Мен ұсынатын тіскебасар :)

Мен негізі аспаздық өнермен мақтана алмайтын адамдар қатарынанмын. Бірақ, анда- санда өзім ғана қалғанда жасап жейтін тамағым бар және көп уақытта керек емес максимум 10 минут  Соны сіздермен бөліссем.
Әрі қарай

Антижуристік өмір салты. 3. Сұқбат беру қауіпсіздігі

(Тасы. Басы — өткен постта.)

Былайғы өмірде біреудің ала жібін аттамаған, қой аузынан шөп алмаған, бірақ ретін салса, шалт еткізіп дөп айтатын, бірге жүзграммдатып жүрген танысыңның, досыңның — тоқ-шоуға барып, хайуани кейіпке еніп, көзінен от, аузынан көбік атып, біреуге сөз бермейтін, сөзін ешкімге бермейтін
Әрі қарай

Жаңа премьераларға шолу: Мелодрамалар шеруі

Құрметті киносүйер қауым, бүгіннен бастап еліміздің кинотеатрларын «жаулап» алатын фильмдер тізбегі бұл жолы ескі де жаңа мелодрамаларының көптігімен ерекшеленеді. Бұрынғы өткен күндерді еске аламын деген адам да, романтикалық көңіл-күйде боламын деген жан да осы аптада өз қалағанын экрандардан таба алады. Енді ретіне келсек.

Апартамент 1303 3D / Апартаменты 1303

Әрі қарай

Ая қыз. Алматы

Жалықты ма екен қаладан қабағы ғарып,
Мұңайып тұрды Ая қыз жанары налып.
Бұрымын тербеп, жанына еркелейтұғын,
Сағынды ма екен Семейдің самалын-мамық.

Талпынып еді арманның жырақ таңына,
Жолықты жаны ызғарлы жыл ақпанына.
Ұяттан, жаным, Алматы өртеніп жатыр,
Семейдің ерке елігін жылатқанына.

Мұзбалақ емес қанатын дауыл шыңдаған,
Жасүлпек еді қайырылды, қауырсын — қадам.
Бір қызды несін жылаттың, нән шахар едің,
Миллион адам әуенін ауырсынбаған.

Құшағына алып «Періште», «Періні» кілең,
Құшатын еді даңсалы еріні бір ем.
Көз жасын қыздың қорқаудай сіміріп жатыр,
Алматы енді арудан жеріді білем.

Сұлуға айтушы ең сырыңды, елден жасыра,
Үркіттің неге, елікті келген қасыңа.
Алматы ішті тойынып атаукересін,
Шөлі бір қанып Аяның кермек жасына.
Жақсылық Қазымұрат, 18.09.2009 жыл
Әрі қарай

Иятсыз мұғалім

Дене шынықтыру мұғалімі келген екі-үш ай ішінде мектептегі барлық қатындарды құртты. Алдымен бүкіл облыста тапшы, әкімнің жеке өзі қаладан жалынып-жалпайып әкелген информатика мұғалимасын жүкті қылды деген сыбыс шықты. Байғұс қыздың (ендігәрі — қатынның) сабақ кезінде «бүгін физ-ра бола ма сендерге, ағайларың қалай?» деп, сұрастыруы жаман еді.
Сөйтіп жүргенде орыс тілінің практикантының іші де сыр берді. Дене шынықтыру сабағына келіп, айтуға ұмытып кеткен тапсырмасын айта беруінің түрі жаман еді. «Нағыз ұстаз» деуші едік әуелде, қайдағы: д.ш. күні басқа мұғалім болса — келмей кететінінен әлденені аңғарды анайы қауашағымыз. О қыз да (әрі қарай — қатын) бетін басып, келген жағына безіп кетті.
Сосын ел:«апаларын, әжесін, мақанын, інілерін, сіңлілерін жеткізем деп, отырып қалған ғой» дейтін қимия мұғаимасы да үйіне күдікті маршрутпен қайтуды шығарды. Әлгімен қолтықтаспағанмен, күлісіп-сықылықтасып. Оқиғаны модельдеуге келгенде алдымызға жан салмайтын біз, бұл жараса қалған екеудің түндегі қылықтарын өзіміз елестетіп алып, «Ох ағай, ох дон Жуан, ох Темірғали*» деуді шығардық.
Сосын сыпсың коллективке жайылып, арты — мектеп директорының д.ш. мұғаліміне ультиматум қоюына ұласты. «Енді д.ш.-дан Жора ағайларың беретін болады» деген кезде, қыздар көрерге көз керек ағайларынан айырылғанына ах ұрып, жігіттер тегін сексуал пантазиядан айрылғанына қынжылды.


* — жергілікті Казанова, бір бастаңғыда мұрнын шүйіре беретін бір бастықтың қызын тура моншада басжіверіпті деген сыбыс бар.
Әрі қарай

Махаббат кездейсоқтықты сүйеді



Менің ойымша кездейсоқ оқиғасыз махаббат болмайды. Әркімнің өз махаббат хикаясы бар, өз кездейсоқтықтары бар. Еш нәрсе бостан босқа болмайды. Өмірді қызық қылатын да осындай сәттер.

2011 жылы шыққан мына «Махаббат кездейсоқтықты сүйеді» фильмінің тақырыбы да махаббат және кездейсоқтық. Ешнәрсе айтқым келмейді. Тек айтайын дегенім Бұл фильмді қараңыз! және жалғыз қарамаңыз.

Фильмді онлайн қарау Орыс тіліндегі аудармасымен / Түрік тілінде
Фильмді түсіріп алу
Әрі қарай

В тобы


Топтық кезеңде бейтарап жанкүйерлердің назарын жаулайтын В тобы болатынына күмән жоқ. Мамандардың пікірінше дат футболшылары үшін бұл турнир топтық кезеңмен аяқталады. Негізгі талас қалған үш құраманың арасында өтеді.
Әрі қарай

Футболға барайық: Қазақстан-Қырғызстан


Ертең, 1 маусым күні Алматының орталық стадионында Қазақстан-Қырғызстан жолдастық кездесуі өтеді. Басталуы 19-00. Кіру тегін екен.

Футбол сүйер қауым болып қарап қайтпаймыз ба? Кімдер барады, қай жерге жиналамыз, соларды талқылайық?

Сурет: sports.kz
Әрі қарай