Интимдік бизнестің қарқынын азайтатын бап

Жеңіл жүрісті қыздарға пәтерін жалға бергендер заңмен жауапқа тартылатын болады


Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі Кодекске жаңа бап енгізілді. Ішкі істер министрлігі бүгін салынатын айыппұл көлемін жария етті. Атап айтқанда, жезөкшелерге жалға пәтер берген жеке тұлғалар 100 айлық есептік көрсеткіш, заңды тұлғалар 200, ал шағын және орта бизнес өкілдері 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейтін болады.
Әрі қарай

Әуежайға қамалған алтау

Эдуард Сноуден
Міне, бүгін Эдуард Сноуденнің Шереметьево әуежайында қамалып отырғанына апта болды. Осыбір экс-барлаушы ел мен елдің арасында "қысылып қалған" жалғыз жан емес. Әлем тарихында тағдырдың тәлкегімен әуежайдың транзиттік зонасында күнін өткізгендер баршылық. Солардың әлемге танылып, шу шығарып, дау тудырған алтауы мыналар:

Мехран Карими НассериМехран Карими Нассери
Осынау саяси босқынның арқасында Стивен Спилбергтің «Терминал» көркем фильмі түсірілген. 1977 жылғы Ирандағы саяси наразылықтарға қатысты деп елден шығарылған оған төрт жыл өткен соң Бельгия жерінде саяси босқын мәртебесі беріледі. Еуродақ заңнамасы бойынша, Еуропа елдері аумағында саяси босқын атанғандар, кез келген Еуропа мемлекетінің азаматтығын алуға құқылы.
1986 жылы Ұлыбританиядағы туыстарына барып, сонда қалып қоймақ болған Мехран жол үстінде құжаттарын ұрлатып алады. Дымсыз қалған оны Хитроу әуежайынан Париждегі Шарль де Голльдің әуе айлағына қайтарады. Нассери сол жерде өзінің 18 жылын өткереді. Франциядан шығарып тастай алмайды, себебі ол бұл елге төлқұжатымен, заңды түрде енген. Бельгияға да орала алмайды, ол үшін төлқұжат қажет, ал оны алу үшін Бельгияға бару керек.
Тоғыз жыл өткен соң ғана Бельгия үкіметі ирандықты төлқұжатсыз қабылдауға дайын екендіктерін айтады. Бірақ, Нассери Ұлыбританияға кеткісі келеді. 2006 жылы қатты ауырғандықтан, әуежайдың маңындағы қонақүйге көшеді. Әлі күнге дейін сонда тұрып жатыр.
Әрі қарай

Сұмырай 3,14дараздар

Футбол тақырыбындағы satibaldi браттың 3,14дараздар жайлы жазғаны қатты ұнап қалып еді. Не үшін, десеңіздер менің футболға деген қызығушылығымды оятқан Ұлы ЗИНЕДИН ЗИДАН жайлы(Матераццидың атын атағым кеп отырған жоқ) жазғаны.
Әрі қарай

Шымкентте "Домбыра Party" осылай аяқталды

Саябақтағы көк майсада басталған Патиге кешқұрым демалып, қыдырып жүрген жандар қызыға қосылып, әжептеуір адам жиналды. Патидің жүргізушілік қызметін қоса атқарған Нұрғиса ағамыз әнін орындап болған соң, келесі пати туралы жарнаманы көпке жариялап жатқанда, Патидің өтіп жатқаны туралы естіп, Шымкенттегі Саз колледжінің студенті Ақбаян есімді қарындасымыз домбырасын арқалап, асыға жетті. Ол туралы көпшілікке баяндалып, кезек Ақбаянға берілді. Шебердің аты шебер, домбыраны қолға алысымен-ақ, көпшіліктің қызу қошеметіне бөленді. Бір өкініштісі, осындай орындаушымыздың кешігіп келуі, әйтпегенде Патидің көрігін одан әрі қыздары түсер еді.



Әсем орындалып шыққан осы күйден кейін, көпшілік жұп болсын деп ұсыныс беріп, тұрып алдық. (Қалай қиып жібересің мынадай бал тамып тұрған қызды, әлі-ақ сенімдімін, осы қызға талай керекшілердің көзін алартатынына «жақсы мағынада»!) Кезек, енді нағыз кәсіби орындаушыларда болды. Көптен күткен Патиіміз осындай тамаша трионың сүйемелімен «Сарыарқа» күйі: «ООООООп», "Әйт де", «Оу, бәрекелді», «Шап» деп қызу қолдаумен орындалып шықты. Пати аяқталғаннан кейін, жиналған жұрт алғысын білдіріп жатты, келесі кансерт қашан болады деп сұрап жатты. Иншаалла келесі Патиге бұдан да көп халық жиналатынына сенімім мол! Нұрғиса ағамызға үлкен алғысымызды білдіреміз, алтын уақытын бөліп, осындай игі бастаманың басы-қасында жүріп, атсалысқанына!



Пысы: Айтпақшы, түсірілім арасында кейбір сәттер қызықты көрініс тапты. Өздеріңіз байқай жатарсыздар!
Әрі қарай

Шымкентте "Домбыра Party"

Шымкент қаласында бүгін болып өткен «Домбыра Party» туралы баяндасам. 20-00 де Абай саябағында жиналған ұйымдастырушылар алқасы (Н.Құлымбетов, І.Бұрханов, С.Шерімбек, Н.Төкен және тб) негізгі шақырылған қонақтармен бірге саябақтан қолайлы орын тауып, ішкерірек, көк майсаға шеңберлене жайғасты. Патидің «біссімілдасы» Нұрғиса Асылбеков ағамыз бастаған Мәдіхан, Аршын деген жігіттер «Балбырауын күйін» орындап, жиналғандарды бір серпілтіп тастады.



Осы күйден кейін Асылбек ағамыз жиналған көпшілікке «Домбыра Party»-дың шығу туралы мәлімет беріп, жүргізушілікті өз қолына алды. (Не айтқаны туралы кейінірек тоқталсам деймін, әзірге тек видеолар) Келесі әнді орындағандар Мәдіхан мен Аршын жұбы.



Келесі әнді Асылбек ағамыз өзі орындап шықты



«Домбыра Party»-дің дәстүрі бойынша жиналған көпшіліктен кәделер:





Күйдің кезегімен орындалуы және осы кештегі кәсіби домбырашы жігіттер Мәдіхан мен Аршын болды. (кейінірек толығырақ мәлімет беремін)



Арасында тағы бірнеше әуен орындалды. Бір жігіт сол заматта туындаған өлеңін әндетіп айтып берді. Бұл көпшіліктің үлкен қошаметіне ие болды. Қараңғы түсіп, жиналған көпшіліктің алды қайта бастаған уақытта Патидың соңғы кезеңіне таянғанын Асылбек ағамыз ескерте отырып, соңғы ән болсын, үйлеріңізге Шәмшінің әнін ыңылдап, айтып қайтыңыз деп, бүгінгі кештегі соңғы әнді ұсынды.



Пысы: Бірақ, Шымкентте «Домбыра Party» мұнымен аяқталмады.
Әрі қарай

Lazarus-та Цезарь жасаймыз!!!



Хуиметсіздер ме, херметті ламер ағайын мен пақыр апайын!

F0x_kz деген шуақ бастаған дәстүрді үзбей, өз хезегімде Lazarus — арқылы қалайша Цезарь жасауға болатынын әңгімелеп берсем деймін. Себебі, F0x_kz -тің біржақтылығының кесірінен, Бруттың есімі есте қалып, ал сөзге шешеңңдігінің арқасында Клеопатра сынды сұлуды басжіверген Цезарьдің аты өшкелі тұрған сияқты.
Әлсага, Цезарь амигоның қанатты сөздердің бұлағы екені кейбірімізге тарихтан белгілі. Ендеше,
Әрі қарай

Унитаз қақпағын көтеріп қою - дискриминация ма?!

Жұмыстағы немесе пәтердегі дәретханаларда, әсіресе ортақ әжетханаларда унитаз қақпағын ерлердің қайта-қайта көтеріп қою әдеттері олардың әйел қауымына қатысты көзқарасының көрсеткіші ме және бұл дискриминацияға жатады ма?! Ортақ тойлеттен шыққан ер адамнан кейін әйел адам кіріп, унитаз қақпағына қарап, оның әйел қауымын қай деңгейге қоятынын білетіндей. Ал егер ол еркек сол әйелдің танысы, досы немесе әріптесі болса ше, жалпы қарым-қатынастағы аздаған түсініспеушілікке осы да себеп болып жатса, таң қалудың қажеті жоқ сияқты. Бірақ бұл туралы ашық айтыла бермейді.
Жалпы солтүстік еуропа елдерінде ерлер мен әйелдер құқығы тең екені баршамызға белгілі. Осы аптада Швеция елінің парламенті ерлерді кіші дәреттерін отырып алуға міндеттейтін заңжобаны қарайды. Оны ұсынушы депутат Вигго Хансеннің санауынша, бұл гигиена деңгейін көтеріп, ерлер мен әйелдер теңдігін нығайтып, простата алдын алады.
Заңжоба авторларының ойынша, егер ерлер кіші дәреттерін отырып алып үйренсе, отбасыда ыдыс-аяқ сылдырлау жағдайлары азаяды екен.
Әрі қарай

Ұят болмасын!!!

Өзімнің алғаш ашып отырған тақырыбым болған соң көп алысқа бармай жақында ғана естіген бір өлең айналасында ой толғағым келіп отыр. Дәлірек айтсам, Тарлан атты рэпердың Ұят болмасын атты әні. Бұрын да бұл кісінің өлеңдерін тыңдайтынмын, бірақ осы жолы бұл өлеңде осыдан бұрын айтып жүрген әндеріне қарағанда жалпы Тарланға қарама-қайшы келетін нәрселер барын байқадым. Кешегі кеміту айласымен жүрген рэпперлерге қарсы Тарлан, бүгін солардың қатарынан бір шыққан-ау деймін. Өйткені екінші шумағындағы келесі сөздеріне назар аударсақ:
Ойланып, шеш түсін, бұл саған ойын ба,
Бойыңда дым да жоқ, сен бұны мойында.
Ой арманыңды жой-дағы,
Ауылға жет және жүре бер қой бағып,
Қайтесің күшің бар бойда анық,
Көзіңнің жасын сүрт болған соң ойланып.
Меніңше бұндай кеміту бұрын Тарланның өлеңдерінде кездеспейтін. Иә, Тарлан түбегейлі өзгерген бе?!
Тарланның бұрынғы шығармаларынан маған ұнайтыны қазақи әдеби сөздер, мақалдар, керемет ұйқастар және мағыналы шумақтар еді. Бұл жолы басқа образға көшкен секілді.
Араларыңда Тарланды тыңдап жүрген оқырман болса осы орайда пікір өрбітсек.
міне өлеңге сілтеме
Әрі қарай