What is Love? (бас шайқаушылар)

«Роксберидегі түн» — Джон Фортенберридің комедиясы (1998 ж.). Осы скетчтерде Уилл Феррелл мен Крис Кэттен классикалық костюм киіп алып, қыздармен танысу үшін түнгі клубтарды аралайды. Олардың басты міндеті бүкіл скетч бойы «Haddaway» тобының «What is love» деген әндегі ритмге сай бастарын шайқап жүру. Және ағайындының арасына кейде тағы бір бауыры келіп қосылады. Ал сол бауырдың ролін арнайы шақырылған жұлдыздар ойнайды. Кезінде сол рольде Том Хэнкс, Мартин Шорт, Джим Керри, Алек Болдуин және Сильвестр Сталлоне болған. Және осы актерлердің арасынан, менің ойымша, Джим Керридікі сәтті шыққан.

Классикалық трио:



Жоғарыда көрсетілген әртістердің қатысуымен:

Бөлісу:
  • 4
  • Автор туралы
    2011-ші жылы www.yvision.kz те еркін-нормативсіз блогерліктен бастадым. 2012-ші жылы күтпеген жерден журналистика саласына келдім. Сондықтан инетте өзімді нормативсіз ұстай берсем, айып етпессіздер!

    Филантро — мизантро — перфекто және консерво саясатын ұстанушы.

    P.S. Нигімді оқыған кезде «Мик» дегеннен кейін сәл пауза жасау керек.)

3 пікір

Olzhass
3-ші видеодағы тележүргізуші әйел Хелен Хантқа ұқсайды екен
Соңғы түзету:
Danyar
Джим Керридікі дурыс айтасың