Адамдардың іс-әрекетіне Жаратушының әсері

— Сіздің ойыңыз дұрыс-ақ, әріптес, бірақ, "Құдай өлген жерде, адам еркін" деген сөзге айтар уәжіңіз бар ма?

— Бар, әрине. Бірақ, мен бірден айтайын, бұл тұжырыммен келіспеймін. Ницше үшін өз дәуірінде бұл өзекті-ақ болған шығар, бірақ, қазір, біздің заманда, құндылық түсінігі өзгерген кезде, Құдайды өлтіру қиын, себебі, Ол, адамзатқа, как никогда, қажет.

— Хммм… Бірақ, Құдай бізге керек біраз дүниені болдыртпай отыр емес пе!? Басқа емес, бүгінгі жағдайды-ақ алайық. Жақсы, қазір көндірейік, бірақ бұл Сіз айтқан адами және Құдай сүйер қылықтарға жат қой?! Тіпті, санадан тыс, жақсы қорғалған жекелеген мораль иесі ретінде менің болмысым қабылдай алмайды Сіз айтқан ұсынысты. Олай болса, адам Құдайдан тәуелсіз, жеке өзі қандай бір қадамдарға бара алады дегенге келісесіз ғой?

— Түсінемін, қабылдау қиын. Герменевтика маманы ретінде, Сіздің менің сөздерімді дұрыс анықтағаныңызға шүбәланбаймын. Алайда, дәл осы Сіз айтқан соңғы сөзбен келіспеймін. Бізге белгісіз базбір сакраменталді сезімдердің әсері болар, бірақ білерім мынау, біздің істеген әр ісіміз Жаратушыға аян.

— "Құдайсыз қурай да сынбайды" демекшісіз ғой…

— Дәл солай.

— Бірақ, мені айтпағым басқа-ды. Құдайға Сіз бен біздің қылығымыз белгілі екенін мойындадым делік. Бірақ, пенденің қандай да бір қадамға баруына кім жауапты. Құдай ма әлде адам ба?

— Әрине, адам. Құндылықтарды анықтайтын да адам. Бірақ, оны оу баста белгілі бір бағытқа салып қойған кім? Құдай ма, қоғам ба? Осы жерін анықтап алу керек. Не болғанда да, адамның иррационалды болмысының қайталанбастығы Құдайға тәуелді. Себебі, қай жерде қандай ортада пайда болуды Сіз немесе мен шешпеймін.

— Яғни, Сіздіңше, Жаратушы бізге керек, алайда, ол тек бақылаушы амплуада да, алаңдағы негізгі ойыншылар біз ғой.

— Бақылаушы емес, редактор деу керек шығар.

Сейфуллин даңғылының бойындағы «Жаңа заман» шаштаразының алдында тұрған үшеуге арлы-берлі өткен ел қызықтап, таң қалып қарап жатты. Үшеудің бірі, тапал бойлы, спорт киімін киген толық әйел темекісін тастады да, сары тұқыл тістерін көрсетіп, ыржиып:

— Муахахахаха, жігіттер, өлтіресіңдер! Бағасына келіссеңдер, жүріңдер, енді, қыздарды көрсетейін. Айттым ғой, үш мыңға «ыс», екі жарым мыңға «без», — деді.
Бөлісу:

32 пікір

asaubota
мені де мазалайды жоғарыда айтылған ойлар
patick
Аршатқа қосылам, тас ауыртып жүрген сұрақтар.
sammita
елес?
patick
Ресейде де Интернет бар екен.
Nurgisa
Ернар, Путинге сәлем айта сал…
sammita
аа қатты қоштасып ең)
Қисық дос, риза шығарсың, пікірлерді көбейтуге үлес қосып жатырмыз)
qisyq
Рахмет, баз кешіп кете жаздап едім бұ дүниеден…
Пікір түзетілген: 20 шілде 2011, 15:17
qisyq
Негізі, акцентті соңғы абзацқа салып отырсам…
asaubota
иә, оны байқадық акцент соңында екенін. бірақ, кешір біз жеңіл әзіл іздемеуші едік, мақаланың ортасын қиып алып соған салиқалы ой айтып отыр едік.
qisyq
Сендер кешіріңдер, мен аудиторияның деңгейін ескермеппін, акценті соңғы абзацқа емес (тіпті, оны алып тастаса да болады екен), негізгі диалогқа салу керек еді. Ескерермін. @sammita.
sammita
@aldaspan осындай мәнді постарға ит басын бұрса.
qisyq
Оған соңғы абзац кедергі ғой. Балғанғысы келмейтін шығар.
asaubota
соны келесіде нетші айналайын. ескерші.
qisyq
))))))))))))))))))))))
Қарны шығып кеткен, түксиген қабақты, костюм киген ағай елестеп кетті.
Пікір түзетілген: 20 шілде 2011, 17:12
AKY
Бәрі алғашқы каменттің әсерімен кеткен ғой))
qisyq
Жоқ, жоқ, жоқ, өзім кінәлімін… қайдан ғана… сол абзацты… жазбай-ақ… еее… жоқ, өзім… бәрі өзімнен…
neoman
Негізі бұл әңгіменің жауабын ешкім білмейді. Шексіз пікірталасқа ұласатын және шешімі табылмас демагогия.

Ия, құдай — редактор, бірақ кейде білгенін істеп кететіні бар да.

Пс. Соңғы абзацың бәрін бүлдірді
Пікір түзетілген: 20 шілде 2011, 17:08
qisyq
Сол бүлдіргім келіп, бүлдірдім ғой. Бұл бір білгір бүлдіршін, Білгір бұл бір бүлдіршін. Бұл бір білгір бүлдіршін. Білгірлігін білдірсін.
AKY
Бүлінген ештеңе де жоқ. Бәрі өз орнында.
asaubota
соңғы абзацты да ескере отырып, пікір айтатын болсақ былай негізі бағалар арзандау екен деймін
qisyq
Лібә, бағанадан бері осылай демейсің бе))))))))))))))))))))))))) Быт-шытын шығарып жап-жақсы посттың))))))))))))))))))
balzaminka
өкінішті-ақ, әңгіме жақсы өрбіп келе жатып, банально аяқталғаны

«с» мен «без»-дің түп-төркінін білу ұят нәрсе бола ма?
JAKO
Мен сол соңғы абзацтан басқасына түсінбедім.
qisyq
банально аяқталғаны
ужс на… бұл банально болса…

«с» мен «без»-дің түп-төркінін білу ұят нәрсе болатын шығар)))))))))
edige
300 грамм тартжергенде діни ойларын дәлелмен жеткізетін көршімнің сөздеріне келеді екен…
ademi_alem
«Жаңа заман» шаштаразының алдында тұрған үшеуге арлы-берлі өткен ел қызықтап, таң қалып қарап жатты. Үшеудің бірі, тапал бойлы, спорт киімін киген толық әйел темекісін тастады да, сары тұқыл тістерін көрсетіп, ыржиып:
— Муахахахаха, жігіттер, өлтіресіңдер! Бағасына келіссеңдер, жүріңдер, енді, қыздарды көрсетейін. Айттым ғой, үш мыңға «ыс», екі жарым мыңға «без», — деді.
Өмірден ойып алған көрініс сияқты. )) Кейде ойламаған жерден тым терең тақырыпта әңгіме қозғап, артынша күнделікті күйбең тірліктің қамымен, бір сарынды өмірін жалғастырып кете беретін адамдар көп қой…
qisyq
Бейкүнә, пәк екенбіз ғой осы кезде енді ойлап қарасам…
Zilola
соңғы абзацқа қатысты жазатын болсам ше, өткенде өмірімде бірінші рет Астанаға барғанымда вокзал жақтағы тәтешкалар ары-бері өтіп жатқан еркектерге "қыз, қыз керек па" дегенін естіп ужссс на деп қалдым.
VKM
қалай оқымағанмын? Шедевр!
ken
Сұрақтарға жауап беріп тұрған адамның бір сөзі бір сөзіне қайшы келеді.
zholantai
тақырыпқа қарап, дәретімді алып оқысам ба екен деп бір ойладым, өтірік айтам, ойламадым. шыдап соңына жеттім, арзид ә