Пікірлерді түзету мүмкіндігі

Пікірлерді түзету функциясы қосылды. Жақсы мақсатта қолданарсыз ден сенемін. Яғни, тек орфографиялық немесе грамматикалық қателеріңізді түзеуге, дұрыс шықпай қалған код, сурет, видеоларды түзетуге. Пікір мазмұнын өзгертемін деп әуре болмасаңыз да болады негізі, пікір түзетілгені туралы ақпарат астында шығып тұратын болады.
Әрі қарай

Ильич ата ізімен



Шіркін, субботник асарға аз да болса келеді. Ленин де кезінде капиталисттердің көтіне тұз сеуіп, өзі сенбілікті бастаған еді. Қалай болғанда да сондай сеніммен өскенбіз.
Кейін ғой, қазекемнің мұрты майланып, шеге қағып, лампочкі бұрауға гастарбайтер жалдауды әдет қылғаны.

Бүгін бәріміз үй ішімізбен көктемгі сенбілікке шықтық. Ауланы тырмалап, ескі құсқыны өртеп, өртейтінді өртеп, ауылдың даласы осы күнде тезек пен түтін сасиды. Күн майдың айындай жадырап тұр.
Рахат)
Әрі қарай

Қазақтай ел қайда?!

Қазақтай ел қайда
орындайтын: Музарт тобы

Көңілі көлдей шалқыған,
Қазақтай ел қайда.
Даласы жусан аңқыған,
Өзіңдей жер қайда.
Киелім!
Таусылмас саған айтарым,
Ардақтап өтейін,
Бабадан қалған байтағым,
Садағаң кетейін,
Киелім!
Әрі қарай

Жазаланса, ох, қатал жазаланса -2!!!

Лібә, қазақтардың жаңалықтарынан:«Қазақстан Сыртқы Істер Министрлігі Палестинадағы жағдайға байланысты өз мәлімдемесін жасады» деп жатқан кезде, эфирге Бухарь жырау атып шығып:
Ау бейшара!
Геосаясат сенің не теңің:
Жылтырайды көтенің?!
Мәлімдемең өзіңе,
Көзқарасың көтіңе,
Осы айтайын дегенеееем!
– деп, домбырасын лақтырып жіберген кезде, бүкіл халық жүргізушіге «уішівөл!», «басыңменжарск» деп, шіріген жұмыртқа лақтырса, сірә арман болар ма менде, нақтың, а?
Әрі қарай

Жазаланса, ох, қатал жазаланса...

Тәлібтің, осы бар ғой, "айналып" деген сөзді "айланып" деген адамды:
1. Джамму мен Кашмирде шоғырланған 150 мыңдық әскери контингенттің әрқайсысы ауыздан тебетін болса;
2. Шала-жансар денесін акуласы қойдай шулаған теңізге лақтырса;
3. Акуладан қалған сүйек-саяғы Оймякон шыңырауына түсіп кетсе;
4. Аид патшалығында ит бақтырып қойса.
5. Лібә білмейм, әйтеуір ең сорлы деген бақытсыздыққа ұшырайтын болса!!!
Әрі қарай

Блогкамптағы қызық кездесу

Аршат дұрыс айтты бұл кездесуді жазғаным дұрыс болар. Блогкампте болғандар Монғолиядан келген Жанарбек бауырымызды барлығыңыз көрдіңіздер ғой. Мен кешігіп жеткесін шығар, дұрыс толық танысуым асығыс болды ғой. Құрылтайда болғандармен толық таныса да алмадым. Тек осы бауырымды бір жерден көрген кездескен сияқты болып жүрдім іштей ойлап. Оның Монғолиядан келгенін білмей жүрдім. Тіпті волейболда бір команда да ойнап жүрдік қой.:) Сонғы құрылтайдың жабылуында сөйлемегенде білмей де кететін бе едім… Сонда бір ерекше ықыласпен, қимастықпен сөйледі ғой монғолиялық бауырымыз. Сол сөйлеп жатырғанда есіме сарт ете түсті. Қасымдағы Аршатқа мен мына жігітті танимын алпенист қой деппін ғо :) Содан тарап жұрт абыр-сабыр далаға шыққанында Жәкеңе жақындап оңаша сөйлесуін өтіндім. Сұрағым — сіз алпенист емессіз бе болды. Ия қайдан білесіз деп таңырқап қалды. Ол былай болған еді. Өткен жылғы газетімізде шетел қазақтарының наурызды тойлауы жайлы материал жазған болатын жұмыстас журналист қарындас. Сонда осы бауырымыз жауап берген болатын. Оның суреті газетке жарамай интернеттен іздеп таба алмай электрон жәшігі арқылы хабарласып суреттерін алғанмын. Соны осы құрылтайда көрем, кездесем деп кім ойлаған десейші…


Оңнан солға қарай Жанарбек, Ділдә,Өмірбек, Артқы қатарда Сунхар, Лашын, Нұрбек
Сурет Жанарбектің блогынан алынды
Әрі қарай