Астана қаласының әкімдігі, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті және Uber компаниясы ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойды. Әлемнің 70-тен астам мемлекетінде қызмет көрсететін халықаралық компания қазақстандық нарыққа елордадан бастап кірмек.
Меморандумға сәйкес, Uber тек кәсіпкерлік қызмет субъектілері ретінде тіркелген Серіктестермен (заңды тұлғалармен және жеке кәсіпкерлермен) ғана жұмыс істейді. Автоматтандырылған есеп айырысу жүйесі мен заңды қызметінің арқасында Uber қазақстандық нарықта сервис серіктестері-жүргізушілердің кірісінің айқын болуына және салықтардың бюджетке толық төленуіне жағдай жасайды.
«Әрине, бұл біз үшін айтулы оқиға. Uber компаниясымен көптен бері келіссөздер жүргізіп келеміз, оның Қазақстан нарығына осы Астанадан бастап кіретініне қуаныштымыз. Жүйенің айқындылығының арқасында шағын және орта бизнесті дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашылып, мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер ұлғаяды, ал ең маңыздысы, нарықта тағы да бір әлемдік бренд болады», — деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова. Оның айтуынша, жолаушылар тасымалы нарығына жаңа компанияның енуі елордалық бизнестің дамуына үлкен серпін бермек.
Uber – пайдаланушылар мен жүргізуші-серіктестерді байланыстыратын технологиялық платформа. Мобильді қосымша арқылы тапсырыс беруші жүргізуші мен машинаға резерв қойып, оның белгіленген жерге дейінгі қозғалысын бақылай алады, төлем банктік картамен жасалады. Uber қолданыстағы қарапайымдылығымен, қауіпсіздік талаптарының жоғары болуымен, сондай-ақ, қолма-қол ақшалай төлемдердің жоқтығымен танымал. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожиннің атап өтуінше, нақ осы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу салық түсімдерінің ұлғаюына ықпал етеді.
Uber B.V. ТМД мемлекеттері бойынша бас менеджері Алексей Стахтың атап өтуінше, компанияның жобаны Астанада дамыту перспективалары зор.
«Үлкен перспективалар бар. Стартап аса қарқынды дамып келеді, біз әлемнің 70 мемлекетінде 400 астам қалада жұмыс істейміз. Қазақстанға келіп, елордадан бастайтынымызға қуаныштымыз. Біз үшін бұл өте маңызды. Бүгінгі таңда биліктің қазіргі саланы жақсартуға мүмкіндік беретін инновацияларды қолдайтынын көріп жүрміз. Өз тарапымыздан қазақстандықтар күткен сервисті ұсынуға барлық шараларды қабылдайтын боламыз», — деді А. Стах.
М. Бектұрованың айтуынша, елорда әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына жайлылық пен қызметінің заңдылығын қамтамасыз ететін, дамытылып жатқан басқа да жобалар бойынша ынтымақтастық орнатуға дайын.
Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Елордада кейбір көшелерде көлік қозғалысы жартылай шектеледі
Елордада жол жөндеу және асфальтбетон жабынын профилактикалық қорғау бойынша жұмыстар жалғасын табады. Осыған байланысты кейбір көшелерде көлік қозғалысы жартылай шектеледі:
— 11-30 маусымда жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Сейфуллин көшесі Уәлиханов көшесінен Сембинов көшесіне дейін жартылай жабылады;
— 11-15 маусымда Уәлиханов көшесінің Кравцов көшесінен Абай даңғылына дейінгі бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі;
— Кравцов – Уәлиханов көшелерінің қиылысы 10-12 маусымда жартылай жабылады.
Сонымен қатар, 9-12 маусымда Достық көшесінің Тұран даңғылынан Орынбор көшесіне дейінгі бөлігі жабылады.
Жол жөндеу жұмыстарына байланысты автобустардың қозғалыс сызбасы да уақытша өзгереді.
2016 жылғы 11 маусымнан бастап №102 экспресс маршруттың қозғалыс бағыты жартылай өзгереді: бастапқы пункт – Көктал-2 т/а — Орынбор мен № 31 көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі – Орынбор к-сі – Орынбор к-сі мен Қабанбай батыр даңғылында бұрылады (Family Town т/к) – Орынбор к-сі (№ 31 көшеге кірмейді) – одан әрі бұрынғы сызба бойынша жүреді.
11 маусымнан бастап № 39 бағдардағы автобустың қозғалыс сызбасы: бастапқы пункт – «Астана инерт», одан әрі – Көктал к-сі – Оқжетпес к-сі – Бәйсейітова к-сі – Фахд бен Абдулл Әзиз к-сі – Ақан сері к-сі – Бөгенбай батыр даңғылы – Алаш тасжолы – соңғы пункт «Шарын» базары.
Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Астанада техникалық және кәсіптік оқу орындарының түлектеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Өнеркәсіптік өндіріс, қызмет көрсету, медицина, құрылыс және т.б. салаларда қызмет ететін 50 астам компания бос жұмыс орындарын ұсынды. Оқу орындарының түлектері әлеуетті жұмыс берушілермен әңгімелесуден өтіп, елордадағы ең қажетті мамандықтармен танысты.
Сонымен қатар, студенттер мемлекеттік бағдарлама аясында жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес алды.
«Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасын іске асыру аясында жұмыс тәжірибесі жоқ орта арнайы, жоғары оқу орындарының түлектеріне арналған жастар практикасы бағыты іске қосылған. Оларға бастапқы тәжірибе жинау үшін алты айға уақытша жұмыс беріледі, еңбекақы мемлекет тарапынан төленеді. Диплом алған түлек Жұмыспен қамту орталығынан жұмыс берушімен әңгімелесуге жолдама алады, егер оң жауап алатын болса, құжаттар тізімін жинап, бағдарламаға қатысады, — деді Астана қаласының әкімдігі Жұмыспен қамту орталығының кәсіптік оқыту бөлімі басшысының орынбасары Азамат Байтасов.
Бағдарлама аясында кәсіби оқыту да іске асырылады. Мамандықты игеріп, жұмыс таба алмағандар немесе сұранысы жоқ кәсіпті меңгергендер даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру бойынша тегін курстарға жіберіледі.
Елордада бос орындар жәрмеңкелері тұрақты түрде өткізіледі, бос жұмыс орындарын іздеу мәселелері бойынша Бейбітшілік к-сі, 25 мекен жайында орналасқан Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығына жүгіну керек.
Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
10-12 маусымда Оқушылар сарайында Ресей, Беларусь, Израиль, Грузия, Корея, Украина, Өзбекстан, Әзербайжан мемлекеттерінің және еліміздің өңірлерінен келген бишілері бақ сынайды. Би фестивалі үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр.
7-17 жастағы балалар кіші, орта және ересек топтарда ча-ча-ча, самба, вальс және т.б. танымал бағыттар бойынша өз өнерлерін ортаға салады.
— Бұл біздің ең үздік жобаларымыздың бірі. Біз балалардың өнерін, шығармашылығымыздың ерекшелігін және қонақтарымыздан не үйренетінімізді көрсетпекпіз. Қазылар алқасының мүшелері – тәжірибелі педагогтар – хореографиялық залдарда балалар мен бапкерлерге шеберлік сыныптарын өткізеді, — деді Оқушылар сарайы директорының орынбасары Қымбат Іргебаева.
Фестиваль аясында сондай-ақ, халық билерінен конкурс өтеді.
Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Елордалық полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласында жасалған террорлық актінің нәтижесінде зардап шеккен полицейлердің отбасыларына алғашқылардың бірі болып бір күндік жалақыларын аударды, деп хабарлайды Астана ІІД баспасөз қызметінен.
Астана қаласы Ішкі істер департаменті қызметкерлері қайғыға ортақтасып, көмек ретінде әріптестерінің отбасыларына және жарақат алған қызметкерлердің ем-домына бір күндік жалақыларын аударды.
Ішкі істер органдарының қызметкерлері батылдық, патриоттық және антқа адалдық танытып террористерді тоқтатты,
Астана қаласы ІІД бастығы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров: Өкінішке орай, Ақтөбеде болған қайғылы оқиғада зардап шеккендер бар. Біз қаза тапқан жандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, жараланған азаматтардың тез сауығып кетуін тілейміз. Біз полиция қызметкерлеріне және олардың отбасыларына жан-жақты көмекті әрі қарай да жалғастырамыз. Бүгінде елордалық ішкі істер департаментінің жеке құрамы қоғамдық тәртіпті және терроризмге қарсы күресуде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша күшейтілген режимде қызметтерін атқаруда», — деп мәлімдедіі.
Жыл сайын Астанада балаларға арналған алаңдар мен спорт алаңдарын кешенді абаттандыру, демалатын күркелер, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Биыл жыл соңына дейін «Алматы» ауданында 10, «Сарыарқа» ауданында — 19, «Есіл» ауданында – 6 аула абаттандырылады.
Қазіргі кезде Алматы ауданында 581 аула бар. Биыл 16 көп қабатты үйді қамтитын, 10 ауланы кешенді абаттандыру жоспарланған. Балаларға арналған 11 ойын және 3 спорт алаңы жасалады. Азаматтардың таза ауада жаттығуына да баса назар аударылады. Осы мақсатта бес гимнастикалық алаңда 56 тренажер орнатылады. Абаттандыру жұмыстары барысында 80 қоқыс жәшігі, 72 орындық, 8 күрке мен 8 кір жаятын алаң жасалады. Сонымен қатар, аданы 12 801 шаршы м жердің асфальтбетон жабыны жөнделіп, 4 465 шаршы м жерге жаңадан асфальт төселеді.
Былтыр 27 аула жаңартылды. Тұрғындарға қолайлы болуы үшін балаларға арналған 36 және 11 спорт алаңы жасалды, 419 қоқыс жәшігі, 389 орындық, 30 күрке, 38 кір жаятын алаң орнатылды. Сондай-ақ, жаңа тұрақ орындары пайда болды.
«Есіл» ауданында 6 аула абаттандырылады. Жаңа ойын және спорт алаңдары қойылып, бұзылған элементтер қалпына келтіріледі. Айта кетейік, жөндеу жұмыстары барысында сапалы, қауіпсіз шағын сәулеттік пішіндер, тренажерлар пайдаланылады.
«Сарыарқа» ауданында 707 аула аумағы орналасқан. Үстіміздегі жылы 19 аула жаңартылатын болады. Абаттандыру бағдарламасы Көктал және Өндіріс тұрғын алабтарын да қамтиды. Атап айтқанда, 8 гимнастикалық алаңға 80 тренажер орнатылады, жасанды жабын төселген 7 жаңа спорт алаңы, резеңке жабын төселген 7 балалар алаңы, құмда ойнауға арналған 8 алаң және түрлі шағын архитектуралық пішіндер тұрғындардың қолданысына енгізіледі.
2015 жылы «Сарыарқа» ауданында 14 аула абаттандырылып, 214 әткеншек, сырғанақ, орындық пен қоқыс жәшігі қойылды. Спортпен шұғылданып, белсенді демалысқа арналған 3 гимнастикалық алаңға 33 тренажер орнатылды, заманауи экологиялық қауіпсіз материалдардан әзірленген жасанды жабын төселген 2 жаңа спорттық алаң жасалды.
Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Оқу жылы бойы балалар жазғы демалысты күтеді. бірақ жаз келе сала мектептер бос қалмайды, қайта керісінше. Енді балалардың сыңғырлаған күлкісі мен қуанышты дауыстары одан да қаттырақ естіледі. Себебі 8 шілдеге дейін 73 мектептің жанынан төменгі сыныптың 45 мыңнан астам оқушысын қамтыған лагерьлер ашылды.
Кішкентай астаналықтар қаладан тыс және мектептердің жанынан ашылған лагерьлерде демалады. Елордалық Оқушылар сарайы да балаларға түрлі ойын-сауықтар ұсынады.
М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының жазғы шығармашылық мектебі 6-12 жастағы балаларды қабылдайды. Биылғы бағдарламаға брейк-данс, мүсіндеу, бейнелеу өнері, хореография, вокал, шахмат сияқты үйірмелер енді.
– Биыл балалар сабақтарға үлкен қызығушылық танытуда. Үш жыл бойы барлық маусымдарда келіп жүретін балалар да бар. Біз ойын квесттерін, шоу-бағдарламалар, театрландырылған және цирк қойылымдарын ұйымдастырамыз. Балалар «Спортландияны» ұнатады – эстафеталарды, мультфильмдердің кейіпкерлерімен өткізілетін бағдарламаларды, өздері костюм киіп, қатысады. Осылайша, балалар өздерін көрсетіп, таланттарын паш етеді, – дейді Оқушылар сарайы директорының орынбасары Алмагүл Жапарова.
Биыл жазғы мектепке Ақтөбе, Қарағанды, Алматы қалаларынан келген және Астананың өзінде тұратын балалар келеді. Қазіргі кезде лагерьге 100 адам қабылданды.
– Бізге бұл жер өте ұнайды, күнде түрлі үйірмелерге барамыз, бассейнде жүземіз, эстафеталарға қатысамыз. Күніміз жақсы өтеді, далада серуендейміз, — дейді Дарина мен Жасмин.
Б. Момышұлы даңғылында орналасқан Оқушылар сарайында да жазғы демалыс академиясы ашылды. Жоба бірнеше бағытты қамтиды. «Балалар қаласы» лагеріне 150 балғын жазылған. Мұнда мұз айдыны, бассейн, жеңіл атлетикалық манеж, сурет салу, вокал, хореография, театр өнері, көңілді старт және т.б. үйірмелер жұмыс істейді. Ең белсенді балалар «Дидарлы жаз» спорттық, ойын-сауық алаңдарына барады. 8–10 сынып оқушылары үшін мектептердің жанынан «Айбынды маусым» әскери-спорттық алаңдар жұмыс істейді, бағдарламаға әскери далалық жиындар, ойындар, экскурсиялар, мұражайларға бару, саяхатқа шығу кіреді.
– Академия аясында мектеп жанындағы лагерьлерге баратын балаларға арналған «Көңілді калейдоскоп» ашылды. Күн сайын барлық мектептерден 600–700 баланы қабылдаймыз. Олар планетарийді тамашалап, хореография үйірмесіне қатысады, театрландырылған қойылымдар көреді, флешмоб билеуді үйретеміз. Жазда оқығысы келетін баалларға арналған профильді бағыт та бар. Олар сабақ оқып, демалады. Жас спортшылар үшін «Чемпиондар лигасы» ашылды. Хоккейшілер, мәнерлеп сырғанаушылар, гимнасттар спортпен айналысып, біруақытта демалады — планетарийді, интерактивті паркті, «Менің мамандығым» виртуалды зертханасын көреді, – дейді Оқушылар сарайы директорының орынбасары Қымбат Іргебаева.
Балалар тек Оқушылар сарайына ғана емес, басқа да орталықтарға бара алады, мысалы қаладан тыс орналасқан «Арман» спорттық-сауықтыру лагері мен «Батыр» палаталы лагері де балаларды демалуға шақырады.
Балалар үйінің тәрбиеленушілері – 160 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала «Боровичок» демалыс аймағында демалады.
Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Жер реформасы жөніндегі комиссияның Көкшетауда өткен алғашқы көшпелі отырысында "Ұлт тағдыры" қоғамдық ұйымының жетекшісі, комиссия мүшесі Дос Көшімнің айтқаны
7-10 маусым аралығында Достық көшесінің Тұран даңғылынан Орынбор көшесіне дейінгі бөлігінде асфальтбетон жабынын профилактикалық қорғау шараларын жүргізу мақсатында көлік қозғалысы тоқтатылады.
Материал Астана қаласы әкімдігінің сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.