Астанада плейсмейкинг арқылы аудандарды қалай жандандыру және тұрғындарды түрлендіру процесстеріне қалай тарту керектігі туралы айтып берді
8 қыркүйек күні елордада көлік және плейсмейкинг саласы бойынша АҚШ-тың белгілі сарапшыларының бірі Эндрю Ховард «Менің ауданымның гүлденуі» ашық дәрісін оқыды.
Астанадағы кездесуінде американдық урбанист өзінің тәжірибесімен бөлісті, Better Block қалалық инфрақұрылымды тестілеу әдіснамасының қалай құрылғаны туралы айтып берді. Сонымен қатар плейсмейкинг арқылы аудандағы өмір сапасын қалай жақсартуға болады, қалай жандандыру керек, өзгеру процессіне тұрғындарды қалай тартуға болады деген сұрақтара жауап берді.
Бүгінде Better Block жобасы – көлік және плейсмейкинг саласындағы ең сәтті жобалардың бірі. Ол 2007 жылы Эндрю Ховард Далластың шет жағында орналасқан қылмысты көшелерінің бірін өзгерту бойынша бір күндік экспериментін жасаған кезде құрылған.
— Алғашқы Better Block мен үшін маңызды болды. Қобалжыдым. Мен14 жыл жоспарлаумен айналысқаннан кейін қағаз бен компьтерлік модельге түсіргеніммен бөлісуге мүмкіндік алдым. Жаяу жүргіншілер бағыты жұмыс істеп тұр. Тіпті Техаста да! Мен жергілікті тұрғындарды экспериментке қатысуға шақырдым, ал дәлірек, тротуарлар бойына гүлдерді қойып, кафелердің үстелдерін жаяу жүргіншілер өтетін жерге шығаруды, тосыннан аялдамалар ұйымдастыруды, жаяу жүргіншілер өткелін салуды және иесіз қалған гаражды балалар арт-студиясына айналдыруды ұсындым. Команданың жақтастары қалалық әкімшіліктің назарын тұрғындардың сұранысына аударды. Бұл осы аудандағы аймақтандыру ережесінің өзгеруіне әкелді. Осылай Better Block пайда болды, — деп Эндрю Ховард жобаның тарихымен бөлісті.
Одан кейін екінші Better Block-тан кейін урбанистің сөзінше, оны жұмыстан шығарып жіберген.
-Мені жұмыстан шығарған соң біз Team Better Block іске қостық. Бұл менің өмірімді өзгертті. Сіз жақсы көретін нәрсеңіз үшін шығарып жібергеннен қорықпаңыз, — дейді урбанист.
Айта кету керек, Эндрю басқаратын Better Block компаниясының портфолиосында – бұл ұқсамайтын орындар текстурасына және аудандардың қалыптасқан мәдени дәстүрлеріне құрметпен ұйымдастырылған қоғамдық кеңістікке ақырындап басып кіру сенімді үлгілері бар.
Ашық лекцияға қатысуға барлық қызығушылық танытқан тұрғындар және мекемелер шақырылды. Дәріс тыңдауға «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ кеңсесіне студенттер, кәсіби қоғамдастық, азаматтық белсенділер, бизнес пен қалалық басқармалардың өкілдері жиналды. Барлығы 60 адам қатысты.
