Адамдардың іс-әрекетіне Жаратушының әсері

— Сіздің ойыңыз дұрыс-ақ, әріптес, бірақ, "Құдай өлген жерде, адам еркін" деген сөзге айтар уәжіңіз бар ма?

— Бар, әрине. Бірақ, мен бірден айтайын, бұл тұжырыммен келіспеймін. Ницше үшін өз дәуірінде бұл өзекті-ақ болған шығар, бірақ, қазір, біздің заманда, құндылық түсінігі өзгерген кезде, Құдайды өлтіру қиын, себебі, Ол, адамзатқа, как никогда, қажет.
Әрі қарай

Күшіктері бар кесте.

Қайбір күні ескі цифровигімді көріп отырып, бұрынырақ түсіріп алған кестемді тауып алдым. Үтіктемеген де екенмін , түсіре салыппын. Кесте крестом ғой. Бұрын мектепте 1-2 рет пе тіккенмін, содан кейін енді тігуім кестенің бұл түрін.
Әрі қарай

Балаларға базарлық

Алматыдан жалынды сәлем! Кәсіби біліктілігімді арттыру үшін осында келіп қалдым енді. Содан кенет бойымда педагогтық қасиетім оянып, балаларға арналған кітап жазғым келмесі бар ма? Оның үстіне әдемі қазақша кітап көптік етпейді. Әй, бірақ шаруасы көп қой оның. Сондықтан әзірге қолдан хендмейд кітапша жасауға болады. Содан бастап көрмейміз бе? Тақырып да өзекті — балаларды спортқа ерте бастан баулып, патриоттық рухта тәрбиелеу, заманымыздың батырларын дәріптеуді үйрету. Ендеше, кеттік!
Алдымен бізге керегі — контент. Оны мен толығымен өзім жасадым. Сөзін де, көркемдеуін де. Сіздерге де пайдалануға рұқсат. А4 форматында әр параққа екі суреттен қойып түрлі-түсті принтерден шығарып алуларыңызға болады. Қатты қағазға шығарсаңыздар, тіпті керемет.

ОҒМ жазбалары: Балаларға базарлық

Бұлт-бұлт етіп бұлшық ет,
Шып-шып тері шығады.
Жаттығады құлшынып,
Қандай берік шыдамы?

Мен де солай жалықпай,
Шынығайын, себебі —
Мен де Ильин алыптай,
Тау көтергім келеді!


ОҒМ жазбалары: Балаларға базарлық
Велосипед тебемін,
Дамыл таппай аяғым.
Тоқтамастан желемін,
Таудай менің талабым.

Қиындыққа не түрлі,
Өзім шыдай аламын.
Винокуров секілді,
Мен чемпион боламын!


ОҒМ жазбалары: Балаларға базарлық
Жұдырығын тас түйіп,
Соққыларын көздеген.
Тұра алады қасқиып,
Боксшыға кез-келген.

Сәпиев – ер, білемін,
Сондай болу арманым.
Шымыр менің білегім,
Дайын менің қолғабым!


ОҒМ жазбалары: Балаларға базарлық
Жалтыраған мұз қандай!
Коньки жеңіл сырғиды.
Шиырлаған із қандай!
Бимен бірге жылжиды.

Бұл кім десең — Денис Тен!
Сән-сымбаты келіскен.
Мен де солай сырғанап,
Қуантамын жеңіспен!


ОҒМ жазбалары: Балаларға базарлық
Ақ пен қара алысқан,
Тақта алдында ойланам.
Бала кезден жарысқан,
Жансаядан үлгі алам.

Жүріс жасап тиімді,
«Шах» пенен «мат» мақсатым.
Шарлап жүрсін қиырды,
«Гроссмейстер» жақсы атым.


ОҒМ жазбалары: Балаларға базарлық

Айбек ағам – балуан,
Қазақстан барысы!
Тәсілі сан алуан,
Аң біткеннің тағысы.

Күресейін өзім де,
Жерге тимей жауырын.
Батырмын ғой төзімді,
Үйрен менен, бауырым!


***
Енді кітаптың өзіне кірісейік. Балаларыңызбен бірге отырып жасасаңыз да болады. Сурет салуға арналған альбомның 4 бетін аламыз. Тура ортасынан бүктейміз. Бүктеген қырынан көз мөлшерімен әдемілеп 4 жерден тесеміз. Қаттылау жіп немесе лентаның екі бөлігін қиып алып, тесіктерден өткізіп байлаймыз.
ОҒМ жазбалары: Балаларға базарлық
Беттеріне өлең сөздері мен суреттерді жапсырамыз. Ал мынау мұқабасы:
ОҒМ жазбалары: Балаларға базарлық

Кітапша дайын!
ОҒМ жазбалары: Балаларға базарлық
Оқып, жаттай беруге болады. Тіпті өзіңіз де толықтыра аласыз.

Ертең бұйырса керектің сұлуы madlen -ге барамын. Оның Әлихан атты ұлды болғанын көбіңіз білетін шығарсыздар. Оған деген сыйлығым өзінен-өзі дайын болды

Балалар күні құтты болсын!
Әрі қарай

Стақандастарым. Антоний әкей

Менде бір керемет сюжет бар...: Стақандастарым. Антоний әкей

Кетеуі кете бастаған шіркеуге мүсіркей қарап отырғам. Күнмен шағылысып, аспанмен астасып жататын алтындай күмбезі айғыз-айғыз бопты. Сылақтары да құлай бастапты.

Екінші стақанын енді көтергелі жатқан Әбдіманап, менің көздерімнен шіркеудің тағдырына деген әуестікті байқап қалды ма, ыдысын орнына қайта қойып, сөйлеп кетті:
Әрі қарай

Стақандастарым. 9 сынып оқушысы Бекболат

Менде бір керемет сюжет бар...: Стақандастарым. 9 сынып оқушысы Бекболат

Қарабақырларды қалтама салып жіберіп, қайта алып санап тұрмын. Көбейіп кететіндей. 1 теңгелік, 2 теңгелік, 5 теңгелік пен 10 теңгеліктер, көңілге медеу боларлықтай шылдырлағанымен, болғаны 55-ақ теңгені құрап тұр.
Әрі қарай

КерекИнфоның мобиль нұсқасы қосылды



Сайтымыздың ұялы телефондарға арналған нұсқасы қосылды. Ұялы телефондардан кіру енді жеңілірек болады. Ықшамдалған, көп траффик жемейтін бұл нұсқа арқылы енді тек пікір емес, пост та жазуға болады. Оқылуы да ыңғайлы. Жұмысында кіре алмай жүргендерге, үйінде интернеті жоқтарға, жолда жүргендерге, түнде ұйықтай алмай жүрген КерекИнфо «нашақорларына» керемет мүмкіндік.

Мобиль нұсқаны көру үшін ұялы телефоныңыздан сайт адресін терсеңіз болғаны, автоматты түрде ықшамдалған нұсқа ашылады. Ал браузерден қарап көремін десеңіз:

Қосу: kerekinfo.kz/?force-mobile=on
Ажырату: kerekinfo.kz/?force-mobile=off
Әрі қарай

Шоколадтың қалың қабаты

-Бля, ыстық тамақ бар ма сұрап көрші!
— Жоқ екен. Пирожки мен сникерстен басқа дым жоқ.
— Тьфу нақ, аш болсаң боқ жейсің деген осы екен, ала салшы екеуін де, сосын ішерге бірдеңе ал! Құрыған жер екен де…
Самат мұрнын тыржита досының қолындағы сникерсті алды да, бір сәт ойға шомып кеткендей болып, жымиды да, шоколадтан бір тістеді.
Дәм естеліктерді қозғап жіберді ме, әлде жағдай соған итерді ме, есіне балалық шағы түсіп кетті.
Әрі қарай

Экс-қарағандылық футболшы Баварияны финалға шығарды



Мадрид. Сантьяго Бернабеу стадионы. Чемпиондар лигасы. Жартылай финал. Соңғы пенальти.

Ойын бойы үздіктер қатарында болған Бастиан келді де ақтық пенальтиді шіреніп тұрып тепті. Гол! Баварлықтар финалда.
Әрі қарай

Балалыққа салыну. 20-25 жыл бұрын...

Жігіттердің қолдарында — пластмасса күрек пен коланың қақпақтары, қыздардың басында — бантик, қолдарында қуыршақ(Қыдырәліден емес)

@patick:
— Э давай э, давай — палыццыя-бандиттер болып, атыс ойнайық? Мен «Торный плачпын» — айтып қойдым!
@Aizhantabyn:
— «Торный плач» емес,«Черный плащ»!!!
@patick:
— Қойня ғой.
@Aizhantabyn:
Әрі қарай

Abai.kz Google сайтын басып озды!

«Survey» сараптамалық орталығы 15-22 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар арасында өткізген кезекті сауалнамасының қорытындыларын жариялады. «Интернетте отырған кезіңізде бөлмеге біреу кіріп келген жағдайда қай сайтты ашып қоясыз?» атты сауалнамаға еліміздің 14 облысынан барлығы 2984 жас интернет қолданушы қатысты.

Әрі қарай