Бір-екі шумақ

Адамзат сезімі…

Жүрекке әмір жүрмейді

Сұраулы жүзбен қарайсың маған.
Жақындасам жалтардың.
Көңілім, неге болды екен алаң,
Жаныңа батты-ау,
шаңшар мұң…
Айтқызбай-ақ,
сездің бе, әлде,
іштегі сырын сезімнің.
Жүргенім де меңіреу халде,
Жетегінде төзімнің.
Мұз еді жүрек көргеннен сені,
Шуағың тиіп еріп еді…
Қайтейін бірақ,
Мен емес теңің.
Ойласам қайғы төгіледі.
Аңсаған күнім алыста тегі,
Білемін, қайта келмейді.
Түсінсең жаным кешірші мені,
Жүрекке әмір жүрмейді

(Жаңғырық Бестәңірі)

Келе берем

Бардым. Тостым.
Сен жоқсың,
сезіндің бе?
Сезіндің бе, шегі бар төзімнің де.
Білесің бе?
Мен сені шын сүйемін,
Келе бергім келеді кезігуге.
Тосып тұрмын,
Уақыт өтіп барады.
Бір көруге өзіңді кетіп тағат.
Ойыңа да келмеді-ау,
бәлкім сенің,
Мен келер деп кешігіп,
тосып қалады.
Айыға алмай түйіткіл жебелерден.
Қайтып барам,
Күдікті ой себелеумен.
Болма мейілі,
Болмағың мен келгенде,
Келе берем,
бәрі-бір келе берем.

(Жаңғырық Бестәңірі)
Әрі қарай

Қазақ футболының тарихы бүлінуде, "Локомотив" "Астана" атанды

Астаналық Локомотив футбол командасы бұдан кейін Астана деп аталатын болды. Бұл туралы сөз шыққан кезде 1-лигада ойнап жүрген Астана футбол клубының жанкүйерлері интернетте шу көтерген еді. Сол сөз кеше ресми түрде расталды. Клуб бұдан кейін Астана
Әрі қарай

Ақпарат алмасу жылдамдығының жаңа рекорды орнады

Спектрдің ифрақызыл бөлігінде ақпарат алмасу барысында көптеген құжаттар пакетін кодтауға болады
Спектрдің ифрақызыл бөлігінде ақпарат алмасу барысында көптеген құжаттар пакетін кодтауға болады.
Секундына 26 терабайт — ақпарат алмасу жылдамдығының жаңа рекорды орнады
Әрі қарай

Алунит, табиғи дезодорант

Дене күтіміндегі үйреншікті тұрмыстық химияны(арзан парфюм иісі бар немесе өзінен кейін із қалдырып отыратын) — түссіз мөлдір кристалл — ашудаспен немесе басқаша аты алунитпен(Potassium Alum) алмастыруға болады.

Бактерияға қарсы қасиетімен
Әрі қарай

Я никогда не забуду эту дату...

«Я никогда не забуду эту дату, ведь этот стал солдатом» деп әскерге түскен күнімді еске алып отырмын. 2002 жылдың 23-ші мамырында Алматы-1 вокзалынан түскен біздерді «Газ-66» машинасына тиеп Түркісіб ауданындағы 2021 әскери бөліміне әкелген еді.
Әрі қарай

Боти мен гәлош (Ғибратты әңгіме)

Баяғыда бір мүскін қайыр сұрап отырса жанынан бір адам өтіп бара жатып бұрылыпты.
-саған беретін ақшам қалмады қалтамда, жаңа ғана базардан сатып алып ем қалағаныңды ал деп алдына боти мен гәлөшті тастапты. Мүскін ботиды таңдапты. Содан күн жаңбыр
Әрі қарай

Қораздар сайысы! @Ahi vs @Ojdan

Тақырыпқа қарап Ахи мен Ождан төбелесіп қалды деп ойлап қалмаңызда. Дұрысы мен қызық болсын, жұрта назар аударсын деп жаза салдым. Қысқасы былай, күлен талды білетін шығарсыздар. Сол талдың ұрығы ма білмедім қораз қылып ойнайтын бір жапырағы бар. Оны
Әрі қарай