Астаналық Локомотив футбол командасы бұдан кейін Астана деп аталатын болды. Бұл туралы сөз шыққан кезде 1-лигада ойнап жүрген Астана футбол клубының жанкүйерлері интернетте шу көтерген еді. Сол сөз кеше ресми түрде расталды. Клуб бұдан кейін Астана деп аталатын болады. Локомотивтің Астанаға негізі қатысы жоқ, алматылық Мегаспорт пен Алма-ата командаларынан құрылған команда еді. Енді келіп соншама жыл тарихы бар бұрынғы Жеңіс, қазіргі Астана командасының атын тартып алып отыр. Қазақ футбол тарихын, жанкүйерлерді сыйламағандық деп санаймын мұны. Астананың жанкүйерлері жаңа Астана командасына қолдау көрсетпейміз деп отыр. Және басқа жанкүйерлерден сайттарында Локомотив командасының атын сол бұрынғыдай Локомотив деп жазуларын өтінуде. Яғни жаңа аттарын мойындамауымыз керек. Сіздерден де соны сұраймын.
Самұрық-Қазына футболды қатты көтергісі келіп жатса, неге "Қайратқа" көмектеспейді екен? Қалай болғанда да қазақ футболының тарихы "Қайратпен" байланысты ғой.
Меніңше осының құрамында президенттің немересі то есть жиені (БАҚ-тың бәрі немересі деп жазды) ойнайтын болды емес па. С.Қ демеушілігі мен ат ауыстыру әңгімесі содан,- дейді «көк базардағы» құмалақшылар.http://www.nashaagasha.org/tag/ajsultan-nazarbaev/
Бұл жағдай орыс тілді қазақ сусликтеріне жаңа қазақша атаудың ұнамай тұрғаны ғой
Маған /локомотивтің/ орынына қазақша атауды қойса ұнар еді: мен соған дауысымды беремін
себебі жоғарыда аталды ғой, басқа клубтың атын тартып алып отыр, сәйкесінше Астана клубының тарихына нұқсан келеді.
мысалы, бір құрбың келіп сенің атыңмен агенттегі достарыңмен сөйлессе, сен де ашуланар едің ғой?
Астана деген команда бар, олар 1-лигада ойнайды. өз тарихы бар команда баяғыдан келе жатқан, соның атын тартып алып отыр. Локомотивтің де Астананың фанаттарына обал, екеуі де жаңа команданы қолдамаймыз деп отыр.
2030 ға дейін Қазақстанда «астана» (нур астана мешіті, астана арланс), «бәйтерек», «нұр...» (нұрбанк, нұрғасыр, нұр.кз, нұрмұқасан, нұротан) деген атаулар, мен көше аттары ғана қалатын шығар :)
бірі өліп, бірі қалсын… Атын Астана емес Абылай немесе Нұрсұлтан деп қойсада түк шықпайды, одан қазақ аяқ добы қатты домалап кетпеді. Сол баяғы жартас.
немересіто есть жиені (БАҚ-тың бәрі немересі деп жазды) ойнайтын болды емес па. С.Қ демеушілігі мен ат ауыстыру әңгімесі содан,- дейді «көк базардағы» құмалақшылар.http://www.nashaagasha.org/tag/ajsultan-nazarbaev/Маған /локомотивтің/ орынына қазақша атауды қойса ұнар еді: мен соған дауысымды беремін
мысалы, бір құрбың келіп сенің атыңмен агенттегі достарыңмен сөйлессе, сен де ашуланар едің ғой?
Өзім президент болмай болмас