Алматы облысында "Patriot Qazaqstan" реалити-шоуы басталды

Алматы облысында Patriot Qazaqstan реалити-шоуы басталды

Алматы облысында «Patriot Qazaqstan» реалити-шоуы басталды. Реалити шоу күнделіктерін 20-шы қараша мен 03 желтоқсан аралығында «Жетісу» телеарнасынан кешкі сағат 19:45 көре аласыздар!
Өңірде алғаш рет ұйымдастырылған «Patriot Qazaqstan» реалити-шоуының финалды кездесуіне және жеңімпаздық белбеуін тапсыру рәсімі өтеді.
Шара 2017 жылдың 3 желтоқсан күні, сағат 18.00-де Алматы облысы, Талдықорған қаласы, «Жастар» спорт сарайында өтеді.







Әрі қарай

Денсаулық сақтау саласындағы жаңашылдық: ауруды қалай болжауға болады

Астана жаңалықтары: Денсаулық сақтау саласындағы жаңашылдық: ауруды қалай болжауға болады

Әлкей Аманжолов – EffLife IT компаниясының директоры мен негізін қалаушы, ақырғы Startup Weekend-тің жеңімпазы. Байқауда ол қорғаған «EFF Med control» жобасы ауруларды болжаудың автоматтандырылған жүйесіне бағытталған.

Жас кәсіпкер медицина саласына тек 2016 жылы келген болатын. Бұл жылы ол жеке компаниядан денсаулық сақтау саласындағы жобаны құру жөніндегі тапсырысқа ие болған-ды. Жас IT стартаперлерді медициналық технологиялармен, жалпы диагностикамен танысу мүмкіндігі қызықтырмай қоймады, әрине. Жас кәсіпкердің айтуынша, осы тапсырыс Startup Weekend байқауына қатысуға түрткі болған. Іс-шараның талаптарына сәйкес, блокчейнді пайдалану арқылы жобаны жетілдіру керек еді (мәліметтерді сенімді сақтаудың инновациялық жүйесі).

«Мен блокчейнге нені қосамын деп көп ойландым. Денсаулық сақтау саласы үшін оның жалғыз өзінен тиетін пайдасы шамалы. Бұл – мәліметтерді сақтаудың күрделі жүйесі. Егер оның көмегіне біршама уақыт ішінде ешкім жүгінбесе, онда блокчейнді пайдаланудың еш мәні болмайды. Дәрігерлер медициналық құжаттарды тек адам сырқаттанған жағдайда ғана пайдаланады емес пе?!», – деп түсіндірді Әлкей Аманжолов.

Бұл тұста бизнесмен өз жобасына телемедицина жүйесі мен нейронды желі әдісін енгізуге шешім қабылдайды. Стартапердің сөздеріне қарағанда, бұл бөлінген тәуелсіз жобалар. Кейіннен ол сол жобаларды біріктірген екен.

«Қарапайым тілде айтқанда, телемедицина арқылы дәрігер әлемнің бір шетінен басқа жерде жасалып жатқан оталарды бақылай алады. Сонымен қатар, науқас туралы мәліметтердің барлығы бір құрылғыда жиналып, ақпарат алмасу процесі жүреді. Дәлірек айтқанда, біз науқас ем қабылдаған бар әлемнен ақпарат жинап, оны серверді сақтаймыз. Бұл жағдайда адам әлемнің қай шетінде жүрсе де, өзінің медициналық аккаунтын белсенді етіп, Bluetooth, Wi-Fi немесе USB арқылы іздеу принципі бойынша қондырғыны қосса жеткілікті», — дейді ол.

Нейронды желі. Жүйеге енгізілген ақпараттың көмегімен компьютер ауруды өзі болжап, өзі анықтайды. Бастысы, сараптамалардың немесе тексерістердің нәтижелерін өз аккаунтына мобильді қосымшада енгізуді ұмытпау керек.

«Мен нейронды желінің бұл үлкен жүйедегі ең басты буын екендігін түсіндім. Оны басқаша жасанды ақыл немесе өзі үйрететін машина деп атайды. Қазіргі таңда ол виртуалды жүйеге айналды. Оның өздігінен дамуға арналған әлдеқандай әлеуеті бар», – деп түсіндірді жобаның жас авторы.

Желі TensorFlow машиналы оқытуға арналған ашық бағдарламалы кітапханасы арқылы іске қосылып, кез келген заңдылықтарды іздеу шаралары жүзеге асады.

«Жүйе өздігінен барлық ақпаратты өңдеп, барлық сәйкестіктер мен дәлсіздіктерді іздей бастайды, бұдан кейін алынған барлық мәліметтердің сараптамасы жасалады. Сау адамның көрсеткіштеріне сай келмейтін нәтижелер бар болса, компьютер оларды салыстыру арқылы анықтап, белгі береді. Бұл жүйеге өлі адамның да көрсеткіштері енгізіледі», -дейді Әлкей Аманжолов.

Жобаны іске асыруға екі жыл кетеді. Оның құны 200 млн теңгені құрайды.

«Менің есептеулеріме сәйкес, екі жылдық жұмыстан кейін біз екі-үш айдың ішінде жүрек-қан тамырлары ауруларының кризистерін 90 % дәлдікпен болжай алатын боламыз. Бірінші кезекте, бұл – инфаркт, инсульттер», – дейді ол.

Жүйе мобильді қосымшаға ұқсас. Дәлірек айтқанда, әр адам осы бағдарламаны өзінің ұялы телефонына жүктей алады.

«Мысалы, мен қосымшаны жүктеп, өзімнің медициналық кабинетімді ашып, оны іске қосып, диагностикалық құрылғыны Bluetooth, Wi-Fi немесе USB арқылы таптым дейік. Осыдан кейін менің телефонымда тексерістердің нәтижелері пайда болып, автоматты түрде сақталады», — деп түсіндірді ол.

Бұл жүйеге дәрігер қатыспайды. Оның міндеті болжам анықталған соң, науқасты емдеу болып табылады.

«Әр адамның міндеті – жүйе болжай бастасын деген мақсатпен тәртіпке сәйкес айына немесе аптасына бір рет өз мәліметтерін (сараптаманың немесе басқа тексерістердің нәтижелерін) серверге жіберу», — деп толықтырды Әлкей Аманжолов.
Әрі қарай

Жолаушылардың ыңғайы үшін Астанада кейбір бағыттағы автобустардың саны артты

Астана жаңалықтары: Жолаушылардың ыңғайы үшін Астанада кейбір бағыттағы автобустардың саны артты

Қоғамдық көлік жолаушыларының жайлылығы үшін және тасымалдау сапасын көтеру мақсатында 27 қарашадан бастап бірқатар бағдарлардағы автобус саны көбейтілді деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Жолаушылар көлігі басқармасында мәлімдегендей, № 7, № 12, № 15, № 17, № 21, № 32, № 40, № 44 бағдарлардағы автобустардың саны артып, олардың қатынау жиілігі қысқармақ.

«№ 7 бағдар – 10-нан 12 автобусқа дейін көбейтіліп, қатынау жиілігі 10 минуттан 8 минутқа дейін қысқарады;

№ 12 бағдар – 14-тен 15 автобусқа дейін көбейтіліп, қатынау жиілігі 10 минуттан 8 минутқа дейін қысқарады;

№ 15 бағдар – 16-дан 17 автобусов дейін көбейтіліп, қатынау жиілігі 8 минуттан 7 минутқа дейін қысқарады;

№ 17 бағдар – 11-ден 12 автобусов дейін көбейтіліп, қатынау жиілігі 12 минуттан 10 минутқа дейін қысқарады;

№ 21 бағдар – 12-ден 13 автобусов дейін көбейтіліп, қатынау жиілігі 10 минуттан 9 минутқа дейін қысқарады;

№ 32 бағдар – 11-ден 13 автобусов дейін көбейтіліп, қатынау жиілігі 12 минуттан 10 минутқа дейін қысқарады;

№ 40 бағдар – 19-дан 20 автобусов дейін көбейтіліп, қатынау жиілігі 8 минуттан 7 минутқа дейін қысқарады;

№ 44 бағдар – 9-дан 10 автобусов дейін көбейтіліп, қатынау жиілігі 12 минуттан 10 минутқа дейін қысқарады», — деп жазылған таратылған хабарламада.
Әрі қарай

Астанада зорлық- зомбылыққа қарсы 16 күн акциясы басталды

Астана жаңалықтары: Астанада зорлық- зомбылыққа қарсы 16 күн акциясы басталды

Астана қаласының Жергілікті полиция қызметі 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында мүдделі мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» ақпараттық акциясын өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Іс-шараның негізгі мақсаты — зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасы мүшелеріне психологиялық, құқықтық көмек көрсету, отбасы құндылықтарын арттыру, зорлық-зомбылық құрбандарын оңалту бойынша қызмет көрсету, сонымен қатар халық арасында құқықтық түсіндіру жұмысын өткізу, тұрмыстық қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу болып табылады.

Аталған акция аясында Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінде Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту «БҰҰ-әйелдер» құрылымының қолдауымен жалпы әйел азаматтардың құқығын, еркіндігін, заңды ықыластарын қорғауға ынталы, мүдделі барлық тиісті органдар атап айтсақ жергілікті атқарушы билік өкілдері, Астана қаласы әкімінің жанындағы әйелдер ісі және отбасы демографиялық саясаты жөніндегі комиссия мүшелері, құқық қорғау органдары, мемлекеттік мекемелер сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар жәнеде бұқаралық ақпарат құралдары жиылған кеңейтілген дөңгелек үстел өткізді.

«Полиция әйелдерге отбасында зорлық-зомбылық көрсетуші тұлғалармен де сондай-ақ күш көрсетулердің құрбандарымен де бірлесіп әрекет ететін ең бірінші, көп жағдайда жалғыз ғана әлеуметтік институт болып табылады», — деді ЖПҚ бастығы Бақытжан Малыбаев.

Іс-шараның қортындысында Үкіметтік емес ұйымдар мен жергілікті полиция қызметі алдағы уақытта ынтымақтастықта жұмыс жасау туралы мемарандумға қол қойды және бірқатар мемлекеттік органдардың жетекшілерімен, үкіметтік емес ұйымдарға алғыс хаттар табыс етті.

Дөңгелек үстелді студенттердің қызғылт түсті шарлармен, біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз атты флеш-мобы аяқтады.
Әрі қарай

ББҚ ішесіз бе?

Мен үшін «Я» деушілер екіге бөлінеді:
1. Сетевиктер
2. Өзіне, денсаулығына тиянақты адамдар (медиктер, диетадағылар, спортсмендер т.б. таңдап, талғап жүреді)
«Жоқ» деушілер де:
1. Зиян, қауіпті, қымбат дейтін тобыр
2. Дәріханадағы өнімнің біразының, жеке «аптечкасындағы» препараттың көбінің сыртындағы «ББҚ дәрілік құрал болып табылмайды» дегенді байқамай жүргендер
«Ол не?» деушілер бөлінбейді )
P.S. Кей елдерде жұмысқа тұруға үміткерлерден «ББҚ ішесіз бе?» деп сұрайды екен тіпті…
Әрі қарай

Келесі аптада өтетін спорттық іс-шаралардың афишасы

Астана жаңалықтары: Келесі аптада өтетін спорттық іс-шаралардың афишасы

Астана әкімдігінің медиа орталығы 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш президенті күніне орай, 27 қараша мен 3 желтоқсан аралығында өтетін спорттық іс-шараларды хабарлайды.

27 қарашада «Сарыарқа» велотрегінде 2019 жылы болатын әлем чемпионатына «Қазақстан-Ирак» арасында баскетболдан біліктілік турнирі өтеді.

27-29 қарашада «Дәулет» СК мерекенің құрметіне ҚР Жоғары басқолбасшысының кубогына арналған ерлер арасындағы қоян-қолтық ұрыс бойынша ІІІ республикалық ашық турнир өтеді.

27-30 қарашада «Толқын» СК 2005-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында бокстан Астана қалалық біріншілігі өтеді.

1 желтоқсанда шаңғыроллер тас жолында барлық шаңғышылар жарысқа жиналады.

1-3 желтоқсанда «Дәулет» СК теннистен ҚР чемпионатының VI ашық чемпионаты өтеді. 2-3 желтоқсанда – «Дәулет» спорткомбинатының жүлдесі бойынша теннистен балалар турнирі өтеді.

3 желтоқсанда «Барыс арена» мұз сарайында 2017-2018 «Барыс – Металлург Мг» КХЛ чемпионатының маусымы.
Әрі қарай

Алдағы аптада болатын мәдени жаңалықтар легі

Астана жаңалықтары: Алдағы аптада болатын мәдени жаңалықтар легі

Астана әкімдігінің медиа орталығы 27 қараша мен 3 желтоқсан аралығында өтетін мәдени бағдарламаларды ұсынады.

27 қараша «Астана» концерт залында Астана мемлекеттік академиялық филармониясының рухани оркестрінің «Ел мен құрлық бойынша» XVI концерттік маусымның ашылуы болады.

28-29 қарашада «Жастар» сарайында "Үмітпен болашаққа" қайырымдылық концерті өтеді.

29 қараша «Астана» концерт залында көрермендерді «Жайдарман» көңілді тапқырлар клубы қуантады.

30 қараша мен 1 желтоқсанда ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған бірнеше іс-шаралар болып өтеді.

Тәуелсіздік сарайында мерекенің құрметіне орай фотокөрме ашылады. Ал қыстың алғашқы күні «Астана» концерт залында «Елімнің жүрегі — Астана» атты патриоттық әндер шырқалатын эстрадалық концерт болады. Сондай-ақ, қала алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздары сахнаға шығып, өнер көрсетеді.

2-3 желтоқсан аралығында А стана циркінде "Ұлы орыс циркі" шоуы қойылады, ал М.Горький атындағы театрдың актерлері А.Касонның «Дикарь. Третье слово» мелодрамасы мен Н.Садурдың «Панночка» триллерін ұсынады.
Әрі қарай

Астанада үш күннің ішінде 251 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған

Елорда полициясы жедел-профилактикалық іс-шара өткізу барысында көші-қон заңнамасын бұзудың 284 фактісін анықтаған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Астаналық полицейлер Елорда аумағында жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізудің үш күндігінде көші-қон заңнамасын бұзудың 284 фактісін анықтаған. Атап айтқанда: ҚР-да болу ережесін бұзғаны үшін 251 шетел азаматы, шетелдiктерді қабылдаушы тұлғаның бекітілген ережені бұзғаны үшін ҚР-ның 27 азаматы, шетелдiк жұмыс күшiн пайдалану ережесін бұзғаны және шетелдіктердің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін ҚР-ның 6 жұмыс берушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Шығару туралы соттың шешімін орындамағаны, атап айтқанда ҚР ҚК 393-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 13 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Қазақастан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен 42 шетел азаматы елден шығарылған.

118 шетел азаматына қатысты ҚР аумағында уақытша болу мерзімі қысқартылды, жеке басын анықтау үшінқабылдап-тарату орнына ТМД 47 азаматы жеткізілді. Үш күннің ішінде 884 910 теңге сомасында айыппұл салынып, оның ішінде 510525 теңгесі өндірілген.

Астана қаласы ІІД көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Еркетай Туткушевтің айтуынша, жыл басынан бері елорда аумағында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 11 275 шетелдік және азаматтығы жоқ тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды, оның ішінде 1674 шетел азаматы ҚР-нан шығарылды. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 139 қылмыстық іс қозғалды. Шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзғаны және шетелдіктердің заңсыз жұмыс істегені үшін 147 жұмыс беруші әкімшілік жауапқа тартылды.
Әрі қарай

Астананың ең үлкен ашық мұз айдынына кіруге жеңілдік жарияланды

Астана жаңалықтары: Астананың ең үлкен ашық мұз айдынына кіруге жеңілдік жарияланды

Қараша айының 25-26 күндері астананың ең ірі ашық мұз айдынына отбасыңызбен немесе достарыңызбен демалуға келуге болады – кіру билетіне 50 пайыз жеңілдік қарастырылған.

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 12.00-ден 23.00-ге дейін, демалыс күндері – сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін.

Қосымша ақпарат және билеттер туралы www.kassir.kz сайтынан біле аласыздар.
Әрі қарай

Астана әкімдігінде Жастар істері жөніндегі кеңес отырысы өтті

Астана жаңалықтары: Астана әкімдігінде Жастар істері жөніндегі кеңес отырысы өтті

Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы А.Оралов ағымдағы жылы жастар саясаты саласында атқарылған жұмыс туралы баяндады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтың төрағалығымен Жастар істері жөніндегі кеңес отырысы өткізілді. Аталмыш Кеңес отырысына мемлекеттік органдар мен жастар үкіметтік емес ұйымдарының басшылары, шығармашылық жастар өкілдері, елордалық ЖОО, колледждердің Жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары және мектеп көшбасшылары қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес бірінші жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы А.Оралов ағымдағы жылы жастар саясаты саласында атқарылған жұмыс туралы баяндап, келесі жылға жоспарланған жобаларды атап өтті.

Оған қоса, аталмыш кеңес отырысында 2018 жылға арналған кеңес жоспарының жобасы талқыланды. Жоспар жобасына жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендетудің жаңа механизмдері, жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, жастар арасында суицидтің алдын алу шаралары сияқты өзекті мәселелер енгізілді. Жастар істері жөніндегі кеңестің жаңа құрамы қарастырылып, онда Астана қаласының Мәслихат депутаты С. Батпенов, халықаралық гроссмейстер, ЮНИСЕФ ерікті елшісі Д. Сәдуақасова, Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанатының төрағалары Ф. Ахметова мен Р. Валеев және басқалары енді.

Отырыс барысында «Қазақстан КВН одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Е. Елеукен басқарма қолдауымен «Жайдарман» ойындарының Жоғарғы лигасын халықаралық деңгейде өткізу мәселесін қарастыруды ұсынды. Сонымен қатар, «Selfmade» жобасының авторы және жүргізушісі А.Жұманбаева аталған жобаны отандық телеарналарда жарыққа шығаруды ұсынды. «Selfmade» жобасының мақсаты жетістікке жеткен тұлғалармен сұхбат арқылы жастарды ынталандыру.

Аталған ұсыныстар назарға алынып, Кеңес жұмысының барысында қарастырылатын болады. Жалпы күн тәртібіне қойылған мәселелерді талқылау кезінде жастар белсенді түрде ат салысып, өз пікірлерімен бөлісті.
Әрі қарай