Латын әліпбиі – жаһандану кезеңіндегі ұлттық жаңғырудың негізгі кілті

Астана жаңалықтары: Латын әліпбиі – жаһандану кезеңіндегі ұлттық жаңғырудың негізгі кілті

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы қазақ қоғамының жаңа дәуірде ұлт ретінде қайта түлеу мәселесін белгілі мақсаттар мен нақты бағыттарды алға қою арқылы тиянақты түрде талқылайды. Рухани жаңғыру және ұлттық сананың дамуы жайында прагматикалық ұсыныстарға толы мақаланың «Таяу жылдардағы міндеттер» атты бөлімінде қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу қажеттілігі айрықша мәнді. Жаһандану үрдісінде қазақ ұлтының бәсекеге қабілеттілігін, онымен қоса мәдени және ғылыми дамуды арттыру потенциалына ие болған бұл үлкен өзгеріс елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы «Қазақстан-2050» стратегиясында белгіленгеннен бері үкімет басшылары мен заңгерлердің тұрақты талқылау тақырыбына айналды. Дегенмен, әлемнің шұғыл даму қарқынында қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуінің нақты бағдарламасын дамытуерекше маңызға ие болды.
Біріншіден, Қазақстанда үлкен қолдауға ие болған үштілділік бағыты латын әліпбиіне көшу арқылы асқан қарқындылықпен дамуға бейім. Қазірден елбасының нұсқауы бойынша ресми құжаттарды біртіндеп ағылшыншаға өзгерту міндетінің өзі -латын әліпбиінің әлемдік деңгейіндегі кең қолданысының және маңызының дәлелі. Екіншіден, тәуелсіздік жылдарының алғашқы күндерінен бастау алған Түркі мемлекеттерімен серіктестік алаңында Қазақстанда латын әліпбиінің қолданысы ғылыми және мәдени қатынастардың өрістеуіне септігі мол. Латын әліпбиін білікті пайдаланып келген Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстан сияқты мемлекеттер мен Қазақстан арасындағы құндылықтардың өзара бөлісу үрдісінде ортақ әліпби қолданысың қосар үлесі күмәнсіз. Бұл әліпби өзгерісі осылайша елбасының ынталандырған Түркі әлемінің бірлесуіне де ықпалын тигізеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу арқылы қазақ ғылым мен білім саласындағы мәдени мұралар және де осы бағыттағы қоғамның жаңа жетістіктерін әлемге паш ету мүмкіндігіне ие боламыз. Мысалы, қазақ әдебиетінің асыл үлгілері, Абай Құнанбаев, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов сияқты тұлғалардың еңбегін әлем оқырмандарының назарына ұсыну – біздің парызымыз. Бұл жолда біздің алғашқы қадамымыз осы еңбектерді латын әліпбиіне аудару болып табылады. Осыарқылы әлемдік ғылым мен білім дамуына өзіміздің үлесімізді қоса отырып, айрықша қазақ стиліне сай латын жазуын жетістіру арқылы ұлтымыздың заман талабына сай рухани дамуына жол аша аламыз.
Ресми және күнделікті тұрғыдан, Қазақстанның латын әліпбиіне көшу үрдісінде асқан қиыншылықтарға тап болуы да екіталай. Себебі, қазақ тарихында латын әліпбиінің ХХ ғасырда қолданыста болуы да — ұлттың тәжірибесі мен бейімделу қасиетінің куәгері. Жалпы алғанда, қазақ қоғамының ұлт ретінде сақталу жолында өзгерістерге ашық және жаңашыл болуы талап. Әлемдік өркениеттен қалыспай, ұлт ретінде өз ізімізді қалдыру үшін латын әліпбиіне көшу сияқты батыл және нақты қадамдар ату қажет, себебі өскелең ұрпақ біздің буынның орнатқан тіректері негізінде еліміздің болашағын айқындайды. Сондықтан да елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың алға қойған латын әліпбиіне көшу міндеті менің депутат, ғалым, азамат ретінде толық қолдауыма ие.

Зулфухар Гаипов
Саяси ғылымдар докторы,
Астана қаласы көлік және коммуникация колледжінің директоры,
Астана қалалық маслихатының депутаты
Әрі қарай

Астанада менталды ауытқуы бар азаматтар жұмысқа қабылдана бастады



Елордада әлеуметтік кәсіпкер Эмин Әскеров әлеуметтік шеберханасында менталды ауытқуы бар азаматтарды кәсіпке баулып отыр. Бүгіндеаталған санатқа жататын үш азамат оқытылып, тұрақты жұмысқа қабылданды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

«Психо-неврологиялық диспансердің емдеу-өндірістік шеберханасында орналасқан ағыш-темір ұстаханасында жүйке ауруына шалдыққан азаматтар үш айлық оқу курсынан өтіп жатыр. Сегіз айдың ішінде үш науқасты оқытып, үшеуі де тұрақты жұмысқа қабылданды. Жақын арада тағы екеуін аламыз деп отырмыз. Күн сайын ағаштан түрлі бұйымдар жасау арқылы науқастарды оқытамыз. Кеңселік жиһаздан бастап тұрмыстық қажетті заттар мен үй жабдықтарын жасаймыз»,- деді медиа орталықтың тілшісіне берген сұхбатында «GreenTAL» әлеуметтік шеберханасының жетекшісі Эмин Әскеров.

Оның айтуынша менталды ауытқуы бар азаматтардың оқытылып, жұмысқа қабылдануы бұрын соңды Астанада болмаған. Өкінішке қарай жұмыс берушілер тарапынан ондай азаматтарға сұраныс жоқтың қасы.

«Менің білуімше елордада бес мыңға жуық жүйке дертіне шалдыққан азамат бар. Психо-неврологиялық диспансердің емдеу-өндірістік шеберханасында 113 азамат тіркеуде тұр. Олардың ешқайсысы ресми жұмысқа тұрмаған. Сондықтан мәселе бар, ал оны шешу қажет. Біз, әлеуметтік кәсіпкерлер бұл мәселені шешу жолын қарастырып жатырмыз», — дейді Э.Әскеров.

Әлеуметтік кәсіпкерліктің ерекшелігі әлеуметтік әлжуаз топпен жұмыс істегендіктен, бұл салада қиындықта аз емес.

«Ең біріншіден бұл азаматтарға ерекше тәсіл керек. Оның үстіне оқу меңгерімі де баяу әрі төмен. Тіпті, кейде кеше өткен оқуды күн сайын қайталауға тура келетін кездер болады. Ең қиыны бұл азаматтарды оқытатын шеберлер аз. Себебі, кез келген адам науқастармен жұмыс істеуге келісе бермейді. Қуантатыны жұмыстың нәтижесі көзге көрініп тұр. Жұмыс барысында әлеуметтендіру және бейімдеу процессі жүреді. Жігіттер бір-бірімен тіл табысып, ашыла түсіп, өзгере бастайды. Дос тауып, ең бастысы маңдай терімен ақша табады»,- деп түйіндеді сөзін әлеуметтік кәсіпкер.

Кәсіпкердің шеберханасында ағаштан түрлі жиһаздар мен балабақшаға қажетті бұйымдарды жасауды жолға қойды. Болашақта Монтессори оқу құралдарын жасауды көздеп отыр. Себебі, Мария Монтессори әдісімен оқыту құралдарын елімізде жасайтын бірде-бір шеберхана жоқ.
Әрі қарай

Латын әліпбиі реформа Түрік әлемінің ынтымақтастығына әкелуге септігін тигізеді

Қазақстан Республикасының Латын әліпбиіне өтуі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған реформалық бағдарламаның маңызды бөлігі. Латын әліпбиіне өткен басқа мемлекеттердің тәжірибесіне жүгінсек, бұл реформаның көптеген жағымды жақтарын көруге болады.
Ең бастысы, Латын әліпбиі түркі мемлекеттеріне өте қолайлы. Әсіресе фонетикалық транскрипция тұрғысынан алғанда, оны меңгеру түркі тілдес халықтарға жеңілге соғады. Бұл реформаны қадамдап енгізу арқылы латын әліпбиін тек өскелең жас ұрпақ қана емес, кемел жастағы азаматтар да жетік меңгере алады.
Сонымен қатар, латын әліпбиіне көшу әлемдік интеграцияға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қазақстанның Еуропа мемлекеттерімен жақындасуына және осы мемлекеттердің озық жетістіктеріне қол жеткізуге көмектеседі. Бұл Қазақстанның әлемдегі позициясын одан әрі нығайтып, беделін көтереді.
Қазақстан Латын әліпбиіне көшкен Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркменстан және Түркия елдерімен кең мәдени қарым-қатынасына жол ашады. Бұл реформа Түрік әлемінің ынтымақтастығына әкелуге септігін тигізеді.

ҚазГЗУ гуманитарлық заң колледжінің директоры Р.Е. Пернебаева
Әрі қарай

Астанада бірқатар қоғамдық көлік бағдарында қозғалыс бағыты өзгереді

Манас көшесінде Абылай хан даңғылынан Құдайбердіұлы көшесіне дейін учаскеде көлік қозғалысы тоқтатылуына байланысты 13 қыркүйек сағат 22:00-ден бастап 14 қыркүйек сағат 08:00-ге дейін №№ 23, 48, 80, 106, 201, 304, 313, 315 бағдарлардың қозғалысы Манас көшесінен Қ. Рысқұлбеков көшесіне уақытша көшіріледі.

Сондай-ақ Астана – Малотимофеевка тас жолындағы Жабаев көшесінен Екібастұз көшесіне дейінгі учаскеде қоғамдық көлік қатынайтын жол болмағандықтан № 15 бағдардың қозғалыс сызбасы Жабаев көшесіне көшіріледі.

Астана жаңалықтары: Астанада бірқатар қоғамдық көлік бағдарында қозғалыс бағыты өзгереді

Астана жаңалықтары: Астанада бірқатар қоғамдық көлік бағдарында қозғалыс бағыты өзгереді
Әрі қарай

«Нұрлы жол» вокзалы ЭКСПО көрмесін «шығарып» салды



Елордадағы «Нұрлы жол» теміржол вокзал кешені «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орай ашылған болатын. 9 қыркүйек күні кешке сағат 20:17 кезінде вокзал ұжымы көрмемен қоштасу салтанатын өткізді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

«ЭКСПО көрмесі еліміз үшін өте маңызды шараның бірі болды. Әсіресе «Нұрлы жол» теміржол вокзалы оның өтуіне тікелей атсалысты. Осыған орай теміржол вокзалының ұжымы халықаралық көрмемен қоштасу салтанатын өткізді. Ашылған күннен бастап біздің вокзал 2 млн-ға жуық жолаушыға қызмет көрсетті. Осындай кең ауқымдағы көрмені көп адамның қолдағанына қуаныштымыз», — деді «Нұрлы жол» теміржол вокзалы кешені директорының орынбасары Нұрлан Аманжолов медиа орталықтың тілшісне берген сұхбатында.

Вокзалдың 40-қа жуық қызметкері ғимараттың орталық алаңына жиналып шеру өткізді. Аталған шараға арнайы ән жаздырған. Салтанатты шараның тура сағат 20:17 кезінде басталуы да тегін емес.

«Шардан жасалған ЭКСПО-2017 көрмесінің белгісін ұстаған қызметкерлер вокзал ішін аралап, перронға түсті. Осылайша біз өзімізше көрмемен қоштастық», — деді Н.Аманжолов.

Айта кетейік, «Нұрлы жол» теміржол вокзалы көрмеге дайындық барысында арнайы ашылған болатын. Ол жылына 12 млн жолаушыға қызмет көрсете алады. Күніне 35 мың жолаушыны қабылдап-шығарып салатын мүмкіндігі бар.

«Көрмеден кейін вокзал штаттық режимде жұмыс істеп, әрі қарай дами түседі. Қызметкерлеріміздің 70 пайызға жуығы үш тілді жетік меңгерген жастар. Олар біліктілігін көтеріп, қызмет көрсету сапасын арттыратын болады», — деді ол.
Әрі қарай

Ата-аналар мектеп асханасын қадағалай алады



Астанадағы мектеп асханаларын бракеражды комиссия құрамындағы ата-аналар қадағалай алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Астана қаласының білім беру ұйымдарында бракеражды комиссиялар жұмыс істейді. Бракеражды комиссия құрамына мектеп директоры, әлеуметтік педагог, мейірбикелер мен онға жуық ата-аналар комитетінің мүшелері кіреді. Олар апта сайын мектеп асханасының санитарлық талапқа сай болуы мен тамақтың салмағының нормаға сәйкестігін тексеріп отырады», — деді медиа орталықтың тілшісіне берген сұхбатында білім басқармасының бас маманы Әсем Үсенова.

Оның айтуынша, мектеп оқушылары елордалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен 4 аптаға бекітілген мәзір бойынша тамақтанады. Аталған мәзірді бекіткен кезде Қоғамдық тамақтану институтының ұсыныстары ескеріледі.

«Мектеп оқушыларының мәзірі жылдың басында қаңтар айында бекітіледі. Тамақ төрт аптаға бекітілген мәзір бойынша дайындалады. Жергілікті бюджет есебінен балаларды тегін тамақпен қамтамасыз ету мақсатында 3,5 млрд.жуық қаржы бөлінді. Бұл қаржы жыл соңына дейін мектеп оқушыларын тегін тамақтандыруға жеткілікті», — деді бас маман.

Айта кетейік, жаңа оқу жылында Астанада 73 мыңға жуық мектеп оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Қаладағы барлық мектеп асханаларға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Әрі қарай

Астанадағы жылыту маусымы: мұқтаждарға көмір сатып алуға көмек көмектеседі

Астана жаңалықтары: Астанадағы жылыту маусымы: мұқтаждарға көмір сатып алуға көмек көмектеседі

Өткен екі жылыту маусымында қала билігі өтініш бергее 1262 адамға көмек көрсетілді, атап айтқанда 21,33 млн теңгеге көмір сатып алынды, деп xабарлады елордалық әкімдіктің медиа орталығы.

Зейнеткерлерге, әлеуметтік әлжуаз санатындағы отбасыларға көмір сатып алуға көмектеседі. Биыл құжаттар 15 қазаннан бастап қабылдана бастайды. Әлеуметтік көмек жеке секторда тұратын жас бойынша зейнеткерлерге, мүгедектерге, мүгедектігі бар балаларға көрсетіледі. Көмек жоғарыда көрсетілген санаттағы кірісі 73 мыңнан аспайтын адамдарға беріледі.

«Мәселен, айына 200 мың табатын отбасы мүшесі үйіндегі жұмыс істемейтін отбасы мүшелеріне бөледі, сол кезде қаражат 73 мыңнан аспаса, көмек алуға өтініш жаза алады. Әрине бұл жоғары көрсетілген санаттағы адамдар үшін,- деді Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы мемлекеттік қызмет бөлімінің басшысы Бибінұр Ахмадиева.

Аталмыш басқармадан xабарланғандай, жылыту маусымына өтемақы 8 АЕК мөлшерінде іске асырылады. Жылыту маусымы — қазан-сәуір айлары. Егерде бір үйде көмек ала алатын бірнеше адам тұрса, өтемақыны тек біреуі ғана ала алады.

»Әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш берушіге Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына келу керек. Құжаттар ағымдағы жылдың 15 қазанынан бастап Достық 13 көшесі мекенжайы бойынша қабылданады. Келесі құжаттар қажет: жеке куәлік, отбасы құрамы туралы мәліметтер, кіріс туралы мәліметтер, зейнеткерлік куәліктің көшірмесі-зейнеткерлер үшін, мүгедектік туралы анықтама-мүгедектер үшін, жылжымайтын мүліктің бар екендігі немесе жоқтығы туралы анықтама. Құжаттардың түпнұсқасы керек, көшірмесі де болу керек, — деді Бибінұр Ахмадиева.

Сол жерде қажетті өтініштер толтырылады.
Әрі қарай

Елорда әкімдігінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы талқыланды

Астана жаңалықтары: Елорда әкімдігінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы талқыландыЕлбасы өзінің мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртудың механизмін нақты әрі түсінікті белгіледі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру міндеті қойылды. Бүгін Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев өскелең ұрпақ бойында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы патриотизм рухының қалыптастыру мәселелерін әріптестерімен жиналыста талқылады.

Басқосуда жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыстар түсіндірілді. Жергілікті басқару мамандары қоғамға болашаққа қалай қадам басуы керектігі, жауапкершілігі жоғары және мықты адамдардан ұлттың бірлігін берік ету әңгіме арқауына айналды.

Бұдан бөлек, жиналыста елорданың 20 жылдығына дайындық жұмыстары да сараланды. Қатысушылар тарапынан көптеген ұсыныстар айтылды. Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов өз пікірін білдіріп, астананың 20 жылдығына ескерткіш орнатуды әкімдік қызметкерлеріне ұсынды. Оның ойынша, барлық қазақстандықтар бұл датаны есте сақтап қалу керек.

-Астананың 20 жылдығына барлығын «Ару Астана» ұранымен жасау керек. Биыл бізде маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Астанада көптеген шаралар өтті. Қалада елорданың 20 жылдығымен байланысты ескерткіш қою керек. Біздің қаламызды ондай ескерткіштер саусақпен санарлық. Анкарада Астана қаласының мәдениет күндері өткенде, онда әдемі қазақ қызының бейнесіндегі ескерткішорнатылды және ол тас мүсін әлі күнге тұр. Бұл – тарих. Сондай ескерткіш біздің астанамызға да қажет, — деді Талғат Теменов.

Басқосуда кез келген елдің болашағы оның тұрғындарына байланысты болатыны айтылды. Оны құруда адамдардың санасын өзгерту керек. Мемлекеттің бүгіні мен ертеңі әр қазақстандықтың тағдыры.

Бүгінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 4 қосымша бағдарламасы — «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани казына», «Ақпарат толқыны» бар. Әрқайсымыздың міндетіміз – қоғамдық сананы жаңғырту.
Әрі қарай

Астанада мүмкіндігі шектеулі балаларға спортпен шұғылдануға жағдай жасалуда


«Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақыт Сапаров«Астана – рухы мықты адамдардың қаласы» – «Астана – город сильных духом людей» бағдарламасын орындау аясында қала әкімінің тапсырмаларын іске асыру барысы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

— «Саламатты болашақ» бірлескен жобасы аясында «Асыл бала» қауымдастығы «Нұр Отан» партиясының қолдауымен бүгін қалада алғашқы бейімдік жүзу бойынша секция ашылуда. Сондай-ақ, оқушылар сарайында бейімдік каратэ секциясы ашылып, жұмыс істеуде, — деп атап өтті Бақыт Сапаров қала әкімі Әсет Исекешевтің мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесуінде.

Бұдан бөлек, бағдарламаны жүзеге асыру аясында Астанада «Білімде төзімділік» халықаралық конференциясы өткізілді. Жеке балабақша базасында инклюзивті енгізу мақсатында эсперименталды алаң ашылды, балалар үшін «Сау денеде – сау рух» қалалық спорт турнирі өткізілді, «Баланы мектепке дайындаймыз» жобасының аясында 200-ден астам балаға мектеп құралдары табысталды.

Сонымен қатар, Б.Сапаровтың сөзінше, «Кедергісіз келешек» жобасы аясында тұрғындардың аз мобильді топтары үшін қолжетімді орта құру үшін рейдтік тексерістер жүргізілген. Рейд барысындажүз нысанның 33-і құжаттандырылған. Қалғандары аяқталу үстінде.

Бұған дейін хабарланғандай, Астана 2020 жылға дейін ашық, қауіпсіз, ақылды, жайлы, экологиялық тұрақты қалаға айналуға ұмтылуда. Онда әр тұрғында барлық әлеуметтік игіліктерге тең қолжетімділік болады.

Қала әкімдігі Астана тұрғындарының жағдайын жақсартуға бағытталған елорданың 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасы өзгертілген болатын.
Әрі қарай

Астанада отбасылық дуатлонның жеңімпаздары анықталды

Астана жаңалықтары: Астанада отбасылық дуатлонның жеңімпаздары анықталды

Спорттық жарысқа 32 отбасы қатысты, олар жүгіруден, велосипед тебуден өзара сынға түсті, деп xабарлайды елордалық әкімдіктің медиа орталығы.

Жарыс қорытындысы бойынша 9-11 жас аралығындағы санат бойынша бірінші орынды Степногордан келген Пономаревтер (Максим, Елена және ұлы Максим) отбасы иеленді.

Бұл олардың екінші жеңісі.

«Отбасылық дуатлонға қатысу біздің дәстүрге айналды. Өткен жылы біз осы жарыста жеңіске жеткен болатынбыз. Биыл да сол нәтижеге қол жеткізгіміз келді. 1 жылдай жаттықтық, жеңіске қол жеткіздік,- деді медиа орталық тілшісіне Максим Пономарев.

12-14 жас аралығындағы ең үздік отбасы атанғандар- Вишняковтар отбасы (Максим, Инна және оның қызы Анастасия).

Жеңімпаздарға құнды сыйлықтар-тұрмыстық теxника, балаларға-ноутбук сыйға тартылды.

Отбасылық дутлон бойынша жарыстар 10 қыркүейектк Отбасы күні аясында елордалық триатлон саябағында өтті.

Отбасылық команда 4 шақырым 300 метр қашықтыққа жүгіріп, өзара бақталасты.

Отағасылар 2 шақырымға жүгіріп, эстафетаны әйелдеріне тапсырды, олар өз алдына велосипедке мініп, жарысқа түсті. Жарыстың ең кішкентай қатысушылары-балалар 300 метр қашықтыққа жүгірді.

Отбасылық дуатлон бойынша жарыс Астана қ. Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткізілді.
Әрі қарай