Соңғы жылдары әлемде жетім балалардың саны артып отыр. БҰҰ-ның балалар қорының хабарлауынша, төрткүл дүниеде 100 миллион бала ата-анасының қамқорлығынан айырылған. Ал Қазақстанда ресми мәліметтер бойынша 75 мың жетім бар. Бар болғаны 16 миллион халқы бар еліміз үшін осыншама жетімек аз ба, көп пе?.. Жетімін жылатып, жесірін қаңғыртпаған ел едік.
Бүгінде жетім балалар мемлекет қамқорлығында. Шымкенттегі №3 балалар үйінің есігінен аттай бергенімде, екі бүлдіршіннің көздері жәутеңдеп, маған қиыла қарады. Олардың қорғансыз күйіне қарап қатты толқыдым.
Жасай берем сенсіз ақ кешір жаным!
Мен өтпеген көшелерің мәні ме,
Мен жүрген сол жол да саған бөтен ғой
Мен білмейтін сырларыңның бәрі де
Мен таңдаған қырсық мінез екен ғой
Питекантроп, синантроп, ал хомо сапиенс саналы адам деп, тарих сабағынан оқығанымыз естеріңізде шығар. Адамның адамға айналу эволюциясы суретін көз алдымызға елестетіп көрсек, бүкір болған маймыл адамды тік жүруге үйреткен — еңбек. Жай еңбек емес, дене еңбегі. Қазір таңнан кешке дейін бүкірейіп ап, компитор алдында мыжырайып отыра беретін болғанбыз… Сізді білмеймін, мен солай…
Мына сурет сол эволюцияның кейін қарай болып жатқанын дәлелдей ме, қалай?!
Су да, жер де, ағаш та, тау да бәрі табиғат сыйы.Айналамыз жасыл желекке, гүлге тұнып тұрса қандай тамаша.Ағаштарды сындырмай, аялап күту, көктемде түбін қопсытып, әктеп, жиі суарып тұру керек.Үйдің, мектептің ауласына гүлдерді көп еккен жақсы.Өте әдемі әрі хош иіс аңқып тұрады. Таза ауада адамның көңілі көтеріледі. Жазда жұрт көлге түсуге көп барады.Көлдің айналасына керексіз қоқыстарды тастамай, жинап кетсе, келесі келгендерге қуаныш сыйламай ма?
Табиғатты қорғау бәрімізге ортақ. Ол адамға зор пайда келтіретінін ұмытпайықшы.
… Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде.
Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Бүгінгі қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды. Ана сүті сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған ұлттық қасиет тана сүтімен кірмейді. Тілі мен дінінен айырылған ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлденең көк аттының қолжаулығына айналады. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған емес.
Не айтайын, айтатын сөзім бардай,
Қиындықпен күресіп, өмірден келемін талмай.
Бар болса ішімдегі мұңымды айтайын,
Досым тыңдашы сен, айтайын аузым талмай.
Сәулесімен, шуағын шашқан күн нұрындай,
Жан бересің, жылуыңды жүрегіме мұздай.
Қайта ояттың, тірілттің сен,
Мына өмір қызықтанып баражатқандай,
Кейде алдайсың, ей-өмір кейде мойындайсың,
Өз қатеңді жасаған, бірақ оны жоя алмайсың.
Не айтайын, «ӨМІР ОҢАЙ» деп айта алсамшы,
Жүректегі жылуымды озге адамға бере алсамшы.
Шерлок Холмстың ізімен Жақында Шырайлы Шымкент қаласындағы «Бекжан» базарының өртке орануы жайлы болмақ.
Осындай алып базар бірнеше сағат ішінде күлге айналды, Алып базар қалай ғана өзінен-өзі жануы сенімсіздеу көрінеді.Біреу ұйымдастыруы мүмкін бе?