Сен болмасаң бұл жалған,
Күнде уайым, күнде арман.
Айналайын, гүлім-ау,
Жүрегімде бүр жарған.
Сен болмасаң, серігім,
Аялайды мені кім?
Ертелі кеш сен жаққа,
Елеңдейді көңілім.
… Бақтығали деген ағамыз: «Сендерден басқа кімім бар менің?» деп, екі-үш стақаннан соң, кеудеңе басын қойып, шамалы жылап алатыны бар еді. Сол сияқты, сендер айтпасаңдар болмай тұр.
Әлқисса, Дайрабайдың қызыл сиыры мынау:
Файлды жіберіп отырған адамға: «көкеш, мынауың сопақтау сияқты» десем, "қой!" дейд. Дұрыстап қарасайш десем, «8 жылдан бері дизайнермін шырағым» деп, бәлсінед.
Әрине, өзім қайта дұрыс шеңбер қылып алар едім, бірақ өзі түзетіп, Corel-мен сақтап бергені дұрыс бов тұр. Дачы. Әйтпесе мендегі редакторлар сапасын түсіріп жібереді.
Ау ағайын, сонымен мынау бейне сәл сопақ па, әлде дөп-дөңгелек шеңбер ме? Әділін сұрап сендерге келіп отырмыз, орамалы да болад бұйырса. Дачы.
Шет елдік пірәпесірлермен келісім-шарттарды бітіріп, міністрлікке жіберіп болдық-ау әйтеуір… «Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру» ақпараттық буклетінің жыры да бүгін бітті. Типографияның есігін тоздырып едім… Безендіруге сурет жетпей, ақыры өзімнің 1-2 фотомды беріп құтылдым. Несі бар екен, осында оқығаным өтірік емес)))
Механика-математикалық факультетті тексеру қорытындысының анықтамасын дайындап болып қалдым. Екі күннен бері құлағымның құрт етін жеп жүрген докторанттың шет елдік профессорын шақыру бойынша құжаттарын тексердім.
Бастықты жиналысқа аттандырып салып, пост жазып отырмын.
Пы сы: Кеше«Выкрутасы» фильмінің кешкі сеансына барып ем, ұйқым кеп отыр.
Алдыңғы жазбада «желге ұшқан ақшаларды» талқылап, біраз буымызды сыртқа шығарған тәріздіміз. Өкініштісі, қазір сайт жасап, дамытқысы келетін адамға үкімет тарапынан грант бөлінбейді (әрине, егер қаттырақ жыласаң, бірдеңе беріп қалатын шығар. Ол жағын тексермедім). Аршат та бұл жайлы ойын тарқатып айтқан еді.
Есесіне, Халықаралық ұйымдар онлайн медиа ашуға, интернетті дамытуға арнап гранттарға байқау жариялап отыр. Соның бірі Сорос Қазақстан қорының бағдарламалары.
Мектепте қазақ тілі деген пән бар ғой.Сол сабақтың үй тапсырмаларының бірінде «рояль» сөзіне сөйлем құраңыз депті. сөйлем құраудан алдыма жан салмаймын ғой мен деген. Ойланбастан "Үйге келген қонақтар бір роялді бөліп ішті" деп жаздым.Тура осылай роялді тырнақшаға алмастан жаздым. ертесіне Дәмегүл мұғалім тапсырмаларды тексеріп жатыр.Аталған сөзге ешкім сөйлем құрай алмапты. Қолымды шошаңдатып" мен құрадым" дедім.
-Оқи ғой.
-Үйге келген қонақтар бір роялді бөліп ішті.Мұғалімнің түрінен күлкісін тежеп қалғаны білінді.
-Рояль деген не, білесің бе?
-Білем, арақ қой.Біздің үйде сервантта тұр.
-Ондай арақ бар болса бар шығар, бірақ рояль деген музыкалық аспап.Пианиноның үлкен түрі.
Міне, менің рояльмен алғашқы таныстығым осылай басталған.
Көптен қолым тимей жүрген еді, сайтқа FAQ жасау керек деп. Бүгін бастап көріп жатырмын. Бір қарап шығып, сол жерге қосатын тағы қандай сұрақтар бар екен, соларды осында жазсаңыз екен.
Балабақшадағы медбике ұлыма жалпы қан сараптамасын жасату үшін жолдама жазып берген-ді. Өткен жұмада әкесімен бірге осы шаруаны тындырды. Біздің ықшамауданнан жақында ғана жап-жаңа типтік жобадағы емхана пайдалануға берілген еді. Бұрынғы емхана кісі санына шақталмаған, ол жерге ауруын емдетпекке барған науқас, керісінше сырқатына сырқат жамап қайтады. Ал қазіргісі кең, жайлы. Айыбы — зертхана жоқ. Сода жолдамалары қолында, сол баяғы емханаға тартып барыпты ұлым мен әкесі. Еншісін алып кеткен оларды о жерде ешкім құшақ жая қарсы алмағанымен, кішкене баламен сүйретіліп барып тұрған соң, төсінен итермепті. Ертесіне 3-тен кейін сараптама қорытындысы дайын болатынын, келіп алып кетулері керектігін айтқан екен. Бүгін сол есеппен үйдегі сіңлім барды сүйретіле… Жаңа бір әзірде қоңырау соқты, сараптама қорытындысы қолға берілмейді-мыс /башпайларын да ұсынып көріпті;)/. Әлгі жаңа емхананың медбибілері өздері әкетеді-мыс. Сонда бұл туралы о баста ескертетін болса, қайда қалыпты? Сіңлім де босқа ұрыс естіді, өмірі ештеңе тындырмайсың деп жатырмын жалма-жан. Қазір зертхана меңгерушісіне соғып, біраз шаңын қағып алдым. Біздің дәрігерлердің немқұрайлылығына қаным қайнайды. Бүгінгінің дәрігеріне қарап жол бойында ала таяғын айналдырып тұрған жол полицейі көз алдыма келеді. Күніміз түспесін сендерге!