақ қараған сайын, қарай бергім келеді.
Ғалымжан Молданазардың "Қазақ жұрты" әні жуырда жарыққа шықты. Ғалымжан әдеттегідей ерекше.
Айтпағым мынау. Егер Қайрат Нұртас орындап жүрген әндердің музыкасын қалдырып, ал сөзін орысшалап не ағылшыншалап Ресей мен АҚШтағыларға тыңдатсаң, олар ол әндерді қабылдай алмайды. Оқаповтікі де тура сондай жағдай.