"Шахтердың" Еуропа Лигасы топтық кезеңіндегі қарсыластары және ойындар кестесі

Қазақстан атынан алғаш рет Еуропа Лигасының топтық кезеңіне қатысатын қарағандылық «Шахтердың» қарсыластары анықталды.

Футбол, тек қана футбол!: Шахтердың Еуропа Лигасы топтық кезеңіндегі қарсыластары және ойындар кестесі
«Шахтер» тобында мына командалармен ойнайтын болды:
АЗ Алкмаар
ПАОК
Маккаби Хайфа
Ойындар кестесі:

19/09/2013 — ПАОК — Шахтер
03/10/2013 — Шахтер — Маккаби Х
24/10/2013 — Шахтер — АЗ Алкмаар
07/11/2013 — АЗ Алкмаар — Шахтер
28/11/2013 — Шахтер — ПАОК
12/12/2013 — Маккаби Х — Шахтер
Әрі қарай

"Шахтер" алға,"Ақтөбе" қалма!

Футбол, тек қана футбол!: Шахтер алға,Ақтөбе қалма!
Бүгінгі түн, яғни 28-нен 29-на қараған түн миллиондаған қазақстандықтар үшін (бұлай айтсам қателеспейтін шығармын) ұйқысыз түн болды. «Шахтер» қарсыласының атақ-дәрежесіне қарамай мықты ойнады. Жеңілді. Бірақ шотландықтарға бұл жеңіс оңай келген жоқ. Жеңген кездегі қуанғандарын көрсең, бейне бір «Барселона»-ны ұтқандай, балаша қуанды. «Шахтер» жеңілген жоқ, тәжірибе жинады. ИншАллаһ, «Лига Еуропа»-да осыған дейін жинаған тәжірибелерінің арқасында жеңістерге жетер. Қазақстан құрамасы жетпеген жетістікке жетіп, қазақ елінің бір адамдай тақым қысып жанкүйер болуына себеп болған «Шахтер» командасына көп рахмет! Бүткіл қазақ жұрты бір болып, бір тілекте болды. Алға «Шахтер», алға қазақ футболы!
Енді «Ақтөбе» де қуаныш сыйлап, екі бірдей командамыз еуропа бәйгесінде қатар шапса,қалай қуанар едік. Аллаһ футболшыларымызға қуат берсін, жеңісті ойындары,қуанышты сәттері көп болсын! Әмин…
Әрі қарай

Мафия және белгісіз блоггерлер

Блогкэмп 2013-тің қызықты сәттерінің бірі «мафия» ойыны болды десем қателеспеймін. Домбыра пати аяқталғаннан кейін, біз Жандос, Аманғ Ғалекең салқын скамейкада отырып блогшыларды «мафия» ойнауға шақырдық. Басында аз ойыншы болғанымен, кейінірек олардың саны толыға түсті. Өзім алғаш қатысқандықтан, ойынның мәнісін тез түсіне қоймадым. Бірақ жүргізушінің шеберлігіне орай қызықтырып әкетті.
Түндегі «мафияға» қатыстым, ертеңгісіне қатыспадым, сырттай бақылап, қызықты сәттерді видеоға түсіріп жүрдім. Блогкэмпте көпшілігін танымайтындықтан, жеке блоггерлерге назар аудармаппын. Тек ФБ да посттарын оқып жүрген санаулы жандарды айтпағанда. Сөйтсем, қызықтың көкесі кейінірек болады екен. Осы сайтта АділетШу деген жігіт бар. Троллит еткенді жақсы көреді. Сол кездегі түскен видеоны қарап отырсам өмірде де техничный, былайша айтқанда «тәжірибелі» блоггерге тән сақ жігіт екен. Сол кезде танығанда деп қоям. Одан кейін ойынды қарап отырсаң көбісі бейтаныс қыздар, балдар. Сол күйі танымаймыз кейбіреулерін.
Мафия ойынының қызықты болуы модераторға тікелей байланысты. Халықты дұрыс басқармаса да ойынның мәні кетіп қалады. Модератордың сүйікті персонаждары «мафия» («мафияжан» © 1000қол) және «насильник», «Зорлаушы»! "Қала тұрғындары", «дәрігер», «шериф» — бұлар «ЕТ», еттер. Ары қарай қатысушылардың шеберлігі. Негізі осы ойында ең мықты мафияшы Шолпан болды. Мафия емес екендігін түрлі әдістермен назарларын басқа жаққа аудару арқылы, сезік тудырмайды.

Your text to link...
Әрі қарай

UFC Fight Night 26: Римнің құлауы

Төбелес клубы: UFC Fight Night 26: Римнің құлауыМіне, кезекті демалыспен бірге тағы бір айтулы UFC шарасы өтті.
Бұл бір титандар қақтығысына толы кеш еді. Алистар Оверим, Маурисио «Шоган» Хуа, Чейл Соннен сияқты мықтылар қатысады деген соң, көптен күтілді. Бірақ нәтижелер көпшілігі күткендей шықпады. Мәселен, кештің басты жекпе-жегі саналатын Чейл Соннен-Маурисио «Шоган» Хуа және Алистар Оверим-Трэвис Браун кездесулерінде «Шоган» мен Оверим фаворит болып тұрған еді, бірақ «андердогтар» Соннен мен Браун айды аспаннан бір-ақ шығарды. Төменде — әдеттегідей GIF форматындағы суреттер.
Әрі қарай

Желілік маркетинг

Бұл күнде аңқау адамның ауызын ұрып кететін түрлі желілік-қаржылық топтар бар. Пирамида, киіз үй дейсің бе түрлі атаумен атауға болады. Олар көбіне бір орында ұзақ отыруды жөн санамайтындар қатарынан. Бұларға кезінде адамдар топ-тобымен барып алданған. Табанақы, маңдай терімен тапқанын салып жіберетін жандар арамызда әлі де бар. Әңгіме олар жайлы емес.
Әңгіме, түрлі косметикалық өнімдер арқылы табыс табуды көздейтін желілік маркетинг турасында. Бұлардың жоғарыдағылардан айырмашылығы ешқайда қашып кетпейді. Тауарларын айналдырып отыра береді. Amway, Mary Kay, Oriflame, Асыл Арман деп кете береді. Бизнестің бұл түрімен жетістікке жетіп алғандар да бар. «Басында бастағандар жеткен шығар. Қазір бұл „не реально“ дейтіндер де табылады.
Ал, енді осы „керекшілер“ арасында желілік маркетингпен ақша тауып жүрген жандар бар ма? 5-10 мың теңге көлемінде емес. Айына 100 мыңнан жоғары кіріс кіргізетіндер. Тауар түрінде өзіңді алдап жүрген ауадағы ақша емес. Кәдімгі, шытырлаған, таза ақша.
Әбіләкімнің  ауылы: Желілік маркетингМенің өзім де бизнестің бұл түріне басында кіргендер табысқа кенеліп алғандар, қалғандары елес қуып жүргендер дейтіндер қатарынанмын. Бірақ, Балқаштағы апам (әпкем) 2013-ші жылдың ақпан айында Орифлейм дейтін біреуіне кірген екен. Қандай жанкештілікпен еңбектенгенін мен білмеймін. Дегенмен, ана жолы қаламызға сапарлатып келгенде тура осы желілік маркетинг арқылы қанша табыс тауып отырғанына көзім жетті. Айына мың доллардан артық табыс кіргіземін дейді. Әскердегі шендер секілді бұл кісілерде де өзіндік дәрежелер бар еен. Апам-директормын дейді.
Ал, енді жетістікке жетуін еңбектенуінен және адамдарға бұл бизнестің көзін дұрыс түсіндіре алуынан іздеуіміз керек екен. Оның айтуынша керексіз косметикалық тауарларды тапсыра берудің қажеті жоқ. Күнделікті өмірде қолданылатын тіс пастасы, тіс шөткесі, сабын, иіс су, сусабындарды тапсырыспен алып отырсаң ғана жеткілікті. Әрине, тек өзіңе қажетті бұл заттарды ай сайын алып отырсаң жоғары жетістікке жетпейсің. Көрші-қолаңды да жаңағы әдіске үйретесің.
ал, енді бұлардың пирамидалық топтарға ұқсайтын жерлері артынан адам тарту. Яғни, өз астына адам жинау. Артыңнан 5-6 адам жақсы жұмыс істеп тұрса тегін ақша есеп шотыңа құйыла береді дейді. Айтуға оңай… Бейсен Құрамбек не дейді екен?
Сілтеме, ойлап тұрғандарыңыздай суретке
Әрі қарай

Мен күтіп жүрген форум

Алматы қаласында 23-24 мамырда Достық қонақ үйінде төртінші рет өткізілейін деп отырған InternetCA-2013 форумы жайлы естіген боларсыңдар (әрине, менің әлеуметтік желіге қоймай жазуымнан).

Шыны керек, бұдан алдыңғы форумдарға қатысып көрмедім. Бірақ, керекті ақпараттармен таныстыратындығы анық. Осы форумды ерекше күтіп жүрмін. Мұның бірнеше себептері бар.

Интернеттің жұмысы жайлы толық білмейтін мен үшін бұл ең алдымен қызық. Қазақстандағы интернеттің техникалық тұрғыдан жүзеге асуы, ғаламтордың құрылымы, сайттардың дүниеге келуі, бұл торда өзіңе қатысты ақпараттардың конфедициалдығы, құқықбұзушылықтардың заңдық тұрғыда жазалануы, жалпы Казнеттегі барлық-барлық өзгерістер туралы ақпараттанғым келеді. Болашақта осы салаға қатысты жобаларымды жүзеге асыруға көмектеседі деп ойлаймын.

Көкейдегі сұрақтар;

Бір жағынан шет елден келетін сарапшылардың қорғайтын тақырыбы да қызығушылығымды оятпай қоймады. Халықаралық ұйымның өкілі ретінде арнайы шақырылған ЕҚЫҰ Өкілдігінің БАҚ-тағы сөз бостандығы мәселелері жөніндегі бюросының директоры Андрей Рихтердің «Международные стандарты правового регулирования Интернет» және Литвадағы Журналистер Одағының басшысының "Әлеуметтік мәселелерді шешудегі креативті интернет-шешімдер" тақырыптары қызықтыра түсті. Біз білетін құқық реттеушіліктен басқа не айта алар екен, не қоса алар екен? Аталған сауалдарға форумда көңілге қонымды, пайдалы, тың жауап аламын деп үміттеніп жүрген жайымыз бар. Бізге дейін түрлі интернет саласына қатысты форумдар, конференциялар өткізіліп жатқандығын ескере отыра, өз басым осы күнге дейін тыңдамаған мына бір тақырып назарымды аударды. «Проблемы доступа к правовой информации на интернет-ресурсах государственных органов Казахстана» атты баяндаманы ЖШС «Компания «ЮрИнфо» бас директоры Игорь Лоскутов оқиды. Сонымен қатар, форумға Қазнеттің біз білетін белгілі тұлғалары да баяндама оқып, презентация қорғайды. Қазақ интернетінің дамуы жайлы баяндамалар форумға баланс береді. Садық Шерімбек, Жалғас Ертай, Нұрлан Құлымбетов сынды бізге белгілі тұлғалар презентация қорғайды.(Садық пен Нұрланның презентация қорғағанын көрмеппін) Тақырыптар мен интернетке қызығушылықты бірінші себепке жатқызып келесі себепке көшейік.

Көптен көрмеген достарды көріп, улап-шулап қалу;

Блог саласында, жалпы интернетте араласатын достарыңның көп болғандығына не жетсін?! Күнде кездесуге кейде мүмкіндік, кейде уақыт, кейде,әлің жетпейді. Монитордың артынан хал-жағдай сұрау әдеттегі дүние. Офлайндағы кездесу достардың жаңалықтарымен бөлісуіне, жаңа идеялардың туындауына, Тимур айтпақшы, аралас-құрмалас сөйлемдер айтуға мүмкіндік береді. Облыстардан жиналатын, форумға әдейілеп келген достармен тағы бір рет кездесіп, фотоаппаратқа шырт-шырт етіп суретке түсіп, «былай түсір, менімен түс, мында түсір» деген әңгімелер, бітпейтін тақырыптарда бөсуге күшті мүмкіндік. Кездесулер адамдарды жақындататыны сөзсіз.

Менің жыр болған бір жылдық дипломым;

Неменеге дипломын «пихать» етіп отыр деп сөкпеңіздер. Бұл мен үшін жыры ең көп, жатсам-тұрсам, жұмыс істеп отырсам да, жазып отырсам да ойлайтын ең ауыр, психозды ой. Жылдың басында тақырыбымды бекітіп алып бір жапырақ жоспармен, әлі шегіртке болып жүрмін. Неге жазбайсың енді? Е ее е еее-йй, жоқ оған материал, жоқ! Қазақстандағы алғашқы БАҚ сайттарының пайда болуы жайлы энциклопедия жазған адамды он рет аспанға лақтырар едім. Орысша материалдар болғанымен фотожурналистикаға қатысты кітап жоқ. Сонша шаршайтындай, қандай тақырып? «Отандық сайттардағы фототуындылардың ақпараттық мазмұны мен ерекшеліктері» деген фотожурналистикаға қатысты бір түйір ғана қазақша кітап бар тақырып. Бір түйір кітаптың өзі де фотожурналистикаға емес, фотографияға арналған.
Форумға келген қатысушылар мен қонақтардан, диктофонымды арқалап сұхбат алып, дипломдық жұмысыма материал жинаймын. Егер келейін деп жатсаңыздар маған көмегі тиетіндей материалдарыңызды арқалай келсеңіздер жақсы болар еді… Елдің зығырданын қайнатып, қисық-мисық сұрақтарымды қойып аламын деп жүрмін. Көрерміз қалай боларын…

Мен үшін осындай маңызды себептер бар. Сондықтан достар, сіздердің жарқын жүздеріңізді көріп, бас ауыртатын проблемалардан алыстағыңыз келсе, форумға келіңіз. Сіз сөйлемесіңіз мен сөйлеймін.

Жолда келе жатып адресті ұмытып қалып жатсаңыздар: Алматы қаласы, «Достық» қонақ үйінде (Құрманғазы к-сі 36, Қонаев к-сі қиылысы. Мамырдың 22-23 күні таңертеңгі сағат 09:30-да тіркеуде көріскенше.

Не да, не ғой, материал, ақпарат ұмытпаңдаршы… болып жатса…
Әрі қарай