XP дің паролін ұмтықан жағдайда не істейсіз ?

Комптің паролін ұмытып қалған кезде қолданатын 2 әдісті сіздермен бөлісейін. Мүмкін бұл әдісті білетіндер де бар шығар. Компты жаңадан істетушілерге керек болар.
Бірінші әдісі: былай сынап көріңіз:
Егер сіздің Windows XP ге қойған
Әрі қарай

Сопылар елдің билігін қолына алуға ұмтылған.

Мен өзім бұндай дінге қатысты мәселелерге сауатсыздаумын. Бірақ сопылардың мемлекеттік билікті қолдарына алмақ болған ниеттері ерекше назар аудартты. Қазір зікіршілердің лидері Исматтула (суретте) мен оның бір топ серігі сотталып жатыр. Ауыр қылмыс және аса ауыр қылмыс баптарымен айыпталып жатыр. Соның ішінде, адамдарды зорлап оқыту, қорлау, кісі өлімі, адам саудасы секілді оқиғалар бар. Зікіршілер Құдайға арналған мадақтау әндерін бірінші орынға қояды екен. Ал намаз екінші орынға қойылады. Ән салғанда жынды адам құсап селкілдеп отырып айтады. Әрине, бұлар секта.

"Қазақстан" арнасында бұрын шыққан діни, рухани бағыттағы бағдарламалар солардың ықпалымен ашылған. Сол арнадағы біршама танымал журналистер де солардың өкілдері болған екен. Бұндағы басты мақсат — телеарна арқылы халықты өзіне қарату, күш жинау. Елге ықпалын жүргізу.

Ал, солардың лидері Исматулла Ауғанстанда бірқатар террорлық әрекеттерге қатысқан. Бұдан түпкі мақсатты да ұғуға болатын сияқты.

Тақырыпқа ұқсас сілтеме: www.nomad.su/?a=3-200505180230
Әрі қарай

Заңсыз маман немесе керек адам

— Сметасымен шығарып берш, «Авангард" стилінде, бөлмелері «Хайтек» болсыншы — деп келетіндер жақсы еді… Стройка тоқтап қалған соң қазақтардың ары кетсе үш бөлмелі времянкасына менің дизайн проектілерім поққа да аспай қалды
* * * * * * * * * * * * * * * *
Телефон шырылдады:
— Ало, Баке сен ба?
— Ия…
— Мен ғой Сакош, «Адемде» бутигі бар. Лібә, көмек берші…
— мммм… есіме түсті… не болды…
— Қытайдамын, ана «Еletto», «Boheme» ның этикеткасын королмен атшы почтама.
Әрі қарай

08.QB Наурыз айында "блогомания" дүмпуі байқалды

Dean Cox түсірген суретАРБ, достар!
Құрылтайдан кейін есімді енді жиып жатырмын. “ Тойдың болғанынан боладысы қызық” дейді ғой, тойдан кейінгісі шыжық деп қосар едім. Үйтіп-бүйтіп қағаздардан құтылғандай болып отырмын. Соңғы екі аптада Құрылтайдың бітпей қалған жұмыстарын аяқтауға көмектескендерге де бір-бір ескерткіш орнату керек шығар :)Енді кішкене ғана бітпеген жұмысы қалды. Десе де алғашқы Блогқұрылтайды өз деңгейінде өткізген қыздар мен жігіттерге үлкен алғысымды жеткізгім келеді.
Ең үздік блог байқауында “Өрімтал” блогына дауыс берген оқырмандарға да алғысым шексіз.
Блог құрылтай “ Блогомания” синдромын алып келетінін болжау қиын емес еді.
Әрі қарай

Блог құрылтай бітіп қалды ма?

Білмеймін. Жұрт жазып жатыр, жазып жатыр. Ал мен компты ашып, ішіндегі Blogcamp деген папканы көрген сайын млмл (© altygradus) боламын.



Жұрт қатарлы неге маған бұл құрылтай әдемі болып көрінбейтініне таңмын. Келгендердің барлығы шынымен де көзге абажадай болып көрінген кемшіліктерді байқамағаны ма деймін. Әлде шынымен де жұрт айтқандай бәрі тамаша өтті ме… Общым, мен әлі түсінген жоқпын.
Әрі қарай

Із қалдыру. Өзіңнен кейін.

(31.44 Kb, 500x352)

Қар жауған. Кенеттен бұрқырады. Дайындықсыз едік. Боран ұйытқыды. Аппақ қылған. Төңіректі түгелдей. Жұмыстан қайтқам. Қолымда пакеттер. Нан-пан. Сойқан суық. Біреу тұр. Бейтаныс жан. Жалғыз-жарым. Есіктегісі – код. Жабық, демек. Сыртта ызғар. Есікті тепкілейді. Адамы жоқ. Қырсығы сол. Үйге кірдім. Жып-жылы. Тамаққа кірістім. Картопты аршыдым. Пиязды турадым. Етті еріттім. Тұз жоқ. Алу керек. Дүкенге беттедім.
Әрі қарай

Дәруіш мәдениетінің қорғасын қорынан. «Ақ үшбұрыш»

Виттор Қастеев ( Vittor Qasteyev, 1959, Мазари Шәймерден2033, осы жерде өлем дейді) – дәруіш импрессионизмінің көрнекті өкілі.
Басында живопиське бой ұрған Виттор, кейін группаласы Мүлкіаманды ұрып, 1984 жылы Мәскеудегі УЧРЕЖДЕНИЕ 71А еңбекпен түзету колонниясынан қатты өзгеріп келеді. Жұбайы сол кездерді былай еске алады: «Лібә, қатты өзгеріп келді».
Мәскеудегі сапарынан соң бір жылдан кейін, осы «Ақ үшбұрыш» атты туындысын дүниеге әкелді:
Әрі қарай